Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"
Оценка 5

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"

Оценка 5
docx
03.12.2019
Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"
Статья - Токпанов Е.А., Жакыпбекова Р.Ж.docx

АӨЖ 911.3

ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР

Тоқпанов Е.А., г.ғ.к., география және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті) м.а.

Жақыпбекова Р.Ж., география және экология кафедрасының аға лаборанты

Аннотация

Мақалада  Дауылбай тауындағы  қола, сақ кезеңдерінің қорғандары мен  табиғи ғибадатхана қызметін атқарған  жартастағы суреттердің таралу ерекшеліктері сакральды туризмді дамытудағы алатын орыны қарастырылған. Аталған тақырыптың өзектілігін сакральды ландшафттар ретінде қорғау, сонымен қатар, қарастырылатын тақырып бойынша географиялық әдебиеттердегі мәдіметтердің аздығы айқындайды.

Тірек сөздер: киелі орындар, жартастағы суреттер, танымдық туризм, тарихи-археологиялық ескерткіштер.

 

НАСКАЛЬНЫЕ РИСУНКИ НА ГОРЕ ДАУЫЛБАЙ, ИСПОЛНЯЮЩИЕ РОЛЬ ПРИРОДНОГО ХРАМА УЩЕЛЬЯ ТАЛДЫБУЛАК

Токпанов Е.А., к.г.н., ассоциативный профессор (доцент) кафедры географии и экологии

Жакыпбекова Раушан Жакеновна, старший лаборант кафедры географии и экологии

Аннотация

В статье ракрыты функции и особенности распространения петроглифов и курганов эпохи бронзы и раннего железа, в ущелье Талдыбулак в горах Дауылбай, а также их значение для развития сакрального туризма в Каратальском районе как объекты раскрывающие историю развития человечества. Актуальность изучения данной темы обусловлена малой изученностью и недостаточностью литературных данных по рассматриваемой проблеме. Приведены основные результаты по изучению сакральных объектов Каратальского района.

Ключевые словасакральные места, петроглифы, сакральный туризм, памятники истории и археологии.

 

ROCK PAINTINGS ON THE MOUNTAIN DAUYLBAY, ACTING AS A NATURAL TEMPLE OF THE GORGE TALDYBULAK

Tokpanov E. A., PhD, associate Professor of the Department of geography and ecology

Zhakypbekova Raushan Zhakenovna, senior laboratory assistant of geography and ecology Department

Annotation

The article revealed functions and features of the distribution of petroglyphs and mounds of the Bronze Age and Early Iron Age, as well as their importance for the development of scientific and educational tourism in the Taldykorgan region as objects revealing the history of the development of humanity. Relevance of studying this theme is due to the poor knowledge and inadequacy of the literature data on the problem under consideration. Here are given main results on the study of sacral objects of the Taldykorgan region.

Keywords: sacred places, petroglyphs, cognitive tourism, historical and archeological monuments.

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында баса назар аударған байырғы киелі орындардың қатарына жататын табиғи ғибадатхана қызметін атқарған жартастағы суреттердің еліміздің өткен тарихын, тұрмыс тіршілігін оқып-үйренуде маңызы зор [1].

Қаратал өңірінің тау алды жазықтары мен аласа таулы алқаптарында ежелден халық жиі қоныстанғанын айғақтайтын палео-мәдени киелі  орындар шоғырланған тарихи-археологиялық ескерткіштерге бай. Олардың қатарына отырықшы және көшпенді мәдениеттің қатар дамығанын айғақтайтын сакральдық  маңызы бар төмендегі рухани материалдық мұралар жатады:

- адамзат қоғамының дамуының баспалдағы болған Ұлы Жібек жолының солтүстік-шығыс тармағының бойындағы сауда-экономикалық, әкімшілік-аумақтық маңызы бар ерте орта ғасырлық қалалар;

- қола, сақ-ғұн кезеңдерінің жартастағы суреттері, қорғандары мен балбал тастары;

- керуен жолдарының бойындағы сауда бекеті, әскери бекініс қызметін атқарған төрткүлдер мен астрономиялық және әскери бақылау қосыны қызметтерін атқарған қарауыл төбелер;

- ел тарихында ерекше орын алған, халықтың есінде қалған тұлғалардың мемориалдық мұражайлары мен кесенелері [2].

