М.Жумабаев "Акын да бир бала гой айга умтылган"( кеш)
Оценка 4.9

М.Жумабаев "Акын да бир бала гой айга умтылган"( кеш)

Оценка 4.9
Мероприятия
docx
окружающий мир
8 кл
13.08.2018
М.Жумабаев "Акын да бир бала гой айга умтылган"( кеш)
Ұлы ақын Мағжан Жумабаевтың туғанына 125 жыл.Осы орайға байланысты ақынның "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" тақырыбына арналған арнау кешінің сценариі.Кеш ақынның 125 жылдық мерекесіне орай кітапхана және мектеп оқушыларының бірге ұйымдастыруымен бірге оқушыларға арнайы кеш ұйымдастырылып, жақсы деңгейде өтті.Мағжан Жумабаев кеші
магжаг жумабаев 125.docx
Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына байланысты «Ақын да бір бала ғой  айға ұмтылған» атты айдарымен өтетін әдеби кешінің жоспары.  Жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі ұлы күн  бүкіл елімізге әйгілі ақын, атақты азамат, белгілі педагог – Мағжан  Жұмабаевқа арналады.  «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған » атты айдарымен өтетін әдеби  кешімізге « Қош келдіңіздер!».   Жүргізуші:     Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс.  Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен  жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында ­ ақ Еуропа, орыс  әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.  Жүргізуші: «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге  жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған  Мұхтар Әуезов:«Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен  күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген  қазақ қауымынан ертерек шыққандай…  Сондықтан бүгінгі күннің бар  жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды. Сол айтқандай бүгінгі кештің осылай өтуіне түрткі болып,ұйымдастырып  отырған мектеп кітапхана меңгерушісі Насырова Камила апайға сөз берейік. Камила апай:  Жүсіпбек Аймауытов сөзімен айтсақ, “Мағжан сыршылдығымен,  суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай  тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен  күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді” Ендеше сіздердің қолдауларыңмен Мағжан өлеңдеріне кезек берейік.     Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны  өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды  білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін  қалайды. Адам бақыты — біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына  сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай ­ күйіне тәуелді. Сонымен сіздердің назарларыңызға тағы да Мағжан өлеңдерін ұсынамыз.      Жүргізуші: Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында  мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз  елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен.  Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан  шығып, әлемнің жартысын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты  оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз  келсе қайта бірігейік” деп жар салады. Жүргізуші: «Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі  азаматтық орнын ардақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген,  сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста,  қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры  арылмаған халқының зарлы перзенті»  «Қазақ тілі» өлеңі. Жүргізуші: Ақын өлеңдерінде бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние  алмасып, аласапыран болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздік  күнінің жақындағанын сезеді. Әйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі  үміті басымырақ көңіл күйде жазылған Мағжан өлеңдерінің бірі –  "Сағындым". Өлең абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді.  «Сағындым» өлеңі Жүргізуші: «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан ­ ұрпаққа жалғасар  алтын көпір, асыл қазына, інжу ­ маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам  жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп ­ жұмыр жауһар  дүние»       Кеше ғана қаламызда өткен Мағжан оқулары сайысына қатысып келген  біздің сынып оқушыларымызға кезек берейік.Біздің сыныптасымыз  Қаражігітова Роза ғылыми жұмыс қорғаған болатын.Соны тамашалайық. Слаид қорғау. Мағжанға арнау : Жұмағалиева Айдана Жүргізуші: Ақын атамыз егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты  тұлға ­ ол жастар екенін ескеріп, «Мен жастарға сенемін» өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын  аңғартады.  «Мен жастарға сенемін» Ән:  «Атамекен»  Бойын кернеп бұлықсыған бұла жыр,  Байтақ елдің жоғын жоқтап шығар ұл,  Жұмабайдың Мағжаны деп табын да,  Ұлы Абайдың жұрнағы деп ұға біл! 1 ­ жүргізуші: Құрметті, әдебиет сүйер қауым, ХХ ғасырдың алып тұлғасы  Мағжан Жұмабаевтың 125жылдығына арналған әдеби кешіміз өз мәресіне  жетті. Келесі кешімізде кездескенше сау болыңыздар!

М.Жумабаев "Акын да бир бала гой айга умтылган"( кеш)

М.Жумабаев "Акын да бир бала гой айга умтылган"( кеш)

М.Жумабаев "Акын да бир бала гой айга умтылган"( кеш)

М.Жумабаев "Акын да бир бала гой айга умтылган"( кеш)

М.Жумабаев "Акын да бир бала гой айга умтылган"( кеш)

М.Жумабаев "Акын да бир бала гой айга умтылган"( кеш)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.08.2018