Елбасы Н.Назарбаев: "Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген”, дейді.
Сондай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. Сыр бойынан шыққан елінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында бойындағы бар күш-жігерін жұмсаған ірі тұлғаның мұрасын зерттеп зерделеу ұлы мұрат болып қала бермек. Менің Мұстафа Шоқай жайындағы білімімді толықтырып, тың деректермен танысуыма ықпал жасаған ұстазымның сенімін ақтау мақсатында өзіндік ізденіс жасап, тарихи құжаттар мен жәдігерлердің сырына қаныға түсіп, келешекте тарихшы мамандығын иеленіп, осы алға қойған мақсатымды дамыта түссем деген ойдамын.
ХХ ғасырдың өзінде елім деп еңіреген қазақтың біртуар ұлдары саусақпен санаулы, бірақ азда болса істеген -ісі, жасаған -жақсылығы сондай биік, баға жетпес құнды дүние екені баршаға аян. Сол зиялы қауымның бел ортасында жүріп жалғыз қазақ халқының емес, түркі елінің бірлігін, егемендігін аңсаған,түркі халықтарын біріктіріп,Түркістан жобасын жасаған қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай-Түркістан халықтары тарихында бүтін бір кезеңді қамтыған ерекше ұлы тұлға. Мұстафа Шоқай Қызылорда облысының Сұлутөбе ауылында 1890 жылы желтоқсанда дүниеге келген.
Тау тулга.doc
Кіріспе..................................................................................................1 бет
Мазмұны
Негізгі бөлім
1. Мұстафа туған топырақ....................................................... 3 бет
2. Ұлы күрескер Мұстафа........................................................ 5 бет
3. Жалған жала.......................................................................... 7 бет
4. Зерделі зерттеулер................................................................ 9 бет
Қорытынды
1) Мұстафаға құрмет............................................................................ 10 бет
Ұсыныс:................................................................................................. 11 бет
Пайдаланылған әдебиеттер:................................................................. 12 бет
Аннотация:............................................................................................. 13 бет
1 Елбасы Н.Назарбаев: "Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірдебір дәуірді дұрыстап
тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана
аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің
алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын
қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір
сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде
болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген”, дейді.
Сондай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш қозғалысының төл
перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және
басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен
тактикасын айқындаған қайраткер. Сыр бойынан шыққан елінің бостандығы мен
тәуелсіздігі жолында бойындағы бар күшжігерін жұмсаған ірі тұлғаның мұрасын
зерттеп зерделеу ұлы мұрат болып қала бермек. Менің Мұстафа Шоқай
жайындағы білімімді толықтырып, тың деректермен танысуыма ықпал жасаған
ұстазымның сенімін ақтау мақсатында өзіндік ізденіс жасап, тарихи құжаттар мен
жәдігерлердің сырына қаныға түсіп, келешекте тарихшы мамандығын иеленіп, осы
алға қойған мақсатымды дамыта түссем деген ойдамын.
ХХ ғасырдың өзінде елім деп еңіреген қазақтың біртуар ұлдары саусақпен
санаулы, бірақ азда болса істеген ісі, жасаған жақсылығы сондай биік, баға
жетпес құнды дүние екені баршаға аян. Сол зиялы қауымның бел ортасында жүріп
жалғыз қазақ халқының емес, түркі елінің бірлігін, егемендігін аңсаған,түркі
халықтарын біріктіріп,Түркістан жобасын жасаған қоғам қайраткері Мұстафа
ШоқайТүркістан халықтары тарихында бүтін бір кезеңді қамтыған ерекше ұлы
тұлға. Мұстафа Шоқай Қызылорда облысының Сұлутөбе ауылында 1890 жылы
желтоқсанда дүниеге келген.
Мұстафа қазақтардың қыпшақ руына жататын текті отбасының ұрпағы.Қоқан
хандығында жоғары шенді әскер болған атасы Торғай Датқа Қуатбайұлы Қыпшақ
ішіндегі Шашты руының биі еді.1872 жылы қайтыс болған Торғай Датқа туралы
мағлұматтар тапшы.Бірақ оның Қоқан хандығының жоғары лауазымды қызметіне
сай жанжақты білім иесі,орыс тілімен қатар араб және парсы тілдерін жетік
меңгерген сауатты адам болғаны байқалады. Діндар Датқа екі рет қажылыққа да
барып қайтады.Торғай Датқаның Шоқай, Қалымбет,Әліш және Осман атты төрт
ұлы болады.Мұстафа Шоқайдың ұлы. Мұстафа өз кітабында Торғай датқаның бір
ерлігін келтіреді. Хиуаның ханы Торғайдың сүмбіле сұлу, жүйрік атына қызығып,
тартып әкетеді. Батыр Хиуа ханына жалғыз өзі барып, бүкіл жұрттың көзінше хан
сарайынан атты мініп алып кеткен екен. Сонда хан қарап тұрып: «Тимеңдер оған,
тиюге болмайды», деп батпаған дейді. Осы ерлігі ел арасында аңыз болып кеткен.
