Мероприятие Посвященной в честь Независимости Республики Казахстан. Сценарий концертной программы. Программа охватывает полностью событие Независимости. До Независимости мы прошли долгий путь, это всю отражается в этой программе. В сценарий есть видеоматериал о долгом пути к Независимости. Охвачен сюжет о городе Астане.
Мерекелік шара Тұғыры биік- Тәуелсіздік! .docx
Тақырыбы: «Тұғыры биік Тәуелсіздік»
ҚР мемлекеттік туы енгізіледі. (Әнұранды қосу)
Талғат: Гимн.
Жүргізушілер шығар алдында фанфар ойнату,
1жүргізуші: Армысыздар, аса қадірменді кеш қонақтары!
2жүргізуші: Кеш жарық қадірлі көрермендер!
1жүргізуші: Келесі құттықтау сөз Электротехника колледжінің директоры
Сарпеков Азат Толқынұлына беріледі.
1жүргізуші: Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұланғайыр
атырапта бүгін мереке! Бұл мереке – Тәуелсіздігімізге 27 жыл толуы! Осынау
ұлық мерекеміз құтты болсын ағайын!
2жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып,
ғасырлар бойғы армантілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін
арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар
Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда,
тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан
тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ. (Барлығы орнынан тұрады)
Талғат: Минута молчания
1жүргізуші:
Бабадан қалып жеткен көрегендік,
Еркіндік жастығында өлең өрдік.
Арқалап аманатын келіп жеткен,
25 жыл! Құтты болсын егемендік!
2жүргізуші: "Дариға, Домбырамды берші маған,
Жаныма келші жарым, келші балам.
Бейуақ, іңірдегі көңіліме,
Күй болып күңіреніп енші далам
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім". Әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың
қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күйге беруді жөн көріп
отырмыз.
Ендеше, орталарыңызда Болатов Әділ (бір күй орындайды) 1жүргізуші: Бостандығым! Тосқан күнім азалдан,
Жиырма бес жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән.
Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан,
Сен келгенде сары мұңнан тазарғам.
2жүргізуші: "Ән көңілдің ажары" демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік.
(Патриоттық тақырыптағы ән орындалады)
өлең айтады: Алишер және Алтай.
1жүргізуші: Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының
ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені
баршамызға мәлім болса керекті. Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіздік
жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына назар аударып көрелік. (слайд
көрсетіледі)
2жүргізуші: Бойларыңыз шымырлап, рухтарыңыз бір асқақтап қалған шығар,
иә?
2жүргізуші:
Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бірбірін өпкен жер,
Сарылып салсері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай келесі
кезекті колледжіміздің ақынына берсек.
Аханов Елдос «Тәуелсіздік монологы».
Талғат: Тихая музыка под стих.
Иә , Мен бүгінде елімнің «Тәуелсіздігін», елін ойлап елдікке ерен
еңбекпен қол жеткізген «Елбасы күнін», айта берсем азат елімнің азат таңында
өзімізге тиесілі мерекелерімнің барлығын тойлап жатқан қазақпын!…Осы
күнге жету үшін не өтпеді басымнан, не өшпеді жылдарда қалған жадымнан…
Көкбөріден жаралып,Жер Анадан нәр алып таза тұнық қаным пайда болды.
Хандық құрып «жақсылармен» бауыр боп, «жамандарды» аластаттым.
«Шоқан» боп тудым жұлдыздай, «Абай» боп тудым дана болып, надандарға
қапа болып, «Ыбырай»боп қараңғыға сәуле шаштым,білім кілтімен есік
аштым. «Алаш»болдым арыстандай ақырып, жолбарыстай жақсы істерді
жапырып. Сол жылдары ауыр болды, Ресейдің қабағын торыдым, бұйрықтары
құлағыма «жауыр» болды. Қастықты да көрдім, аштықты да көрдім. ІІ Дүние
жүзілік соғыста құладым , жыладым, қайрат жинап қайта тұрдым, рух
шақырып «жеңіске» бетті бұрдым да «Рақымжан» боп Рейхстагқа ту тіктім. Әрине, «қазақ» деген қаным, жаным, тілім, дінім, тірлігім, елім, жерім,
ұрпағым болғасын Ресейден 1986жылы «Қайрат пенен Ләззат» боп барша
жастарды жинап желтоқсан ызғарында арнамды бөліп алдым.
