Менің сүйікті кітабым
Оценка 4.7

Менің сүйікті кітабым

Оценка 4.7
Книги
doc
воспитательная работа
4 кл
29.03.2017
Менің сүйікті кітабым
«Артық білім – кітапта»- демекші. Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, ғылым мен білімнің көзі. Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын , білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді. Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» , «Кітап – білім бұлағы – білім өмір шырағы» демекші. «Менің сүйікті кітабым» ол Ыбырай атамның әңгімелері мен өлеңдері. Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, тұңғыш рет оны жазба әдебиетте қалыптастыруды бастаған классик.
Менің сүйікті кітабым.doc
Павлодар қаласының №33 жалпы орта білім беру мектебі Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері  мен өлеңдері. 2016­2017 оқу жылы «Артық білім – кітапта»­ демекші. Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, ғылым мен білімнің көзі.  Кітап – адам баласы ақыл­ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын , білім және   тәрбие   беретін   құрал.   Ол   адамзат   жасаған   ең   ұлы   кереметтердің   бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді. Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің   жоқ»   ,   «Кітап   –   білім   бұлағы   –   білім   өмір   шырағы»   демекші.   «Менің сүйікті кітабым» ол Ыбырай атамның әңгімелері мен өлеңдері.         Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, тұңғыш рет оны жазба әдебиетте қалыптастыруды бастаған классик.          Ол 1841 жылы 20­қазанда қазіргі Қостанай облысы, Ыбырай Алтынсарин атындағы ауданда туып, 1889 жылы қайтыс болды.          Ыбырай өз ұлтының балаларына мектеп ашып, шапағатты шырақ ұстатқан қайраткер тұлға. Оның осы жолда бағалаған адамдары Лев Толстой мен Николай Ушинский болды. Өзі ашқан төрт уездік мектепті де ол осы екі кісінің ойларын басшылыққа алып атқарып шықты.           «Ы.   Алтынсарин   балаларға   арналған   шығармалар   жазуды   1862   жылдан бастады. «Балалар  әлемі  маған  өте  ұнап  кетті, өйткені,  онда  менің  аудармақ болып   жүрген   нәрселеріме   жарамды   мақалалар   көп   екен.   ...Басқа   халықтар сияқты қазақтарға да олардың өздеріне түсінікті тілде жазылған, оқығанда ақыл беріп, ой түсіретін кітаптар керек. (Н. И. Ильминскийге жазған хатынан). Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы.  Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы­ педагог болуымен бірге, балаларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Өнер, білім бар жұрттар», «Өсиет өлең», «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңімен ашып, онда  жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады. Оқысаңдар, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей­ақ табылар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық,­ деп оқудың пайдасын жастардың санасына сіңіреді.   Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым­білімге мән   бермейтін   кертартпа   көзқарасқа   соққы   береді.   Өмірде   сарқылмас   мол байлық – білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей­жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.      Ыбырай жастардың білімді адам болудағы мақсат, міндеттері – халқына пайдасын   келтіру,   өнер­білім   меңгерудің   арқасында   өз   елін   «тастан   сарай салдырған»,   от   пен   суды   пайдаланып,   «отынсыз   тамақ   пісірген,   теңізде   кеме жүргізген» мәдениетті елдердің қатарына жеткізу деп біледі. Келешекке сенімі мол Ыбырай өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды  деп сенді. Өзін қоршаған ортаның қараңғылығы мен надандығын шеней келіп: Біз надан боп өсірдік, Иектегі сақалды. «Өнер – жігіт көркі», ­ деп, Ескермедік мақалды.  Біз болмасақ, сіз барсыз, Үміт еткен достарым, Сіздерге бердім батамды ... –  деп жастарға зор үміт артты.      Ыбырай   лирикасы.  Ыбырайдың   бір   топ   өлеңдері   табиғат   бейнесін суреттеуге, жастарды ізгілікке, адамды, ата­ананы сүюге баулуға арналған. Оның табиғат   бейнесін   суреттейтін   «Өзен»,   «Жаз»   деген   өлеңдері   бар.   