Музыкалық шығармаларды қабылдауды қалыптастырудың негізгі кезеңдері мен әдістері
Оценка 4.6

Музыкалық шығармаларды қабылдауды қалыптастырудың негізгі кезеңдері мен әдістері

Оценка 4.6
Семинары
doc
музыка
8 кл—9 кл
02.12.2020
Музыкалық шығармаларды қабылдауды қалыптастырудың негізгі кезеңдері мен әдістері
Музыка Муханова Еркежан 41.doc

Орындаған: Муханова Еркежан 41 топ

Музыкалық шығармаларды қабылдауды қалыптастырудың негізгі кезеңдері мен әдістері

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақтың аспаптық музыкасының даму кезеңдері?

XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысы қазақтың аспапты музыкасының біршама  дамыған кезеңі болды. Өйткені Ұзақ, Баламайсан, Байжұма, Боғда, Қуандық, Есжан, Сарша сияқты халық композиторлары сол уақыттың өкілдері. Осы аталған күйшілер халықтың өмірі мен тұрмысын өз шығармашылыға арқау етіп, болашақ шәкірттеріне жол салды.

Бастапқы даму кезеңінде халық музыкасы діни және тұрмыс-салт, дәстүр сабақтастығын жырлауға арналған құрал ретінде қаралды.

Тек ХІХ ғасырда қазақ музыкасы діни әуендерден арылып, толық қанды көркемөнер саласы болып дами бастады. Осы кезеңде аспаптар ақындар айтысы, өлең өнері халық арасында кеңінен тарап, рухани қолдау тауып, қарқынды алға басты. Әртүрлі жанрлар қалыптаса бастады.

ХІХ-шы ғасырдың қазақ кәсіби музыканттары өздерінің музыкалық шығармаларын орындауымен қатар, сөз өнері, импровизация, өте жоғары дәрежедегі вокалдық техника, музыкалық аспаптарда виртуоздық орындауымен, театр және цирк өнерінің элементтерін араластырғаны орта ғасырдағы Батыс Европа музыканттар арасында дамыған жанглер, трубадур, трувер, мейстер, миннизингерлер өнерімен бір дәрежеде қарастыруға болады.

 

2.Аспаптык музыканың дамуына үлес қосқандар ?

  Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) – қазақ аспап өнерінің күйші композиторы. Ол Бөкей Ордасының аумағындағы Жиделі деген жерде өмірге келген. Ұлы күйші өмір бойы әлеуметтік бостандық үшін күрескен. Күйлері халықтың өр еркіндігі, туған жер, шегі жоқ дала туралы болып келеді;

  Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887) – ұлы күйші композитор, домбырада ойнау өнерінде лирикалық бағыттың негізін қалаушысы. Оның көзқарасының қалыптасуына 1836-38 жылдарында болған көтеріліс ықпал етті. Дәулеткерей Шығайұлының шығармалары өзінің шеберлігі, сергектік қуатымен таң қалдырады. «Қоңыр», «Топан», «Жігер» күйлері композитордың жан толқынысы арқылы сазгердің ойларын жеткізеді;

   Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) – көрнекті күйші-композитор, XIX ғасырдың домбыра өнерінің негізін қалаушысы, шертпе стиліндегі күйлердің қайталанбас авторы мен орындаушысы. Тәттімбет Қазанғапұлының 40-тан астам күйлері белгілі. Тәттімбет Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туып өскен. Оның көптеген күйлері аспаптық музыканың дәстүрлі жанрының әзірлемелері болып келеді. 1855 жылы Тәттімбет өмірінде елеулі оқиға болды. Ол Александр II патшаны ұлықтау рәсіміне қатысып, күй тартып өнер көрсеткені үшін күміс медальмен марапатталды; Қаратау күйшілік мектебіндегі негізгі тұлға – Сүгір Әлиұлы. Шертпе күй шебері, қазақтың аспаптық өнерінде өшпес із қалдырған Сүгір өзіне дейінгі Тәттімбет Тоқа, күйлерін жете меңгере отырып, түр, мазмұн, көркемдік жағынан байытып, дамыта түсті. Әйгілі қобызшы Ықылас Дүкенұлын өзіне ұстаз тұтқан; Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) – күйші-композитор, қобызшы. Оның 30-дан астам күйлері сақталған. Ол Қорқыттан келе жатқан қобыз өнерін жаңғыртты. Ол елдегі әйгілі аңыздар мен эпостық әңгімелерді көрсететін күйлерді шығарған. «Жезкиік», «Қамбар», «Қазан», «Шынырау»;

