«Құмырсқа туралы ертегі»
Оценка 5

«Құмырсқа туралы ертегі»

Оценка 5
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
Взрослым
25.12.2018
«Құмырсқа туралы ертегі»
Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіре отырып балалармен бірге жұмыс жасау. Ертегі кейіпкерлеріне талдау жасау. Құмырсқаның еңбекқорлығын атап өту. Сөздік жұмыс:Құмырсқа-муравей Тышқан-мышь Түлкі-лиса Қоян-заяц Торғай-воробей Көбелек-бабочка Жабдықтар: суреттер, презентация. Кіріспе бөлім: Балалар мен сендерге қызықты ойын алып келдім. Ойнағыларын келе ме?Аяқпенен тарсылдатып билеймізҚолды соғып басымызды изейміз Қолымызды көтереміз Қолымызды түсіреміз Қолымызды ұсынамыз Ал шығайық сайланып Жүгірейік айналып. Балалар көңілдерін көтерілді ме? Біз бүгін «Достық» жайында әңгімелесеміз. -Балалар,айтыңдаршы. Достықты қалай түсінесіңдер? -Дұрыс айтасыңдар, дос дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы. Дос деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан. Бүгін мен сендерге «Достық» ертегісін айтып беремін. Автор: Бір күні Құмырсқа жаңбыр астында қалды. Қайда тығылуға болады? Қараса, алқапта кіп-кішкентай саңырауқұлақ өсіп тұр. Жүгіріп барып, сол саңырауқұлақтың әдемі қалпақшасының астына тығылды. Жауын сіркіреп жауып тұр. Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып Көбелек келеді: Көбелек: -Құмырсқа, Құмырсқа! Үстім су болды, ұша алмаймын. Саңырауқұлақтың астына мен де тығылайыншы! Құмырсқа: -Мен сені қайда кіргіземін?! Өзім де әрең сиып тұрмын, — дейді ол. Көбелек: -Түк те етпейді! Көңіл жақын болса, жер тарлығы оқа емес! Автор: Құмырсқа Көбелекті саңырауқұлақтың астына кіргізді. Жаңбыр тіпті қатты жауа бастады. Осы кезде Саңырауқұлақтың қасына ентіге жүгіріп Тышқан келеді. Тышқан: -Кіргізіңдерші мені! Үстімнен су сорғалап тұр! — дейді Тышқан
көркем әдебиет.docx
«Балдәурен» ортаңғы    тобына арналған ұйымдастырылған оқу  іс­әрекетінің конспектісі Тәрбиеші : Бексултанова Д.С Білім беру саласы: «Коммуникация»  Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы:« «Құмырсқа туралы ертегі»  Мақсаты: Ертегі мазмұнын  түсіндіре  отырып  балалармен  бірге жұмыс  жасау. Ертегі  кейіпкерлеріне талдау  жасау. Құмырсқаның  еңбекқорлығын  атап  өту. Сөздік жұмыс:Құмырсқа­муравей Тышқан­мышь Түлкі­лиса Қоян­заяц Торғай­воробей Көбелек­бабочка Жабдықтар: суреттер, презентация.   Кіріспе  бөлім: Балалар мен сендерге қызықты ойын алып келдім. Ойнағыларын келе ме? Аяқпенен тарсылдатып билеймізҚолды соғып басымызды изейміз Қолымызды көтереміз Қолымызды түсіреміз Қолымызды ұсынамыз Ал шығайық сайланып Жүгірейік айналып. Балалар көңілдерін көтерілді  ме? Біз бүгін  «Достық» жайында  әңгімелесеміз. ­Балалар,айтыңдаршы. Достықты қалай түсінесіңдер?  ­Дұрыс  айтасыңдар, дос дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы. Дос  деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан. Бүгін мен сендерге «Достық» ертегісін айтып беремін. Автор: Бір күні Құмырсқа жаңбыр астында қалды. Қайда тығылуға болады? Қараса,  алқапта кіп­кішкентай саңырауқұлақ өсіп тұр. Жүгіріп барып, сол саңырауқұлақтың әдемі  қалпақшасының астына тығылды. Жауын сіркіреп жауып тұр. Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып  Көбелек келеді: Көбелек: ­Құмырсқа, Құмырсқа! Үстім су болды, ұша алмаймын. Саңырауқұлақтың астына мен де  тығылайыншы! Құмырсқа: ­Мен сені қайда кіргіземін?! Өзім де әрең сиып тұрмын, — дейді ол. Көбелек: ­Түк те етпейді! Көңіл жақын болса, жер тарлығы оқа емес! Автор: Құмырсқа Көбелекті саңырауқұлақтың астына кіргізді. Жаңбыр тіпті қатты жауа бастады. Осы кезде Саңырауқұлақтың қасына ентіге жүгіріп Тышқан келеді. Тышқан: ­Кіргізіңдерші мені! Үстімнен су сорғалап тұр! — дейді Тышқан жалынып. Көбелек пен Құмырсқа: ­Сені қайда кіргіземіз?! Көрмейсің бе, өзімізге де орын жетпей тұр! Тышқан: ­Сығылысып көрейікші?! Автор: Үшеуі сығылысып, саңырауқұлақтың астын паналайды. Ал жаңбыр болса, тоқтар емес, шелектеп құйып тұр. Саңырауқұлақтың қасына секіріп  Торғай келді. Торғай: ­Қауырсындарым су болды, қанаттарым шаршады! Жаңбыр біткенше саңырауқұлақтың  астына кіруге бола ма? Демалып, қанаттарымды, үстімді кептіріп алайыншы! — деп жылап  жіберді кішкентай Торғай. Құмырсқа, Көбелек,Тышқан: ­Орын жоқ қой, сені қайда кіргіземіз? Торғай: ­Өтінемін, жылжып көріңдерші! ­Жарайды, кіре ғой! Автор: Құмырсқа, Көбелек, Тышқан жылжып, саңырауқұлақтың астына Торғайды да  кіргізді. Осы арада алқапқа ырғып шыққан Қоян саңырауқұлақты көріп айқай салды. Қоян: ­Құтқарыңдар! Менің артымнан Түлкі қуып келе жатыр, қай жерге тығыламын, қай жерге  жасырынамын? Көмектесіңдер! Құмырсқа: — Тағы қысылысып көрейікші, Қоян сондай аянышты болып тұр! — деді Құмырсқа. Қоян да тығылып үлгерді,  дәл сол кезде Түлкі жүгіріп келді. Түлкі: ­Қоянды көрдіңдер ме? — деп сұрады. ­Жоқ, көрмедік. Түлкі саңырауқұлаққа жақындап, тұмсығымен түрткілеп иіскей бастады. ­Осы жерде Қоян тығылып тұрған жоқ па? ­Ол бұл жерде қалай тығылады, өзіміз сығылысып зорға сыйдық! Автор: Түлкі сары құйрығымен әрі­бері бұлаңдатып кетіп қалды. Осы кезде жаңбыр тоқтап, күннің жарқыраған көзі ашылды. Саңырауқұлақ  астындағылардың бәрі қуана­қуана алқапқа жүгіре шықты. ­Барлығы бір­бірінің қолдарынан ұстап: «Досы көпті жау алмайды» Тәрбиеші: Балалар барлығымыз ертегі кейіпкерлерімен бірге бойымызды жазып, сергіп  алайық. Аяқпененен топ­топ­топ Ал қолымен хлоп­хлоп­хлоп Бір оңға,бір солға Айналайын кел мында Қолымызды бір сілтеп Басымызды шайқайық Бір оңға,бір солға Ойнайықшы, кел мында Секіреміз жоғары Қиын емес секіру Бір оңға, бір солға Секірейік кел мында. Ди­қ ойын: «Өз орнын тап?»  Құмырсқа­муравей Тышқан­мышь Түлкі­лиса Қоян­заяц Торғай­воробей Көбелек­бабочка Қорытынды: 1. Бүгін біз не жайында әңгімелестік? 2.Балалар бүгін біз қандай ертегіні сахналадық? 3. Ертегідегі кейіпкерлерді атайықшы?  Тәрбиеші: Барлығымыз орнымыздан тұрып, «Достық» әнін орындаймыз. Жарайсыңдар балалар. Тәрбиеші балалардың белсенділерді мақтайды.

«Құмырсқа туралы ертегі»

«Құмырсқа туралы ертегі»

«Құмырсқа туралы ертегі»

«Құмырсқа туралы ертегі»

«Құмырсқа туралы ертегі»

«Құмырсқа туралы ертегі»

«Құмырсқа туралы ертегі»

«Құмырсқа туралы ертегі»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.12.2018