Торғайдың ержүрек, ештеңеден қайтпайтын мәрт мінезі Шоқайда да болған,
Шоқайдан Мұстафаға сіңген.Патшалық Ресей әкімдерінің нұсқауымен
2 дайындалған Сырдария аймағының беделді азаматтары туралы альбомда Торғай
Датқа мен Шоқайдың суреттерінің орын алуы олардың беделді болғандығын
көрсетеді.Айналасындағыларға көмектесуді ұнататын Шоқай ақылды ісәрекеттері
орынды пікірі және байсалды мінезімен халық арасында зор беделге ие
болды.Халық өз ішіндегі дау дамайларға да төрелік етуге келгенде, әділ де
сенімді деп тапқан Шоқайға жүгінді.Сондықтан халық оған би атағын беріп,
Шоқай би деп атап кетті.
Шоқай би қарапайым тіршілік кешті.Ешқандай ресми қызмет атқармаған
Шоқай би табан ет, маңдай терімен күн көрді. Мұстафаның нағашы жұрты да текті
болғанға ұқсайды.
Анасы Бақты әйгілі әскербасылардың бірінің ұрпағы оның әкесі өзбек
хандарына қарсы ұрыстарда аса үлкен ерлік көрсетіп, қазақ батырлары санатына
кірген. Ал түркістанды патша әскерлері жаулап ала бастаған кезде ол
отаршылдармен күреске шыққан. Сол кезде Мұстафаның болашақ анасы осы
соғыстарға қатынасып, әкесіне жәрдем етеді. Атқа мініп шөл далада дұшпан
әскерлерінің жолын барлап, хабар жеткізіп отырған. Бақты өлең жазып, дастандар
жырлаған. Ана тілінде сауатын ашып, әкесі сияқты араб әліппесінде оқужазуды да
білген.Бақты Шоқай бидің тоқалы еді.Шоқай би бәйбішеден бала
сүймеді.Сондықтан екінші рет Бақтыға үйленген болуы керек.Шоқайдың Бақтыдан
үш ұл,екі қызы болды.Мұстафа үйдегі төртінші бала болды.Мұстафаны үйдегілер
еркелетіп өсірді.Мұстафаға туған анасы мен қатар бәйбіше де ерекше ықыласпен
мейірім көрсетті.
Мария Шоқайдың айтуына қарағанда, Мұстафа өлеөлгенше сол асыраған
анасына деген кіршіксіз махаббатынан айныған емес. Үлкен ағасы Сыздық
Мұстафадан 15 жас үлкен,інісінің Ұрпақтары қазір Қызылорда облысында тұрады.
Шоқай1912 жылы қайтыс болған.
Жасынан зерек Мұстафа әкесі, туыстары жайлы көргенбілгенін есіне
сақтайды. Оның айтуынша, елдегі саяси оқиғалар Шоқай әулетіне де әсерін
тигізген. Мысалы, екі рет Шоқайдың кірпіштен соғылған үйін жергілікті орыс
үкіметі мен мұжықтар мектеп үшін алып қояды, тіпті егістігін де тартып алады.
Біріқ оларға ашық қарсылық білдіре алмай, өз наразылығын ішінде сақтайды.
Отаршылдықтың өктемдігін, әділетсіздігін Мұстафа жас шағынан бастапақ
сезіп өседі. Бұл жағдай кішкентайынан баланың еркесі болып, бұла өскен
Мұстафаның санасында терең із қалдырады.
Мұстафа алғаш білімін анасы Бақтыдан алады.Бұдан кейін Мұстафа ауыл
балаларымен бірге ауылдағы түрік имамынан дәріс алды.Бұл дәрістер Исламның
негіздерін қамтыған діни сабақтар еді.Мұстафа ауыл балаларымен салыстырғанда
осы дәрістерді және құранды үнемі үздік оқыды.Діни біліммен қатар Мұстафа
музыкадан да сабақ алды.Бес жасында домбыра тартып,ән салатын еді.Мұнда да
оның алғашқы мұғалімдері отбасы мүшелері болды.
Алғашқы кезде ол ауыл мектебінде оқыған, кейін Қызылордадағы мектепке
қанағаттана қоймаған әкесі Мұстафаны Ташкенттегі ер балалар гимназиясына
береді. Мұмкін Мұстафа жай ғана, оқыған көп қазақтың бірі болып қалар ма еді,
3 кім біледі? Бірақ Мұстафаның тағдырына, өжет болып өсуіне, революциялық
жолға түсуіне шағын ғана бір оқиға әсер еткен.
Мұстафа ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітіреді. Бұл 1910 жылы
болған оқиға. Бірақ гимназияда оған бермекші алтын медальды генерал Самсонов
бергізбей, оны күміс медальға ұсынылған орыс баласына жазады. 20 жасар
Мұстафа медальды алмайтынын айтады да, әлгі орыс оқушысы Зепреметов күміс
медальды ғана алады, бұларды гимназия директоры Граменицкий де қолдайды.
Отаршылдықтың бұл өрескел көрінісі тек жергілікті жастар емес, орыс
жастарының да қарсылығын туғызады. Көпшіліктің есінде қалған бұл оқиғаның
оңы мен солын тани бастаған Мұстафаға қандай әсер еткенін аңғаруға болады.
