Методическая разработка
Оценка 4.9

Методическая разработка

Оценка 4.9
Руководства для учителя
docx
русский язык +1
Взрослым
24.01.2018
Методическая разработка
Методическое пособие для школ с русским языком обучения. В методичке даны задания для развития устной и письменной речи учащихся на уроках казахского языка. С помощью новых слов ребенок пополнит свой словарный запас, сумеет правильно передать свои мысли словами. Это пособие предназначено для учителей.методическое пособие
лицензия Әдістемелік құрал.docx
Камалиева Саулетте Бультриковна 1 Камалиева Саулетте Бультриковна 2 Камалиева Саулетте Бультриковна 3 Камалиева Саулетте Бультриковна ТҮСІНІК ХАТ Қазақ тілі пәнінде оқушының дұрыс сөйлеуіне айрықша көңіл бөлінеді. Оқытушы қазақ тілі сабақтарында тілді дамытып, байланыстырып сөйлеу, тілдік материалдарды дұрыс таңдап, оны   дұрыс   бере   білу,тілдің   теориясы   мен   сөйлеу   практикасының   бір­бірімен   қарым­ қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады. Қазақ тіліндегі тіл ұстарту жұмыстарының   негізгі   мақсаты   –   дұрыс,   сауатты   жазуға,   оқушының     ауызша       және жазбаша   тілін     дұрыс     дамытуда     грамматикалық     ережелерді   жақсы   білуге,   тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем   әдебиетті   көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Тілұстарту мен тіл дамыту сабақтарының алдына қойып отырған міндеттері – тіл үйренушілердің тілін дамыта отырып, ойын жеткізе алатындай сөйлеуге дағдыландыру , шығармашылық деңгейде сөйлеу мен жазу деңгейін көтеру. Тіл дамыту жұмыстарын   ұйымдастыру   –   тіл   үйренушілердің   ойлау   қабілеті   мен   сауаттылығын арттырады.   Мұғалім   қазақ   тілі   сабақтарында   оқушының   ауызша   жауаптарының ерекшелігіне де, оның қандай кемшілігі бар деген мәселелерге талдау жасап, оның себебін білу арқылы тіл дамыту жұмыстарын қалай ұйымдастыруды ойластыруы қажет. Тіл дамыту жұмысында ауызша сөйлеу мен жазбаша тілдің бір­бірімен байланысы басты орыналады. Жазбаша тіл дамыту жұмысына қарағанда ауызша тіл дамыту оңайлау болып келеді.   Себебі   оқушы   жазғанда   тек   ойын   жеткізіп   қана   қоймайды,оны   дұрыс,   сауатты жазуға   тырысады,тыныс   белгісін   сөйлем   интонациясына   қарай   қоюды   үйренеді.Ауызша сөйлеуді   жақсы   меңгерген   адам   өз   ойын   жазбаша   да   жеткізе   алады.Сурет   бойынша әңгіме,шағын шығарма жаздыру­жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түріне жатады.  « Оқушылардың ауызша жазбаша тілін дамыту» курсын аяқтаған оқушы мүмкіндігі : Ауызша және жазбаша  тіл дамыту әдістерін үйренген оқушы: 1. Ауызша суреттеп сөйлеу әдісі Табиғат көрінісін, суреттен көргенін, көрмеден, түрлі мәдени орындардан алған әсерін, жанды ­ жансыз заттарды көз алдында тұрғандай етіп суреттеп баяндауға дағдыланады. Суреттеп сөйлеуге баулуда оқушы жауапкершілігі артады. Себебі бір нәрсені суреттеуде, сол   заттың   белгілері   мен   ерекшеліктерін   айтуда   оқушы   әр   ұғымның   атауын   іздестіріп, сөздік қорын байытады. 2. Мәтін оқу әдісі Мәтін оқу ауызша, жазбаша, тіл дамыту жұмыстарына ортақ категория. Мәтін оқу, мәтінді мазмұндау   оқушы   тілін   дамыту   жұмыстарының   әдіс   ­   тәсілдерінің   бірінен   саналады. 3. Ойдан әңгіме, өлең шығарту әдістерін үйренеді  Оқушылар қиялға өте бай келеді. Сондықтан оқушыларға өз қиялдарынан шағын әңгіме, ертегі айтқызып, өлең шығарту жұмысы жүргізіледі. Бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілін   дамытады.   Оқушы   тілін   дамытуда   жазбаша   жұмыстар   басты   роль   атқарады. 