Красная книга Казахстана является основным фундаментом охраны природы, источником экологического знания и воспитания. Государственные заповедники Казахстана находятся под охраной. Многие животные и растения находятся под присмотром государства. Среди них есть такие как снежный барс, символ города Алматы, и орел изображенный на флаге Республики, который символизирует нашу страну возносящуюся к будущему. Мы считаем своей обязанностью исследовать среди животных и птиц, джейран, внесенную в эту красную книгу.Ғылыми-техникалық прогресс адмдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдардың қаншалықты пайдалы болса, соншалықты тигізетін зиянды жақтары да баршылық. Мұндай жағдай сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің жойылуына жол береді. Осының алдын алуға еліміздегі табиғат қорғау шаралары жануарлар дүниесін одан әрі молайтуға, бар нәрсемізді сақтап қалуға мүмкіндік беруде.
Қазақстанның қызыл кітабы табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі. Қазақстанда мемлекеттік қорықтар қамқорлыққа алынған. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер үкімет қарамағында.
ҚАРАҚҰЙРЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА.doc
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Достық ауылы
Тақырыбы:
Қызыл кітапқа енген жануарлар. Қарақұйрық
Бағыты: Ағылшын тілі
Секция: Ағылшын тілі
Атыжөні, сыныбы:
Маркез Ботагөз
8сынып
Оқу орны:
«А. Бертаева атындағы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Ғылыми жетекшісі: Оразова Жадра Бейбетжанқызы
Шетел тілі пәні мұғалімі 2
20172018 оқу жылы 3
Жоспар
Қызыл кітап туралы түсінік.
Қазақстанның Қызыл кітабы.
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1.1.
1.2.
2.1 Қызыл кітапқа енген жануарлар дүниесі.
2.2 Қарақұйрық – киелі аң.
3.1 Қазақстанның Қызыл кітабының болашақтағы алғышарттары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 4
Абстракт
Өзектілігі: Биологиялық ресурстарға аса бай Республикамыздың жойылуға
жақын қалған биоқорларды сақтау және қорғауға алу.
Мақсаты: Табиғат жағдайын зерттеу, «Қазақстанның Қызыл кітабы»
еліміздегі флора мен фауна дүниесімен танысу. Кітапқа енген
жануарларды қорғау негізіндегі мәселелерді
қарастыру, қазіргі таңдағы байлықтарды сақтау шаралары мен
проблемалардың маңыздылығын анықтау.
Міндеті: Жойылуға жақын қалып қызыл кітапқа енген флора мен фаунаны
саралап, кешенді анализ жасау.
Әдістәсілі: Бақылау, сұрау, мағлұмат жинау, зерттеу, жүйелеу.
Болжамы: Егер біз сиреуге таяған биоресурстарды бүгінгі таңнан бастап
сақтап, қорғасақ қорық, қорықша, ұлттық саябақтар
ұйымдастырылған болса, еліміздегі флора мен фауна әлемін мол
тұрғыдан сақтап қаламыз.
Тәжірибелік мәні: Ғылыми жұмыста берілген Қазақстанның Қызыл
кітабындағы биоресурстардың түрлерін, олардың таралу
аймағын тағы басқа мәліметтерді өлкетану, биология,
география пәндерінде кеңінен қолдануға болады. 5
Аннотация
Ғылымитехникалық прогресс адмдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар
берді. Бұл құралдардың қаншалықты пайдалы болса, соншалықты тигізетін зиянды жақтары
да баршылық. Мұндай жағдай сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің
жойылуына жол береді. Осының алдын алуға еліміздегі табиғат қорғау шаралары жануарлар
дүниесін одан әрі молайтуға, бар нәрсемізді сақтап қалуға мүмкіндік беруде.