Мұстафаның терең білім алып, саяси көзқарасының қалыптасуы және қоғамдық
қозғалысқа, халқының азаттығы үшін күреске қатысып шыңдалуы оның
Перерборда өткізген жылдарына тұс келеді.
Мұстафа 1910 жылы гимназия бітіргенге дейін – ақ жерлестерінің көп арыз –
шағымдарын жызысып, олардың жоғын жоқтап, жоғарыда айтылған генерал
Самсоновтың алдына да талай барған болатын. Генерал іске тыңғылықты, орысша
сауатты қазақ жігітін өз кеңсесіне тілші етіп алмақшы болады, бірақ Мұстафа
одан бас тартып, Петербор университетінің заң факультетіне түсуді көздейді. Ол
факультетке белгіленген стипендия тек орыс баласына берілуі тиіс еді. Сондықтан
Мұстафа Қазақ татарларына берілетін стипендиядан үміттенеді. 1912 жылы
«Айқап» журналының 13санында Мұстафа туралы мынандай сөздер жазылыпты:
«Осы күнде Петербург университетіне 1910 жылдан бермен қарай Сырдария
облысының Перовский уезінің Гродековский болысының Шашты Қыпшақ руынан
Мұстафа Шоқаев деген жігіт оқып жатыр. Бұл жігіт Перовский уезінде жоғары
жерден оқыған бірінші қазақ болса керек ». Бұл хабарлардан мақтаныш сезіммен
жазылғаны байқалады.
1914 жылы Ә.Бөкейхановтын ұсынысымен ІҮ Мемлекеттік Думадағы
Мұсылман Фракциясының хатшысы қызметіне тағайындау Мұстафаның алғашқы
жүктелген қоғамдық жұмысы болды.
Мұстафа1917 жылы 28 қарашада өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 4
ші съезінің төралқасына басшылық етеді.Осы съезд шешімімен құрылған Түркістан
(Қоқан ) автономиясының 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына
сайланады,және Уақытша Үкіметтің Сыртқы істер министрі болады.Сондайақ
1917 жылы „Ұлы Түркістан „газетінің редакциясына кіріп, қазақ тілінде шығатын
„Бірлік туы„ газетінің редакторы болды. Оған қоса 1917 жылы шілдеде Орынборда
өткен І Бүкілқазақтық Құрылтайдан соң құрылған „Алаш„ партиясынада мүше
болды.
Кеңестік кезеңде тарихшылар Түркістан республикасы деген сөзді айтпауға
тырысты.
Түркістан республикасының тарихыбар болғаны 62 күн. Ең алдымен ол
Ташкентте құрылды. Бұған жұмысшылар, шаруалар, солдаттар, әртүрлі ұлт
өкілдері қатысты. Жанжақтан келген делегаттар бір ауыздан Түркістан
4 республикасын жариялады. Оның шын мәнінде халықтық сипат алғанына бір мысал
келтірейін.
Ашхабаттан, Жетісудан, Ферғана мен Қоқан жақтан соғысып жатқан
солдаттар, қазақорыстар, Бұхарадан немістер эшалонэшалон болып кентке төгіле
бастаған. Барлық составтардың маңдайына «Түркістан республикасы жасасын!»
деген ұрандар жазылған. Осы қозғалыстан шошып кеткен орталық Петербург пен
Мәскеу, бірнеше рет Лениннің өзі бастап, Сталин қостап, Мұстафаға ұсыныс
жасайды.
«Түркістан республикасын құрғанына қарсы емеспіз, қолдаймыз. Бірақ сен
бізді мойында, Кеңес өкіметін мойында», дейді. Бұған Мұстафа көнбейді.
1918 жылы қаңтарда Мұстафа құрған Қоқандағы Мұсылман автономиясына
қарсы қанды қырғын ұйымдастырылып,Қоқан қаласын большевиктер басып алуына
байланысты шетелге кетуге мәжбүр болады.
Бұдан кейінгі Мұстафаның көрген қиыншылықтары да бір адамның басына
жетерлік.Ол оқиғалар Мария Яковлевнаның естелігінде егжейтегжей
баяндалады.Мұстафа Шоқай 1918 жылдың көктемінде Ташкентте Мария
Яковлевна Горинамен мұсылман рәсімі бойынша некелеседі.Оның Ташкенттен
аман шығуы да Марияның арқасы.