4. Жазбаша жұмыстарды орындай алады : 1) Тыныс белгілерді қою  2)Талдау жұмыстары 3)Мәтін құрастыру  « Оқушылардың ауызша жазбаша тілін дамыту» курсының мақсаты :   Оқушылардың   логикалық   ой­өрістерінің   қеңеюіне   жағдай   жасау,   сабақта   сөйлеу шығармашылық   қабілеттерін   қалыптастыру,  шығармашылық   деңгейде   сөйлеу   мен   жазу деңгейін көтеру,тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, тіл үйренушілердің ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру. 4 Камалиева Саулетте Бультриковна  Ашса,   мектебім,   ақ   ешкі,   дәптерлер.Қарамен   жазылған   сөздердің   үндесу 1­ТАПСЫРМА  1.  Мектеп туралы қандай мақал – мәтел білесің? 2. заңдылықтарын айт. 3. Еріндік, езулік дауыстыларды айтып бер. 2­ТАПСЫРМА  1.  Дауысты дыбыстардың түрлерін анықтап, кестені толтыр. дауысты дыбыстар тілдің  қатысына қарай жақтың  қатысына қарай еріннің   қатысына қарай а 2. Ашық буынды бір бөлек, тұйық буынды бір бөлек, бітеу буынды бір бөлек теріп жаз. 3­ТАПСЫРМА  Ұстаздың қандай болуын қалар едің? Ұстаз тақырыбына шағын әңгіме жаз. 4­ТАПСЫРМА  Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не? 1. Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді? 2. Төмендегі сөздердің ішінен тек қатаң дауыссыз дыбыстан басталытын сөздерді теріп жаз. Дала, қала, бала, қатар, су, қамшы, жаз, түлкі, тазы, перне. 5­ТАПСЫРМА  1. Дауыссыз дыбыстар түрлерін еске түсіріп, кестені толтыр. дауыссыз дыбыстар 2. Төмендегі сөздерге сатылай кешенді (фонологиялық) талдау жаса.  Ұшқыштар, жүргізуші, талапкер, оқушы. 6­ТАПСЫРМА  Тек дауыссыз дыбыстан басталатын сөйлем немесе өлең жолдарын     құрастыр. 7­ТАПСЫРМА  Буын неше түрге бөлінеді? 1. Қырғауыл сөзінде неше буын бар? 2. Төмендегі сөздерді буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.            Қарлығаш, шағала, бозторғай, аққу, бірқазан, сұңқар, шымшық. 8­ТАПСЫРМА  5 Камалиева Саулетте Бультриковна   Буын түрлерін еске түсіріп, мысалдар жаз. буын  1. Буын, дыбыс үндестігіне байланысты әңгімеле. Әр буындағы әріп саны бірдей ме? Мысал келтіріп  дәлелде. 9­ТАПСЫРМА  Дауысты дыбыстарға жұмбақ құра: Көлде бар,  Бұлақта жоқ. Шөлде бар, Құрақта жоқ. (ө) 10­ТАПСЫРМА  1. Мәтінді оқып, түсініп ал.Дыбыс үндестігі дегеніміз не? Күбі      Қазақ жерінде күбі   ­   ағаштан жасалынып, май шайқауға, қымыз, шұбат пісуге, кейде көже ашытуға арналған піспе шелек. Күбінің ауыз жағы жіңішкелеу келеді де, дөңгелек қақпағының   үстінде   піспек   өткізетін   тесік   жасалынады.   Қазақтар   күбі   мен   піспекті қайыңнан, еменнен, аршадан, жидеден және т. б. ағаштардан жасайды.                            ( «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» кітабынан.60­б.) 2. Көп нүктенің орнына қосымшалардың тиістісін қойып жаз. Бала...  дәптері, гүл...  шоғы, ата... с уреті, көкек..  дауысы. 3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысалдар  келтір. 1­ТАПСЫРМА  1. Үндестік заңын еске түсіріп, әр түріне мысал теріп жаз. үндестік заңы буын үндестігі дыбыс үндестігі үндестік   заңына   бағынбайтын қосымшалар 2. Естілуі бойынша берілген сөздерді орфографиялық норма бойынша жаз. Башшы, Сарарқа, Дошшан, жасса, сөмбеді, жамбады, тайақ, үшүн. 11­ТАПСЫРМА            Өзіңе ұнайтын ұлттық тағамның жасалу тәсілін әңгімелеп бер. 12­ТАПСЫРМА  1. Қарамен жазылған сөздердегі дыбыстың орны ауыстырылып берілген дыбыстарды тап.  Адасқан әріптер 1. Күз түсті,  Тырмаларжылы жаққа ұшты. 2. Балалар оны күтіп бақты.   Ешкі егіз бақ тапты,                                   ( «Қызықты грамматика» кітабынан. 17­ б.) 6 Камалиева Саулетте Бультриковна 2. Тасымалдауға келмейтін сөздерді теріп жаз. 3. Қалалар сөзін тасымалда. 