Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні қарсаңында 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайтынын, Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы, бұл күннің маңыздылығы, Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтауға оқушыларды тәрбиелеу. Ұлы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында мен соғыс ардагері Тлеужан Бухаев әкемді айтып сыр шертемін.
Мен бүгін әкемді айтып мақтанамын....docx
Сабақтың тақырыбы: Мен бүгін әкемді айтып мақтанамын...
Сабақтың мақсаты: ҰОС ы, оның Ұлы Жеңіспен аяқталғанына 74 жыл толу құрметін атап
өту, оқушыларға Жеңіс шежіресі туралы мағлұматтар беру, ҰОС ардагерлері мен Отан үшін
опат болған ерлердің есімдерін дәріптеу, балалардың бойында Отанға, туған жерге деген
сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, буклеттер мен фотосуреттер, шарлар.
Көрнекілігі: «Ұлы Отан соғысының батырлары» фотомонтажы. Соғысқа қатысқан
ардагерлердің суреттері жапсырылған «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» стенді. Ұлы Отан
соғысы жылдарына арналған фотомантаж, слайдтар.
Қанатты сөздер: «Жаңашыл ұлдан Отаншыл ұл артық».Мұхтар Шаханов.
«Батырлық – тәуекел мен ақылдың есебінен шығуы тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады.
Ал ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды». Бауыржан Момышұлы.
«Ерлік – саналы әскери тәрбиенің жемісі. Өзіңді саналы түрде қауіп қатерге бас тігуге мәжбүр
етудің нәтижесі». Бауыржан Момышұлы.
«Ерлік – басыңа төнген қауіп қатерді жеңу деген сөз. Ол тек қасарысқан қажырлы күресте ғана
туады».Бауыржан Момышұлы.
Сабақтың барысы:
Армысыздар,оқушылар!
Өздеріңізге белгілі, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылған ҰОС ның аяқталғанына 74
жыл болды.
Тәрбие сағатының танымдық сұрағы:
Соғыс деген не?
Соғыс деген – зұлымдық.
Соғыс деген – жамандық.
Соғыс деген – қан төгу.
Соғыс деген – жылаған бала.
Соғыс деген – қираған қала.
Соғыс деген – бұзылған үйлер.
Соғыс деген – жаумен алысу
Соғыс деген – өлім
Соғыс деген аштық
Соғыс деген аңыраған ана.
Мұғалім:Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету
жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы
жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын
жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты
күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.
Ендеше, бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» аталатын тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс
себепкерлеріне арналады.Ұлы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында мен соғыс ардагері Тілеужан
Бухаев әкемді айтып мақтанамын.
Сонау 19411945 жылдар, елбасына қатер туған күндері СССР Кеңес Одағы деп
аталатын Ұлан байтақ жерімізге, Отанымызға неміс басқыншылары соғыс ашты. Әрбір қазақ
отбасы әкелері мен балаларын, ағалары мен апаларын Отанын қорғауға соғысқа аттандырды. Жан аямай, қолына қару алып ел қорғады.Солардың бірі Бүгінгі Ұлы Жеңістің 70 жылдық
қарсаңында ұрпағы үлгі тұтқан менің әкем Тілеужан Тәжібайұлы. Бухаев Тілеужан Тәжібайұлы
1914 жылы 10 шы қарашада Ақтөбе обылысының қазіргі Шалқар ауданында туған. Бес жасында
атаанасынан айырылып әжесінің бауырында, немере ағасымен бірге ер жетеді.
Кіндіктен он жеті едім өзім қалдым,
Алладан тілеп алған Тілеужанмын,
Анамнан алты жаста жетім қалып,
Атаана Тәрбиесін көре алмадым.
Әкемнің есімде жоқ бейнесі де,
Ойнатып отырғанда тізесінде
Сақалы маңдайыма тиетін ед,
Тек соны ұмытпағам әлі есімде.
Жасымда қиындықты бастан кештім,
Жоқшылық, жетімдікті көріп өстім.
Ақылшым, қамқоршым жоқ, сүйеніш жоқ,
Өмірде тағдырымды өзім шештім.
Амал жоқ жетімдікті мойныма алдым,
Жалқаулық, қорқынышты ойға алмадым.