   Дина Нұрпеисова (1861-1955). Дина Батыс Қазақстанда өмірге келген. Тоғыз жасыннан домбырада ойнауды бастаған. Дина – Құрманғазының дарынды шәкірті, көрнекті күйші композитор. Дина көптеген ән үлгілерін шығарған. Өз еңбегі үшін ол Қазақстанның халық әртісі деген атаққа ие болған. Оның «Бұлбұл», «Әсемқоңыр» деген күйлері қазақ музыкасының алтын фондында сақталған;

   Әбікен Хасенов (1843-1916). Әбікен Қарағанды облысында өмірге келген. Ол талантты актер және композитор. Шертпе күйінің шебері, Тәтімбеттің ойнау тәсілдерін жетілдіре үйренген. «Қоңыр» күйі қазақ өнерінің тарихында ерекше орын алады. Актерлік және сазгерлік шеберлігі үшін Әбікен Қазақстанның еңбегі сіңген әртісі атағына ие болған.

 

3. Әншілік дәстүрдің мектебі.

ХХ-шы ғасырда қазақ музыка мәдениеті музыкалық жаңа формалар және жанрлармен байытылды. Азғантай уақыт аралығында бүкіл классикалық Европа музыка өнерін-операны, симфонияны, балетті, контатаны, ораторияны, ансамбльді, оркестрді, хор орындаушылық формасын меңгеріп қана қоймай, жазбаша типтегі музыка өнерінің жаңа кәсіби сазгерлік мектептерін ашты. 

 “Дәстүрлі әншілік мектептер” өзара іштей топқа бөлінеді.
1. Арқа мектебі
2. Сыр мектебі
3.Жетісу мектебі

Арқа мектебіне жататын әншілеріміз-Ақан Қарамсаұлымен, Біржан Қашағұлұлы.

Халықтық ән дәстүрінде орындаушылық ерекшеліктеріне қарай аймақтық мектептерге бөле оқыту тәжірибесі қалыптасқан. Жалпылай айтқанда, шартты түрде Арқа мектебі, Жетісу мектебі, Батыс Қазақстан (Мұхит Мералиев) мектебі деп бөлінеді.                                                                    

1.      Арқа мектебі –қазақы әншіліктің мейлінше дамыған саласы болып табылады. Арқа мектебінің өкілдері деп –Біржан, Ақан, Балуан Шолақ, Майра Уәлиқызы, Шашубай, Тайжан т.б. саңлақтарды атауға болады. Арқа әндері біркелкі еркін ырғақпен айтылады, диапозоны мейлінше кең болады. Арқа әндерінің кәсіби мектебін жасағандар – Ж.Елебекеов, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосыновтар, бұлардан өзге, ән өнерінде ерекше із қалдырған Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, Қ.Бабақов, Қ.Лекеров, Б.Жылқыбаев, М.Ержанов,  Ж.Омарова, Р.Есімжанова, Р. Қойшыбаева, М.Көшкінбаев, И.Әлібаев,    Ж.Қартабаева, Л.Сүйіндікова, М.Ешекеевтердің  атын атай аламыз.

2.      Жетісу мектебі– қазақтың көне әндерінің, әсіресе халықтық әуендердің мол сақталған әншілік өнер шоғыры саналады, орындалуы мен домбырада сүйемелденуі Арқа әндеріне өте ұқсас, сондықтан бұл мектептің өкілдерінің репертуарында Арқа сазгерлерінің әндері де кең орын алады. Жетісу әншілігінің көрнекті өкілдері ретінде Жамбыл, Кенен, Қапез, Пішан, Дәнеш Рақышевтарды атай аламыз. Жетісу ән мектебінің кәсіби тұғырын қалаған –Ж.Кәрменов, оның ізін жалғастырушы шәкірті – Е.Қосбармақов.

3.      Батыс Қазақстандық әншілік мектеп– еліміздің батыс өлкесінде дамыған әншілік өнер. Бұрынғы Бөкей Ордасының жерінде шырқалған төкпелі жыр негізінде синтезделген желдірмелі ән Мұхит арқылы жаңа белеске көтерілді.

