Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"
Оценка 4.6

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Оценка 4.6
Научно-исследовательская работа
doc
география +1
Взрослым
01.12.2017
Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"
Топырақ күрделі табиғи зат. Жүздеген жылдар тау жынысы, өсімдік, жануарлар дүниесінің күрделі әсерлесуінен пайда болған. Халық санының, егістік жерлердің көбеюі биосферадағы экологиялық теңдікті жоятынын ескерген жөн. Жер қала, жол, зауыт, фабрика, әуежай, суқоймасы, демалыс орындарына қажет. Зерттеу дәйектеріне сүйсенсек алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В.В.Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады. Топырақ - жер бетінде тірі және өлі табиғаттың әрекеті нәтижесінде қалыптасуымен қатар, өсімдіктердің өсуіне қажетті минералдарға бай құнарлығының (қарашірік) болуы да керек-ақ.Топырақтың түсі немесе құнарлығы жазықта ендік,тауда биіктікке байланысты яғни, климаттық жағдайларға негізделіп өзгеріп отырады. Мәселен, Қазақстанның өзінде солтүстігінен оңтүстігіне қарай қара (сілтісізденген қара топырақ, кәдімгі қара топырақ, қуаң даланың қара топырақ), қара қоңыр (қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақ, қуаң даланың жай қара қоңыр, шөлейттің ашық қара қоңыр), қоңыр және сұр топырақ зонасына ажыратылады. Топырақтың түр құрамына қарай қарашірік мөлшері де өзгеріп отырады. Қара топырақтарда қарашірік солтүстіктен оңтүстікке қарай 6-8%, 4-6% -ға кемиді. Қара қоңыр топырақ зонасындағы қарашірік мөлшері солтүсттен оңтүстікке қарай 4,5-3,0%-дан 3,0-2,0%-ға кемиді. Соңғы топырақ зонасында 2,0-1,0%-ға кемді. Топырақтың құнарлығына қарай өсімдіктің жайқалып өсіп, мол өнім берері сөзсіз.Топырақ күрделі табиғи зат. Жүздеген жылдар тау жынысы, өсімдік, жануарлар дүниесінің күрделі әсерлесуінен пайда болған. Халық санының, егістік жерлердің көбеюі биосферадағы экологиялық теңдікті жоятынын ескерген жөн. Жер қала, жол, зауыт, фабрика, әуежай, суқоймасы, демалыс орындарына қажет. Зерттеу дәйектеріне сүйсенсек алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В.В.Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады. Топырақ - жер бетінде тірі және өлі табиғаттың әрекеті нәтижесінде қалыптасуымен қатар, өсімдіктердің өсуіне қажетті минералдарға бай құнарлығының (қарашірік) болуы да керек-ақ.Топырақтың түсі немесе құнарлығы жазықта ендік,тауда биіктікке байланысты яғни, климаттық жағдайларға негізделіп өзгеріп отырады. Мәселен, Қазақстанның өзінде солтүстігінен оңтүстігіне қарай қара (сілтісізденген қара топырақ, кәдімгі қара топырақ, қуаң даланың қара топырақ), қара қоңыр (қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақ, қуаң даланың жай қара қоңыр, шөлейттің ашық қара қоңыр), қоңыр және сұр топырақ зонасына ажыратылады. Топырақтың түр құрамына қарай қарашірік мөлшері де өзгеріп отырады. Қара топырақтарда қарашірік солтүстіктен оңтүстікке қарай 6-8%, 4-6% -ға кемиді. Қара қоңыр топырақ зонасындағы қарашірік мөлшері солтүсттен оңтүстікке қарай 4,5-3,0%-дан 3,0-2,0%-ға кемиді. Соңғы топырақ зонасында 2,0-1,0%-ға кемді. Топырақтың құнарлығына қарай өсімдіктің жайқалып өсіп, мол өнім берері сөзсіз.