Амандығын тіледім бауырлардың
Қуатын аямадым бойда бардың.
Немере ағам болған Төлеутайдай,
Тебісіп бірге өскен құлынтайдай,
Сұранып соғысқа да барып қайттым,
Өлсем де солар үшін жаным пидай”.
Осылай Өмірдің ащытұщы дәмін таттым, деп өзі жайлы сыр шертетін.
1934 жылы Паровоз жүргізушісінің көмекшісі мамандығын алып, сол кезде Орынбор
Темір Жолы Шалқар Паровоз Депосы, Қазіргі Қазақстан Темір Жолы Шалқар Локомотив
Депосында еңбек жолын бастайды. 1942 жылдың февраль айының 23 де өзі сұранып соғысқа
аттанады. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін, 1942 жылдың 7 сентябрінен бастап Қызыл
Армияның құрамына кіретін “Колонны Паровозов Особого Резерва НКПС № 67”– деп аталған
паровоз колоннасында МоскваКурск теміржол бағытында, МоскваОрел, МоскваКурск,
СтарыйОскол ұрыс даласындағы фронт магистралінде болады. 1945 жылдан 1946 жылдың
август айына дейін Қиыр Шығыс Темір Жол Округі бағытындағы Транссібір Магистралі Байкал
маңы, Чита, Иркутск қаласының Ленинский әскери комитетіне қарасты әскери теміржолшы
машинист көмекшісі қызметін атқарады.
Осындай маңызды істерді атқару жолында Орынбор теміржолына қарасты Шалқар
паровоз депосынан аттанған Қызыл Армияның құрамында тұрған “ Колонны Паровозов Особого
Резерва НКПС № 67 ” паровозшылар колоннасының әскери теміржолшылары ерен еңбегімен
Ұлы Жеңіске өз үлесін қосты. Қызыл Армияның құрамында тұрған әскери теміржолшылар
фронт магистралінде күнітүні ұйқысыз, үздіксіз артиллериядан атқылаған оқ пен оттың
астында, әуеден түскен бомбалар жарылысының арасынан аман қалып, тынбай еңбек етіп жауға
ерлікпен қарсы тұра білді. Ауыр артиллерия мен танктер тиелген эшелонды жау самолетінің
бомбасынан сақтау үшін біресе тежегішті тартып, біресе жылдамдықты үдетіп қайткенде аман
сақтауға тырысқан. Дүркіндүркін айналып келген соққыдан аман өткендер де болған, жау
бомбасы астында қалғандар да болған. Осындай ауыр күндерді басынан өткізген әскери
теміржолшылардың әрбір рейісі ерлік болып саналды. Маршал Г.К. Жуков өз естеліктерінде – «Бүкіл Полшаның үстімен өтіп жатқан эшелондар шөп пен ағаш тасымалындай көрінгенмен,
шындығында мұның бәрі танктер мен минометтер, артиллерия болатын. Станцияға жетіп
түсірілгеннен кейін сол бойда жасырылатын, бос эшелондар қайтадан жаңа әскери техника үшін
жылжып бара жататын » деп жазады.
Жеңіс жолында мыңдаған адам құрбан болды. Ақырында Ұлы Жеңіске қол жетті.
Жойқын соғыстың соңы Қиыр Шығыс пен Жер бетіне бейбітшілік әкелумен аяқталды.
Адамзаттың ерлігі мен еңбегі еш кетпеді. Дәл осы жолда жан аямай еңбегі мен ерлік көрсеткен
әскери теміржолшылардың ішінде Тілеужан Тәжібайұлы да бар еді. Сол кездегі Қиыр Шығыс
Темір Жол Округының бастығы I Ранг Генералы В.А. Гарнык 1945 жылдың август айында “
Колонны Паровозов Особого Резерва НКПС № 67 ” Паровоз машинисінің көмекшісі Бухаев
Тлеужанды «ОТЛИЧНЫЙ ПАРОВОЗНИК» төс белгісімен марапаттайды.