Киелі орындарды зерттеп зерделеу, палеомәдени мұра ретінде қорғау   жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбие беруге,  еліміздің бірлігін сақтау мақсатында тиімді пайдалануға, ғылыми-танымдық, сакральды және зиараттық туризмдi дамытуға мүмкiндiк бередi.

Халқымыздың 2500-3000 жылдық тарихынан сыр шертетiн, қорғауды қажет ететiн жартастағы суреттерді, сақ, түркі кезеңдерінің қорғандарын, ерте орта ғасырлық шағын қалалар төрткүлдрді қамтитын бiрегей тарихи-археологиялық ескерткiштердiң қорының жеткiлiктi болуы сакральды туризмді  дамытуға мүмкiндiк бередi.

 

Негізгі бөлім

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының сакральды география және туған өлке бағыттарына сәйкес  2017 жылдың маусым тамыз айлары аралығында  Қаратал  өңіріндегі Дауылбай тауына  ұйымдастырылған экспедициялық жорықтар  бағзы  заманнан халық жиы қоныстанған ежелгі қоныстарының маңында жергілікті тұрғындар  зиараттық  ететін киелі орындар  шоғырланған бірқатар аумақтар бар екенін көрсетті.  Олардың қатарына қола, сақ кезеңдерінің қоныстары, қорғандары, жартастағы суреттері бар ежелгі ғибадатханалары, қорғандары шоғырланған  Дауылбай, Ақылбай, Бурақай, Түйемойнақ, Үшқара  тауларын жатқызуға болады. Олардың көбі қазір сакральдық маңызын жоғалтқанымен Дауылбай тауындағы Талдыбұлақ шатқалындағы жартастағы суреттер, Ескелді би, Қарынбай әулие, Жолбарыс ата кесенелері  жергілікті және облыс халқы  қастерлейтін өңірге қасиетті орындардың қатарына жатады. Көптеген нысандар бағзы заманнан белгілі бір аумақта тұратын белгілі бір рудың тұрғындары  немесе қандайда бір әлеуметтік топқа  жататын адамдары үшін рөл атқарды [3].

Қарапайым біріктіруші нысан қызметін бағзы заманда кіші-гірім рулық ғибадатхана атқарды. Дауылбай  тауының  ежелгі қоныстар маңындағы оқшауланған биік аумақтарда зиарат ету қызметін атқарған жартастағы суреттер бар ғибадатханалардың болғанын көрсетті (1-сурет).

Шағын ғибадатхананың маңына жергілікті халық  ежелгі қоныстарды салған. Олардың біріктіруші қызметінің нәтижесінде біртіндеп ұлғайып ірі аумақта мекендеген тайпалар одағына бірігіп, тілі, діні, тұтас халықты, мемлекетті қалыптастырған[ 4].

1-сурет. Дауылбай тауындағы билеп тұрған адам тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы аумағындағы рулық ғибадатхана қызметін атқарған жартастағы суреттер.

Ежелгі табиғи ғибадатхана қызметін атқарған жартастағы суреттер діни ғибадат орыны болғандықтан құдіретті күшпен байланыстырушы нысан болып саналады. Зиарат ететін киелі орындардың бітімгерлік қызметіне жауласқан араз топтардың басын қосып өкпе араздықтарын жойып татуластыру міндеттері негіз болады және ол біршама тұрақтылығымен ерекшеленеді.  Сакральды орындардың уақыт өте келе қоғамдық маңызы жойылғанымен халықтың есінде ұзақ сақталады [5].