13­ТАПСЫРМА  1. Тасымалға  ойдан бес мысалдан келтір. сөз балалар тасымал ба­лалар;  бала­лар 1 2 3 4 2 . Тасымалдауға болмайтын бес сөз жаз. 14­ТАПСЫРМА  «Менің сүйікті жыл мезгілім» шағын шығарма жаз. Зат есім 15­ТАПСЫРМА  Зат есім дегеніміз не ? 1. Берілген сөздерге жұрнақ жалғап, туынды зат есім жаса. 2.     Қой, ой, би, күй, ән.    Күрделі зат есімдердің астын сыз.    Біржан, Сарыөзек, Арқа, Балықты көл, Есіл, Амангелді. 16­ТАПСЫРМА  1. Мақал – мәтел жазып, мағынасын түсіндір. Ішінен зат есімді тап. 2.  Төмендегі үлгі бойынша зат есімдерге талдау жаса. сұрақтар ы мағынасына қарай құрамына қарай тұлғасына қарай зат   есім жасай тын жұрнақ тар зат   есім жасай тын жұрнақ тарға мысал келтір Мысал келтір 17­ТАПСЫРМА   «Табиғат –біздің екінші анамыз» тақырыбына ойтолғау жаз. 18­ТАПСЫРМА  1. Деректі және дерексіз зат есімдерге мысал келтір. 2. Сызбаға қарап,  көптік жалғауларының жалғану тәртібін айт. ­лер ­дар ­дер ­тар ­тер ­лар + бала № зат есім 1 2 3 4 7 Камалиева Саулетте Бультриковна 3. Мақал – мәтелдің жалғасын жазып, зат есімнің астын сыз. а) Ерді намыс өлтірер, ....................... . ә) Дос жылатып айтады, .................... . б) Әке көрген оқ жонар, .................... . 19­ТАПСЫРМА  Парталас көршіңе мінездеме бер. Ішінде дерексіз зат есімдер болсын. 1. Қазақстандағы күрделі зат есімдерге жататын жер­ су, қала аттарын жаз. 20­ТАПСЫРМА  2. «Менің ауылым» тақырыбына шағын шығарма немесе өлең жаз. Ішінде жалқы есім болсын.  21­ТАПСЫРМА  1. Зат есімдерді тауып, астын сыз. а) Шешен кісі сөз бастар, адал кісі ел бастар. (Жамбыл.) ә) Өмір озады, ажар тозады. (М. Әуезов.) б) Шын жақсыда тарлық жоқ, әділ сөзде зорлық жоқ.(Сүйінбай.)      2. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.                  Қонақжайлық белгісі Сырттан келген мейманға Сәлем беріп, қол алсаң, ­ Бірінші еткен құрметің. «Түсіңіз» деп түс беріп, Шылбырына оралсаң,­ Екінші еткен қызметің. Есік ашып еңгізіп, Көрпе төсеп құп алсаң,­ Үшінші еткен құрметің.                                     ( «Шешендік сөздер» кітабынан 142­б.) 3. Дара және күрделі зат есімдерге мысал келтір. 22­ТАПСЫРМА  1. Мақал – мәтелдерді жалғастырып, зат есімдерді тап, олардың жасалу жолына қарай талда. а) ... дұшпан, .... дос, ақылыңа ... қос. ә) ... –  кеме, ... – теңіз. б) Ұлдың ұяты ­  ...., қыздың ұяты ­ .... .     2.  Кестені толтыр. жақ Жіктік  жалғаулар дауыстыдан кейін жекеше көпше дауыссыздан кейін жекеше көпше І жақ ІІ жақ сыпайы түрі ІІІ жақ 23­ТАПСЫРМА  «Мен зат есіммін» атты тақырыпқа эссе жаз. Сын есім 24­ТАПСЫРМА  Сөз төркініне көңіл бөл.Сын есім болса, оның жасалу жолын айт.        а) Адал дос алтыннан қымбат.                               8 Камалиева Саулетте Бультриковна        ә) Ақылды қасыңнан қорықпа,                                       Жарымес досыңнан қорық.       б) Ақ пейіл болсаң, ас жерсің, Тәкаппар болсаң тас жерсің. 1. Төмендегі сын есімесімдерге жақша ішіндегі зат есімдердің лайықтысын тіркеп жаз.         Өнерпаз (сөйлем)                     Басыңқы (суретші)         Түйінді (шапан)                       Әуесқой (ой)         Жасанды (бала)                       Таңдаулы (адам)         Сөзшең (гүл) 2. Төмендегі сын есімдердің антонимдік жұбын тап. Ащы, биік, бойшаң, жуас, әдемі, ақ, жасанды, ақылы. 25­ТАПСЫРМА  1. Төмендегі сын есімдерді сапалық, қатыстық түрін ажыратып жаз.   Қызыл, әдемі, ажарлы, орманды, тәтті, келбетті, жақын, тату, көк ала, білгіш, кем, күзгі. 2. Кестені толтыр. 1. 2.   