1946 жылы март айында Иркутск қаласы Лениский аудандық әскери комитеті СССР
Жоғарғы Советі Президиумының атынан «ЗА ПОБЕДУ НАД ГЕРМАНИЕЙ В ВЕЛИКОЙ
ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЕ1941 – 1945 гг» медалімен, 1946 жылы мартта СССР Жоғарғы
Советі Президиумының Указымен «ЗАОТВАГУ» медалімен, 1946 жылы 17 қазанда «ЗА
ДОБЛЕСТНЫЙ ТРУД В ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЕ1941 – 1945 гг» медалімен
марапатталған.
ӘСКЕРИ ТЕМІРЖОЛШЫҒА деп орыс тілінде жазылған АЛҒЫС ХАТтың мазмұнына
үңілсем былай деп жазылған: «Сіз Қызыл Армия мен соғыс даласының ауыр жолдарын бірге
жүріп өттіңіз. Өмірдің ең қатал сынынан өттіңіз. Бірақ сол соғыс даласында көрген қиындық еш
кетпеді.Ұлы СТАЛИННІҢ басқаруымен тарихтан тарихқа қалатын Ұлы Жеңіске қол жеткіздік.
Гитлерлік Германияны жеңдік. Әскери теміржолшылар Қызыл Армияға біздің Отанымыздың
тәуелсіздігі жолында ғана емес, Европа халқының бостандығы үшін де көмектесті.Сіздерге жауға
соққы беру үшін Қызыл Армияны қаружарақпенуақытындақамтамасызетуісіміндеттелді.
ОТАН АЛДЫНДАҒЫ АДАЛ ҚЫЗМЕТІҢ ҮШІН АЛҒЫС ЖАРИЯЛАЙМЫН. Енді сіз
бұрынғы жұмыс орныңызға ораласыз. Бейбіт өмірде еңбегіңізге жеміс тілеймін. Большевиктік
Партияның басшылығымен, Ұлы Көсеміміз Жолдас СТАЛИНнің басшылығымен алда болыңыз,
батыр халқымыздың алдыңғы қатарынан көрініңіз. Темір жол саласындағы жұмысыңызды бейбіт
өмірде Ұлы Отан Соғысы жылдарында фронт магистралінде атқарғандай етіп атқарыңыз». Осы
бір бет қағаз оң жағында И.В. Сталиннің жарқын бейнесі бейнеленген, сол жағында Қызыл Тулар
үстінен Кремль Мұнарасы көрінген, қара жолақты алтын лентаға жазылған НАШЕ ДЕЛО
ПРАВОЕ МЫ ПОБЕДИЛИ! деген жазу мен ПОЧЕТНОМУ ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНИКУ деген
төсбелгі белгіленген, ауыр артиллерия мен танктер тиелген эшелондары бар паровоздар бейнесі
үстінде жазылған ВОЕННОМУ ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНИКУ Бухаеву Тлеужану деп басталған
алғыс хат бұл кісіге берілген өмірлік жолдамадай көрінеді маған.
Осындай алғыспен аманесен елге оралған менің әкем бұл алғысты Сталиннің
бұйрығындай бұлжытпай орындады. Қазіргі Қазақстан темір жолы Шалқар локомотив
депосында 1934 жылдан1984 жылға дейін ерінбей еңбек етіп, еңбек кітапшасы жылына 45
реттен ұсынылған сыйақы жазулары мен алғыстар жазуларына толумен аяқталды. Соғыс
жылдарында алған медальдары мерекелік медальдармен толықты. Анамыз Сисембина Жалғас
Аймаққызымен отбасын құрды. Еңбегімен елге танылып, білімді ұлқыз өсіріп, соңында еңбегі
мен ерлігін мақтан тұтар немере, шөберелері бар Тілеужан Тәжібайұлы өмірдің қиындығы мен
қызығын бірдей көріп 83 жасында дүниеден өтті. Совет Одағының Батыры, Халық Қаһарманы
болмаса да, өз ұрпағына БАТЫР, ҚАҺАРМАН болып қала береді. Өзі өлсе де артында
өшпейтін ісі мен ізі бар АСЫЛ АЗАМАТ менің әкем туралы Ұлы Жеңістің 74 жылдығы
қарсаңында мақтанышпен айтқым келді.
Қорытынды.Мұғалім:Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндері амандықпен дидарласайық.
Мен бүгін әкемді айтып мақтанамын...
Мен бүгін әкемді айтып мақтанамын...
Мен бүгін әкемді айтып мақтанамын...
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.