Қазақстанның қызыл кітабы табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие
берудің қайнар көзі. Қазақстанда мемлекеттік қорықтар қамқорлыққа алынған. Көптеген
жануарлар мен өсімдіктер үкімет қарамағында. Олардың ішінде Алматы қаласының рәмізіне
айналған қар барысы, Республика байрағында бейнеленген нұрлы болашаққа самғап бара
жатқан елді көрсететін бүркіт бар. Осындай қызыл кітапқа енген құнды аңдар мен құстардың
ішінде қарақұйрықты зерттеуді міндетіміз деп есептейміз. Осы саланы зерттеуді қолға
алған мақсатымыз халық мұрасының өміршеңдігін жалғастыра отырып, жас ұрпақтың
табиғаттың сыйын көздің қарашығындай қарауына, бағалауына жол көрсету. Оқушыны
ізденушілікке икемдей отырып, зерттеу дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру, бүгінгі
таңдағы білім беру саласының маңыздылығын арттыру. Баланың өзіндік зерттеу әрекеті
арқылы өзінің талабын қанағаттандыруына ықпал ету, оның жүрістұрысынағы әрекеттер
процесінде тұлғалық қасиетін арттыру. Интелектуалдық және шығармашылық қабілеті
жоғары оқушының өз бетімен білім алу мүмкіндігін дамыту. 2017 жылы Астанада өтетін
ЭКСПО мамандандырылған халықаралық көрменің жоспарлануына байланысты елімізде
қарқын алған үлкен дайындықпен оны өткізу барысындағы мақсат – болашақ энергиясына
қолдау болса, дүниежүзілік көрменің негізін құрайтын «Жасыл ел» бағдарламасына үлес қосу
әрқайсысымыздың борышымыз. Бүкіл әлем «Жасыл ел – Болашақ энергиясы» ұранымен
елімізде өтетін халықаралық көрменің иесі менің елім екенін мақтаныш ете отырып, аталған
ісшараға қосатын үлес болып табылады деген ниеттемін.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды. Сондықтан да
олардың жойылуы – орны қайта толмайтын нәрсе. Бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі
мен табиғаттағы жалпы тепетеңдіктің бұзылуына әкеліп соғады. Қазіргі кезде табиғатты
қорғау дүниежүзілік өзекжарды мәселеге айналып отыр және елімізде ғана емес, бүкіл әлемде
маңызды мемлекеттік іс ретінде қаралады. 6
Аннотация
Научнотехнический прогресс дал человечеству мощные средства оказывающее влияние на
мир природы. Вместе с пользой, эти средства имеют также и вредные стороны. Данная
ситуация способствует тому что в мире исчезают множество видов редких животных и
растений. Для предотвращения этой проблемы, меры по охране природы,
предпринимаемые в нашей стране, дают возможность увеличить мир животных, и сберечь
то что у нас осталось.
Красная книга Казахстана является основным фундаментом охраны природы, источником
экологического знания и воспитания. Государственные заповедники Казахстана находятся
под охраной. Многие животные и растения находятся под присмотром государства. Среди
них есть такие как снежный барс, символ города Алматы, и орел изображенный на флаге
Республики, который символизирует нашу страну возносящуюся к будущему. Мы считаем
своей обязанностью исследовать среди животных и птиц, джейран, внесенную в эту
красную книгу. Целью исследования этой сферы является желание продлить
жизнеспособность народного наследия, и научить молодое поколение заботиться о дарах
природы как о зенице ока и ценить ее. Прививая любовь к знанию ученику, формировать
исследовательские навыки и умение познавать, повысить значимость образовательной
сферы нынешнего времени. Повлиять на то, что бы ребенок достигал своих намеченных
целей путем его самостоятельной исследовательской деятельности, повысить личностные
способности в его поведении. Развивать возможность самостоятельного образования
ученика с высокими интеллектуальными и творческими способностями. Целью проведения
с большой подготовкой планируемой специализированной международной выставки
ЭКСПО в Астане в 2017 году является поддержка энергии будущего, так же каждый
обязан внести свой вклад в развитие программы «Жасыл ел», являющейся основой данной
мировой выставки. Является гордостью для нас то, что международная выставка с девизом
«Жасыл ел – Энергия будущего» проходит в нашей стране, и мы надеемся что это внесет
свой вклад в данное мероприятие.
Каждый вид созданный в нашей природе является уникальным и неповторимым. Поэтому,
их исчезновение – это урон, которую невозможно восполнить. Эта потеря приведет к
нарушению целостности и всеобщего баланса в природе. В нынешнее время охрана природы
стала актульной проблемой во всем мире, и рассматривается как государственное дело не
только в нашей стране, но и во всем мире. 7
Аbstract
Scientific and technical progress has given mankind powerful tools which have influence to the
natural world. These tools have advantages as well as disadvantages. This situation contributes to
the fact that many species of rare animals and plants in the world disappear. To prevent this
problem, measures for the protection of nature are taken in our country, which make it possible
to increase the animal world, and to save what we have now.
The Red Book of Kazakhstan is the main foundation for Conservation of Nature, the source of
environmental knowledge and education. State reserves of Kazakhstan are under protection.
Many animals and plants are supervised by the state. There are the rare species of animals among
them, such as the snow leopard, the symbol of the city of Almaty, and the eagle depicted on the
flag of the Republic, which symbolizes our country ascending to the future. We consider it our
duty to investigate among animals and birds, the gazelle, which was recorded in the red book.