Мұхит әндері Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе жерінен бастау алып Сыр мен Арқаға дейін қанатын жайған. Бұл мектептің басында Ғарифолла Құрманғалиев тұр, Ғарифолла Құрманғалиевпен үзеңгілес өнерпаз ретінде Әли Құрмановтын есімін құрметпен атай аламыз. Ғ.Құрманғалиев осы мектептің жеке арнаға айналып үлкен өнер саласы болуына көп тер төкті. Ғарифолла мектебінен шыққан оның шәкірттері –  Қ.Бекбосынов,Қ.Орашева, Қ.Рахимова, А.Дәрібаева,  Ж.Сәрсенғалиев. Қ Ақтаев. М.Төрешов, Қ.Бердіғалиев, Ә.Еңкебаев, Қ.Құлышева, С.Таутаева, С.Рахметжанов,  С.Әбдірахманов, С.Жанпейісова, С.Мырзабаева, А.Қосанова, Қ.Кәкімовтар.

 

4. Халық әндерінің ерекшеліктері қандай?

Кез келген халықтың ғасырлар бойы жасалған мәдениеті болады. Оның бір саласы тарих болса, келесі бір арнасы - әдебиет пен өнер. Өз кезегінде өнер де сала-салаға жіктелелі. Оларды қол өнері, сүрет онері, сәулет өнері және саз өнері дейміз. Халкымыздың ғасырлар тереңінен жеткен саз өнері үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және аспаптық дәстүр. Зерттеушілердің анықтауынша, бұл екеуінің ерте туғаны — ән. Ән - халық мұрасы. Халық әндері — сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, коңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар. Ең алдымен, ән — өнер. Ән - адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән - табиғат сүреттемесі. Ән – халыктың өмір айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік ән арқауына айналып отырған. Ерте дәүірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі қазақ халқының бақсылық дәстүрінен XIX ғасырға дейін көрініс тауып келді. Халық әндері және олардың жанрлық стильдік ерекшеліктері. Тарихи, лирикалық әндер, айтыс өнері, оның музыкалық - поэтикалық құрылымы
Кез келген халықтың ғасырлар бойы жасалған мәдениеті болады. Оның бір саласы тарих болса, келесі бір арнасы — әдебиет пен өнер.
Өз кезегінде өнер де сала - салаға жіктеледі. Оларды қол өнері, сүрет өнері, сәулет өнері және саз өнері дейміз.
Халқымыздың ғасырлар тереңінен жеткен саз өнері үлкен екі арнада көрінеді.
Олар: ән және аспаптық дәстүр.

 

Үйге тапсырма:

3.                  Қазақтың аспаптық музыкасының әуендерін  жинау.    

Ø  https://www.youtube.com/watch?v=LSrXCFKuthg

Ø  https://www.youtube.com/watch?v=JXDHXH8kryY

Ø  https://www.youtube.com/watch?v=snrPiJimX0Q

Ø  https://www.youtube.com/watch?v=KkrRzmMAGW8

Ø  https://www.youtube.com/watch?v=xjwFpi1D4Mc

Ø  https://www.youtube.com/watch?v=zZ_J1s_JtBc

 

4.     Қазақтың аспаптық  музыкасына үлес қосқан ғұламалар жайлы деректер жинақтау.         

Қазақтың аспапты музыкасының көрнекті өкілдері Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Байсерке сияқты классик халық композиторларының әрқайсысының өзіндік мектебі, орындаушылық шеберлік жолы бар.                            

Азамат соғысы жылдарында Қазақстан музыкасы жаңа тақырыптармен толыға түскен еді. Алғашқы революцияшыл қазақ әндері туды. Ақындар мен әншілер Кеңес өкіметі идеяларын насихаттауда маңызды рөл атқарды. Әсіресе Сәкен Сейфуллиннің «Жас қазақ марселъезасы» атты революциялық рухтағы әні кең таралды.

Азамат, жүнжіме, жүрме бос

Қол ұстас, бірігіп тізе қос!

Ту ұстап дұшпанға барайық,

Теңдіктің ұранын салайық.

Тізесін батырған залымнан

Күн туды біз теңдік алайық!

Қазақстанның уездік орталықтарында жергілікті органдар Музыкалық мекемелерді ұйымдастыруға баса көңіл бөлді. Бұл халықты саяси ағарту міндеттеріне байланысты еді.

