ҚМЖ
Оценка 4.9

ҚМЖ

Оценка 4.9
docx
07.12.2020
ҚМЖ
ҚМЖ Наурыз.docx

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

 

Тақырыбы:Наурыз-ұлыстың ұлы күні

 

Мектеп: "Озерки жалпы орта білім беретін мектебі"КММ

Күні:  27.02.2019

Мұғалімнің есімі: Салимбаева А

Сынып: 7"Б"

Қатысқандар саны: 9

Қатыспағандар саны: 1

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

7. А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу.

7.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу( күрделі сөздер); оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

7. ТБ2. Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:  кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап ету, бұйрық берудің  формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.    

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазады (күрделі сөздер); оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.

Кейбір оқушылар : жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді  құрастырады.

Бағалау критерийлері

Оқшау сөздерді ажырата алады;

Наурыз мерекесінің ерекшелігін біледі;

Салалас құрмалас сөйлем, салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін біледі;

  Жаңа сөздер

Ұлыс, теңелу, дәм тату, шығыс, татуласу 

Алдыңғы оқу (өткен)

 

Салалас құрмалас сөйлем, оқшау сөздер ережелерімен таныс.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар сабақта жауапкершілікке, өз пікірлерін ашық айтуға, сыйластыққа дағдыланады.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, орыс тілі пәні

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет                Оқушы әректі

 

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.

Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

 

Үй тапсырмасын тексереді.Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

 

I.Қызығушылықты ояту

 

Р.Рымбаева әнін үнтаспадан тыңдатады.

Түстер арқылы топқа бөлінеді.

 Тақырыпты өздері анықтайды.

Екі топқа бөлініп отырады.

Сұрақтарға жауап береді.

II. Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі арқылы сөздікпен жұмыс жасайды. А)Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

2.  7- тапсырманы орындайды. Әлібек пен Андрей арасындағы диалогті  рөлге бөлініп оқиды. Көп нүктенің орнына сілтеу есімдіктерін қойып, оқиды.  Оқшау сөздерді  табады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, адамдардың әрекетін сипаттайды.

3. Мәтінмен жұмыс. « Блум түймедағы» әдісі арқылы таңдаған сұрақтарына жауап береді.

Тапсырма

·         Сіз ата-анаңызбен бірге Наурыз мерекесін тамашалауға алаңға шықтыңыз.Алаңда не көрдіңіз?

·         Наурыз қандай мейрам?

·         Халық қандай көңіл күйде?

·         Наурыз басқа мерекелерден ерекшелігі бар ма, болса қандай?

·         Дастарқан мәзірі қандай болды?

·         Қандай ұлттық ойындар ойналды?           

 Әр топтың оқушылары ортаға шығып,  жұмыстарын қорғайды.

Сабақты пысықтау

«Бес жолдық өлең» әдісі оқушылар өз ойларын қортындылау үшін тек 11 сөзді қолдануы қажет.

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Айтылым.

Балалар өз ойларын, пікірлерін айтуға қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ә) Айтылым. Жұптық жұмыс.

Наурызға байланысты диалог құрайды.

Айтылым. Мәтіндегі өзі қалаған сөйлемге сұрақ  қойып айтады, өзі білетін ұлттық ойындар туралы айтады.

 

Б) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтінде қою қаріппен жазылған сөздерді  аудармасымен дәптеріне жазады.

4. Сергіту сәті. «Сиқырлы сандық» ойынын ұйымдастырады.

Айтылым. Оқушылар сандықтың ішінен салтқа байланысты бұйымдарды (асық, домбыра, киіз үйдің макеті, қамшы, т.б.) алып шығады, оларды сипаттайды.

IV. Бекіту

«Синквейн» әдісі арқылы қортындылайды.

Әр оқушы жеке орындайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау.Сабақты қортындылау мақсатында оқушылардан  кері байланысты талап ету;

Оқушылар сабақ барысында нені білгені, не қызық әрі жеңіл болғаны бойынша пікірлерін білдіре алады.

VІ. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.

 

VІІ. Рефлексия

«Табыс баспалдағы» тақтаға ілінеді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін баспалдақ көрсеткіштеріне көрсету арқылы білдіреді.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушылар әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындағанда  ережені есте сақтаулары керек.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? (жиынтық бағалау, тапсырмалар бойынша оқушыларды бағалау)

 

Өзара бағалау, бірін-бірі бағалау тәсілдері. Әр тапсырма соңында мұғалім нақты кері байланыс жасап отырады.