      Дауылбай тауындағы Талдыбұлақ шатқалына   ұйымдастырылған экспедициялық жорықтар барысында  ежелгі қоныстар маңындағы жартастағы суреттермен  танысып оларды топтастырдық. Танымал археолог ғалым т.ғ.д., профессор Зейнолла Самашевтың мәліметтеріне сәйкес онда біздің жыл санауымыздан 2-3 мың жыл бұрынғы қола, сақ кезеңдерінің біздің жыл санауымыздың басындағы түркі заманының жартастағы суреттері салынған. Аталған аласа таулы алқаптағы  шатқалда  ерте заманның  жартастағы  суреттері негізінен ел көзінен таса биік  жартастарда салынуы  құрбандық шалып, Жаратқанға табынатын қасиетті орын болғанын  көрсетеді.

Экспедициялық зерттеулер барысында жиналған деректер негізінде Талдыбұлақ шатқалында  осы өңірдің көне дәуірдегі шаруашылығын, халықтың  тұрмысынан сыр шертетін  жартастағы суреттерін төрт топқа бөлдік. Олар:  жұп тұяқты ұсақ жануарлар мен жыртқыштардың суреттері;  жұп тұяқты ірі жануарларының суреттері; үй жануарларының суреттері; антроморфты суреттер (1-кесте).

Талдыбұлақ шатқалындағы жартастағы суреттерге жасалған талдаулар Қаратал ауданындағы Дауылбай, Ақылбай тауларының баурайындағы  халқымыздың қола, сақ-ғұн, түркi кезеңдерінен  бергi бағзы замандағы тарихына, әдет-ғұрпынан, салт-санасынан сыр шертетiн ең көне мұралардың қатарына жататын сакральды нысандаға жататынын көрсетті  Олар негiзiнен судың, жалдың ауа температурасының бұзушы әрекетiне берiк ұсақ кристаллды тастардың жылтыр тегiс бетiне сызып салынған [6].

 

1-кесте. Талдыбұлақ шатқалындағы ежелгі қоныстар маңындағы қола, сақ түркі кезеңдерінің жартастағы суреттерін жіктеу

 Жұп тұяқты ұсақ жануарлар мен жыртқыштардың суреттері

Жұп тұяқты ірі жануарларының

суреттері

Үй жануарларының

суреттері

Антроморфты суреттер

Тау ешкінің қозғалыстағы бейнелері

Тұрған және қозғалыс үстіндегі бұғының кескіні

Жылқының бедерлі бейнесі

Садақ атқан адамның бейнесі

Құлжа мен архардың бедерлі бейнелері

 

Екі дөңгелекті әске-

ри арба жегілген аттың бейнесі

Ат мінген адамның бейнесі

Аңға шабуыл жасап жатқан қасқырлар мен иттердің бейнелері 

 

Өгіздің, түйенің  бедерлі бейнесі

 

  Ұсақ түйіршікті қатты әрі биік жартастың жылтыр бетіне салынған суреттердiң негiзгi бөлiгiн садақ пен аң атып тұрған аңшылардың, iрi-қараның, тауешкiлердiң, қола дәуiрiнiң екi дөңгелектi атқа жегiлген  әскери арбасының, демалып жатқан құлжаның, жыртқыш аңдардың арпалысының бейнелерi құрайды. Ешкіөлмес тауының етегі мен Талапты ауылының маңындағы ежелгі  қорыстарда қазба жұмыстарын жүргiзiп жатқан археолог-ғалымдардың пiкiрiне сүйенсек әскери арба қазақ даласында алғаш рет бiздiң жылсанауымыздан 2500-3000 жыл бұрынғы қола дәуiрiнде дүниеге келген. Ғалымдардың ой-пiкiрiне сүйенсек, жоғарыда аталған тарихи ескерткіштер Жетiсу өңiрi ата-бабаларымыздың бағзы заманнан бергi қонысы болғанын дәлелдейдi [4].

