«Мен - қазақпын, мың өліп,мың тірілген» Тарихи кеш
Оценка 4.7

«Мен - қазақпын, мың өліп,мың тірілген» Тарихи кеш

Оценка 4.7
Культурные мероприятия
docx
история
9 кл—11 кл +1
18.02.2020
«Мен  - қазақпын, мың өліп,мың тірілген» Тарихи кеш
- Жастардың бойына Отансүйгіштік, қазақстандық патриотизм рухын дарыту; - Тархи деректерді,өткенді талдай отырып өскелең ұрпақтың санасына тәуелсіздіктің мағынасын жеткізу, оны қастерлеп құрметтеуді үйрету.
Тарихи кеш.docx

«Мен  - қазақпын, мың өліп,мың тірілген»

Тарихи кеш

Мақсаты:

-          Жастардың бойына Отансүйгіштік, қазақстандық патриотизм рухын дарыту;

-          Тархи деректерді,өткенді талдай отырып өскелең ұрпақтың санасына тәуелсіздіктің мағынасын жеткізу, оны қастерлеп құрметтеуді үйрету.

 

«Сарыарқа» күйі жіберіледі

1 жүргізуші:

-          Мен – қазақпын,мың өліп,мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім,мұң тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

 

Мен – қазақпын, биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мын да бір тірілдім мәңгі өлмеске –

Айта бергім келеді,айта бергім.

2 жүргізуші:

-          Армысыздар,барша  қауым-халайық!

1 жүргізуші:

-          Қайырлы күн,құрметті ұстаздар,оқушылар,кеш қонақтары!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Әрбір халық үшін ең басты байлық – Отан және оның тәуелсіздігі. Демек,осы екі құндылықтқа қатысты ұғымдар мен белгілерді беріле сүйіп,барынша қастерлеу де парыз» - деп атап көрсеткен болатын.

2 жүргізуші:

-          Бүгін Қазақстан халқының ұлы әрі үлкен мерекесі,қазағымның Егеменді ел атанып,тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, ұлттық мәдениетіміз,салт –дәстүріміз қайта оралып,өз алдымызға ел болып,Тәуелсіздік даңғылына аяқ басқанымыздың мерекесі.

1 жүргізуші:

-          Тәуелсіздік қасиетті ұғым. Ғасырлар бойы ата-бабамыз армандап,аңсап Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, 1991 жыл 16 желтоқсан заңды түрде Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді.

 

 

2 жүргізуші:

-          Бүгінгі  күн – көпұлтты Қазақстан үшін ерекше қымбат күн. Өйткені – бұл «егемендік» Қазақстан халқына қан төгіспен,маңдай термен келген.

Сол халқымыздың ғасырларға ұласқан тәуелсіздігін аңсап,армандап өткен және құрбандары болған бабалардың рухына, қыршын ерте үзілген жастарымызға тағзым етіп «Мен – қазақпын,мың өліп,мың тірілген» атты тарихи кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Әскери жетекші:

-          Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын қарсы алуға!

 

Бекболат Тлеухан «Елім менің» әні жіберіледі.

1 жүргізуші: (баяу әуен толқынымен,слайд жіберіледі)

-          Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

            Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.

 

Жылдар бойы бостандыққа шөлдеген,

Халқым менің не қасірет көрмеген.

Жоңғар жаулап бейбіт жатқан елімді,

«Ақтабанда» көздің жасы көлдеген.

 

Елім сонда жаудан қорқып ықпаған,

Намыс туын құлатпаған,жықпаған.

Үш биі мен батырлары қазақтың

Еліміздің іргетасын нықтаған.

2 жүргізуші:

-          Міне,қазақ даласының киелі топырағы асау желмен бір аунап,үлкен қозғалысқа түскен сияқты. Дүбірмен өткен өмір асаулары арайлап атқан таңмен таласып,дүниені дүр сілкіндірді.

Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі,ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіздік елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман.Ханның да, қыранның да рухани өзегі тәуелсіздік. Өзегінен айырылған ел өледі.

1 жүргізуші:

-          Еліміз Тәуелсіздікке жету үшін көптеген тарихи кезеңдерді бастан кешірді. Ақтабан шұбырынды,Алкакөл сұлама атанған 18 ғасырдың басы. Бұл кез қазақ халқының өміріндегі ең бір қасіретті кезщең. Елімізге жоңғар басқыншылары басып кірді.

 

Сахналық көрініс «Елім ай»

2 жүргізуші:

-          18 ғасырдағы ең бір қасіретті жоңғар шапқыншылығы кезінде 1 миллион халқымыздан айырылдық. «Ері ынтымақты елде,жоқшылық болмайды». Еркін ел далада үш жүзге бөлініп жатқан қазақ халқын ұлы Абылай,Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің кеңесімен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбайдай батырларымыздың ерлігімен жоңғарлардан еліміз тазаратылды.

Әбу Сәрсенбаев «Туған жер»

1 жүргізуші:

-          «Армансыз адам – қанатсыз  құс» демекші, бабаларымыздың асау арманы, жанын жаныған намысы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп жатты. Ол арман – шексіз-шексіз жатқан осынау табиғаттың берген сыйына көз алартқандардың отаршылдық саясатынан құтылу еді.