Ғылыми жоба.doc
Топырақ эрозиясы Мазмұны 1.Кіріспе 2.Топырақ эрозиясы         2.1 Топырақ эрозиясы туралы түсінік.        2.2 Эрозияның пайда болу факторлары.  3. Эрозия түрлері.   Күнделікті (жергілікті) эрозия        3.1     .         3.2 Тамшылық эрозия.   Беткі (үстіңгі) эрозия       3.3                  3.4    Сызықтық       эрозия    .       3.5 Ирригациялық эрозия.  4. Эрозиядан келетін зияндар  .    4  .     Эрозия процесімен күресу шаралары КІРІСПЕ Топырақ күрделі табиғи зат. Жүздеген жылдар тау жынысы, өсімдік, жануарлар дүниесінің күрделі   әсерлесуінен   пайда   болған.   Халық   санының,   егістік   жерлердің   көбеюі биосферадағы   экологиялық   теңдікті   жоятынын   ескерген   жөн.   Жер   қала,   жол,   зауыт, фабрика, әуежай, суқоймасы, демалыс орындарына қажет. Зерттеу дәйектеріне сүйсенсек алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде   пайда   болыпты.   Бұл   кезде   әлі   өсімдік   жамылғысы   қалыптаспаған.   Топырақ жамылғысын   зерттейтін   топырақтану   ғылымы   ­   жас   ғылым.   Оның   негізін   салған   XIX ғасырдың 80­жылдары орыс ғалымы В.В.Докучаев ­ топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады. Топырақ ­ жер бетінде тірі және өлі табиғаттың әрекеті нәтижесінде қалыптасуымен қатар, өсімдіктердің өсуіне қажетті минералдарға бай құнарлығының (қарашірік) болуы да керек­ ақ.Топырақтың түсі немесе құнарлығы жазықта ендік,тауда биіктікке байланысты яғни, климаттық   жағдайларға   негізделіп   өзгеріп   отырады.   Мәселен,   Қазақстанның   өзінде солтүстігінен оңтүстігіне қарай   қара (сілтісізденген қара топырақ, кәдімгі қара топырақ, қуаң даланың қара топырақ), қара қоңыр (қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақ, қуаң даланың жай қара қоңыр, шөлейттің ашық қара қоңыр), қоңыр және сұр топырақ зонасына ажыратылады. Топырақтың түр құрамына қарай қарашірік мөлшері де өзгеріп отырады. Қара топырақтарда қарашірік солтүстіктен оңтүстікке қарай  6­8%, 4­6% ­ға кемиді. Қара қоңыр топырақ зонасындағы қарашірік мөлшері солтүсттен оңтүстікке қарай 4,5­3,0%­дан 3,0­2,0%­ға кемиді. Соңғы топырақ зонасында 2,0­1,0%­ға кемді. Топырақтың құнарлығына қарай өсімдіктің жайқалып өсіп, мол өнім берері сөзсіз. құрғақ,   ормансыз   жазық,   шөл   аймақтарында   жиі Топырақ  эрозиясы (латынша erosіo   –   желіну)   – топырақтың беткі   ұнтақталған   құнарлы қабатының жел күшімен   немесе   су   ағынының   шаюы   салдарынан   құнарының   азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері   болады. Тіптішөл аймақтарындағы құмды   алқаптардың шөп   өспейтін   бөліктері   жел   әсерінен   бір орыннан   екінші   орынға   жиі   жылжып   отырады.   Олардыжылжымалы   құмдар деп   атайды. Топырақ бетінде өсімдік жақсы өскен алқаптар жел эрозиясына ұшырай бермейді. Өсімдік тамырлары   топырақтың   беткі   қабатын   бекітіп   ұстап   тұрады,   өскіндері   жауын   суының біразын өздеріне сіңіріп, қалғанын жер астына өткізеді, ал екпе ағаштар қар тоқтатуға және олардың топырақ бетінде біркелкі таралуына септігін тигізеді, желдің күшін азайтады, т.б. Ал бұл жерлерді кәдімгі қайырмалы соқамен жыртып, топырақтың майда ұнтақталған бос қабаты жер бетіне шыққан кезде олар желдің еркіне беріліп ұшады. Осындай жағдай тың игеру кезінде Қазақстанның солт. аймақтарында кең өріс алған. Табиғаттың бұл апатымен күресуде акад. А.И. Бараев басшылық еткен Қазақ астық шаруашылығы ғылыми­зерттеу институты   жақсы   нәтижелерге   қол   жеткізді.   Топырақты   жел   эрозиясынан   қорғау   үшін жасалған жүйенің негізінде топырақты бұрынғыдай қайырмалы соқамен жыртудың орнына қайырмасыз   етіп   жыртып,   терең   қопсыту   ұсынылған.   Сонда   топырақта   өскен   дақыл сабақтары топырақ бетінде қалып, қыста қар тоқтатуға, желдің күшін төмендетуге септігін тигізеді. Ең бастысы бос топырақ жер бетіне шықпай, біршама тереңдікте жатады. Жел эрозиясына   жиірек   ұшырайтын   алқаптар   жайылымдық   жерлерде,   топырағы   жұқа   шөл белдемдерінде   кездеседі.   