Мұстафа 1919 жылы көктемде Кавказға барады.Сол кезде тәуелсіз Грузияда
жүріп,туған елінің тәуелсіздігі үшін күресін жалғастырады.Өзінің көптеген
мақалаларын „ Еркін таулықтар„ , „Тарихи кезеңде „ атты журналдарда
жариялаған.Большевиктердің Грузияға кіруіне байланысты Мұстафа 1921 жылдың
ақпан айында кемемен Түркияға кетті.Бірақ Түркияда көп аялдай алмастан
Францияға кетуге мәжбүр болды. Парижде ол 1927 жыдың маусым айына дейін
Ыстамбұлда шығып тұрған „Жаңа Түркістан „журналына атсалысып,аса құнды
мақалалар жазды.М.Шоқай 1929 жылдың желтоқсан айында өзі Парижде
тұрғанымен Берлинде әйгілі
„Жас Түркістан „ журналын шығара
бастайды.Солуақыттан бастап, 1939 жылдың тамыз айына дейін117 саны жарық
көрген сол журналдарда М.Шоқайдың қыруар тақырыпта жазылған,әлі де
құндылығынжоймаған көптеген мақалалары басталады.Ол мақалаларын тікелей өз
атымен және бүркеніш аттармен де жазады. „Жас Түркістанның„алдына қойған
міндетін „Біздің жол„ атты кіріспе мақаласында Мұстафа Шоқай: „Егер біз
халқымыздың ұлттық тәуелсіздік жолындағы талаптарының мән мағынасын сол
күйінде күшін әлсіретпей „Жас Түркістан „ беттерінде бере алсақ, онда бәріміз
үшін қасиетті және аса ауыр жауапкершілін артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген
болар едік„деген оймен білдірді.
Мұстафа Шоқай ұлт шындығын жоққа шығарғысы келетін большевиктік
билікке қаншалықты қарсы болса, әлемде тек бір ғана ұлттың үстемдігін
қайталайтын фашизмге де соншалықты қарсы екенін қаймықпай, ресми түрде
мәлімдеді. Өйткені, жұбайының жазбаларына сенсек, нашар ұлттар емес, жаман
адамдар болатынын айтатынын ол, барлық ұлттардың терезесі тең дарежеде өмір
сүруін қалайтын еді. Сонымен қатар, ұлы тұлғаға лайықты жар бола білген Мария
5 Шоқайдың естеліктерінде Мұстафаның мейілінше мейірімді және соғыс атаулыға
қарсы екені сипатталып жазылған.
Фашистік лагердегі көптеген тұтқындар Мұстафа Шоқайдың жәрдемі
арқасында ғана аман қалған. Әйгілі тарихшы Баймырза Хайт Мария ханымның осы
сөздерін айна қатесіз қайталаған.
Ал, сонда соғыс атаулыға, қан төгуге және адамзатқа төніп келе жатқан алапат
ауруфашизмге қарсы болған Мұстафа Шоқай, расында, регион құруға ат салысып,
қару кезенген бе еді? Мұстафа Шоқайдың регионын ресми құрушысы Уәли
Қаюмға деген көзқарасы қандай еді? Фашисттер жаулап алғанда Парижде болған
Мұстафа Шоқайға сол кездері Берлинде тұратын және гестапоға жұмыс жасайтын
Уәли Қаюм келіп, әңгімелеседі. Алайда шақырылмаған қонақты жақтырмай,
әңгімеден мейлінше тартыншақтаған Шоқай Қаюмды, тіпті, шайға да шақырмастан
шығарып салды. БұлШоқай мен Қаюмның алғашқы кездесуі еді. Өйткені, бір хат
жазғаны болмаса, Уәли Қаюм Берлинде тұрғанына қарамастан осы қалада
шығатын „Яш Түркістан„ журналымен, оның бас редақторы Шоқаймен және басқа
да түркістандық шәкірттерімен араласпайтын еді. Осы оқиғадан екі аптадан кейін,
яғни 1940 жылы сәуір айында тағы келген Уәли Қаюм бұл жолы Шоқайды
Берлинге шақырады. Бұл жолы да қонағына ыңғай бермеген Шоқай, тек ықтият
үшін әйгілі түрколог, профессор Герхард фон Мендемен хат алысқаннан кейін ғана
ықтиярсыз болғандықтан, Берлинге баруға бел байлады. Берлинге Кеңестер
Одағы, оның әскери қуаты сияқты сұрақтар сұраған қызметкерлерге өзінің тек
Түркістан аймағының жайкүйімен ғана таныс екенін, өзге жайттардан хабары жоқ
екенін айтып, жауап берді.
Мұстафаның легион құруға қатысы бар ма? Деген сұраққа жауап іздесек
Мұстафа Шоқай 1941 жылдың 27 желтоқсанында қайтыс болса,лигионды құру
жұмысы 1942 жылдың көктемінде басталды.Оның Түркістан легионын құруға
тікелей қатысы жоқ.Шығыс минстрлігі түркістандықтар ішіндегі ірі тұлға
Мұстафа Шоқайды түркі тектес тұтқындардың арасында жүргізілетін үгітнасихат
жұмысында пайдалануүшін алып келеді,алайда Шоқайдың лагерьлерді аралаған
кездегі көңіл күйі бұл мақсатқа сай келмей қалады М.Шоқайдың фашитттік
билікке бүйрегі бұрмайтынын, онымен байланысқысы келмейтінін және арада
жүрген Уәли Қаюмды жақтырмайтынын айқын аңғаруға болады. ІІдүниежүзілік
соғыс басталған күні М.Шоқай қатты дегбірі қашып, мазасызданады. Оны сол күні
фашистер Ножандағы үйінен тұтқындап алып кетеді.немістер алыпи кеткен
мұстафа Шоқайға радио арқылы түркістандықтарға үн қату ұсынады.