Ол жол – Сырым,Атақозы,Көктемір, Төленші, Жоламан,Қасым, Кенесары,Наурызбай,Исатай,Махамбет,Асау,Барақ,Жанқожа,Есет,Бекет,Арынғазы,Иса,

Сыпатай,Ақкөз,Байзақ бастаған және 1916 жылғы көтерілісшілер басшылардың заңды наразылықтарын тудырды. Қазақ халқы – патшалық Ресейдің отаршылдығына ең көп қарсыласқан қауымның бірі.

2 жүргізуші:

-          ХХ ғасырдың басындағы әлемдік ауқымда асқынған ұлт-азаттық қозғалысына ат салыса алатындай саяси күштер Қазақстаннан да табылды. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Халел және Жанша Досмағамбетұлы өз заманындағы әлемдік ұлт-азаттық қозғалысы көсемдерінің қай-қайсысымен де иықтас тұра алды. Қазақ халқы «тар жол,тайғақ кешудің» сан ғасырларын басынан өткізді.

 

Міржақып Дулатов «Елім-ай».

1 жүргізуші:

-          Тарих ол – уақытқа ұқсас толмайтұғын

Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын.

Тарих ол – бір ғаламат алтын көпір,

Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.

            1941 жылы баққұмар Гитлердің нұсқауымен неміс халқы ортақ жерімізге соғыс ашты. Туған жерін, Отанын қорғап, азаттығы үшін қасық қандарын аянбаған батыр бабаларымыз Бауыржан,Баубек, Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүктер сол бір қанқұйлы соғыста ерлікпен елімізді қорғады.

«Борыштымыз»

2 жүргізуші:(Желтоқсан көтерілісінен сурет слайды жіберіледі)

-          Тарихымызда ерекше орны бар,бәріміз куәсі болған халқымыздың қасіреті мен ар-намысына,сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – 16 желтоқсан оқиғасы.

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиялық орталық комитетінің Пленумы болды. Сол пленумда Дінмухаммел Қонаев Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылып, орнына бұрынғы Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбиннің сайлануы қазақ халқының студент және жұмысшы жастарының наразылығын туғызып,олар бейбіт шеруге шыққан еді.

1 жүргізуші:

-          Бүгінгі ұлтымыздың сүйегіне таңба түсіретін әділетсіз шешім қабылданып, дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастарымыздыңар намысы, адам құқығы аяққа тапталған еді.

2 жүргізуші:

-          Ендеше,халқы үшін басын қатерге тіккен абзал аға-апаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық....Рахмет.

1 жүргізуші:

-          Отаның үшін жасауың керек неше ерлік,

Қажеті қанша жігітке жігер өшерлік.

Отаның үшін махаббат керек,махаббат,

Отанын сүймеу – есерлік...

2 жүргізуші:

-          Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

 

Бейнеролик «Желтоқсан желі».

 

 

 

1 жүргізуші:

-          Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы.

Күтпеген іс ақыры не болды деп,

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

 

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алланың шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты!

2 жүргізуші:

-          Заң орындары 805 мың жастарды ұстады. Көпшілігін тергеу үстінде аяусыз ұрып соқты. 800 бозбала, бойжеткен комсомолдан,270 студент оқудан босатылды. 1164 адамға жаза қолданылды. 99 адам сотталды. 2 адам ату жазасына кесілді. 83 адам 15 жыл бас бостандығынан айырылды.

Қайрат Рысқұлбеков «Өкініш» (сот залынан суреттер слайды)

1 жүргізуші:

-          Сол кезде қорланған,зорланған, соққыға жығылған ұл-қызы халқының ар-намысы үшін қаза болды.

Боралдайда Батыс мазары бар. Ұзыннан-ұзын траншея бар. Адамдардың өліктері көмілген. Ол 1986 жылдың желтоқсан айында қазылған екен. Кейін бұл жерде Желтоқсан құрбандары көмілгені туралы мәлімет айқындалды.

1987 жылы Қазақ Ұлттық Университеті ауласында 40-астам қыздардың мәйіті табылды.

 

Бейнеролик «Болмыс»

2 жүргізуші:

-          Араға жылдар салып тарих қойнауына кіріп бара жатқан желтоқсан оқиғасы  ондағы халқымызға тағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашақор» деген атақтар халқымыздың қалаулы ұлы Мұхтар Шахановтың басшылығымен қайта қаралып,1991 жылы  12 желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы және желтоқсанның 17-сін «Қазақстан Республикасының демократиялық жаңару күні деп жариялау туралы» Республика Президентінің Жарлығы шықты.

Мұхтар Шаханов «Төрт жыл кешіккен шындық»

1 жүргізуші:

-          17 маусым – Жаңаөзендіктер үшін ерекше күн. Бұл мереке емес, қаралы күннің есебі. Себебі 1989 жылдың осы күндері Жаңаөзен патриоттары қызыл Империяның солақай саясатына, жергілікті қазақ ұлтын, оның саяси,экономикалық,моральдық құқын таптауына қарсы наразылық білдіру үшін, сол кездегі партия басшылығына өз үндерін естірту үшін көшеге шықты.