Себебі   шөл   белдемдерінде   өсімдіктер   сирек   өседі   әрі   жақсы дамымаған,   сондықтан   бұзылуға   өте   бейім   топырақ   түзіледі.   Мал   жиі   жайылатын   елді мекендер немесе мал суаратын пункттердің төңірегіндегі топырақ та жиі бұзылып, шаңы шығып, желге ұшады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін ауыспалы жайылымдық жүйеге көшу қажет. Су эрозиясы қатты нөсерлеп жауған жаңбырдан немесе қыста мол жиналған қардың тез еруі нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайлар еңіс жері мол таулы беткейлерде жиі кездеседі.   Бұл   су   ағындары   тік   беткейдегі   топырақ   бетін   ғана   шайып   қоймай,   көп жағдайларда сай, жыралардың пайда болуына әкеп соғады. Тау етегіндегі беткей алаптарын су эрозиясынан қорғау үшін бұл жерлерге а. ш. дақылдарын, жеміс ағаштарын отырғызып, қолдан   ыңғайлы   жер   бедерлерін   сатылап   жасау   (террасалау)   әдісі   де   қолданылады. Топырақтың   су   эрозиясының   бір   түрі  ирригациялық   эрозия,   ол   адам   қолдан   суаратын жерлерде болады. Суармалы жерлерде судың өз ағысымен ағуы үшін оның бір бағытта еңісі бар   жер   бедері   таңдалынып   алынады.   Сол   бағытқа   қарай   майда   суару   арықшалары жүргізіледі, бірақ еңіс жерлерге қарай суды мөлшерлеп қана жіберу қажет. Олай болмаған жағдайларда, әсіресе, еңісі тіктеу суарылмалы беткейлерде топырақтың ирригац. эрозиясы өріс   алады.   Эрозияның   бұл   түрі   тек   суармалы   алқаптарда   ғана   емес,   сол   суармалы алқаптарға су әкелетін арықтар мен канал бойларында, өзен жағалауларында (жағалаулар су   әрекетінен   бұзылып,   шайылады)   да   кездеседі.   Көктемгі   нөсер   жаңбырлар   жауғанда немесе   қар   еріп,   оның   суы   өзендерге   қосылғанда,   су   деңгейі   көп   көтеріліп,   жағалау беткейлерін жуып­шайып, тіпті кей жағдайларда арналарын бұзып, жаңа арнамен ағатын болады.   Су эрозиясының   бұл  түрімен  күресу  үшін  арнайы   инж.  құрылыстар   салу,  өзен бойларына   ағаштар   отырғызу,   т.б.   шаралар   жүргізу   қажет.   Арықтар   мен   каналдар   тез бұзылып кетпеуі үшін олардың жағаларына ағаш, бұталар отырғызу керек. Сонымен қатар артық суларды уақытша су қоймаларында жинап, қажет кездерінде пайдаланған орынды. Т. э­ның   қарқындылығы   жер   бедеріне,   беткейлердің   тік   болуына,   жауын­шашынның   түсу мөлшеріне,   топырақтың   түйіршікті   құрамына,   су   сіңіргіштік   қабілетіне,   өскен өсімдіктеріне, т.б. байланысты. Эрозияға ұшырау мөлшері беткейлер мен шатқалдардың тіп­тігіне және су жиналатын алқаптың аум­на қарай әр түрлі болады. Т. э. көбіне ұсақ түйіршікті топырақтарда, жауын­шашын көп түсетін және күшті жел тұратын аймақтарда кездеседі. Т. э. күштірек болғанда топырақ құнарлылығын азайтып, себілген тұқым зиян шегеді, а. ш­ның жайылымдық жерлерін нашарлатады. Осының барлығы а. ш­на орасан зиян келтіреді. Т. э­ның алдын алу үшін қорғаныш орман алқаптары, егістіктерді  қорғайтын орман   шаршылары   отырғызылады,   жайылымдық   жерлер   мен   құмды   жерлерге   ағаштар отырғызу,   топырақты   қорғау   үшін   ауыспалы   егіс   жүйесін   енгізу,   топырақты   аудармай өңдеу, тұқымды қатарлап себу әдісі, шатқалдарды сатыларға бөлу, су тоқтатын каналдар салу, т.б. шаралар жүргізіледі. Топырақ   жамылғысын   қорғау   және   оны   тиімді   пайдалану   топырақта   оған   тән   емес физикалық,   химиялық   немесе   биологиялық   агенттердін   болуын   немесе   ол   агенттердің қажетті   орташа   жылдық   деңгейден   асып   түсуін топырақ,   ластануы дейді.   