Мерекелік кеш "Ардақты ана, асыл жар, әсем ару"
Оценка 4.9

Мерекелік кеш "Ардақты ана, асыл жар, әсем ару"

Оценка 4.9
docx
17.02.2020
Мерекелік кеш  "Ардақты ана, асыл жар, әсем ару"
сценарий 2.docx

«Ардақты ана, асыл жар, әсем ару»

мерекелік кеш

1. Бейнесюжет. Ер азаматтардың құттықтау сөзі

2. Фанфар

3. Жүргізушілер:

1 жүргізуші (Алиев Оспан):

-        Армысыздар, қадірменді  аналар, арулар!

2 жүргізуші (Бөлекбаева Бақыт):

-        Қайырлы күн, құрметті ұстаздар  мен оқушылар!

Оспан:

- Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

Бақыт апай:

- Осы мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары, адамдық пен адамшылдықтың мөп-мөлдір тамшылары, сүйкімді қылығымен сағындырған, қажет десе аh ұрғызып сабылдырған, әсем көркімен, жүрегінің өртімен небір дана мен данышпандарды табындырған, сүйсе құлай сүйетін, нақсүйеріне жанашыр болып, бірге күйетін аяулы да қыздар, сүйкімді келіншектер, мерекелеріңіз құтты болсын!

Оспан:

- Құрметті аналар,біздің колледжіміздің ұстаздары,қыздары!

Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.  Бүгінгі «Ардақты ана, асыл жар, әсем ару» мерекелік кеші Сіздердің құрметіңізге арналады.

Бақыт апай:

- Олай болса мерекелік кешті кезекті құттықтаумен жалғастырамыз. Сөз кезегі колледж директоры Нұғыманов Тұрсұнқұл Абатұлы және алғашқы әскери дайындық жетекшісі Айтқали Атамұратұлына беріледі.

1. Құттықтау сөз

2. Марапаттау  (қызметкерлер  мен аналар)

Оспан:

- Ана жайлы...

  Ана жайлы пайғамбарлар сəлемі

  Ана жайлы ақындардың өлеңі.

 Ана жайлы - қара жердің төзгені,

 Ана жайлы - уақыттың безбені,

 

 Ана жайлы - кең дүние - бесігің,

 Ана жайлы аманат пен кешірім,

 Анаң үшін ең жақсы сөз дүниеде

 - Ұлым, сенің есімің!..

 

Бақыт апай:

- Мен айтатын жақсы сөздер көп еді,

  Мен де анамды жақсы көрем, себебі!

  Білесің бе, бұл əлемге адамдар,

 Ана жайлы айту үшін келеді!

 Ендеше.... колледжіміздің оқушыларының өз анасы жайлы пікірін тыңдап      тамашалайық.

Бейнесюжет «Ана жайлы» (студенттер пікірі)

Оспан:

Әйелдер-ай!

Әйелдер-ай!

 Қандайсың?!

Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.

 Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың,

 Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың.

Әйелдерді еркектерден көп дейді.

Ойбай,

Ойбай!..

Бола берсін көп, мейлі!

Әйел деген әдемі ғой, әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді...

«Вальс» әні: Орындайтын Әкімхан (коллектив суреті)

Бақыт апай:

- «Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке – бірлікке, өмірдегі әсемдік  пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына  инабаттылықтың нұрын сепкен өз аналары жайлы колледж ұстаздарының ой-толғаныстары, естеліктері туралы келесі бейнесюжетті көрейік.

Бейнесюжет «Менің анам» (ұстаздар)

Н.Өнербаевтың «Анашым» әні. Орнындайтын Диас (ата аналар суреті)

 

Оспан:

- Мұхаммед пайғамбар «Жәннат –аналардың аяғының астында» деп айтқан. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы да ардақтысы. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді.

Бақыт апай:

- Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Алайда «ананың көңілі - балада, баланың көңілі – далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірде кездестіруге болады.

 Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші деген мақсатпен Заманбектің орындауындағы «Анажан» әнін қабыл алыңыздар!

Оспан:

-  Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанатын самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арнаған.

Өтеуге борышың, анашым, жан сырым,

Іздедім сен үшін әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,

Сыйлар ем ай-күнін, қолыма түспеді.

 

Бақыт апай:

- Ете гөр қанағат, әзірге берерім,

Балалық махаббат, балалық жүрегім.

Бол риза анашым, қолдағы осы бар,

Өзіңе арнаған әнімді қосып ал – дей келе келесі өлең жолдары мен биді қабыл алыңыздар.

