Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
Оценка 4.8

Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

Оценка 4.8
Занимательные материалы
docx
библиотека +1
Взрослым
14.03.2017
Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
Адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдіқ қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті кезек күттірмес мәселе. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу..docx
Мінез­құлқында қиындық бар оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. М.Мәметова атындағыҚызылорда гуманитарлық  колледжінің оқытушысы Л.С.Скакова      Адамгершілік тәрбиесі ­ өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке  тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдіқ  қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды  болжайды. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу –  бүгінгі қажетті кезек күттірмес мәселе. Негізгі міндет – балалардың жақсы  әдет, мінез ­ құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі  жан дүниесін ояту нәтижесінде оның  адамгершілік қасиеттері қалыптасады.      «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата ­ ана үлгісі» ­ деп,  Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай  адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта  «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш  болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың  бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік  құнды қасиеттерді сіңіріп, өз ­ өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен  педагогтар шешуші роль атқарады. Адамгершілік тәрбие ­ екі жақты процесс.  Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан  келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы  түрде іске асады. Тәртібі қиын оќушыларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа   жеке   адам   көзқарастарының   сан­салалығын   ескере   келгенде, адамгершілік   тәрбиесінің   жеке   тұлғаны   қалыптастырудағы   рөлі   өте   зор. Адамзат тарихында жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық­ психологиялық   негіздері   ерте   заманнан­ақ   ойшылдар,   ғұламалардың назарында болғаны мәлім. Олардың құнды идеялары атадан балаға,  ұрпақтан ­ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақтың   ғұламаларының   ішінде   Әл–Фарабидің   шығармаларында   адам баласын ізгілікке, адамгершілікке баулу мәселесі кеңінен орын алғаны мәлім. Әл–Фарабидің   білуінше,  «Жақсы   мінез­құлық   пен   ақыл­күш,   бұлар адамшылық  қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез­құлқымыз мақтаулы болады»  ­ деп ескертеді (1).  Ғұламаның бұл пікірінен ұғатынымыз – адамның санасы мен мінез­құлқы   оның   адамгершілік   сапаларын   қалыптастырудың   негізі болатындығы. Ж.Баласағұни «Құтты білік» дастанында адамгершілік тәрбиесін адамның бойында кісілік, парасаттылық, имандылық, тектілік және ізгілік қасиеттерін қалыптастырумен   байланыстырады.   Оның   «Адамшылық   жаса   адамға   адам бол, Адам атын мақтаныш қып адал бол» деген ой­пікірлері  Әл­Фарабидің идеяларымен үндесіп жатыр [2]. Осы ой­пікірлер қазақ  даласында тұңғыш мектеп ашып, болашаққа оқу­ бiлiм   сәулесiн   таратқан   халқымыздың   ағартушы­педагогы   Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама  Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым­ ұстаз   Ахмет   Байтұрсынов,   қазақ   жерiнде   тұңғыш   ұлттық   педагогика, психология   пәндерiнiң   негiзiн   қалаған   Мағжан   Жұмабаев,   Жүсiпбек Аймауытовтардың  шығармаларынан   да   орын   тауып,  кешегiнi   бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол қазына болып отыр.       Біз оқыту мен тәрбиені біріңғай  тұтас педагогикалық процесс екеніне  көзімізді жеткіздік. Бүгінде ғалымдар тәрбие мен оқытудың мазмұндарын да  бірлікте қарастыруды жөн деп санайды. Өйткені білім беру стандарттары мен  бағдарламалары, сондай­ақ оқу пәндерінің мазмұндарында білімді ғылымның  негізі, сонымен бірге әлеуметтік нормалар (өлшем), құндылықтар, қарым­ қатынастың бірлігі ретінде қарастырады. Оқыту процесі білім беру және  дамыту қызыметтерімен қатар тәрбиелік қызметті де атқарады, ал  дидактикада оқытудың принциптер жүйесінде тәрбиелік приципте бар. Бұның  бәрі оқыту мен тәрбиенің процессуалдық және мазмұндық тұрғыдан бірлігін,  басқаша айтқанда, оқыту мазмұны мен тәрбие мазмұнының бірлігін  қуаттайды.      Қазіргі кезде  оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті  деңгейде қол жеткізу үшін ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пәндік білім,  біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін  қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып  отырғаны белгілі.      “Қиын” оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық­ педагогикалық   проблема   ретінде   күн   тәртібінен   түспей   отырғаны   мәлім. Мұның өзі “қиын оқушыларды” көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда   бастауыш   сынып   оқушыларының   арасында   да   осы   категорияға жататындар аз емес. Сондықтан “қиын оқушыларды” ерте жастан­бастауыш кезеңнен   бастап   қолға   алып,   олардың   сапалы   білім   және   саналы   тәрбие алуларына   мүмкіндік   жасалуы   қажет.   “Қиын   оқушыларды”   тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиені жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор.            Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін Қазақстан Республикаында білім беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым­қатынасын, дүниетанымын,   өмірге   деген   көзқарасын   және   соған   сай   мінез­құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы   қастер   тұтып   келген   ар­намыс,   ождан,   имандылық,   инабаттылық, мейірімділік,   кішіпейілділік   атамекеніне,  еліне   деген   сүйіспеншілік   сияқты сауаттылыққа     қалыптастырып, асыл   қасиеттерді   тәрбиелу­заман   талабына   туындап   отырған   мәселе. Сондықтан оқушылардың ішінде ерекше категория болып табылатын “қиын оқушыларға”   адамгершілік   тәрбие   берудің   формаларын,   әдіс­тәсілдерін жетілдіру   аса   қажет,бұл   міндетті   жүзеге   асырудың   бастауыш   буыннан басталатыны белгілі.              Сәбиді   аялаған   аналық   парыз   қандай   киелі   болса,   шәкірт   тәрбиесін мойнына   жүктеп   алар   ұстаздық   та   сондай   мәнде.   «Тәрбие   мен   білім ажырағысыз. Білім бермей тәрбиелеу мүмкін емес, ал білім тәрбие арқылы бойға сіңеді».          Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы­оның білімді де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтардың қолында. Біреулер жастардың жағымсыз әрекеттерімен айналысуын   күн   көрудің   қиындығынан,   тұрмыстың   нашарлығынан   деп ойлайды.   Атам   қазақ   басынан   аштықты   да,   ашаршылықты   да,   тұрмыстың қиыншылығын   да,   небір   зобалаң   заманды   да   өткізді.   Қиындықтар   мен қиыншылықтарды жеңу әр адамның дүниетанымдық мүмкіндігіне, мұратына, рухани деңгейіне байланысты. Рухы күшті ұлт озады. Бұл тұрғыдан алғанда жас   ұрпақтың   рухани   мәдениетін   арттырып,   көркемдік   әлемін   байытуда, дүниетанымын тәрбиелеуде, тәрбиеленушілердің   алдымен   жеке   тұлға   ретінде   өзін­өзі   тануы,   өзін­өзі басқаруы   аса   маңызды.   Өйткені   адам   өзін­   өзі   тану   барысында   қоршаған ортаны   біліп,   өзінің   ішкі   жан­дүниесіне   үңіліп,   өзін­өзі   басқару   негізінде адамгершілік­рухани сезімі басым түседі деп ойлаймын. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны адамгершілік­рухани тұрғысынан да   дамыту,   ар­ұятымызды   молайтып,   адамгершілік   қасиетімізді   жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету.       Жасөспірімдерді адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу адамдармен достық, мейірімділік, басқаны түсіну, біреулердің қайғысы мен қуанышына ортақтасу, өзгелередің   мінез­құлқымен   пікіріне   төзімділік   таныту   кезіне   аңғарылып, жетіле түседі. Оларды рухани­адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу үшін екі тұрғыдан   қарастырып,  мән   бергеніміз  жөн.Олар  –  баланың   сыртқы   бейнесі және   ішкі   жан   дүниесі.   Бірақ,сыртқы   және   ішкі   көріністердің   арасында мынандай   негізгі   тәуелділіктер   бар,   кез­келген   баланың   ішкі   келбеті   оның сыртқы іс­әрекеті арқылы ғана белгілі болады. Кейбір жағдайда біз баланы оның   сыртқы   көрінісіне   қарай   мән   береміз,   сондықтан   кей   жағдайда жасөспірім   оның   ішкі   ерекшелігіне   сай   берілмеген   бағаға   наразы   болуы мүмкін.         Сондықтан біз,   ең   алдымен,   олардың   ішкі   жан   дүниесіне   үңіліп, түсінуге тырысып, баланың құнды қасиеттерін өз іс­әрекеттерінде қолдануға көмек көрсетуіміз керек. Балаларды адамгершілік қасиеттерімен өмір сүруге құштар ететін күш­бостандық пен еркіндік.          Қорыта келгенде, әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қоғам бізден, яғни оқытушыларда  бәсекеге қабілеттілікті, шығармашылықты, құзіреттілікті талап етеді. Ол үшін оқытушылар қауымы талмай, жан­жақты ізденіп отыруы қажет.   Сонда   ғана   біз   өз   Отанын   сүйетін,   мақтаныш   ететін,   елін­жерін қастерлейтін,   бәсекеге   қабілетті,   құзыретті,   білімді   ұрпақты   үлкен   өмірге сенімділікпен аттандыра аламыз.   Пайдаланған әдебиеттер: 1. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. - Алматы, 1973. 2. Баласғұн Ж. Құтты білік // Ауд. А.Егеубаев. – Алматы: Жазушы, 1986 3. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. 4. тәрбиелеу мәселелері. – Алматы 5. Керимов Л.К, Мадин И.Б. «Қиын» оқушыларды мәселелері. – Алматы 6. Сыныптағы тәрбие. 2010ж №1, 2012ж №2 Жұмабаев Ә.Ж. «Қиын» оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу

Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.03.2017