Топырақ ластануының   мынадай   түрлері   бар:   минералды   техногенді   қалдықтармен   ластану;   улы органикалық   және   бейорганикалык,   қосылыстармен   ластану;   радиоактивті   заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі. Қалыпты   табиғи   жағдайда   топырақта   болып   жатқан   процестердің   бәрі   тепе­теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға бір гектарға жетер­жетпес айдалатын егістік жерден келеді. Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен бөлігі тау­кен жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен жарамсыз болып жатыр.   Ормандарды   кесу,   табиғи   өсімдіктер   жамылғысын   бұзу,   агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта­қайта жырту топырақ эрозиясыныңпайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен және сумен жуылып, бұзылуына алып келеді. Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2 млрд гектар ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған. Антропогендік   әсердің   бір   салдары   ­   топырақ   жамылғысынын   қарқынды   ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда. Топыраққа   қауіпті   ластаушылардың   бірі   сынап   пен   онын   қосылыстары   жатады.   Сынап қоршаған   ортаға   улы   химикаттармен,   металдық   сынап   және   оның   қосылыстары   бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде. Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі ­ қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде   қалдықтармен   бірге   қоршаған   ортаға   25   кг   қорғасын   бөлінеді.   Жоғарыда айтылғандаи,   қорғасын   қосылыстары   бензиннің   құрамында   да   кездеседі   Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады. Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен,  алюминимен  және басқа  да металдармен  ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі. Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы бар ғылыми­ зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі мүмкін. Топырақтың   химиялық   құрамына   ­ тыңайтқыштар мен   зиянкестерге,   арам   шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолдану жылдан­жылға артып келеді. Ал топырақтың құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:   пестицидтер; минералдық тыңайтқыштар;    өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары; атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды­түтінді заттар; Мұнай және Мұнай өнімдері. Топыраққа антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшырауына (эрозия, ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:   табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау; қоршаған   ортаның   сапасына   бақылау   жүргізетін   мекемелер   қызметін   дұрыс ұйымдастыру;  топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;   зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау; қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен түрлерінің қолданылуын шектеу;  күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т.б.  Топырақ эрозиясы туралы түсінік. Жер өңдеу кезінде топыраққа интенсивті ықпал жасау оның   ққрылымы   мен   құрылысының   «бұзылуына   және   табиғи   топырақ   құралу   процесі бағытының   өзгеруіне,   ең   соңында   эрозия   құбылысының   пайда   болуына   әкеп соқтырады. Эрозияның   қатерлі,   тіпті   апатты   зардабын   сезіну   үшін   оның   мәнісін   терең түсіне  білу  керек.  Сонымен топырақ эрозиясы дегеніміз  —  оның  желдің  немесе   судың (жаңбыр  мен  қар сулары,  қолдан  берілетін   сулар)  күшімен   бұзылып  басқа  бір  алыс  не жақын   жерге   барып   шөгуі. Эрозия   кезінде   топырақтың   майда,   құнарлы   бөлігі   сумен шайылып,   желмен   ұшып   кетеді   де,   оның   құнарлылығы   кемиді. Табиғатта   2,5   см   ғана қарашірік   қабаты   түзілуі   үшін   300­ден 1000 жылға   дейін   уақыт   керек.   Осыдан­ақ топырақты қорғаудың, танапта эрозия болмауын ойластырудың өте қажет екені көрініп тұр. Эрозияның   пайда болу   факторлары.   