қарай Сұрақтары Мағынасына түрлері (мысал келтір) Сын   есім   тудыратын жұрнақтар Сын   есімнің   шырайлар атауы (жасалу   жолдары   және мысал келтір) Сын   есімнің   сөйлемдегі қызметі 26­ТАПСЫРМА  « Алтын күз» деген тақырыпқа сын есімдерді қатыстырып мәтін құра. Сан есім  27­ТАПСЫРМА  1. Сан есім дегеніміз не? 2. Цифрмен жазылған сан есімдерді жазумен жазып, дара, күрделісін ажырат. 1, 12, 0, 5, 100, 1001, 525, 40, 896. 3. Берілген сан есімдерге сөйлем құра. 30 қазан, 10­ сынып, 8 наурыз, 61­ үй. 28­ТАПСЫРМА  Сан есімнің түрленуі туралы айт және мысалдар келтір. 1. 2. 3. 4. 5. 6. Сан   есімнің түрлері Жұрнақтары Мысалы 9 Камалиева Саулетте Бультриковна 1. Сан   есім   мағыналық   түрлеріне   қарай   нешеге   бөлінеді?   Қарамен   жазылған   сан есімдердің мағыналық түрін анықтап, құрамына қарай талда.            Жеті байлық  Әуелі байлық – денсаулық, Екінші байлық – еркіндік. Үшінші байлық­ тіл байлық, Төртінші байлық – қайрат –күш, Бесінші байлық – ақ жаулық, Алтыншы байлық – балаңыз, Жетінші байлық – жүз саулық.                                                 (Халық даналығы.) 29­ТАПСЫРМА  « Менің сыныбым» тақырыбында сан есімдерді қатыстырып мәтін құрастыр. 30­ТАПСЫРМА  1. Сан есімнің сын есімнен айырмашылығы неде? Мысал келтір. 2. Дара есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек жаз. Бір, он екі, тоқсан, он бес, төрт, екі жүз елу, мың, қырық, жиырма үш. 3. Төмендегі сан есімдерді цифрмен жаз. Он бес, екінші мектеп, бес, жүздей, бес­ бестен, отызыншы қазан. 31­ТАПСЫРМА  1. Төмендегі  мақал  – мәтелдерді  оқып түсін.  Сан есім  кездессе,  сөйлемнің  қандай мүшесі екенін және жасалу жолын айт.                Екі сегіз – он алты.               Екі жақсы ерікпес,               Екі жаман бірікпес.               Үйде бір күн ұрыс болса,                Қырық күн ырыс кетеді.                                                          («Ақылдың көзі» кітабынан.) 2. Сан   есімдердің   мағыналық   түрлерін   қатыстырып,   «Математика   сабағында» тақырыбына мәтін құра және сан есімдерге толық талдау жаса. 32­ТАПСЫРМА  3. «Ұлық болсаң кішік бол» деген тақырыпқа өз пікіріңді жаз. Есімдік 33­ТАПСЫРМА  1. Есімдік туралы айтып, мысал келтір. 2. Жырдан есімдіктерді тап.                                      Туған ел Туған жер қандай көркем мөлдіреген, Желегі жермен бірге желбіреген. Аралап күндіз – түні жүрсем­ дағы, Тыншымай ет жүрегім елжіреген. Ыстық – ау бүлдіргенді өзендерің, Саянда сайрап өскен өрендерің. Мен едім соның бірі – қарыздармын, Әлі де аз сіңірген өз еңбегін. Қашан да қарыздармын, елім, саған, Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған. 10 Камалиева Саулетте Бультриковна Жүректің арнап ыстық махаббатын, Туған ел, берерім көп менің саған.                               (М. Ниязбеков.) 3. Жіктеу, сұрау, сілтеу есімдіктерін жазып, сөйлем құра. 34­ТАПСЫРМА  1. Кестені толтырып, есімдіктердің емлесі туралы айт. Есімдіктің түрлері          2. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қой, мағынасын аш.           а)..... елінде сұлтан болғанша, .. еліңде ұлтан бол.           ә) .... ор қазба  ­ ... түсерсің.           б) Жақсы ... басынан көреді, жаман жолдасынан көреді. 35­ТАПСЫРМА  «Туған жер – алтын бесігім» атты шағын шығарма жаз.  Етістік 36­ТАПСЫРМА  1. Етістік туралы түсінік бер. 2. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қимыл, іс­ әрекетті білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қой. Өмір заңы –дананы дана табар, Қайдан тапсын дананы аласалар. Абайды Мұхтар тауып, Мұхтарды Абай, Халқын да даңқты етпек және солар. Ұрпағын көп жаңарту ұшқыны дәл, Қырындай көк жүзінде ұшып бұлар. Қазақ деген бақытты ел жер бетінде, Абай, Жамбыл, Мұхтардай үш шыңы бар. ( Ә. Дастанұлы.) Кестені толтыр. 