Табиғаттың бейнесін жеке тақырып етіп өлеңдер жазу Ыбырайға дейінгі қазақ әдебиетінде кездеспейтін. Оқырманның көңілін табиғаттың сұлу көркіне аудару арқылы елді, жерді   сүюге,   отансүйгіштік   сезімге   тәрбиелеу   орыстың   демократиялық гуманистік әдебиетінің үлгісі еді. Ақын «Өзен» атты өлеңінде табиғат пен адам өмірінің байланысын бейнелеп береді.      «Жаз» деген өлеңінде жадыраған жаз, адамзат пен жан­жануарлар, аң мен құстар үйлесімі сөз болады. «Аспаннан рақымменен күн төнгенде», «ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі», «кеш болса күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып», т.б. өлең жолдары табиғат көрінісін шебер суреттейді.       Табиғаттың   адамдар   мен   жан­жануарларға   тигізер   әсерін   бейнелі   сөз айшықтарымен суретеп беруі «Жаз» өлеңінде ерекше байқалады. Оны ақынның «қыстаудан ел шығады алуан­алуан», «күлісіп, құшақтасып әзіл етер» деп кәрі мен   жасты   бейнелеген   немесе   «жүгіріп   киік,   құлан   тау   мен   қырға,   қуанып ықыласпен  келген жылға» деген хайуанаттарды бейнелейтін  өлең  жолдарынан байқауға болады.    Ақынның «Бұл кім?», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», «Ананың сүюі», т.б. өлеңдері   жастарды   ізгілікке,   қайырымдылыққа,   ата­ананы,   дос   –   жолдасты сыйлауға шақыратын сүйіспеншілік пен мейірімділікке құрылған.      Әсіресе «Ананың сүюі» атты өлеңінде түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін беріп асыраған, еркелетіп өсірген, жалқаулық пен жамандықтан сақтандырған, еңбек сүй деп елгезек етіп тәрбиелеген ананың ұшан­теңіз еңбегін айта келіп, «ұмытпай, ең кемінде жұлдыз сайын хат жазып тұрсаң, анаңның төбесі көкке жеткендей   болады,   сенің   қуанышың   –   анаңның   қуанышы»   дегенді   баланың санасына қарапайым өлең жолдарымен жеткізе білген.    Ыбырай Алтынсариннің жастарды еңбекке, өнерге, имандылыққа, ізгілікке, қайырымдылыққа   үндейтін   көптеген   қысқа­қысқа   әңгімелері   де   бар.   Оларды тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.      «Тәрбие бағу­қағудан басталады ...»  Ыбырай өзінің бір топ әңгімелерін адамгершілік тәрбиесі мәселесіне арнап жазды. Жазушының бұл тақырыпқа жазған шығармалары қатарына «Әке мен бала», «Асыл   шөп»,   «Бақша   ағаштары»,   «Алтын   шекілдеуік»,   «Қарға   мен   құрт», «Сауысқан   мен   қарға»,   «Әдеп»,   «Тәкаппарлық»,   т.б.   әнгімелерін   жатқызуға болады.      «Бақша ағаштары» деген әңгімесінде әкесі мен баласының таңертең ерте бақшаға барып, жеміс ағаштары жайында әңгіме құруын айта келеді де: «Бағу­ қағуда көп мағына бар. Сен жас ағаш сияқтысың, саған да күтім керек. Сен менің айтқандырымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі боласың. Ал бағусыз бетіңмен кетсең, мына қисық біткен ағаштай қисық өсесің» деп, тәрбие бағу­ қағудан   басталады   деген   ойды   мегзейді.   Бұдан   жазушының   баланы   дұрыс тәрбиелеуге, оларды жақсы мінез құлыққа үйретуге мән бергенін көреміз.   «Байұлы»   атты   әңгімесінде   Байұлының   әкесі   мінгізген   тайын   кедейдің баласына   беруін   көріп,   оның   мырзалығына,   қайырымдылығына   сүйсінген ақсақалдың «Ей, Құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер!» деп бата беруін, сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында, Байұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай болғанын, олардан елге қадірлі, Мырза Байұлы деген рудың тарағанын баяндайды. Ыбырай «Батаменен ер көгереді», «Баталы ұл арымас» деген   халық   қағидаларының   өміршеңдігін   әңгімеге   арқау   етіп,   жастарды қайырымды,   ізгі   жүректі   болуға,   жоқ­жітік,   жетім­жесірге   қамқоршы   болуға үндейді.      «Тәкаппарлық» атты әңгімесінде Ваниямин Франклин деген даңқты білім иесінің жастық шағында басынан кешкен бір уақиғаның оған өмір бойы сабақ болғанын   айта   келіп,   хан   болсаң   да,   қара   болсаң   да,   кішіпейілділіктен   опық жемейсің, тәкаппарлық ұятқа қалдырады дегенді түйіндейді.     