Топырақ   эрозиясы   негізінен   екі   топ   фактордың әсерінен пайда болады, атап айтқанда: а)  табиғи факторлар; б)  адамдардың шаруашылық іс­әрекеті (антропогендік фактор). Табиғи факторларға климат, жер бедері, топырақ жағдайы және өсімдіктер жамылғысы жатады. Климаттан топырақ эрозиясын тудыратын ең басты фактор — жел. Оның әсерінен негізінен жел эрозиясы пайда болады. Ол, әсіресе, қуаңшылық, желі күшті соғатын және өсімдік жамылғысы нашар немесе аңыздар мен өсімдік қалдықтары топыраққа сіңірілген жерлерде пайда болады. Жел эрозиясының пайда болуы, өсіресе, желдің шапшаңдығына тығыз байланысты. П.С.Захаровтың деректері бойынша, егер жердің беткі қабатынан 10 см биіктіктегі желдің жылдамдығы секундына 8­12 м болғанда эрозия пайда бола бастайды, ал ол   жылдамдық   12­15   м/сек.   болса,   эрозия   процесі   күшейіп,   желдің   жылдамдығы   16­25 м/сек.­қа жеткенде күшті эрозияға әкеп соқтырады. Келесі фактор — топырақ жағдайы, әсіресе, оның түйіршіктерінің молшері. Егер топырақ түйіршіктерінің   мөлшері   0,05­0,15   мм   аралығында   болса,   эрозия   жер   бетінен   15   см биіктікте   желдің   жылдамдығы   3,5­4   м/сек.   болғанда   пайда   бола   бастайды,   топырақ түйіршігінің   мөлшері   1   мм   болса,   онда   эрозия   тудыру   үшін   желдің   әлгі   биіктіктегі шапшаңдығы 9,6 м/сек, ал 1,5 мм болғанда ­11,1 м/сек. болуы керек. Эрозияның пайда болуы   тек   қана   топырақ   түйіршіктерінің   молшерімен   шектелмейді,   ол   топырақтың гранулометриялық   құрамына   тікелей   байланысты. Мысалы,   құмды   топырақтарда   жел эрозиясы пайда болу үшін жер бетінен 15 см биіктіктегі желдің күші қара­қызыл қоңыр топырақтарда 3­4 м/сек., ал жеңіл саздақ топырақтарда 5,0 м/сек. болуы керек. Жер бедері.  Топырақ   эрозиясы   кез   келген   жер   бедерінде   пайда   болады.   Дегенмен,   ол кобінесе дөңес жерлерде тезірек пайда болады. Мұның, әсіресе, су эрозиясына қатысы бар. Өсімдіктер   жамылғысы.   Климат   факторларының   ішіндегі   ең   күшті   фактор   — осімдіктер   жамылғысы.   Егер   өсімдіктер   жамылғысы   күшті   және   оның   тығыздығы   зор болса, онда эрозия процесі нашар жүреді және керісінше. Жер   бетінде   өсімдік   жамылғысы   жақсы   дамығанда   ол   желдің   күшін   азайтып,   топырақ түйіршіктерінің   желмен   ұшып   кетуіне   кедергі   жасайды.   Ал   өсімдік   жамылғысынан айырылған   жерлерде   эрозия   процесі   күшті   жүреді. Өсімдік   жамылғысының   жоғалып кетуіне   топырақ   өңдеу   тәсілі   және   малды   ретсіз   жаю   үлкен   әсер   етеді. Топырақ эрозиясының пайда  болуына әсер  ететін күшті фактор — адамдардың  шаруашылық іс­ әрекеті. Ол біздің республикада жел эрозиясының пайда болуына күшті әсерін тигізді. Ол әсіресе 1954­1956   жылдар   арасындағы   тың   көтеру   кезінде   күшті   байқалды.   Кезінде   Қазақстан топырағының  гранулометриялық  құрамын  және  далалы   аймақтағы   желдің   күшін   есепке алмай, 25 млн.­нан астам жер қайырмалы соқалармен аударылып жыртылды, яғни өзінің өсімдік жамылғысынан айырылды. Көптеген ауа райын зерттейтін станциялардың деректері бойынша, тың көтерілген аймақтарда жылына 300 күн желді болып тұрады екен. Міне, осындай үлкен массивті жыртып тастау жел эрозиясының пайда болуына әкеліп соқтырды. Осының салдарынан 1966 жылы республика бойынша жел эрозиясы 11 млн. гектар жерді қамтыды. Эрозия түрлері. Жел эрозиясы кезінде топырақтың майда бөлшектері ұшып, «қара дауыл» көтеріледі, ал су эрозиясы болған танаптарда үлкенді­кішілі жыралар пайда болады және жаз   айларында   өте   тапшы   болатын   сумен   әр   түрлі   қоректік   заттар   ағып   кетеді,   яғни топырақтың құнарлылығы төмендейді. Сондықтан эрозиямен күрес топырақты және оның құнарлылығын   сақтау   үшін   күрес   деген   сөз. Эрозия   —   топырақтың   құралу   процесімен қатар   жүретін   құбылыс.   