Мәңгілік ел-Қазақстан!
Оценка 4.8

Мәңгілік ел-Қазақстан!

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
классное руководство
4 кл
21.01.2018
Мәңгілік ел-Қазақстан!
Публикация является частью публикации:
казхстан.docx
Тақырыбы:  Мәңгілік ел­Қазақстан! «Мен 21 – ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.              Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! ». Нұрсұлтан Назарбаев Мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік  рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге  білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Өз Отанының ұлтжанды азаматы болуға және өз  елінде тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт­дәстүрлерін сыйлап, құрметтей білуге  тәрбиелеу. Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту. Түрі: тәрбие сағаты Көрнекілігі: слайд шоу ,  маркер, стикерлер, топқа бөлінетін әріптер. Қолданылатын әдіс­тәсілдер: сұрақ­жауап, түсіндіру, хабарлау, әңгімелесу. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық Шашыранды  сөздермен топтарға бөлу. Ол сөздер: Отан, Тату, Халық. «Миға шабуыл» Әр сөзді талдау  «Жаса ­ Қазақстан» әнін тыңдау. ­ Балалар, ән не туралы? Оны қай сөздерден бақадыңдар?( оқушы жауаптары) «Менің мақсатым». Әр оқушы биылғы оқу жылында өзінің алдына қандай мақсат  қоятындарын стикерге жазады. Өз еркімен өз мақсатын жариялағысы келген  оқушылар оқып беріп, сол мақсаттарын арман ағашына  орналастырады.Әр адамның  өз алдына қоятын мақсаты болады. Ол үлкен болуы немесе тез арада орындалуы да  мүмкін. Біздің әрқайсысымыз үлкен гүлденген мемлекетіміздің кішкентай  бөлшегіміз. Біз ­ біртұтас елміз! Олай болса, біздің еліміздің де алдына қойған үлкен  мақсаттары бар. Ол – бірлік, даму және ел қамы үшін көркею. ­Қымбатты оқушылар!  Бүгінгі Білім күні  сабағымызда  болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып,  ұлы мақсаттарға жетелейтін мақсат бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен  бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Еліміздің жүрегі,  тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамыз бой көтерді. Қазақтың Мәңгілік  Ғұмыры ­ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ –  Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!  Мәңгілік Ел – ата­бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –  әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын  алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу  ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Міне, сол армандар  ақиқатқа айналып келеді. Мәңгілік Елдің іргетасы қаланды. Елбасымыз Мәңгілік Ел  ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы  етіп алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл  – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық.  Біз, қазақ халқы өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.  Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді  үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да  болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Сөзжұмбақ. 1. Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады? (орман) 2. Сөйлеу құралы. (Тіл) 3. Мейірімді адам. (Ана) 4. Қасиетті тағам. (Нан) Отан деген не? (топтастыру) топпен жұмыс Ой қозғау: ­ Біздің Отанымыз қай ел? ­ Қазақстан. ­ ҚР ­ ның мемлекеттік тілі қай тіл? ­ ҚР – ның мемлекеттік тілі қазақ тілі. ­ Біздің тұңғыш президентіміздің аты ­ жөнін білесіңдер ме? ­ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. ­ Еліміздің Ордасы қай қала? ­ Астана. ­ Еліміздің Ата заңы қашан қабылданды? ­ 30 тамыз.1995 жыл ­ Бүгін қандай күн? ­ 1қыркүйек ­ Білім күні. ­ Ал тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? ­ 16 желтоқсан 1991 жыл. ­ Ал, балалар биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл болады? ­ 26 Жыл.  Мемлекеттік рәміздерді атаңдар.  Тудың авторын атаңыз.  Елтаңбаның авторы кім?  Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов,  Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)  Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)  Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге) Бекіту. Қазақстан 2050 жылы қандай болсын.... ( топпен жұмыс, постер жасап, қорғу) Рефлексия: Осы Отанымыздың келешегі сендер секілді жас бүлдіршіндердің қолында. Ендеше  қазір мен сендерге қол таратып беремін, соған өзідеріңнің ойларыңды жазыңдар. ­Қымбатты оқушылар, міне біз бүгінгі білім күні Қазақстан –бұл біртұтас жер,  біртұтас халық пен бақытты болашақ екендігін және сол болашақтың тұтқасы сіздер  екендігін түсінді деп сенемін.   Тұғырымыз­тыныштық, тірегіміз­тұрақтылық, тілегіміз – татулық болсын! Осымен бүгінгі алғашқы сабағымыз аяқталды. Қ.Р. БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ.ҚАЙСЕНОВ АТЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МЕКТЕП Тақырыбы: Мәңгілік ел­Қазақстан!                                                                                     Сынып: 4                                                 Сынып жетекшісі: Турсунбаева А.Д.                                            2017­2018 оқу жылы. І.Айтықов ауылы

Мәңгілік ел-Қазақстан!

Мәңгілік ел-Қазақстан!

Мәңгілік ел-Қазақстан!

Мәңгілік ел-Қазақстан!

Мәңгілік ел-Қазақстан!

Мәңгілік ел-Қазақстан!

Мәңгілік ел-Қазақстан!

Мәңгілік ел-Қазақстан!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2018