Тұтқындар лагерде үш апта болған соң, үйіне екі күн рұхсат берген немістер
оны Берлинге қайта алып кетеді. Өмір ағымының ыңғайында кете барған Мұстафа
Шоқай, Берлинде жүрген кезінде тіпті, есірік фашист офицері тарапынан көше
ортасында соққыға жығылады. Бұдан кейінгі өмірі аумалытөкпелі жағдайда
өткен М.Шоқай тұтқындар лагеріне жіберіледі. Отандастарының қасіретті
тағдырына қабырғасы қайысқан қайсар ер, оларды тұтқыннан босатуға, тым
болмағанда өлімнен арашалап қалуға ұмтылады. Бұл кездегі оның көңіл күйін
жазған хаттары мен күнделіктерінен айқын байқауға болады.
6 Тұтқындар лагерін аралаған кезде де оның бар арман мұратыбаудай түсіп,
қырылып жатқан тұтқындағы Түркістандық бауырларын ажал аузынан аман алып
қалу болды. Тұтқындағы қандас жауынгерлерді құтқаруға үлкен көмек жасады. Ол
жайында Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеубергенов Тастемір соғыс кезінде
неміс тұтқынында болған замандасыжерлесіміз Пірәлінің мынандай әңгімесін
есіне алады. „ Мен тұтқында жүргенде бір неміс генаралының қызметшісі болып
жүрдім. Біртебірте сенімге ие болып, сырттан поштадан хат таситын жағдайға
жеткен болатынмын. Сондай бір хатқа барған күндердің бірінде көшеде кетіп бара
жатқан машиналардың бірі тоқтай қалып, „Әй,Пірәлімісің?„ деген дауысты естіп,
жалт қарағанымда Сұлутөбелік Шоқай баласы Мұстафаның машина үстінде
тұрғанын көріп жылап жібердім.Амандықсаулықтан соң, өзі мініп жүрген машина
жүргізушісімен сөйлесті де, ертең осы жерде кездесуге шақырды. Ертесіне
Мұстафаның өзі келмей, жүргізушісі
басқа бір машинаға отырғызып,
әлдебіреулерге дайындап, Кеңес әскерлеріне қосылуыма септігін тигізген
болатын.Бір кездегі шабандоздығым бұрын дәмдестұздас болмаған адамның
сыртымнан таныпбілуінің арқасында тұтқыннан қашып шығуыма септігін тигізді„.
Сол секілді бұл күнде көзі тірі бір кездегі неміс фашистерінің тұтқынында болған
жерлесіміз Бәтейұлы Әншібек тұтқында болғанда Мұстафа Шоқайдың
тұтқындарды аралап,олармен пікірлескендерін айтады.
Ал ауыл тұрғыны
Көкішева Раушан әкесі Көкішев Нұрмаханның немістер лагерінен елімізге аман
сау оралуына Мұстафа Шоқайдың көмегінің тигендігін, бірақ елге келген соң
әкесінің сол таныстығы үшін он жылға сотталғанын айтады. Мыңдап қырылған
туғандарына қорған болу үшін тиісті мекемелерден шырылдап араша сұраған,
бірақ лайықты жауап ала алмаған Шоқай, алға қойған мақсатын белгілі бір
дәрежеде атқарып, Парижге қайтуды ойлады.
Фашистік билікпен ымыраға келе алмаған, олардың айтқанына көніп, дегеніне
жүре қоймаған Мұстафа Шоқай соңғы хатында былай деп жазды: „Мұндағы
байланыстарым бітті. Мен Парижге қайтамын деп шештім... тезірек карантинаға
жауып тастамай тұрғанда, құтылып шығуым керек„ . Есіл ердің жүрегі бір
сұмдықты сезгендей екен. Тағдыр оған Парижге жетуді жазбапты. Берлинге қайтар
кезде Шоқайдың ыстығы 40 градусқа көтерілді.Ол сүзек ауруы деген күмәнмен
Виктория ауруханасына жатқызылды.Бір апта бойы көрсетілген ем еш нәтиже
бермей,1941 жылы 27 желтоқсан күні қайтыс болды.Неміс ресми қызметкерлері
өлім себебі ретінде Ченстохав лагерінде жұқтырылып алған сүзек ауруы деп
мәлімдеді. Құпия жағдайда көз жұмған оның жұмбақ өлімінен соң әр түрлі сөздер
тарай бастады. Жұбайы Мария,жақын достары оның өліміне күмәнмен
қараған.1942 жылы 2 қаңтарда, жұма күні Берлиндегі түрік қорымына жерленеді.
Азаттық радиосы жүргізген зерттеулер барысында СанктПетербордың
мұрағаттары мен кітапханасында Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі туралы
жаңа құжаттар табылды. Әңгіме қазақтың жас жігіті Мұстафа Шоқай 19101914
жылдары оқыған СанктПетербор Императорлық институтының ісі жайында болып
отыр. СанктПетербор мен Ленинград облыстық Орталық мемлекеттік тарихи
мұрағатында сақталған №281 істе оның атыжөні «Чокаев Мустафа Чокаевич» деп
7 жазылған.
Атап айтқанда Мұстафа Шоқайдың ісіндегі №3 парақта оның 1820 жасар
кезде түскен, күні бүгінге дейін белгісіз болып келген суреті бірден көзге түседі.