Топырақ   бетіндегі   табиғи   немесе   ауыл­шаруашылық дақылдарының   өсімдік   жамылғысы   болғанына   қарамастан,   су   көп   болған   жылдары,   ол топырақ бөлшектерін шайып әкетіп, су эрозиясын тудырады. Жел қатты соққан кезде ол топырақтың өсімдік жамылғысы жоқ немесе аз жерлерден майда ұлпаны айдап әкетіп, жел эрозиясын тудырады. Бұл қалыпты эрозия деп аталады. Ол баяу жүреді және аса зиян келтірмейді. Қалыпты   эрозия  климатқа,  жер   бедеріне,   топырақтың  судың  шаю  күшімен желдің бұзуына төзімділігіне, өсімдік жамылғысының сипаты мен тығыздығына байланысты болады. Шапшаң немесе апатты эрозия адамның араласуынан және табиғатта қалыптасқан байланыстардың бұзылуынан туады. Жел   эрозиясы   орманы   жоқ,   ашық,   жаңбыр   аз   жауатын   жазық   далаларда   болады. Қазақстанда   жел   эрозиясы   тың  жерлер  игерілген   өңірде  көптеп  кездеседі.   Тың  жерлер жыртылғаннан   кейін   Павлодар,   Ақмола,   Қарағанды,   Ақтөбе,   т.б.   облыстардың топырақтары жел эрозиясынан қатты зардап шекті. Жел эрозиясы кезінде қарашірігі мол, жеңіл, қоректік заттарға бай топырақтың үстіңгі қабатының құнарлы майда түйіршіктері ауаға көтеріліп, желмен бірге ұшып кетеді. Күнделікті (жергілікті) эрозия. Әр жердің өзіне тән үйреншікті желі болады. Сол желдің әсерінен   де   үлкенді­кішілі   сырмалар,   құйындар   болып   тұрады.   Бұл   желдер   үйреншікті болған соң, оған көп көңіл бөлінбейді. Ал ғалымдардың  есебіне қарағанда, олардан да келер зиян аз емес. Мұндай эрозияның әсерінен де күн сайын топырақтың құнарлылығы кеміп отырады, желмен ұшқан мақда түйіршіктерден өсіп тұрған дақылдардың өркендері зардап шегеді, олардың жапырақтары жырымдалып, жыртылады. Егер   танап   топырағының   50   пайызынан   артығының   диаметрі   1­2   мм­ден   үлкен   кесек түйіршіктерден   тұрса,   ондай   танапта   жел   эрозиясы   болмайды.   Жел   эрозиясының басталуына   қатты   әсерін   тигізетін   түйіршіктерге   диаметрі   0,5­1   мм   болатын   топырақ кесекшелері   жатады.   Мұндай   түйіршіктер   қатты   желдің   әсерінен   көтеріледі   де,   жер бетімен   секіріп   домалай   бастайды.   Осы   кез   де   басқа   кесектерге   соғылып   олардың   да орнынан   қозғалуына   себепші   болады.   Ол   кесектер   басқаларды   қозғайды,   ақыры   жел эрозиясына   айналады.   Диаметрі   0,1   мм­ден   кем   түйіршіктер   қатты   желдің   әсерінен (жылдамдық 15 м/сек.) едәуір алысқа ұшып кетеді де, қалқалы бір жерге үйіледі. Жел   эрозиясының   қатерлі   де   қауіпті   түрін   шаң   дауылы   дейді.   Ол   жердің   беті   өсімдік жамылғысынан   айырылған   немесе   нашар   қорғалған,   желі   күшті   соғатын,   топырағының гранулометриялық   құрамы  жеңіл   аймақтарда   болады. Топырақ   эрозиясының  келесі  түрі — су эрозиясы. Жер бедері күрделі болып келетін Қазақстанның оңтүстік­шығыс, шығыс аймақтарында, қар қалың түскен жылдары солтүстік, орталық, батыс облыстарында су эрозиясы болады. Қар суын жерге тездетіп сіңіру үшін ешқандай әрекет жасалмаса, онда су эрозиясы барлық жерде болуы мүмкін. Су эрозиясы кезінде тек топырақтың құнарлы бөлшектері шайылып қана қоймайды,  сонымен бірге оның терең қабатында ылғал аз жиналады,  содан барып дақылдар   өсу   кезінде   су   тапшылығын   көреді.   Су   эрозиясы   тамшылық,   беткі   (үстіңгі), сызықтың және иррагациялық болып төртке бөлінеді. Тамшылық эрозия. Ол жаңбыр нөсерлеп жауғанда, әр тамшының диаметрі 1 мм­ден 5 мм­ ге   дейін,   жылдамдығы   секундына   4,5­9   м   шамасында   болады.   Осы   тамшы   топырақтың майда   кесекшелеріне   тиіп,   оны   бірте­бірте   үгітіп,   езіп   жібереді.   Үгітілген   бос,   майда ұнтақтар топырақтың үстіңгі қабатындағы жіңішке саңылауларды бекітіп, судың сіңуіне кедергі жасайды. Топыраққа сіңіп үлгермеген су жер бетімен ағып, өзімен топырақтың беткі қабатындағы майда бөлшектерін ала кетеді. Беткі   (үстіңгі)   эрозия ағынды   судың   күшті   әсер   етуінен   пайда   болады.   