Бірақ елдің наразылығына құлақ түріп,халық қамын күйттеп көрмеген отарлық саясат өз дегеніне жетті. 3 жас жігітке ажал қаптырып,5 адамды соттап,50-дің үстіндегі адамды ауыр жарақаттап,ауруханаға түсірді. Елінің Тәуелсіздігі үшін болған неше ғасырлық күрестің соңғы нүктесін қойған Маусымдықтар. Олар – 36 жасар Тілебергенов Нұрберген, 37 жасар Жаңаев Төлеп, 21 жасар Отарлиев Оңдасын.

Темір Мыңжас «Жаңаөзен,17 маусым»

2 жүргізуші:

-          «Кім бүгінгісін таныса – өткеніне де ие, өткенін білген келешегіне де қожа»деген халық даналығы.

Тәуелсіз деген сөздің өзі асыл армандардың орындалғанын көрсетеді. Біз Қазақстан Республикасы деп жарияландық.Жаңа негізі қаланған жас мемлекеттердің қай-қайсысының да алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі – елдің туын, елтаңбасын, әнұранын сайлап алу.Өйткені бұл рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналады.

1 жүргізуші:

-          Мемлекеттің рәміздердің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.

6 маусым күні астанадағы Абай атындағы опера және балет театрының әсем ғимаратында тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарай мен Парламент үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты, егемен ел аспанында әнұран әуені асқақтады. Алты ай өткен, 1992 жылы 11 желтоқсанда, Мемлекеттік гимні мәтіні бекітілді.

 

Бекболат Тлеухан «Қазақстаным». Бейнеролик.

 

2 жүргізуші:

-          2006 жылдың 6 қаңтарда ел Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен отырысында «Қазақстан Республликасының Мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы қаралды. Онда Үкіметтің ұсынысы бойынша Мемлекеттік әнұранның әуені мен мәтіні жаңарту көзделді.

Жаңа Гимн елге бұрыннан таныс «Менің Қазақстаным» әнінің негізінде дүниеге келді. Таңдап алынан жиырма жолдағы елу тоғыз сөздің жиырма бесі өзгеріске ұшырады. Жаңа Гимн баспасөзде жарияланған күнінен – 10 қаңтардан бастап күшіне енді.

1 жүргізуші:

-          Жаңа Гимн Н.Ә.Назарбаевтың, кезекті жеңісінен кейін, Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісу құрметіне арналған салтанатты ұлықтау кезінде – 11 қаңтарда, Астанадағы Ақордада алғаш рет орындалды.

2 жүргізуші:

-          Менің Қазақстаным! Бұл – жігерің жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөз. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз, айбынды азаматтық рух сезіледі.

 

1.      Хор. Мемлекеттік Әнұран

2.      «Үш қоңыр» әні. Бейнеролик

1 жүргізуші:

-          Басып жүрген  жеріміздің білейік,халқым,қадірін,

Әрбір шаршы құрбан етті талай қазақ тағдарын.

Қан аямай, жан аямай күрескен жерін бабамның,

Құрметтейік қан мен терін әрбәр жатқан қадамның!

2 жүргізуші:

-          Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса,Азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа – Нқрсұлтан Әбішқлы Назарбаев.

Сайын Назарбекұлы «Аталардың арманын орындашы»

1 жүргізуші:

-          «Мен – қазақпын,мың өліп,мың тірілген» атты тарихи кешімізді аяқтай келе жастарға айтарымыз – елдіктің ырысы мен ынтымағын жарастырған Тәуелсіз елімізді, Тәуелсіздік символдарын тұмардай қасиет тұтыңыз және қастерлеңіз.

2 жүргізуші:

-          Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің меркесімен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз.

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

Хор. Ескендір Хасанғалиев «Атамекен»


 

Мен - қазақпын, мың өліп,мың тірілген»

Мен - қазақпын, мың өліп,мың тірілген»

Бүгінгі күн – көпұлтты Қазақстан үшін ерекше қымбат күн

Бүгінгі күн – көпұлтты Қазақстан үшін ерекше қымбат күн

Еліміз Тәуелсіздікке жету үшін көптеген тарихи кезеңдерді бастан кешірді

Еліміз Тәуелсіздікке жету үшін көптеген тарихи кезеңдерді бастан кешірді

Гитлердің нұсқауымен неміс халқы ортақ жерімізге соғыс ашты

Гитлердің нұсқауымен неміс халқы ортақ жерімізге соғыс ашты

Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Жаңаөзендіктер үшін ерекше күн

Жаңаөзендіктер үшін ерекше күн

Жаңа Гимн елге бұрыннан таныс «Менің Қазақстаным» әнінің негізінде дүниеге келді

Жаңа Гимн елге бұрыннан таныс «Менің Қазақстаным» әнінің негізінде дүниеге келді
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.02.2020