Менің тұңғыш президентім
Оценка 5

Менің тұңғыш президентім

Оценка 5
Мероприятия
docx
воспитание
3 кл—4 кл
06.12.2021
Менің тұңғыш президентім
Менің тұңғыш президентім.docx

                                           «Менің тұңғыш Президентім»
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Шәкірт жүрегіне елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Тәрбиеші:  Құрметті бүлдіршіндер,  Сіздер, бақытты заманның бақытты бүлдіршіндерісіздер. Қазақ  елі өз тұңғыш Президентін сайлады. Бейбіт ел

көгінде  Елбасымыздың өзі мәтінін жазған  Әнұранымыз  шарықтап , Көк байрағымыз қалықтады, Елтаңбамыз бар мемлекет атандық.Бүгін бүкіл қазақ елі болып, Қазақстан жері болып  Тұңғыш Президент күнін тойлағалы отырмыз. Қазақ атын бүкіл әлемге танытқан Елбасымыздың салиқалы  саясаты екенін мақтанышпен  айтамыз!   

Ұлдарым төрге шықса байрақпенен,

Басталар әнұраным айбатпенен.

Рухтың ұлағатты көзі емес пе

Әнұран- әр қазаққа қайрат берген.

Бүгінгі 1 желтоқсан  Н.Ә. Назарбаевтың тұңғыш президент болып сайланған күніне арналған «Менің тұңғыш президентім» атты ертеңгілігімізді  бастаймыз.

ҚР Мемлекеттік Әнұраны 

Тәрбиеші: Балалар Әнұранның сөзін: Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев,әнін: Шәмші Қалдаяқов жазған.«Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол- тәуелсіз Қазақстан»-Осы тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті  Н.Ә.Назарбаев.Ал қазіргі президентіміз Қ.К.Тоқаев

Алдымен  ҚР – ның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі жайлы бейнероликті тамашаласақ

Бейнеролик.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі мейрамға арнап біздің де президент туралы білетін жыр шумақтарымыз бар,ендеше соларға кезек берейік

Нұрдәулет:

Тоқсан бірде Президентті сайладық,
Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақ киізге Нұр атаны көтеріп,
Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.

Айзере:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Амина:

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Нұралы:

Өмірдің судай ағып өзегімен,
Келеді Президенттер кезегімен.
Елбасы – Назарбаев егіз ұғым,
Жасайды мәңгі бірге өз елімен!

Айша:

Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр атадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!

Тәрбиеші:
Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Нарқына арқа жерінің,
Көрегендікпен қарады.
Жүрегі етті елінің,
Астана сынды қаланы.
Қазақстан Республикасының Елордасы,бас қаласы қай қала?

Балалар: - Астана қаласы. 1997 жылы Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын ҚР –ның астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп,  Ақмола қаласы ҚР-ның жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Астана қаласында президент сарайы, парламент ғимараты, қонақ үйлер, жастар сарайы, көпқабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар.  
Б
и: «Батырлар»

Жасмина:

Қазақстан елімнің
Көшбасшысы Нұр – атам,
Балаларға, үлкенге,
Қамқор болған – бұл атам.
Нұрсұлтандай патшасын
Мақтан тұтар ел, Отан.

Замир:

Секілді заңғардағы тау барысы,
Нұрсұлтан – ел тірегі, ел намысы!
Адамның бұл өмірде арманы жоқ,
Халқының бола білсе қорғанышы!

Амир Қ:

Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Ән: «Көзімнің қарасы»

Орындайтын: Есенгелді Амина
Тәрбиеші. Біз салтанаты жарасқан қаласы бар, кең байтақ  ұшан- теңіз даласы бар,аруақ қолдаған бабасы бар ел екенімізді мақтан етеміз! Ал Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен қайтадан жаңарып, жасарып,бой түзеп, қазақ елінің бас қаласы атанған  Астана –тәуелсіз Қазақстан үшін келешектің нышаны, Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.Олай болса, Астанамыз жылдан жылға көркейіп жасара берсін! Елбасымыз елімен бірге аман болсын деген сәбилік жүректен шыққан тілегімізбен ертеңгілігімізді аяқтайық.







 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тоқсан бірде Президентті сайладық,
Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақ киізге Нұр атаны көтеріп,
Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.

:

Бірлігімнің бұзылмады қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреді байрағы
Осы күнге жеткізген Елбасымның,
Тілеймін әрқашан да амандығын.

:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

:

Қазақстан елімнің
Көшбасшысы Нұр – атам,
Балаларға, үлкенге,
Қамқор болған – бұл атам.
Нұрсұлтандай патшасын
Мақтан тұтар ел, Отан.

:

 

Өмірдің судай ағып өзегімен,
Келеді Президенттер кезегімен.
Елбасы – Назарбаев егіз ұғым,
Жасайды мәңгі бірге өз елімен!

:

Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр атадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!

:

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.

:

Секілді заңғардағы тау барысы,
Нұрсұлтан – ел тірегі, ел намысы!
Адамның бұл өмірде арманы жоқ,
Халқының бола білсе қорғанышы!

:

Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.


 

Менің тұңғыш Президентім» Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті

Менің тұңғыш Президентім» Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті

Айша : Тәуелсіздік алып берген біздерге,

Айша : Тәуелсіздік алып берген біздерге,

Тоқсан бірде Президентті сайладық,

Тоқсан бірде Президентті сайладық,

Нұрсұлтандай патшасын Мақтан тұтар ел,

Нұрсұлтандай патшасын Мақтан тұтар ел,
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.12.2021