Мұны   кейде жазықтық эрозия деп атайды. Беткі эрозия өте қауіпті, себебі ол көзге онша ілінбей өтіп жатады. Бірақ, бұл эрозиядан келетін зиян көп. Оның әсерінен жыл сайын танаптың әр гектарынан   5   тоннадан   25   тоннаға   дейін   топырақ   шайылып   кетеді. Уақыт   өткен   сайын топырақтың   органикалық   заттарға   бай   майда   түйіршіктері   азайып,   құнарлылық   кемиді, соның салдарынан алынатын өнім төмендейді. Сызықтық эрозия. Қар ерігенде немесе нөсер жауын болған кезде судың қатты ағысы топырақта   біраз   ор   жасап   кетеді,   ол   жер   бірте­бірте   үлкейіп,   терең   жыраға   айналады. Олардың   ені   2­3   метрге,   кейде,   тіпті,   10   метрге   жетуі   ықтимал.   Мұндай   жағдайда топырақтың үстіңгі қабаты ғана емес, оның терең қабаттары да бұзылады. Ирригациялық эрозия.   Суару   кезінде   су   топырақтың   ылғал   сыйымдылығынан   артық берілсе, ол топыраққа толық сіңбейді, сондықтан танаптың үстіңгі қабаты шайылып, эрозия басталады. Эрозияның бұл түрін ирригациялық эрозия деп атайды. Эрозиядан келетін зияндар. Топырақ эрозиясы ауыл­шаруашылық өндірісіне орасан зиян келтіреді. Біріншіден, эрозияның әсерінен топырақтың беткі қабаты желмен ұшып немесе сумен   шайылып   кетеді,   сондықтан   шаруашылықтар   жердің   құнарлы   қабатынан,   онымен бірге қоректік заттардан айырылады. Мысалы, Якубовтың деректері бойынша жердің 50 см қабаты желмен ұшып кетсе, қарашірігі аз құмдақ топырақтың әр гектарынан 11­16 тонна қарашірік, 150­300 кг азот, 120 кг фосфор, 2 тонна калий жоғалады екен. Су эрозиясы жыл сайын 2,5 млн. тонна азотты, фосфорды және калийді шайып өкететін көрінеді. Францтың мәліметтеріне сенсек, жел мен су жыл сайын Еуропадан 840 млн. тонна, Африкадан 21 млрд. тонна топырақты мұхиттар мен теңіздерге алып кетеді екен. Бүкіл материк жыл сайын эрозияның кесірінен жердің беткі 2 см қабатынан айырылады. Екіншіден, эрозияның салдарынан   дәнді   масақты   дақылдардың   өсімдігін   желмен   ұшқан   топырақ   түйіршіктері құртып   жібереді,   яғни,   егістік   жойылады. Атап   айтқанда,   1962­1965   жылдар   арасында Қазақстанда   эрозияның   кесірінен   2,9   млн.   гектар   дәнді   масақты   дақылдардың   егісі жойылып кетті. Үшіншіден, эрозия құнарлы егістік жерлерді жарамсыз қылып, оларды не айналымнан  шығарып   тастауға  мәжбүр  етеді  немесе   басқа  түрге көшіруге  тура  келеді. Мысалы,   1962­1964   жылдары   Павлодар   облысының   шаруашылықтары   850   мың   гектар егістікті   шабындыққа,   жайылымға   және   басқа   түрлерге   айналдыруға   мәжбүр болды. Эрозияға ұшыраған жерлерге себілген ауылшаруашылық дақылдарының өнімі күрт темендейді. Оның себебі, эрозияның әсерінен топырақтағы қарашіріктің мөлшері азаяды. Соның салдарынан ондагы қоректік заттардың мөлшері кемиді, демек, дақылдар қоректік заттардың   тапшылығынан   зардап   шегеді.   Топырақтағы   органикалық   заттардың   кемуіне байланысты, оның физикалық қасиеттері нашарлайды. Ондай топырақтар жаңбырдан кейін, суарудан соң тез қатып қалады. Топыраққа судың сіңуі, ауаның кіруі қиындайды. Эрозия кезінде қатты соққан жел жердің үстіңгі қабатындағы топырақты ұшырып, дақылдардың тамыры   ашылып   қалады.   Ұшырылған   топырақ   түйіршіктері   дақылдардың   жапырағын зақымдайды.   Ықтау   жердегі   өсімдік   өркендерін   топырақ   басып   қалады.   Осының   бәрі өнімнің кемуіне әкеліп соғады, кей жағдайда егістікті көшкін топырақ басып қалады да, одан ешқандай өнім алынбайды. Өнім кемуінің мөлшеріне байланысты дақылдар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа мақта, күнбағыс,   картоп,   темекі,   сөбіз,   тары,   күздік   және   жаздық   бидайлар,   жүгері,   көкөніс дақылдары   жатады.   