Дауылбай тауларындағы Талдыбұлақ шатқалында  жиi кездесетiн жартастағы суреттердiң мән-мағынасы мен салынған уақыты жөнiнде          жан-жақты тарихи ақпараттар берудiң, бұрын көрмеген өзiне бейтаныс өңiрдiң бiрегей тарихи мұраларымен танысу мақсатында келген туристердiң рухани қажеттiлiгiн өтеуде жартастағы суреттердің салынған уақытын анықтаудың маңызы зор. Археолог ғалымдар жартастағы суреттердiң салынған уақытын анықтаудың төменде көрсетiлген бес тәсiлiн ұсынады:

-  сурет салынған тастардың күнге күю қарқындылығына қарап анықтау;

тастағы бейнелердiң бетiне қыналардың өсу жылдамдығына есептеуге негiздеген ғылыми-жаратылыстанулық тәсiл;

- жартастағы суреттерге жақын орналасқан қорғандарды қазу барысында табылған металдардан жасалған ыдыстағы бедерлi бейнелердi тастарда

кескiнделген аң-құстармен салыстыру;

- суреттердiң тасқа бедерлеп салу тәсiлдерi мен мақамдарына, сюжетiне талдау жасау тәсiлдерi [5].

Жоғарыда аталған тәсiлдердiң iшiнде соңғы үшеуi қазіргі кезде суреттердің салынған уақытын анықтауға жиі қолданылады.

Табиғаттағы жылдан-жылға қайталанып отыратын ырғақшы құбылыстардың үйлесiмдiлiгiн бұзбай сақтау үшiн жылдың әрбiр маусымдарында көзден таса биiк жартасты тау шатқалдарында немесе басқа орындарда от жағып, құрбандық шалып, өздерiнiң тұрмыс-тiршiлiгiн табиғат жөнiндегi танымдық түсiнiктерiн қасиеттi  саналатын орындардың маңындағы жартастарға бейнелеп отырған (2-сурет).

        2-сурет. Дауылбай тауларындағын қола дәуірінің екі аяқты арбасы, қозғалыстағы аң бейнелі және адам бейнелі суреттері

 

Қорытынды

Бұрын көрмеген өзiне бейтаныс өңiрдiң бiрегей тарихи мұраларымен танысу мақсатында келген туристер мен оқушылардың рухани қажеттiлiгiн өтеуде петроглифтердiң салынған уақытын анықтаудың маңызы зор.

Археолог ғалымдар тастағы суреттердiң салынған уақытын анықтаудың төменде көрсетiлген бес тәсiлiн ұсынады:

1.Сурет салынған тастардың күнге күю қарқындылығына қарап анықтау;

2.Тастағы бейнелердiң бетiне қыналардың өсу жылдамдығына есептеуге негiздеген ғылыми-жаратылыстанулық тәсiл;

3.Жартастағы суреттерге жақын орналасқан жақын орналасқан қоныстар мен қорғандардың хронологиясын оқып-үйрену;

4.Суреттердiң тасқа бедерлеп салу тәсiлдерi мен мақамдарына, мағынасына талдау жасау тәсiлдерi [3].

Мифологиялық өнерге жақын болғандықтан алыстан қарағанда петроглифтердегi бейнелер түкке тұрғысыз болғанымен суреттердiң салынған  мақамы мен мазмұнына терең үңiлiп қарағанда қозғалыс үстiндегi аңдар мен үй жануарларының бейнелерiнен Жетiсу өңiрiнде мекендеген тайпалардың арасындағы талас-тартысты көрсететiнiн аңғаруға болады.