Жазушының   бір   топ   әңгімелері   жастарды   ізгілікке,   бауырмалдыққа, мейірімділікке, достық, жылы­жүректілік қасиеттерге баулуды көздеген. Оған «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Полкан деген ит», «Таза бұлақ», «Әділдік», т.б. әңгімелері жатады.       «Таза бұлақ» атты әңгімесінде үш жолаушының әңгімесі арқылы, біріншіден, адам көңілінің таза бұлақтай мөлдір, адал болуын, адамға пайда келтіруін қаласа, екіншіден, бұлақ көрсең көзін аш деп табиғатты аялау керек деген ойды айтады.  «Аурудан   аяған   күштірек»   атты   әңгімесінде   Сейіт   деген   баланың   арбаға соғылып,   аяғын   сындырып   алуы,   ойбайлап   жылап   жатқан   баласын   көрген анасының   есінен   танып   қалуы,   анасының   ауыр   халін     жеңілдеткен   болып баласының   жылауын   доғарып,   төзімділік   көрсетуі   баяндалады.   Сынықшы Сейіттің аяғын таңып жатып: «Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың?»­ деп сұрағанда, баланың сынықшыға сыбарлап: «Ауырмақ түгілі, жаным көзіме көрініп тұр. Бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, апам қиналып жүдемесін деп, шыдап жатырмын», ­ деп жауап береді. Жазушы осы арқылы баланың анаға деген мейірім, махаббатын, аяушылық сезімін білдіреді.       «Мейірімді   бала»   атты   әңгімесінде   ежелгі   Қытай   жұртындағы   ұрлық жасаған адамның қолын шабатын заң сөз болады. Осындай іспен қылмысты болып ұсталған әкесінің орнына жас қызының өз қолын кесуге келісім бергенін баяндау арқылы баланың әкеге деген мейірімділігін марапаттап отыр. Жазушы әке мен шеше  ­ баланы өмірге әкелетін, асырап сақтайтын қамқоршысы, олай болса, бала да әке­шеше алдында өзін мәңгі қарыздар сезінуі керек, олардың бойында ата­ аналардың балаға деген махаббатындай күшті махаббат, зор сезімі болуы керек деген идеяны қуаттайды.     «Мұңсыз адам» деген әңгімесінде, біріншіден, бұл өмірде армансыз, мұңсыз адамның болуы мүмкін еместігін, екіншіден дені сау, ішерге бір күндік тамағы бар адамның өзін бақытты санайтынын айта келе, бар байлық адал еңбек пен зор денсаулықта, дені сау адам бақытты деген қорытынды жасайды.      «Тіршіліктің   тұтқасы   еңбекте...»  Ыбырайдың   «Қазақ   хрестоматиясына» енгізген   бір   топ   әңгімелері   жастарды   еңбекті   сүюге,   оқуға,   өнерге   ұмтылуға, жігерлі, төзімді, мақсатшыл болуға баулиды. Ыбырайдың бұл тақырыпқа арнаған бір топ шығармалары бар.       Олар:   «Өрмекші,   құмырсқа,   қарлығаш»,   «Жан­жануарлар   айтысы»,   «Бай баласы   мен   жарлы   баласы»,   «Қыпшақ   Сейітқұл»,   «Мұңсыз   адам»,   т.б.   Бұл әңгімелердің бәрінде табиғатта тіршілік ететін жәндіктердің бәрі еңбек етіп, күн көреді   деген   ой   айтылады.   Мәселен,   «Өрмекші,   құмырсқа,   қарлығаш»   атты әңгімеде   атасы   он   жасар   немересімен   далада   келе   жатып,   жерде   құмырсқа, ағашта өрмекші, көкте қарлығаш тіршілік үшін еңбек етіп жатқанына немересінің назарын аудартады. «Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала еңбек етуге   жаратқан»   деп   өсиет   айтады.   Сөйтіп   тіршілік   тұтқасы   еңбекте   деп   ой қорытады.     Жазушы осы арқылы: «Еңбек – адамның екінші анасы. Ол адамды шыңдайды. Өмірге үйретеді» дегенді меңзеп отыр.     «Қыпшақ   Сейітқұл»   атты   әңгімесінде   Сейітқұлдың   Қабырға   өзенінің жағасына егін егіп, отыз үйлі кедейді асырап шыққаны, оның ағасы Бақтығұлдың жұрттың   малын   ұрлап,   байимын   деп   жүріп,   қолға   түсіп,   кісі   қолынан   қаза болғаны суреттеледі. Жазушы осы арқылы «адалдың арқаны ұзын», «адал еңбек мұратқа жеткізеді», «ұрлық түбі­қорлық» деген ой қорытады.  «Киіз үй мен ағаш үй» деген әңгімесінде татар мен қазақ ұстасы өзара пікір таласта   киіз   үй   мен   ағаш   үйдің   ерекшеліктерін   бір­біріне   дәлелдеп   бағады. Жазушы сол арқылы киіз үйдің көшіп­қонуға қолайлы екенін көрсетсе, ал ағаш үйдің сауда­саттықпен айналысатын отырықшы елге қолайлы екенін дәлелдейді. Оқушыларды екі халықтың тұрмыс­тіршілігі мен кәсібінен хабардар етеді.       