Бұл   дақылдар   эрозиядан   өздерінің   өнім   беруін   қатты   төмендетеді. Мысалы, топырағы эрозияға аздап ұшыраған жерлерде аталған дақылдардың өнімі 10­30% кемиді,   орташа   бүлінген   жерлерде   30­70%,   ал   қатты   бүлінген   жерлерде   65­90%   ­ға кемиді. Екінші   топқа   эрозияға   орташа   сезімтал   арпа,   қарақұмық,   бұршақ   тұқымдас дақылдар, бір жылдық шөптер жатады. Бұл дақылдардың өнімі эрозиядан аздап бүлінген танаптарда 5­15% ­ға, орташа бүлінген жерлерде 30­35%­ға қатты бүлінген танаптарда 40­ 70%­ға кемиді. Эрозияға ұшырап, бүлінген жерлерге себілген басқа дақылдарға қарағанда, сұлы,   қара   бидай,   көп   жылдық   шептер   төзімді   келеді.   Бұл   дақылдардың   өнімі   азғана бүлінген   жерлерде   5­10%   ­ға,   орташа   бүлінген   жерлерде   15­40%­ға,   қатты   бүлінген жерлерде — 25­55%­ға кемиді. Эрозия процесімен күресу шаралары: Су эрозиясымен күресуде шаруашылыққа тиісті жерді дұрыс пайдалана білудің маңызы зор.   Бұл,   әсіресе,   бедері   күрделі   болып   келетін   таулы   жерлерде   орналасқан шаруашылықтар үшін өте қажет. Су эрозиясына дөңес жердегі танаптар өте бейім болады. Сондықтан   мұндай   топыраққа   жиі   қопсыта   беруді   қажет   етпейтін   дақылдар   себу керек. Дөңес   жерлердің   топырағын   су   эрозиясынан   қорғау   шараларының   ішінде   еңіске көлденең,   контур   бойынша   жүргізілетін   мелиорациялық   жұмыстардың   (жолақтап   ағаш отырғызу,   көп   жылдық   шөптер   егу)   маңызы   зор. Топырақты   су   эрозиясынан   қорғауда агротехникалық шаралардың маңызы зор. Ең бастысы, бұл шаралар онша қиын емес, оларды кез келген шаруашылықтарда қолдануға мүмкіндік бар. Олардың ішіндегі ең бастысы жерді дұрыс өңдеу болып табылады. Жыралар  мен  сайлар,өзендер   жағалауына егістік  жерлердің  айналасына   тамыры  тереңге кететін   табиғат   қорғау   ағаштары   мен   бұталарды   отырғызу;   Топырақты   қорғайтын көпжылдық шөптерді егу; Құмды, тасты жерлерде, тау бөктерлерінде мал жаюды реттеу Жыраларды   бекітетін,   ашық   далада   қарды   ұстайтын,судың   ағысын   бәсеңдететін гидротехникалық құрылыстар салу; Тау­кен топырақтың беткі құнарлы қабатының құрамын,қышқылдығын,т.б сипаттамаларын бағалап сақтау және пайдалы қазба ретінде қолдану; Топырақты қайрымсыз жырту және т.б топырақ құрылымын жақсартатын агротехникалық шараларды қолдану; Топырақты қорғайтын көпжылдық шөптерді егу. Топырақтың құнарлығын арттыру шаралары: ­ минералды тыңайтқыштарды шамдан тыс қолбанбау. ­ қарбыз еккеннен соң пленкаларды жинау; ­ жерді көлденең жырту; ­ топырақты қайрымсыз соқамен жырту; ­ ағаш отырғызу ­ қар тоқтау; ­ күзде  су жүргізу; ­ Жерді тынықтыру; (жоңышқа егу)        ­ гидротехникалық шараларды орындау. Қорытынды Біздің ең басты байлығымыз – жер. Өйткені жерадамзатты асырап сақтайтын ең негізгі табиғи   ресурстың   бірі.   Жер   қабатының   үстінгі   қабатын   топырақ   дейді.   Топырақ   –   ол аналық   жыныстардың,   ауа   райының,   өсімдіктер   мен   жануарлардың,   жергілікті   жер бедерінің күрделі өзара әрекеттестігі нәтижесінде қалыптасқан жаратылыстық тарихидене. Топырақтың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның құнарлығы,яғни өсімдіктерді органикалық және минералды қоректі заттармен қамтамасыз ету қабілеті. Топырақ құнарлығы сонымен адам үшін де өте зор рөлді атқарады. Сондықтан топырақты тимді пайдалана білу керек. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері А.,2012 29.Бигалиев А.Б., Жамалбеков Е.Ж. Қазақстанның топырақ экологиясы. Алматы, 2003.­ 120б. 3.Глобальные проблемы человечества: Коллектив авторов.Москва,2006  4.Глобальные проблемы биосферы: — Москва, Наука, 2003 г.­ 200 с. 5.Қ.Құрманов.Анықтамалық­сөздік. Алматы.1993 жыл. 6.«Экология және табиғат қорғау» түсіндірме сөздік кітабы. Алматы. 2002 жыл.

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"

Научная работа по географии на тему "Эрозия почвы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.12.2017