Ташкенттегі «Д. В. Назаровъ» ательесінде осыдан 100 жылдан аса бұрын
түсірілген, осы уақытқа дейін түсін де, сапасын да жоғалтпаған фотосуреттің
сақталуына тіпті қазіргі фото мамандары да қызыққандай.
Бұл істің келесі №4 парағынан Мұстафа Шоқайдың СанктПетербор
университетінің ректорының атына оны студент қатарына тіркеу туралы өз
қолымен жазған өтінішін («прошеніе») оқуға болады.
Мұстафаның Ташкенттегі ерлер гимназиясын бітіргендігі туралы кәмелеттік
аттестат және кейінірек СанктПетербор университетінің заң факультетін
бітіргендігі туралы диплом оның өте қабілетті болғандығын көрсетеді.
формасы.
берілген.
қатарына
салысымен
география» сабағынан «4тік» баға алған.
Мұстафа он бір пәннің жетеуінен «5» деген баға алған. Құдай заңын үйренуден
мұсылман дінінде болғандықтан, босатылған . Латын, неміс, француз тілдері мен
«математикалық
№9 парақта Мұстафаның өзге суреті жапсырылған студенттік билеті сақталыпты.
Мұстафа бұл суретке СанктПетерборда түссе керек, өйткені үстіне кигені
студент
Төменірек, №11 парақта «Заң факультеті студентінің жазбасын..» немесе қазіргі
тілмен айтқанда студенттің есеп кітапшасын көруге болады. Мұнда да
Мұстафаның суреті жапсырылып, кітапша 1910 жылдың 6 шілдесінде, яғни
студенттер
Бұдан ары Мұстафа Шоқайдың ісіндегі №17 парақта мазмұны қызығушылық
тудыратын куәлік көшірмесі тігілген. Онда патша шенеуніктік аппаратының
бюрократтық дәстүрлеріне тән үрдіспен сөзбесөз былай деп жазылған:
(«1902 жылдың 10 наурызы. Біз, төменде қол қоюшы Гродеков болысы №3
ауылының қазақтары 1890 жылдың желтоқсан айында ауылдасымыз Шоқай
Торғаевтың заңды әйелі Бақытбикеден ұл туып, оған «Мұстафа» деп ат
қойылғанын
растаймыз.
Растап қол қоюшылар:Әліш Торғаев, Әбубәкір Әлішев, Шаймұхаммед Дүйсеманов
және Палмұхаммед Айтмұхаммедов. Балаға ат қойған молда Әбубәкір Әлішев.
Осы куәлік,
әкелінді.
Қазақшаға тілмаш,
Зерттеушілер үшін келесі құжат та қызығушылық тудыруы мүмкін. Онда жас қазақ
студентінің университетте оқу барысында қандай курстарды тыңдағаны туралы
деректер бар. Атап айтқанда, куәлікте былай деп жазылған:
«Осы куәлікті ұсынушы Мұстафа Шоқайұлы Шоқаев, мұсылман дінінде, 1890
жылы желтоқсанда дүниеге келген қазақтың ұлы. Ол Ташкент гимназиясын
бітргендігі жөніндегі 1910 жылы №1035 кәмелеттік аттестатпен Санкт
Петербордың Императорлық университетінің студенттері қатарына алынып 1910
жылғы шілдеде Заң факультетіне тіркелді. Онда төмендегі курстарды тыңдады:
Рим құқығының тарихы, рим құқығының догмасы, Орыс құқығының тарихы,
Мемлекеттік құқық, Шіркеу құқығы, Полиция құқығы, Саяси экономия,
Оспан Торғаевқа
губерниялық хатшы Ир.
Қасымов аударды».)
маған халық биі
тіркеле
8 белгілі
тұр.
еңбектері
жарияланды.
қолтаңбасы бар.
Статистика, Азаматтық құқық және Сот өндірісі, Сауда құқығы және Сот өндірісі,
Қылмыстық құқық және Сот өндірісі, Қаржылық құқық, Халықаралық құқық,
Құқық энциклопедиясы, Құқық философиясының тарихы бойынша.»)
Бұдан ары заң факультетінің деканы В.Удинцевтің және фамилиялары түсініксіз
жазылған факультет хатшысы мен заң факультеті ғылыми кеңесі хатшысының
қолдары
Аталған құжаттың ең төменгі тұсында куәлікті 1914 жылдың 29 қыркүйегінде
алғандығы туралы Мұстафа Шоқайдың өз
Жоғарыда айтылған барлық мұрағаттық құжаттар мен ондағы жаңа деректер
Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметін зерттеушілер үшін нақты деректер береді.
Бүгінде Қазақстанда, Ресейде және өзге де бірқатар елдерде Мұстафа
Шоқайдың өмірі мен қызметі туралы барынша мол мақалаларды табуға болады.
Тек Қазақстанның өзінде Мұстафа Шоқайдың «Түркістан Советтердің үстемдігі
астында», 2 томдық «таңдамалылары», «Түркістандағы төңкеріс. Ақпан дәуірі»
атты
2002 жылы Мәскеуде шыққан «Ресейдегі азамат соғысы:оқиғалар, пікірлер,
бағалар» деген кітапта оның «Орта Азиядағы ұлттық қозғалыс» атты еңбегі
жарияланды.
Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. Кавказ елдерінің, Түркияның және Батыс Еуропаның
газеттерінде түрік, француз, ағылшын, неміс тілдерінде жарияланған Шоқайдың
толып жатқан мақаласы әлі күнге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылған жоқ.
Олар
Алаштың қаһарман қайраткерінің мерейтойы қарсаңында елімізге Түркиядан
сүйінші хабар жетті. Жақында Мұстафаның осы уақытқа дейін көпшілікке
беймәлім болып келген жеке қолжазбаларының бір бөлігін ТҮРКСОЙ
халықаралық ұйымы тауып, елге алып келіп, Қазақстан Республикасы Орталық
мемлекеттік мұрағатына табыс етті.
Табылған құжаттардың жалпы саны – 100, 340 бет материалды құрайды.
Бұлардың негізгі бөлігі – Мұстафа Шоқайдың өзі эмиграцияда болған кезінде
Украина, Әзірбайжан, Осетия, Гүржістан т.б. елдердің ірі қайраткерлерімен
жазысқан хаттарының түпнұсқасы. Хаттардың жалпы саны –84, 188 бет. Сондайақ
құнды мұраның қатарында оның алты төл мақаласының түпнұсқасы табылған.
Бұған қоса, Мұстафа Шоқаймен эмиграцияда болған басқа да адамдардың үш
мақаласы, бір романы және Мұстафаға Түркістан ұлттық орталығы атынан 1940
жылы берілген өкілеттік куәлігі секілді құжаттар да бар.
Мұстафа Шоқайдыдың өмірі және қызметін зерттеуші Әбдуоқап Қ ара
Мұстафаның Францияда тұрған үш үйін анықтады.Бірінші 1924 жылға дейін
тұрған үйі.Үй аздап өзгертілген.Екінші192933 жылдардағы тұрағы.Бұл үй сол
қалпында сақталған.Үшінші 193341 жылдары ол тұрған бес қабатты үй.
Сонымен қатар Париждегі Шығыс тілдері өркениет институтындағы
Мұстафаның мол мұрағаттарымен танысып,Мұстафаның алты тілде бірдей жазған
еңбектерімен танысты.Атап айтсақ Мұстафа орыс,ағылшын,француз,шағатай,түрік
және қазақ тілдері.
зерттеушілерін
жатыр.
күтіп
өз
9 Мұстафаға қатысты француздардың арасында мынадай әңгіме көп айтылады.
Адамзатты қан жылатқан ІІ дүниежүзілік соғыс басталған кезде Мұстафа
Шоқайдың жанында жүрген азаматтардың көбі әр жаққа өтіп кетіпті. Тек атамыз
жалғыз қалып қойған көрінеді. Сонда француздар келіп: «Сен неге кетпей қалып
қойдың?» деп сұраса, Мұстафа: «Мен үшін қымбат әрі қасиетті ең бірінші – туған
жерім. Екінші – тұрған жерім. Мен осында келгенде жақсы қабылдадыңдар. Қазір
сіздермен бір қатардамын. Жауға бірге баруға даярмын. Франция – менің екінші
отаным!» дегенде француздар қатты риза болған деседі. Содан бері Франция халқы
Мұстафа Шоқайды өте жоғары бағалайды. Қ азіргі таңда Мұстафа Шоқай тұрған
Ножансюр Марн қаласындағы өлкелік мұражайдан Мұстафа Шоқайға арналған
бұрыш ашылды.Сонымен қатар Мұстафаның өмір жолын,еңбегімен негізгі идеясын
естелік кітап етіп жазған адал жар Мария Шоқайдың бейіті франция жерінде.
Қазақ француз достық қауымдастығының төрағасы Яшар Дініш өтінішімен бұл
бейіт
сақталатын болды.
Мұстафа Шоқай жалғыз қазақ халқының ұлы перзенті ғана емес,ол кезінде
бодандық жағдайда өмір сүріп жатқан, бостандыққа ұмтылған барлық түркі
халықтарының, кавказдықтар мен украиндықтардың ортақ ұлы бола білді Ол
ұлттардың тарихи даму барысында жоқ болып кетуін жақтайтын большавиктерді
де,әсіресе ұлтшыл,нәсілшіл Германияны да бірдей жек көрді.Кеңес одағын емес,ол
жүргізіп отырған отаршылдық саясатқа қарсы тұрды, халықтар арасындағы
ынтымақ пен бірлікті уағыздады.
тарихи орын ретінде
бұзылмай
Мұстафа Шоқай кеңес өкіметі кезінде қудаланған өзге ұлт зиялылары секілді
Қазақстанда ақталғалы да 20 жылдай уақыт болып қалды. Елінің ғана емес, бүкіл
түркі дүниесінің тәуелсіздігі үшін күресіп, «Ұлы Түркістан» идеясын ұстанған
Мұстафа Шоқайды азат ойшыл ретінде кейінгі ұрпақтың зердесіне жеткізу
мақсатында кітаптар,деректі филмдер түсірілді жақында «Қазақфильм»
киностудиясы «Мұстафа Шоқай» көркем фильмін түсірген.