Шүкір, Тәңір қолдап Тәуелсіз таңымды атырып, күрсінбей күнімді батырып
келемін.
Қанша ауыр болса да бәрі есімде, ұмытуға хақым жоқ. Дегенмен,
«уақыт емші» дегені рас екен даналарымның, жүректі сыздатқан
жараларымды жазып, жарқын болашаққа үлкен үміт сыйлады. Себебі, еңселі
елімнің бағына бұйырған Елбасым бар, дұшпанымнан досым көп.
Тәуба, Егеменмін, еркінмін, болашаққа шексіз жол салдым, бекіндім.
Мен – Тәуелсіз елімнің тарихымын, естелігімін, аузымда «біссімілләсі»
бар қазыналы қариясымын, арманы айға ұшқан жас өренімін, жаңа туылған
қазақтың қаны таза жұрнағымын, мәңгі жасайтын Ұрпағымын!
«Қазақ» деген қаны таза жұрнағым!
Айтам саған ағымнан қуанып шын,
Нар қазақпын жасырмайтын қуанышын.
Тарих саған жүгін артты,себебі,
Тәуелсіз таңнан жаралған ұланысың.
Өз ғасырың өзіңнің иініңде,
Өзгелерден өзгеше күйің мүлде.
Іздегенің білім,ғылым,өнер болса,
Тәңірден «сана бер»деп сыйын күнде.
Бұл жастарда асыл арман таусылған ба?!
Орындалмай қалса да жасыған ба?!
Еңбек ет те, терің төк ер еліңе
Өмір сүрсін мәңгілік жасыл маңда!
Мен сені құттықтаймын азат өрен,
Мендегі «ғасыр рухты»саған берем.
Үкідейін «жеңіл»болса ақ үмітім
Соншалықты мағынасы маған терең.
Осы күні өзөзімді баса алмадым,
Жо…жоқ өксік емес қақалғаным.
Кешегінің күңіренген қабағы жоқ,
Бұл менің қуаныштан жас алғаным.
Құтты болсын ертеңім, келешегім.
Болашақтың саған көп берешегі.
«Мәңгілік Ел»деп сенім артып өзіңе
«Нұрлы жолда»Елбасының көп есебі.
Дархан елді «жасыл» етіп құрмағым,
Сен үшін бауырым,туыс,ұрпағым!
Шексіз бол,тамырды тереңге жай,
«Қазақ» деген қаны таза жұрнағым! 1жүргізуші: Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра,
бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін,
қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз
бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Аңсатқан азаттық жолында
еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – атабабамыздың ежелден келе
жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар
рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен
ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлтазаттық
көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны
анық.
2жүргізуші: Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше
қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың
ұлы мұраты.
(Хабарлаусыз, бір би жіберіледі)
1жүргізуші: Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік.
Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп
қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен
келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп
қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бірбірімен байланысып жатқан өзегі
бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.
2жүргізуші: Жебесімін көбе бұзар түркінің,
Егесімін күллі түркі жұртының.
Назарына түспесе де дұшпанның,
Жанарыма тұнған шықты іркідім.
Талғат: Перед выходом хана звучит күй. (Көрініс __«Тәуелсіздіктің жолы» )
Көрініс: Автор сөзі: 1837 жыл Кеңесары бастаған ұлт азаттық қозғалыс
Кенесары: Мен өз ұлтымның қазақтары егін егу, аң аулау және басқада
кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре алады. Сондықтан
біздер қазақтар қысымға талам таражыға шыдамай амалсыздан басымыздын
ауған жағына көшіп жүрдік.Сөйтсекте олар тыныштық бермеді сол себептіде
мен Кенесары Қасымұлы қаруланып алып ұлы күресті бастауға аттандым.