Елбасының киелі орындарды сақтау және оларды оқып-үйрену, жас ұрпаққа насихаттау жөніндегі ұсыныстарына сәйкес оларды біз сияқты оқушыларға таныстыру үшін Жетісу өңірінде  жиi кездесетiн тастағы суреттердiң мән-мағынасы мен салынған уақыты жөнiнде жан-жақты тарихи ақпараттар берудiң маңызы зор.  Бағзы заманда  адамдар ойлаудың аңыздық сатысында болғаны белгiлi. Олар көктемдегi күн теңелуден соң жер жыртып, егiн егiп, мал төлдетiп, күзде өнiмдерiн жинап алып, қыс қамына кiрiскен.

    Дауылбай тауындағы тауларындағы жартастағы суреттерді киелі орындар ретінде оқып-үйренуге жартастағы суреттердің маңында қола, сақ-ғұн кезеңдерінің  жақсы сақталған қорғандары мен қоныстарының  болуы қолайлы әсер ететініне көз жеткіздік. Жартастағы суреттердiң арасында адамдардың, жануарлардың және таңбалардың сұлбалары кездеседi. Топтағы суреттердiң едәуiр бөлігі түйе, ат, ешкi, бұғы, қабан, бұқа, ит сияқты жануарларды және жыртқыш аңдарды бейнелейдi. Дауылбай тауында басқа аумақтардағы сыяқты діни рәсімдік және адам бейнелі суреттер көптеп кездеседі. Олар негізінен   жан-жағы жақсы көрінетін оқшауланған таудың биік бөлігінде таралған. 

Басқа петроглифтердiң арасында аң аулау cәттepi, жануарлардың cypeттepi, дiни  рәсiмдi атқару көpiнicтepi кездеседi.

Дауылбай тауындағы біз танысқан петроглифтердің ішіндегі мазмұны мен тартымдылығы жағынан  ең құндыларының қатарына бағзы замандардан бастау алатын «Билеп тұрған адамдардың», «Екі аяқты әкери арбаның», «Үш садақшының дәуге шабуын», діни әдет ғұрыптарды айқындайтын «Тау текені құрбандыққа шалу сәттерінің» бейнелерін жатқызуға болады [2].  

Киелі орындар ретінде сақтап болашақ ұрпақтарға жеткізу үшін  Дауылбай тауында жиi кездесетiн жартастағы суреттердiң мән-мағынасы мен салынған уақыты жөнiнде жан-жақты тарихи ақпараттар берудiң, бұрын көрмеген өзiне бейтаныс өңiрдiң бiрегей тарихи мұраларымен танысу мақсатында келген туристердiң рухани қажеттiлiгiн өтеуде жартастағы суреттердің салынған уақытын анықтаудың маңызы зор.

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.    Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»// «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті, 2017. 12 сәуір.

2.    Байпақов К.М., Марьяшев А.Н. «Құлжабасы тауларындағы   петроглифтер». А., Ғылым, 2004. 13-15 б.

3.    Марьяшев А.Н., Рогожинскии А.Е. «Көксу өзені аңғарындағы жартасқа салынған суреттер». А.: 1990. 170 б.

4.    Самашев З.С. «Шаманские сюжеты петроглифов Казахстана    (к изменению мировзрения древних народов Казахстана) » //Вопросы археологии Казахстана.  –М, 1998.- Т. 2. -С.197-208.

5.    Самашев З.С.  «Жетісу жеріндегі тастағы таңбалар» //Қазақ тарихы. 2006. №2, - 17-20б.

6.    Тоқпанов Е.А., Сламбеков З.С., Мазбаев О.Б., «Талдықорған өңірінің туристік-саяхаттық бағыттары»: оқу құралы – Талдықорған: ЖМУ.2010.197б

 

 

Мақаланың редакцияға келіп түскен күні: 04.06.2019 ж.

 

 

 

 

 

 

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"

Научная статья "ДАУЫЛБАЙ ТАУЫНДАҒЫ ТАЛДЫБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНЫҢ ТАБИҒИ ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.12.2019