1919 жылы Ақмолада музыкалық мектеп, ал келесі жылы театр, музыка және би үйірмелері бар Халық үйі ашылды. Осы жылы Верныйда жергілікті гарнизонның мәдени ағарту коллегиясы жанынан П.М.Виноградовтың бастамасымен Қызыл әскерлер хоры ұйымдастырылды. Ұзамай-ақ қалада әскер пәлімдері мен парктерде ойнайтын симфониялық оркестр жұмыс істей бастады. 1920 жылы Орынборда музыка мектебі мен музыка кітапханасы, сондай-ақ халық аспаптары оркестрлері үшін көркемдік репертуар құрастыратын комиссия ұйымдастырылды. Петропавлда осы жылы халықтық консерватория ашылды. Бұл жылдары ұйымдастырылған музыкалық мекемелер радио мен теледидардың орнына халыққа идеологиялық тәрбие беруде маңызды рөл атқарды.

Халық арасынан талантты орындаушыларды іздеп тауып, кеңестік музыкалық ұжымдарға тарту үшін слеттер мен байқаулар өткізіле бастады. Қазақстанның көптеген аудандары мен облыстарында әншілер, ақындар, музыканттар байқауы тұрақты өткізіліп тұрды. 1922 жылы Қарқаралыда өткен байқауда бірінші орынды талантты әнші Ғаббас Айтпаев иеленді. 1924 жыды Петропавлда ірі ақын, сазгер әрі әнші Ыбырай Сандыбаев қатысқан слет өтті.

1923 жылы Мәскеуге Ә.Қашаубаев, И.Байзаков, Е.Өмірзақов, Ғ.Айтпаева, Қ.Байжанов, Қ.Жандарбеков, т.б. қазақ әншілері мен музыканттары шақырылып, концерт қойды. 1925 жылы жаңа астана Қызылордада Әміре ҚашаубаевИса Байзақов, Елубай Өмірзақов, т.б. қатысуымен қазан халық музыкасының үлкен концерті өтті.

Қазақ музыка мәдениетін зерттеу және насихаттау ісінде қазақ музыка фольклорын қажымай жинаушы сазгер Александр Викторович Затаевичтің (1869—1936 ) рөлі үлкен. Орынборға 1920 жылы келген ол 3 жыл ішінде 1500-ден астам қазақ әндері мен күйлерін жазып алды. Республика үкіметі А.В.Затаевичтің еңбегін жоғары бағалап, оған 1923 жылы 9 тамызда Қазақ АКСР-нің Халық әртісі атағын берді. Ол барлығы — 2300 шығарма жазып алған, оның ішінде ұйғыр, дүнген, өзбек, қарақалпақ, татар, корей ұлттық музыкалары да бар. «Қазақ халқының 1000 әні» деген алғашқы жинағы 1925 жылы Орынборда, ал «Қазақ халкының 500 әні мен күйі» деген екінші жинағы 1931 жылы Алматыда жарық көрді. Ол жинаған қазақ халқының бай музыкалық қазынасы дүние жүзі елдерін Қазақстанның өзіндік музыка өнерімен таныстырды.

1926 жылы Қызылордада қазақ театры ашылып, Қазақстанның музыкалық орталығына айналды. Ол өзінің алғашқы онжылдығы бойында негізінен музыкалық театр болды. Қазақ көрермендерін тарту үшін театрда спектакльден кейін концерт берілетін.

1931 жылы Алматыда қуатты радио тарату станциясы жұмыс істей бастады. Радиоорталықта түңғыш қазақ кәсіпқой хоры ұйымдастырылды. Ұлттық өнер кадрларын даярлау үшін Алматыда 1932 жылы театр-музыка техникумы ашылды. Бұл республикадағы тұңғыш өнер оқу орны еді, сондықтан онда жұмыс істеу үшін қазақ тілін білетін және музыкадан теориялық білімі бар жігерлі адамдар қажет болды. Сондай мамандардың бірі — Ахмет Қуанұлы Жұбанов еді.