Балам сөзі: Әке, ағаларым қолына қару алғанда менде қарап қалмаспын
Рұқсат етіңіз
Кенесары: Жоқ, сен енді елдің баласысын мына артындағы еліңе бас бол
Осы жолы не бел, не белбеу кетеді.
Бала сөзі: Уәде, жеткізем елімді
Кенесары: Артында қалған ел жұртын саған аманат
Ер жігіт сөзі: Аттан, аттан хан Керей, Хан Керей, Хан Керей.
Талғат: (звучит музыка «Елімай» )
Автор сөзі: 1917 жыл. «Алаш» партиясы.
Алихан Бөкейханов сөзі: Алаш партиясының басты мақсаты қазақ еліне өзін
өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру. Жер Отан, ал
Отанды сатуға да, жеке меншікке айналдыруғада болмайды.
Ахмет Байтұрсынов сөзі: Сол жер үшін әр қазақтың намысы жыртылып, ол
жерге әр қазақтың тері мен қаны төгілген.
Міржақып Дулатов сөзі: Мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, ділінің үстемдігі
болу керек.
Артыңда қалған елің аманат! Автор сөзі: Алихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып
Дулатұлы бастаған қазақ зиялылары. 19371938 жылдары ату жазасына
кесілді.
Талғат: звучит песня «Желтоқсан желі»
Автор сөзі: 1986 жыл Желтоқсан оқиғасы.
Полиция: Жастар, босатындар алаңды. Қайтыңдар! Жастар, босатындар
алаңды.
Қыз сөзі: Қиналып кеттік, қарусыз шықтық алаңға
жібер мені, жіберіңдер мені, жібер
Бір жігіт сөзі:
Қайғының басы торлады,
Ақ жайық алтай арасын,
Сел басқандай сенделтіп,
Жұртымның көне даласын.
Амалым жоқ, көтердім,
Басыма салған жаласын.
Кайрат Рыскулбеков сөзі:
Мен безермін безермін
Мен келмеске кетермін
Көрмеген қош болсаңдар
Көріналмай өтермін
Мойныма түскен салмақты
Көтердім жүгін көтердім
Бас аяғы сол болсын
Басына төнген қатердің
Артымнан қалған ел жұртым
Ел жұртым саған аманат
Бала сөзі: Уа, бабалар рухы құлақ салшы үніме жеттің міне арманға
Ел жұртын саған аманат деп едіңіздер.Желбіретіп көк туын.
Кенесары сөзі: Берекесі мен бірлігі жарасқан халқым. Салты мен дәстүрін
берік ұстаған қазағым . Менің үш арманым бар еді . Өзіңнің қайсарлығың мен
ерлік дастаны мен көреген көсем ел басыңмен қол жеткіздің. Мен осындай
дана халқыма басымды иемін. 1жүргізуші: Иә.... Осынау самарқау кезеңнің ұрпағы бола тұра мына біздер
тәуелсіздіктің арқасында еркін шалқып өмір сүрудеміз.
2жүргізуші: Өте дұрыс айтасың, толықтай келісем. Бәйгеге ат жіберсек те,
кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі
бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы.
Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын
биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына
ұмтыла бермек. 1жүргізуші: Сен десе тыным таппаймын мазамдай мүлдем,
Сен десе жаным жаһанға тажалдай күлген
Сен менің ұлы мұңымсың тағдырым егіз
Сен менің ұлы жырымсың жаза алмай жүрген.
2жүргізуші: Құрметті жиналған көпшілік қауым, осымен біздің бүгінгі
"Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты кешіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі
биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай.
Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!
Шыңғыс өлең айтады «Қазақстан»
Мерекелік шара Тұғыры биік Тәуелсіздік!
Мерекелік шара Тұғыры биік Тәуелсіздік!
Мерекелік шара Тұғыры биік Тәуелсіздік!
Мерекелік шара Тұғыры биік Тәуелсіздік!
Мерекелік шара Тұғыры биік Тәуелсіздік!
Мерекелік шара Тұғыры биік Тәуелсіздік!
Мерекелік шара Тұғыры биік Тәуелсіздік!
Мерекелік шара Тұғыры биік Тәуелсіздік!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.