3. Етістіктің қанша ерекше түрі бар? Мысал келтір. 37­ТАПСЫРМА  Сұрақтары Құрамына қарай Тұлғасына қарай Мағынасына   түрлері   және   қарай   мысал 11 Камалиева Саулетте Бультриковна келтір Сөйлемдегі қызметі 1. Сөйлемдегі етістіктерді тауып,  қызметін анықта. Қарабет болып қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық. (Б. Момышұлы)    Не мен жатырқаған шығармын, не сен өзгерген шығарсың.(С. Мұқанов) 38­ТАПСЫРМА    Теледидардан көрсетілетін бағдарламалар туралы пікір жазып, ішіндегі     етістіктердің астын сыз. 39­ТАПСЫРМА  1. Түсініп оқы. Көсемшелердің төмендегі жұрнақтарына мысал жаз.  ғалы, ­ гелі, ­қалы, ­келі. ­ Жігіттерге Ғибрат ал жақсылықтан жақын жүріп, Аулақ қаш жамандықтан сырттан шеттей. Орынсыз батырлыққа арандама, Әр істің мазмұнына көзің жетпей. Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Адамға бірлік керек, болса жолдас. Бірінің айтқанына бірі көнбей, Істеген бәтуасыз ісің оңбас....               (М.Дулатов.) 2.Етістіктің есімдерден қандай айырмашылығы бар? Мысал келтір.  3. Төмендегі етістіктерден сөйлем құра.      Келе жатыр, сөйледі, жазда ойнап жүр, айтты. 40­ТАПСЫРМА  1. Көсемшенің түрленуі туралы айтып, оны мысалдармен дәлелде. 2. Кестені толтыр. етістік тер негізгі етістік туынд ы етіс тік дара етіс тік күр делі етіс болым ды етістік болымс ыз етістік салт етіс тік сабақ ты етістік 12 Камалиева Саулетте Бультриковна тік 41­ТАПСЫРМА  Бірлік, ынтымақ туралы  қандай тақпақ, ән, өлең, мақал – мәтел білесің? Есімше 42­ТАПСЫРМА  1. Есімше туралы түсіндір және мысал жаз. 2. Бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметінде қолданатын етістіктің түрін айт. 3. Төмендегі есімшелерді жекеше, көпше түрде жікте. Сөйлеген, тұрған, ойнатқан, тігер. 43­ТАПСЫРМА  1. Кестені толтыр. Есімшенің жасалуы (жұрнақтары, мысал ) 2. Мақалдан есімшелерді тауып, қай сөз табының қызметін атқарып тұрғанын түсіндір. Еңкейгенге еңкей, Басың жерге жеткенше. Шалқайғанға шалқай, Төбең көкке жеткенше. 44­ТАПСЫРМА    «Ұрлық түбі – қорлық» деген тақырыпта сыбайлас жемқорлыққа байланысты өз пікірің. Көсемше 45­ТАПСЫРМА  1. Бірде етістіктің, бірде үстеудің  қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрін айт. 2. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығын айтып, мысалдар келтір. 3. Көсемшенің жұрнақтарына мысалдар жаз. 46­ТАПСЫРМА  1. Өлеңнің жалғасын жазып, көсемшелерді түрленуі мен қызметіне қарай талда.   Ғылым таппай мақтанба,    Орын таппай баптанба,    Құмарланып шаттанба,    Ойнап босқа күлуге.    Бес нәрседен қашық бол,    Бес нәрсеге асық бол .... 2. Кестені толтыр. Көсемшенің жасалуы (жұрнақтары, мысал ) 13 Камалиева Саулетте Бультриковна 47­ТАПСЫРМА  «Алманың атасы – Алматы» деген тақырыпқа шағын шығарма жаз. Тұйық етістік 48­ТАПСЫРМА  1. Есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмайтын етістіктің түрі қандай етістік? 2. Төмендегі тұйық етістікті септе. Бару, күлу, сезу, жүру, табу. 3. Сөйлемдерден тұйық етістіктерді тауып, астын сыз. Сүлекең мақтана салудан бұрын да құр алақан емес еді. (Х. Есенжанов) Мен өтірік айту дегенді, көзге күлімдеу дегенді, біреуге жарамсақтану          дегенді білмеймін. ( Х. Есенжанов.) 49­ТАПСЫРМА  1. Тұйық етістіктің емлесіне мысалдар жаз және төмендегі сөздердің қатесін тауып, дұрысын жазып, себебін түсіндір. Жабыу, сөгіу, төгіу, қайтыу, батыу. 2. Тұйық етістіктен жасалған тұрақты 10 сөз тіркесін жаз. Үлгі: Шайдай ашылу, удай ашу, сорпадай сорғалау 50­ТАПСЫРМА  Шешуінде тұйық етістік болатын жұмбақ шығар. 51­ТАПСЫРМА  1. Тұйық етістік дегеніміз не? Мысал келтір. 