1933 жылы 29 сәуірде ғылыми-зерттеу кабинеті мен Алматы музыкалық-драмалық техникумының музыкалық-тәжірибелік шеберханасына музыкалық фольклорды зерттеу және қазақ халық аспаптарының үнін жетілдіру міндеті жүктелді. Жұмысқа А.Жұбанов басшылық жасап, Е.Брусиловский және ағайынды Прокофий мен Эмануэль Романенколар сияқты мамандар тартылды. ҚұрманғазыДәулеткерей, Абыл, ТәттімбетҚазанғап, Ықылас, Сармалай, Сейтек, т.б. күйшілердің көптеген күйлері жазылып алынады.

А.Жұбанов кәсіби музыкалық білім жүйесінде домбырада және қобызда нотамен ойнауды үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтерді.

Жемісті еңбек нәтижесінде көлемі және дыбысталуы әр түрлі домбыралар квартетін: прима, тенор, альт және бас домбыраларын жасап шығарды. А.Жұбановтың басшылығымен техникумның 11 студенті кішігірім домбыра оркестрін құрды. 1934 жылы маусымда халық өнер қайраткерлерінің I слеті болды. Домбыра ансамблін есепке ала отырып, Қазақ ОАК-нің төралқасы «Ағарту халкомы жанынан халық өнері қайраткерлерінің I слетіне қатысушылардан халық аспаптарының ұлттық оркестрін құру... Оркестрді республикалық бюджеттен қаржыландыруға қосу туралы» қаулы қабылдады. Оркестр құрамына техникум студенттерімен катар халық музыкасының шеберлері енгізілді. Дирижері және көркемдік жетекшісі А.Жұбанов болды.

1935 жылы осы оркестрдің негізінде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. Филармония республикадағы музыкалық-концерттік жұмыстың ұйымдастырушы орталығы болды. 1935 жылдың жазында халық аспаптары оркестрі Қазақстан бойынша тұңғыш гастрольге шықты. Оркестрдің репертуарындағы Кұрманғазының «Сарыарқа», «Серпер», «Балбырауын», Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйлерін халық жылы қабылдады.

1936 жылы мамырда Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті. 23 мамырда Үлкен театрда өткен қорытынды концертте партия мен үкімет басшылары қатысты. А.Жұбанов басқарған оркестр өзінің ең таңдаулы шығармаларын орындады. 1936 жылы 3 қарашада Қазақ АКСР ОАК-нің қаулысымен А.Жұбановқа және солист әншілер У.Қабиғожин мен Л.Мұхитовқа республикаға еңбек сіңірген әртіс атағы берілді.   А.Жұбанов оркестрге орыс және шетел классикасын, М.И.Глинканың «Руслан мен Людмила», П.И.Чайковскийдің «Қарғанын мәткесі», Ф.Шуберттің «Музыкалық сәт» операларынан үзінділер енгізді. 1938 жылдың қазан айынан бастап оркестрге Латиф Хамиди жетекшілік етті.

Сөйтіп, 30-жылдардың соңына дейін Қазақстанның көсіпқой музыка өнері даму үстінде болды. Білімді қорландыру, дарынды орындаушыларды анықтау, музыкалық ұжымдар үшін талантты жастарды таңдап алу жұмыстары жүргізілді. 30-жылдардың соңына қарай республикада қалыптасқан кәсіпқой музыкалық мәдениетте Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетінің өзіндік белгілері әлі де сақталған болатын.

 

5. Тапсырма Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін әртүрлі орындауда тыңда.

1) https://www.youtube.com/watch?v=F4Cudz8eLVw

2) https://www.youtube.com/watch?v=RLFqImtqNms

3) https://www.youtube.com/watch?v=eePW1xgMxjc  


Скачано с www.znanio.ru

Орындаған: Муханова Еркежан 41 топ

Орындаған: Муханова Еркежан 41 топ

Хасенов (1843-1916). Әбікен Қарағанды облысында өмірге келген

Хасенов (1843-1916). Әбікен Қарағанды облысында өмірге келген

Халық әндері — сарқылмас қазына

Халық әндері — сарқылмас қазына

Халық арасынан талантты орындаушыларды іздеп тауып, кеңестік музыкалық ұжымдарға тарту үшін слеттер мен байқаулар өткізіле бастады

Халық арасынан талантты орындаушыларды іздеп тауып, кеңестік музыкалық ұжымдарға тарту үшін слеттер мен байқаулар өткізіле бастады

Кұрманғазының «Сарыарқа», «Серпер», «

Кұрманғазының «Сарыарқа», «Серпер», «
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.12.2020