1.     Ару. Оқитын  Нурбай  Ермахан

2.     Би «Қаражорға»

Оспан:

- Аяулы анаға деген тілек ешқашан бір ауыз сөзбен, бір шумақ жырмен шектелмек емес. Осындай бір сәттерде көңілдің толқуынан, жүректің шынайы қуанышынан айтарға сөз де табылмай қалатын сәттер болады. Сол үшін де аналарымызға деген ықыласын білдіріп телефон арқылы қоңырау соғып көргенбіз. Ендеше,  «Анашым, мен сені жақсы көремін» атты бейнесюжеті.

2. Бейнесюжет «Ана жайлы» (студенттер пікірі)

Бақыт апай:

- Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

  Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

  Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

  Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

 

  Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

 Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

 Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

 Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

 

Бейнесюжет «Менің анам» (ұстаздар)

Ән «Қарағым-ай». Орындайтын Заманбек  

 

Оспан:

- 8-наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық  тілейтін күн. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!

Бақыт апай:

- Біз Сіздерді 8-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы болып жүре беріңіздер дей келе бүгінгі мерекелік кешімізде осында отырған  бірнеше нәзік жандыларды 10 (он) түрлі номинациямен марапаттағалы тұрмыз. Бұл номинациялық марапаттау оқушылардың дауыс беру арқылы тағайындалды

Оспан:

Ендеше

1.  «Ең сүйкімді маман»  номинациясымен      ..............................................................................марапатталады

2. «Ең көңілді маман»  номинациясымен      ..............................................................................марапатталады

3. «Ең мейірімді маман» номинациясымен      ..............................................................................марапатталады

4. «Ең қатал маман»  номинациясымен      ..............................................................................марапатталады

5. «Ең салмақты маман»  номинациясымен      ..............................................................................марапатталады

6. «Жан жақты маман»  номинациясымен      .............................................................................марапатталады

7. «Өзіндік стилі бар  маман» номинациясымен      .............................................................................марапатталады

8. «Ең білімді маман»  номинациясымен      .............................................................................марапатталады

9. «Шыншыл  маман» номинациясымен      .............................................................................марапатталады

10. «Жанашыр  маман» номинациясымен      ........................................................................... марапатталады

 

Бақыт апай:

- Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, 
Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. 
Жат біреуге бақыт болып туатын, 
Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір. 

Әйел – сенің аспазың да күтушің, 
Әйел барда биіксің де бүтінсің. 
Әйел барда жалынсың – сен, отсың – сен, 
Әйел жоқта бықсыған сен түтінсің. 

Әйел – сенің ақылшың да, айбарың, 
Ол барында естімейсің қайғы әнін. 
Әйел – сенің күзетшің де, сақшың да, 
Әйел – сенің мерекең де, мейрамың. 

Сыйла әйелді, жоғарыдан бер орын, 
Көтер оның мерейі мен беделін. 
Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің, 
Өз анаңды мәңгі құрметтегенің. 

 

 Оспан:

- Колледжіміздің барлық ер азаматтарының атынан тағы да көктемгі мерекемен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін дей келе Сіздерге зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!

Бүгінгі  меркелік кешімізді Әкімханның орындауындағы  «Асыл анам» әдемі әнімен аяқтаймыз.

 

Бірге айту: -Келесі кездескенше сау саламатта болыңыз!!!         

          

 Қатысушылар сахна төріне шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі

 

 

 

 

 

                                  

«Ардақты ана,

асыл жар, әсем ару»

                                        мерекелік кеш

 

Фоторамка, PNG шаблон для фото ЦветочкиФоторамка, PNG шаблон для фото Цветочки

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Жайбергенова Б.А.,кітапхана меңгерушісі

                                           Бөлекбаева Б.М.,орыс  тілі мен әдебиеті

                                                           пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

2018/2019 оқу жылы

 



 

Ардақты ана , асыл жар, әсем ару» мерекелік кеш 1

Ардақты ана , асыл жар, әсем ару» мерекелік кеш 1

Марапаттау (қызметкерлер мен аналар)

Марапаттау (қызметкерлер мен аналар)

Ойбай, Ойбай!.. Бола берсін көп, мейлі! Әйел деген әдемі ғой, әдемі, Әдемілік бізге көптік етпейді

Ойбай, Ойбай!.. Бола берсін көп, мейлі! Әйел деген әдемі ғой, әдемі, Әдемілік бізге көптік етпейді

Сыйлар ем ай-күнін, қолыма түспеді

Сыйлар ем ай-күнін, қолыма түспеді

Оспан: - 8-наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі

Оспан: - 8-наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі

Жанашыр маман» номинациясымен

Жанашыр маман» номинациясымен

Мерекелік кеш "Ардақты ана, асыл жар, әсем ару"

Мерекелік кеш  "Ардақты ана, асыл жар, әсем ару"

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі «Ардақты ана , асыл жар, әсем ару» мерекелік кеш

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі «Ардақты ана , асыл жар, әсем ару» мерекелік кеш
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2020