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
(сынып мәдениеті, сыныптағы ахуал)

 

Сабақта қауіпсіздік ережелері сақталады.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

  Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.  Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары шынайы. Бүгін оқушылар ұлттық мерекеге қатысты жаңа сөздерді қатыстырып, достарымен наурыз мерекесі жайлы сөйлесе алды, мәтіннен жаңа мәлімет алды. Сыныптағы топ мүшелері жұмыс барысында үнемі бір –біріне көмектесіп отырды. Мен жоспарлаған саралау шаралары онша тиімді болмады. Берілген уақыт ішінде үлгере алмадым. Өйткені тапсырмаларым көп және кейбір оқушылардың орындауына  қиындық туғызды. Келесі сабақ жоспарымда тапсырмаларды азайтып, оқушы деңгейіне қарай нақты тапсырма беруді жоспарладым.

 Өткізген сабақ барысында оқушылар өз ойларын, пікірлерін айта алды. Жақсы оқитын оқушылар бір - бірін  бағалауда нақты кері байланыс бере алды.

Біраз қиыншылықтар туындады. Өйткені  оқушылар  кейбір тапсырмаларды баяу орындады. Оқу мақсаттарына жету үшін оқушыларымен диалогтік қарым- қатынас арқылы білімдерін арттырып, сыни тұрғыдан ойлауға көбірек мүмкіндік беру екенін түсіндім.

Қорытынды бағамдау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойлаңыз)

1.Сабақта оқушыларды топқа бөлу тиімді болды, себебі  қабілеті жоғары деңгейдегі оқушылар қабілеті төмен оқушыларға үнемі қолдау жасап отырды.

2.Оқшау сөздердің ережесін орыс тілі пәнінен де меңгергендіктен, тапсырмаларды орындағанда  көп қиындық кездеспеді. Мәтін ішінен тез тауып, түрлерін ажырата білді.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақты жақсартуға, яғни балалардың сабаққа деген ынтасы арттыруға оқытудың белсенді әдістерін қолдану және үнемі өздерінің қателіктері мен жетістіктерін өздері бағалау, өзгенің ұсынысын тыңдау арқылы тиімді шықты деп ойлаймын.

2. Мұғалімнің білім алушыға  берген тапсырмаларының дескрипторлары  нақты, айқын болуы тиіс деп ойлаймын.Сабақ кезеңдерінде берілетін тапсырмаларды саралауға мұқият көңіл бөлу ықпал ете алады.

Сабақ  барысында сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет.

1.Сабақ барысында бір- бірін  бағалауда  әркім өз кемшілігін ескеріп, топ мүшелері көмек көрсетуге  тырысты. Сынып үнемі ұйымшылдықпен белсене қатысып отырды.

2.Тапсырмаларға  берілген  дескриптор оқушының білім деңгейін анықтауға, жекелеме оқушыларға жеңіл  деңгейлік тапсырмалар дайындау керектігін байқадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Дескриптор

Ұпай

1.Берілген сұрақтарға жауап бере алады;

2.Сөйлемдерде берілген сөздердің орнын алмастыра алады;

3.Қаратпа сөз бен қыстырма сөздерді ажырата алады;

4. Берілген жай сөйлемдерді

себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерге айналдыра алады;

5.Көп нүктенің орнына сілтеу есімдіктерді қойып, оқшау сөздерді дауыс ырғағын сақтап айта алады.

 

1 дұрыс жауап – 1 ұпай

 

1

1

 

1

 

1

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Тақырыбы:Наурыз-ұлыстың ұлы күні

Тақырыбы:Наурыз-ұлыстың ұлы күні

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу«Ыстық алақан» тренингі

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу«Ыстық алақан» тренингі

Сабақты пысықтау «Бес жолдық өлең» әдісі оқушылар өз ойларын қортындылау үшін тек 11 сөзді қолдануы қажет

Сабақты пысықтау «Бес жолдық өлең» әдісі оқушылар өз ойларын қортындылау үшін тек 11 сөзді қолдануы қажет

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? ( жиынтық бағалау, тапсырмалар бойынша оқушыларды бағалау) Өзара бағалау, бірін-бірі бағалау тәсілдері

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? ( жиынтық бағалау, тапсырмалар бойынша оқушыларды бағалау) Өзара бағалау, бірін-бірі бағалау тәсілдері

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойлаңыз) 1

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойлаңыз) 1

Дескриптор Ұпай 1

Дескриптор Ұпай 1
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.12.2020