Ыбырай   еңбекті   бірінші   орынға   қойып,   тәрбие   негізі   адал   еңбекте   деп қорытындылайды. Еңбек тіршіліктің тұтқасы, өнер де, білім де еңбексіз қолға түспейді   дегенге   баса   көңіл   бөледі.   Жазушының   өнер   мен   білімді   үлгі   етуге арнаған   «Лұқпан   әкім»,   «Зеректік»,   «Силинші   ханым»,   «Білгеннің   пайдасы», «Талаптың пайдасы», «Атымтай жомарт», т.б. әңгімелері бар.       «Зеректік»   атты   әңгімесінде   Англия   жұртында   Броун   деген   ұстаның өрмекшінің торын көріп, ойға қалып, су үстінен тіреусіз аспалы көпір салуды ойлап тапқанын паш етеді.     «Білгеннің пайдасы» атты әңгімесінде етікші баланың жаугершілік заманда солдаттарға етік тігіп беріп, күн көргенін баяндайды.     «Талаптың пайдасы» атты әңгімеде шіркеуде орыс патшасы Петрдің суретін салуға талпынып жатқан баланы патшаның көріп қалып, талабына риза болып, баланы шетелге суретшілер мектебіне жіберуі, кейін әлгі баланың атақты суретші болып   шығуы   айтылады.   Жазушы   әңгімесін   «Талапты   ерге   нұр   жауар»   деген нақылмен түйіндейді.     «Силинші ханым» деген әңгімесінде жібек құртын өсіруші ханымды дәріптесе, «Лұқпан әкім» әңгімесінде ауруға ем тапқан Лұқпан әкімді, «Атымтай жомарт» әңгімесінде   төрт   түлігі   сай   бола   тұра   еңбек   етуді,   кем­кетік,   жетім­жесірге көмектесуді   ұмытпаған,   тапқан   малды   орынды   жұмсай   білген   Атымтайдай жомартты жастарға үлгі етіп ұсынады.    Ыбырай   өзінің   «Қазақ   хрестоматиясына»   жазғаналғы   сөзінде   біраз   шығармаларды   орыс   хрестоматияларынан,   көбінесе   Паульсонның «Хрестоматиясынан»   аударып алғанын айтады. Ол балаларды қазақ әдебиетінің үлгілерімен таныстырып қоюды жеткіліксіз деп қарады. Сөйтіп, И. И. Пульсон, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстойдың балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударып, өз оқулығына енгізді.    Менің ұсынысым: Ыбырай шығармаларды қысқа мазмұнға құрды. Балалардың түсінігіне жеңіл етіп жазды. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, әр әңгіменің тәлімдік мәніне ерекше көңіл   бөлу   –Ыбырай   шығармаларының   өзіндік   ерекшеліктері.   Ыбырай шығармалары   мазмұны   жағынан   да,   түрі   жағынан   да   балалар   әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді.  Ыбырай атамыздың бұл кітабының құндылығы, біріншіден, ана тілінде түсінік беруі   болса,   екіншіден   терминдердің   мән­мағынасы   ашуға   зер   салуында, үшіншіден күнделікті тіршілікпен байланыстыра талдауында болып отыр. «Қазақ хрестоматия» кітабы балаларға қызғылықты етіп, табиғат құбылыстары, тарихи­ жағырапиялық тартымды әңгімелер құрылған.. Сондықтан бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай   болса,   біздің   барлық   іс­әрекетіміз   осы   бағытта   болу   керек.   Ал   ендеше ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан.  «Кітап – білімнің күн шуағы» деуіміздің мәні де осында. Өйткені тәрбие мен білім – егіз ұғым десек, тәрбие мен білім берудің жаңа жолын кітаптан табамыз. Сұрақтар: 1. Ы. Алтынсариннің нағашы атасы кім? А) Балғожа (дұрыс жауабы)             Ә) Сәкен Б) Арыстанбек 2. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесі қай сыныпта оқылады. А) 1­сынып (дұрыс жауабы)             Ә) 2­сынып Б) 3­сынып 3. «1879 – 1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде қандай уездік жаңа мектептер ашты?» А) Орынбор, Отырар, Торғай. Ә) Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе. (дұрыс жауабы)             Б) Балқаш, Арал, Сыр. Оқушы туралы қысқаша мәлімет: Қалқаман ауылының орта мектебі,  7­сынып оқушысы, Қабенұлы Жасыбай, 14 жаста, Суптеля көшесі, 7/1, телефон нөмірі:   87076016866,   бос   уақытын   математика   мен   физика   пәніне   арнайды, кітапқа   деген   қызығушылығы   тек   қана   қазақ   тілінде   емес,  орыс   тілін   қызыға оқиды,   аудандық,   қалалық,   облыстық,   халықаралық   сайыстарда   жүлделі орындарға ие болады.

Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.03.2017