Менін Отаным –Казакстан!

  • Разработки уроков
  • doc
  • 19.01.2017
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Мақсаты: Балаларды ұлтжандылыққа имандылыққа және адамгершілікке баулу.Отанды сүюге ,еліміздің рәміздерін қастерлеуге ,атамекеніне ,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.Сөздік қорларын ,тіл байлығын арттыру. Көрнеіклігі: 1.ҚР-рәміздері, ұран жазылған плакаттар. 2.Қазақстан картасы. 3.Табиғат көріністерінің суреттері Әдісі: Сұрақ,жауап,әңгімелесу,пікірлесу әдісі. Түрі: Ұжымдық Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. І-бастауыш. Отан .....Отан.... Сен болмасаң ,не етер ем? Өмірден бұл өксуменен өтер ем,- Деп біз бүгінгі Республика күніне байланысты өткізгелі отырған сынып сағатымызды ашық деп жариялаймыз -Балалар,біз қазір сендерге РҚ-сы бойынша сұрақтар береміз. -Біз қай ұлтпыз? (Қазақ ұлтымыз) -Қандай республикамыз? (ҚР-сы) -Қазақ елінің рәміздер? (Ту ,елтаңба,әнұран
Иконка файла материала Менің Отаным Қазақстан.doc
Менің Отаным – Қазақстан!Мақсаты: Балаларды ұлтжандылыққа имандылыққа  және адамгершілікке баулу.Отанды сүюге ,еліміздің  рәміздерін қастерлеуге ,атамекеніне ,еліне деген  сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.Сөздік  қорларын ,тіл байлығын арттыру. Көрнеіклігі: 1.ҚР­рәміздері, ұран жазылған плакаттар.                         2.Қазақстан картасы.             3.Табиғат көріністерінің суреттері Әдісі:                Сұрақ,жауап,әңгімелесу,пікірлесу әдісі. Түрі:                  Ұжымдық Барысы:   І .Ұйымдастыру кезеңі. І­бастауыш.    Отан .....Отан....                          Сен болмасаң ,не етер ем?                          Өмірден бұл өксуменен өтер ем,­ Деп біз бүгінгі Республика күніне байланысты  өткізгеліотырған сынып  сағатымызды ашық  деп жариялаймыз ­Балалар,біз қазір сендерге РҚ­сы  бойынша сұрақтар береміз. ­Біз  қай ұлтпыз? (Қазақ ұлтымыз) ­Қандай республикамыз? (ҚР­сы) ­Қазақ елінің рәміздер? (Ту ,елтаңба,әнұран) ­Әнұранның негізгі сипаты ­Әнұранның  сөзін,әнін  жазған кімдер? 2­бастауыш Бұрын­соңды қазақ халқының басынан  қаншама қиын­қыстау  уақиғалар өткен.Жоңғар шапқыншылығы ақтабан  шұбырынды ,орыс патшасының 1916 жылғы майдан қара  жұмысына бұратана халықтардан солдат жинауы ,азамат  соғысы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. 1­бастауыш Міне,Бұл жылдар оыс сияқты  ауыр сындардан халқымыздың  ар­намысты  ту етіп ұстап,қайыспай күрескенін ,сөйтіп елдігін  сақтап қалғанын паш етеді. 2­бастауыш Қазақ халқының кеңпейілдігі мен бауырмалдығының арқасында республика көп ұлттың баласына алтын бесік болып отырғаны  дәріптеледі. 1­бастауыш. Беріспей,батыр бабам ар армандаған,Арман күн ,ел –жұртына жалғанды аман. Қаншама құрбандықпен жеткен күнді, Әлдиле ,байтақ елім,орман­далам!­ Демекші ,бүгінгі жаттаған тақпақтарың бар ма? 1­оқушы Атыңнан айналайын қазақ деген, Қазағым ,қайсарлығың ғажап дер ем. Сапқтапсың елдігіңді сағың сынбай, Көрсең де талай қорлық азаппенен 2­оқушы Бір ата бір ананың түлегіміз, Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз Бірлік барда –тірлік бар деген бабам, Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз 3­оқушы  Мен қазақпын қаныммен ,сүйегіммен Сән салтанат салтымды сүйемін мен Бақ орнатам осынау  кең далаға Мұрагермін оған да иемін мен 4­оқушыБіз жас ұлан­Отан ана өркені Үміт артқан болашағы ,ертеңі Туған елдің даңқын көкке өрлетіп, Гүлге бөлеп жасартамыз өлкелі. 5­оқушы Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем ,оның асқар таулары  мен айдын­көлдері ,жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім.Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін. Би: Пірімбет Жансаяның орындауындағы қазақ биі. 1­бастауыш. ­Ал,балалар,Отан туралы ,жер туралы мақал­мәтелдерің бар  ма? Оқушылар мақал­мәтелдерін айтады. Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл ****  *** **** Туған жерге туың тік ****  *** **** **** Туған жердің түні де ыстық ***** ****  **** **** Елінен безген ер оңбасКөлінен безген қаз оңбас Күй.Орындайтын Сапа Бауыржан Балалар,біз сендерге викториналық сұрақтар қояйық. ­Әр адамның шағын Отаны (отбасы) ­Қазақтың ханы ,оның шын аты? (Абылайхан­Әбілмансұр) ­Ұлы билер кімдер?(Төле,Қазыбек, Әйтеке) ­ҚР­ның мемелекеттік тілі. (Қазақ тілі) ­Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға  (президент) ­Қара алтын (Мұнай) ­2008 жылғы Бейжің қаласындағы ауыр атлетикадағы  әлем чемпионы. ­Қазақстанның астанасы ­Қазақстан неше елмен шектеседі және ол қандай елдер? ­25 қазан қандай күн? *Көрнекіліктер,суреттермен жұмыс ­Балалар,тақтадағы суреттер туралы не айта аласыздар? *Сурет көрмесі *1­бастауыш «Ұлтарақтай болса да ата –қоныс жер қымбат,Ат төбеліндей болса да ,туып –өскен ел қымбат»­демекші балалар бүгінгі сынып­сағатымызда елді ,жерді сүюді,  қадірлеуді біліп ұғыныңыздар.Осымен сынып сағатымыз  аяқталды.