2. Тұйық етістіктің есімше, көсемшеден айырмашылығы. 3. Төмендегі сөздерден тұйық етістік жаса. Ал, қал, тал, жүз, түс, таң, тұр, кір, сөйле. 52­ТАПСЫРМА  1. Тұйық   етістіктің   жасалу   жолын   түсіндіріп   мысал   жаз,   жұрнағын   дефис   арқылы көрсет. 2. Төмендегі жұмбақтардан тұйық етістіктерді тап. а)  Жазудан бір жалықпаған,      Жаза – жаза арықтаған.            ә)Ұшып жүру үшін де              Жаралған бұл мүсін бе?              Сезімталы осы мал              Төрт түліктің ішінде.               Бұл не?           53­ТАПСЫРМА  « Ел іші – алтын бесік» деген тақырыпқа ойтолғау жаз.  Үстеу 54­ТАПСЫРМА  1. Үстеу туралы айт және мысал жаз. 2. Мәтіннен үстеулерді тауып, мағынасын түрлеріне қарай ажырат. Түн   ортасы   ауа   жел   бәсендеп,   бұлт   ыдырай   бастады.   Әр   жерден   әлденемен шұғылданып ербендеген кісі. Сол бір тұста күбірлескен екі адамның сыбыры естілді, біз ілгері жүріп кеттік. (С. Мұқанов) 3. Төмендегі   үстеулерді   қатыстыра   отырып,   сөйлем   құра   және   осы   үстеулерді құрамына қарай ажырат. Биыл, былтыр, бүрсігүні, қыстыгүні, қолма – қол, қаннен қаперсіз, тым, дәл, өте. 55­ТАПСЫРМА  14 Камалиева Саулетте Бультриковна 1. Кестені толтыр. Үстеудің мағыналық түрлері Түрлері Мысалы 2. Құрамында мезгіл, мекен, сын­ қимыл үстеулері бар мақал – мәтелдер жаз. 56­ТАПСЫРМА  «Бақыт дегенді қалай түсінесің?» деген тақырыпқа ойтолғау жаз. Еліктеу 57­ТАПСЫРМА  1. Еліктеу сөз деген не? 2. Төмендегі еліктеу сөздерге сөйлем құра. Жалт­ жұлт, тарс­ тұрс, ербең­ ербең, дүрс – дүрс. 3. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті еліктеуіш сөздерді қой. Ауыл үсті айқай­ ұйқай, ...., ... . Күміс үзеңгіге салып шіренген аяғында әміркен мәсі ­ кебіс ... ... етеді. Қымызды жұтқанда Текебектің өңеші ... етеді. (С. Сейфуллин.) 58­ТАПСЫРМА  1. Кестені толтыр. Түрлері Мысалы 2. Төмендегі сөздерге негізгі, туынды, күрделі еліктеу сөздерді қатыстырып, сөйлем құра. Жеті қазына: жүйрік ат, қаққыш тазы, алғыр қыран, түзу мылтық, қара қазан, алмас кездік, шаңырақ. 59­ТАПСЫРМА  Өзің ұнататын ақын жайлы  «Менің сүйікті ақыным» деген тақырыпта шағын шығарма жаз. Шылау 60­ТАПСЫРМА  1. Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар? 2. Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды? 3. Төмендегі мәтіннен шылауларды тауып, түрлеріне ажырат, емлесіне назар аудар.   Ахмет пен Ғазиза    Профессор Ахмет Жұбанов пианинода бір шығарманы ойнап айтып отырса, қызы Ғазиза келіп: ­ Осы бір тұста нотаны ылғи қате аласыз, депті. Сонда Ахаң пианино ойнауын тоқтатып, қызына ошарыла бұрылып: ­ Қызым – ау, мен сен сияқты академиктің баласы емеспін ғой,­ деген екен. 61­ТАПСЫРМА  1. Кестені толтыр. 15 Камалиева Саулетте Бультриковна 2. Мәтінді   оқып   шығып,   кіндік   шеше,   кіндік   аға   қандай   болатынын   өз   сөзіңмен әңгімеле.Шылаулар ды  дәптеріңе түр­ түрімен топтап жаз, қызметін анықта. Кіндік шеше      Кіндік шеше – нәресте туғанда оның кіндігін кескен әйелдің атауы. Кіндікті ер адамдар да кеседі, ол кіндік аға деп аталады. Бірақ әдетте кіндікті  әйелдер кеседі. Олар баланың екінші анасы болып саналады. Кіндік шеше ­ бала үшін де, оның ата – анасы үшін де қадірлі адам. Оны дәстүр бойынша кіндігі кесілген бала өз анасынан кем санамайды. Академик Қаныш Сәтбаев басқа жерге баруға уақыт таппаса да, өзінің кіндік шешесіне жылына бір рет барып сәлем беріп, оның сыбағасы мен сый ­ сыяпатын апарып беріп тұрыпты.        Жалпы, қазақ баласы үшін кіндік шешенің (немесе кіндік ағаның ) орны бөлек. Бұл заманда да балаларға кіндік шешесін таныстырып қойып, сыйлауға үйреткен абзал.                      ( «Ата салтың –халықтық қалпын» кітабынан. 149 –б.) 62­ТАПСЫРМА  « Менің кіндік шешем»деген тақырыпта шылауларды қатыстырып, шағын шығарма жаз.  Одағай 63­ТАПСЫРМА  1. Басқа сөз таптарынан одағайдың қандай ерекшелігі бар? 2. Төмендегі одағайларға сөйлем құрап жаз және олар одағайдың қай түріне жатады. 3. Аухау­ аухау, пұшайт – пұшайт, құрау­ құрау, шөре – шөре.   Өлең   шумағын   оқып,   одағайды   тап.   Қандай   тыныс   белгісі   арқылы   оқшауланып тұрғанын айт. О, шіркін, ғажапсың­ау, көңіл деген! Жартас жоқ толқыныңа көмілмеген. Құлдырап құламаған құзың да жоқ, Қыран боп шырқамаған кезің де кем.  (Ж. Молдағалиев.) 64­ТАПСЫРМА  1. Кестені толтыр.   Одағайдың түрлері 16 Камалиева Саулетте Бультриковна 2.  Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, сахналық көрініс жасауға дайындалыңдар.  Одағайлар бар ма, бар болса, қандай мағына туғызып тұрғанын анықта.         Құлху алла, сұлху алла, су жағала. Пай, пай, бәрі сайрап тұр. Дуа! Басында мықты дуа бар. Ойпыр – ай! Менің өзіме де бой бергісі келмей ме, қалай?!       Я, аруақ, қолдай көр. Ойпырай, аурудың иесі көк өгіз бе? Есіктен қарап, мүйізін шайқап тұрғанын қарашы...                        («Қамар сұлу» сахналық көрінісінен.) 65­ТАПСЫРМА  «Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ білеміз» деген тақырыпта одағай сөздерді араластырып шағын шығарма жаз. 66­ТАПСЫРМА  «С»­дан басталатын сегіз сөз. Ол сөздер төмендегі заттардың атауы болсын:            1.Сұйық зат 2.Зат немесе құбылыс атауы            3.Дақыл атауы            4.Жеміс аты            5.Қарудың аты            6.Жоғары оқу орнының оқушысы            7.Өсімдік атауы            8.Студентке төленетін айлық С С С С С 17 Камалиева Саулетте Бультриковна С С С 67­ТАПСЫРМА  Қайсысы зат есім, қайсысы етістік? Жақын қалды көмбе, Бұл жерге оны көмбе! Сәйкестендіру тесті 1. Қандай? 2. Қай? 3. Негізгі сын есім: 4. Туынды сын есім:  68­ТАПСЫРМА  1. таза   2. ақылды  3. қара 4. ойлы Тақырыпқа сай, тілдік қорын молайтуға,  сөз мағынасын үйрететін ойын түрлері. Мысалы: Үлгі. «Өсімдік» сөзге байланысты, сонымен байланысқа түсетін сөздер. Кәрі емен, селдір селеу, бұйра тал, шашақты қарағай, желекті сасыр, сұлу қайың, қайыспас емен, топтанған тобылғы, боз қараған, бұйра көкпек, иісті жусан, шашылған ши, мөлдіреген долана. І топ Бала   .......................................................................................... ІІ топ Құс    .......................................................................................... Сан есім. Заттың  санын, ретін білдіретін  сөздерді  сан есім  дейміз.  Қанша? Неше? алты, жеті, он бір. Нешінші? бірінші, оныншы Нешеу ? екеу, жетеу. Дара сан есім:  он, алты. Күрделі сан есім: он бес, жиырма сегіз Есептік: бір, екі, үш Реттік: бесінші, алтыншы. 69­ТАПСЫРМА  Өлеңді оқып, сан есімдердің астын сыз. Он саусақ Жалғыз  саусақ тіпте де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш  саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. 18 Камалиева Саулетте Бультриковна Өнерлі екен он саусақ, Қала  салсақ, жол салсақ. 2. Өлеңді қара сөзге айналдыр. 70­­ТАПСЫРМА  Сәйкестендіру тесті 1. Қанша? Неше? 2. Нешінші? 3. Нешеу ?  4. Дара сан есім: 5. Күрделі сан есім: 6. Есептік:  7. Реттік: 1. жиырма сегіз 2. екеу, жетеу. 3. жеті, он бір. 4.  он, алты. 5. бесінші, алтыншы. 6. бірінші, оныншы 7. бір, екі, үш ***** Сан есімге  байланысты мақал­мәтел жаз. 1 ____________________________________________ 2 ____________________________________________ 3 ____________________________________________ **** Лексикалық ойын. Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады. Білімді............... жығады, білекті............... жығады. ............ауыз сөздің тобықтай түйіні. Етістік Заттардың   қимылын, іс­әрекетін  білдіретін сөздерді етістік дейміз.  Не істеді? Келді. Қайтті?     Кісінеді. Неғылды? Ұшты Негізгі етістік:  біл. Туынды етістік:  шеге+ле, сап+а Дара: оқы, кел. Күрделі етісітік: оқып отыр, келе жатыр. Болымды етістік: айт,бар, жүр Болымсыз етістік: айтпа, барма, жүрме. 71­ТАПСЫРМА  Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.  1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға. 2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан. 3.Ұшқан,   жерге,   олар,   үйрек,   келді.   4.Ұяда,   жатыр,   жері,   жұмыртқа.   5.Олар,   алмады, жұмыртқаны.  Етістіктерді     тап.   Олардың     түбірін,   қосымшасын   тауып,   мағыналық     түріне ажырат. Соңғы  сөйлемдегі сөздердің  байланысын  сызба  арқылы көрсет. **** Өлеңнен   адамның   қимыл   –қозғалысын   бейнелейтін   сөздерді   теріп   жазып,   мағынасын түсіндіруге тырыс. 19 Камалиева Саулетте Бультриковна Күлембай Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап, Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап, Сияз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап... Сыртқыларға сыр бермей, Құр күлемін жымыңдап... Жай жүргенде бір күні, Үлгі: «Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы Өлеңнен таңдап алынған  етістік сөз Түсініктеме Орнықпайды суылдап. сөзін   көбіне   Шөптердің   шөптерге Суылдау   пайдаланады. салмағы   болмағандықтан олар жел соқса да қасынан қатты   жүгіріп   өтсең   де   қозғалып   кетеді. Бірақ   бұл   арадағы   суыл   адамның қорқақтығын айтып тұр. 72­ТАПСЫРМА  Он дара етістік жазыңдар. Біріншісі­бір, екіншісі­екі, үшіншісі­үш т.с.с оныншысы он  әріптен, барлығы да «Е» әрпінен басталатын әр формадағы етістік болсын. Ек 20 Камалиева Саулетте Бультриковна *** Мақалдарды  түсініп оқып, болымсыз етістіктерді тап. Өсер  жастың  алдын кеспе, Өсер ағаштың басын кеспе. *** Сәйкестендіру тесті 1. сапа  2. оқып отыр 3. айт,бар 4. барма, жүрме. 5. оқы, кел. 6. оқыды 1. Не істеді?                        2. Қайтті?                            3. Неғылды? 4. Негізгі етістік 5. Туынды етістік 6. Дара 7. Күрделі етісітік  8. Болымды етістік  9. Болымсыз етістік Тапсырма  Заттардың қандай әрекеті бар? Үлгі. Арық суы­сылдырап, күлімдеп, жүгіріп, ойнап, атқылап, шуылдап, ойнақтап, жарыса ағады. Комбайн­ орады, жинайды, шабады. Мұғалім­ айтады, түсіндіреді, оқиды, сүрайды, үйретеді. Бозторғай­шоқиды, теріп жейді, сайрайды, ұшады. Жел­ Бала­ 7. кісінеді. 8. ұшты 9.  қаз 73­ТАПСЫРМА  Антонимін тауып жаз. К Р Қ П З Е А С А Е Ң З Ы Қ К А А Й Е Ж А Г Ж Л Е 21 Камалиева Саулетте Бультриковна Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. С. Исаев, К. Назарғалиева, Ж. Дәулетбекова. Қазақ   тілі:   Жалпы   білім   беретін   мектептің   6­   сыныбына   арналған   оқулық.   А., «Атамұра», 2011; 2. Ж. Дәулетбекова. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің 6­ сынып мұғалімдеріне арналған. А., «Атамұра», 2006; 3. З.Қ. Жарықбаев «Ақылдың кені» ЖШС, 2008; 4. С.   Исаев,   М.   Мұқышева.   Қазақ   тілі   бойынша   дидактикалық   материалдар.     А., «Атамұра», 2002 5. Г. Байтілеуова, Г. Боранбаева. Қазақ тілі бойынша дидактикалық материалдар.   « Мектеп», 2004 6. О. Байзақова Қазақ тілі. Морфология. «Арман ПВ», 2003 22 Камалиева Саулетте Бультриковна 23

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка

Методическая разработка
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.01.2018