19291939 жылдары аралығында Францияда Мұстафаның „Жас
Түркістан„ журналына жариялаған мақалаларын елімізде 1998 жылдың көктемінен
бастап Мұстафа Шоқай атындағы 1996 жылда құрылған қоғамдық қордың
басшылығымен екі томдық жинақ болып туған елі Қ азақстанда шықты.
Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша қайраткердің туған жері Қ ызылорда да
Мұстафа Шоқай атындағы музей қолға алынып, Қ ызылорда да ескерткіш
қойылды.Сонымен қатар ел ардақтысының өзінің туған ауылы Сұлутөбе 2000
жылдан бері Мұстафа Шоқай ауылы аталып, ол жерге қайраткердің ескерткіші
қойылған. Және ауылдағы № 41 мектепке Мұстафа есімі берілген. Астана,
Алматы, Қызылорда қалаларында Мұстафа Шоқай атында көшелер бар.
Ұшантеңіз білім мен ұлтжандылығы керемет ұштасқан ұлы тұлға бүгінгі
ұрпақ үшін таптырмайтын үлгі.
10 Ұсыныстар:
1. Мұстафа еңбектері мектеп оқулықтарына енгізілсе.
2. Мұстафа Шоқайдың өмір деректері толық зерттелсе.
3. Кеңес үкіметі тарапынан М.Шоқайға таңылған жалған айыптаулар толық
ашылып, өз алдына кітап болып шықса
11 Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әмірхан Бәкірұлы Мұстафа Шоқай
2. „Мұстафа Шоқай„ 12 том, Алматы „„
3. Әлімсақ №2 2009 ж Қайнар
4. М.Қ озыбаев Тарих зердесі 2кітап 16бет
5. Егемен Қ азақстан 2007 жылы 18 мамыр 4бет
6. Әбдуоқап Қара Мұстафа Шоқай
7. Сыр бойы 5 қаңтар 2008 жыл 4бет
8. Жаңақорған тынысы №17, 2004 жыл 7 мамыр
12 Аннотация
Мұстафа Шоқай – тәуелсіздік жаршысы атты ғылыми жобада арманы асқақ
жандардың бірі өмірі жұмбаққа толы,бүгінгі ұрпақ біле бермейтін қалтарысы мен
құпиясы көп аса көрнекті тұлға жайында көптеген тұшымды да толыққанды
мәліметтер келтірілген.
Жас зерттеуші жобада ғылыми деректермен таныса отырып,өзіндік ұсынысын
пікірлерін
газет
материалдарынан,ауыл тұрғындарымен сұхбаттаса отырып,Мұстафаның неміс
басқыншыларына қызмететпегенін дәлелдегісі келеді.
Бұл ғылыми жобада қазақ халқының жалпы түркі тектес мұсылмандар
қауымының теңдігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен асқақ мұратты азамат екендігін
ашуға тырысқан.
оқулықтардан,
айтады.Жобада
жас
зерттеуші
Аннотация
13 В научном исследовании «Мустафа Шокай — вестник независимости» приведены
сведения о человеке с высокими идеалами и мечтами, чьё имя известно нынешнему
поколению, о видном деятеле современности.Также были опубликованы сведения
о неизвестных и загадочных сторонах жизни борца.
Знакомя с приведёнными сведениями, юный исследователь выражает свою
точку зрения.В процессе работы исследователем было прочитано много научных
книг, газетных материалов, были проведены встречи с людьми, которые были
знакомы с Мустафой Шокаем.Все эти полученные сведения опровергли мнения,
что Мустафа Шокай был в тесном контакте с немецкими завоевателями.
В научном исследовании ученица сумела раскрыть личность человека,
который был борцом за независимость и равноправие казахского народа,всего
тюркского общества, в том числе и мусульманского.
Аннотация
This science work called Mustafa Shokhay is a messenger of independence. This
science work will educate us about Mustafa Shokhay’s secret life and we will know
which we didn’t know secret of hiz life.
The young researcher will introce us about her researching of books and newspaper
materials and her talking about villege people about Mustafa Shokhay’s life and his
work.
With these news we will prove Mustafa Shokhay didn’t be a German fascist.
Kazakh’s independence which have taken with Mustafa Shokhay. And we have known
Mustafa Shokhay is a hero for Kazakh Independence.
14
Мұстафа Шоқай- тәуелсіздік жаршысы
Мұстафа Шоқай- тәуелсіздік жаршысы
Мұстафа Шоқай- тәуелсіздік жаршысы
Мұстафа Шоқай- тәуелсіздік жаршысы
Мұстафа Шоқай- тәуелсіздік жаршысы
Мұстафа Шоқай- тәуелсіздік жаршысы
Мұстафа Шоқай- тәуелсіздік жаршысы
Мұстафа Шоқай- тәуелсіздік жаршысы
Мұстафа Шоқай- тәуелсіздік жаршысы
Мұстафа Шоқай- тәуелсіздік жаршысы
Мұстафа Шоқай- тәуелсіздік жаршысы
Мұстафа Шоқай- тәуелсіздік жаршысы
Мұстафа Шоқай- тәуелсіздік жаршысы
Мұстафа Шоқай- тәуелсіздік жаршысы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.