The purpose of this research is the desire to extend the viability of the national heritage, and to
teach the younger generation to take care of the gifts of nature as an apple of an eye and
appreciate it. Instilling a love for the students to the knowledge, to ground research skills and the
ability to learn, to increase the relevance of the educational sphere of the current time. Affect the
child to reach his goals through his independent research, improve personal abilities in his
behavior. Opportunity to develop selfeducation of pupil with high intellectual and creative
abilities. The purpose of the preparation of a large planned specialized international exhibition
EXPO in Astana in 2017 is to support the energy of the future, and everyone is obliged to
contribute to the development of the program "Zhasyl el", which is the foundation of this world
exhibition. It is pride for us that the international exhibition with the theme "Zhasyl el Energy
of the Future" takes place in our country, and we hope that it will contribute to the event.
Each species created in our nature is unique. Therefore, their disappearance a loss that can not
be filled. This loss will lead to inconsistency and general disbalance in nature. At the present
time, the protection of nature became Fidler problem throughout the world, and is regarded as
the state issue not only in our country, but throughout the world. 8
Кіріспе.
Қазақстан территориясының кең байтақтығы және Еуразияның дәл кіндігіндегі
географиялық жағдайының ерекшелігі, Сібірдің ну орманы мен орта азия шөлдері және
орталықазияның биік тауларының аралығында орналасуы – табиғат жағдайының және осыған
сәйкес өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің көп әр түрлі болуына алып келді. Қазақстан
фаунасының зәузат қоры кітабы (1989) бойынша бұл жерде тек омыртқалы жануарлардың –
балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілердің 835 түрі
есепке алынған. Омыртқасыздар фаунасының мамандардың пікірінше тек жартысына жуығы
ғана анықталған және ол 50 мыңдай насекомдардың, өрмекшілер, кенелер, молюскалар,
құрттардың және т.б. түрлерден тұрады. Шаруашылық қызметтің көптеген түрлерінің
зардаптарының омыртқасыз жануарларға теріс әсері омыртқалыларға тигізген әсерден кем
емес, сол себепті омыртқасыздардың көпшілігінің ғылымға белгілі болмай жатыпақ құрып
кетуіне әкеп соқтырады. Негізгі бөлім.
1.1.
9
Қызыл кітап туралы түсінік.
Қызыл кітап – халықаралық табиғат одағының «Қызыл кітабы» халықаралық
дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылданжылға азайып, не жойылып
бара жатқан түрлер енгізіледі. Сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар
мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды Халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі
XX ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 жылы Париж қаласында алғаш рет құстарды
қорғаудың Халықаралық конференциясына қол қойылды. 1948 жылы ЮНЕСКОның
жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат
қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл кітабы 1966 жылы тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның
бірінші томында сүтқоректілердің 211 түрі, екінші томында құстардың 312 түрі туралы
деректер берілді.
Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға
топтастырылды. 19661971 ж.ж. Қызыл кітапқа тіркелген түрлер туралы мәліметтер қайта
толықтырылып, екінші басылымы 1972 жылы 3 басылымда жарияланды. 19781980 ж.ж.
төрт басылымы бес том болып жарық көрді. Оның бірінші томы сүтқоректілерге арналып,
оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, екінші томында құстардың 181 түрі
мен 77 түр тармағы, үшінші томында қосмекенділердің 41 және бауырымен
жорғалаушылардың 105 түрі, төртінші том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал
бесінші томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980
жылдары бұрынғы томдар негізінде «Қызыл кітап» қайта шыға бастады. 1983 жылы шыққан
Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген
түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту
шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген
сүтқоректілердің 97 түрі, құстардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан
көбейтілген.
Жануарлар немесе өсімдіктердің белгілі бір түрлерінің аталған, «Қызыл кітабына»
енуі ең беделді халықаралық табиғат қорғау мекемесінің бұл түрлерді күнбекүн
қамқорлыққа алу керектігін мойындағанының белгісі болып саналады. Бұл халықаралық
«Қызыл кітапқа» тіркелген түр мекендейтін әрбір табиғаттың осы бір қазынасын сақтап
қалуда адамзат алдында рухани жағынан жауапты. 10
1.2.
Қазақстанның Қызыл кітабы.
Биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселесі бірнеше ондаған жылдардан бері тек
мамандар мен табиғат қорғаудың жекелеген ынталы адамдарының міндеті болудан қалды,
себебі әрбір биологиялық түрді жоғалту тек адамгершілік пен жалпы теориялық пікірлерге
ғана емес, сонымен қатар қоғамның экономикалық мүддесіне де нұқсан келтіретініне,
адамзат баласының толықтай көзі жетті. Бұған 1992 жылы РиодеЖанейрода өткен
конференцияда дүние жүзінің көптеген елдері, оның ішінде Қазақстанда қол қойған
биологиялық әртүрлілік туралы конференцияның қабылдануы дәлел.
Қазақстанда Қызыл кітап Үкімет шешімімен 1978 жылдың қаңтарында бекітіліп,
осы жылдың аяғында оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жарық көрді.
Бұл кітапты шығару үшін 1991 жылғы басылым негіз болды. Бірақ төрт жылда жануарлар
дүниесінде де және ол жайындағы біздің хабарымызда елеулі өзгергені соншама, оларды
есепке алмаса барып тұрған қиянат еді.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін
молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған және
Республика аумағында сирек кездесетін, саны азайып келе жатқан әрі құрып кету қатері
төніп отырған жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің жайкүйі туралы мәліметтерді, оларды
зерттеу, қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану жөніндегі қажетті шарлардың
жиынтығы бар негізгі құжат болып саналады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер дүниесі мемлекеттік кадастрының құрамдас бөлігі
болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қазақстан Республикасының
аумағында құрғақта, суда, ауа мен жер қыртысында еркін жағдайда тұрақты және уақытша
мекендейтін жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер,
балықтар, сондайақ ұлутектілер, жәндіктер және басқалары) мен өсімдіктердің түрлері
(түршелері, популяциялары) тіркеледі. Саны мен тіршілік жағдайы олардың тектік қорының
молаюы мен сақталуына қатер төндірмейтін шекке жеткен жануарлар мен өсімдіктер түрлері
(түршелері, популяциялары) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына шығарылуы
жатады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктер
түрлері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ерекше қорғауға алынады. Қазақстан
Республикасының заңдарына көзделгеннен басқа жағдайда, бұл түрлері аулауға бүкіл
республика аумағында тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктер
түрлерінің жойылып кетуіне, сандарының азаюына және тіршілік ететін ортасының
нашарлауына әсер ететін әрекеттерге жол бермейді. Қазақстан Республикасының Қызыл
кітабына жануарлар мен өсімдіктер сол немесе өзге түрін енгізуге және оның мәртебесін
айқындауға санының қипасыз азаюы, таралу аймақтырының қысқаруы, тіршілік ету
жағдайының қолайсыз өзгеруі туралы деректер немесе оны қорғау мен өсімін молайту
жөнінде шұғыл шаралар қолданудың қажеттігі туралы дәлел келтіретін кезкелген басқа да
деректер негіз болады. Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының
тізіміне (ХТҚОның Қызыл кітабы) енген сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар
жануарлардың түрлері Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына бірінші кезекте
енгізілді.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген жануарлар мен өсімдіктерді
құрту арқылы немесе олардың тіршілік ететін орындарының көбеюі және қоныс аудару
жағдайын бұзу арқылы елдің табиғат байлықтарына зиян келтірген кінәлі кәсіпорындар,
мекемелер, ұйымдар мен азаматтар белгіленген тәртіппен орын толтырады.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген заңсыз ауланған жануарлар
мен жиналған өсімдіктер және олардан жасалған өнімдер белгіленген тәртіппен қайтарып
алынады, ал бұзылған табиғи орта тікелей кінәлілердің есебінен қалпына келтіріледі. 11
Қазақстанның Қызыл кітабы табиғат қорғаудың негізгі іргетасы,
экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
Қызыл кітаптың соңғы басылымында тіркелген әрбір жануар қазіргі кездегі санының
жағдайына, тіршілігінің зерттелуіне қарай жалпы қабылданған бес категорияның біріне
жатқызылады.
І категория. Жойылып бара жатқандар: Жоғалып кету қаупі бар түрлер мен
түршелер, соның ішінде жойылып кеткендер болуы мүмкін, себебі олар туралы бірнеше
жылдар – 50 жылдан астам уақыт – бойына ешқандай деректер жоқ.
ІІ категория. Саны азайып бара жатқандар: Саны әлі де болса салыстырмалы
түрде жоғары, бірақ өте күрт төмендеп, жақын арада жойылып кетушілер категориясына
қосылатын түрлер.
ІІІ категория. Сирек кездесетіндер: Қазіргі кезде жойылып кету қаупі жоқ, бірақ
өте аз кездесетін немесе территориялы шектеліп, табиғи және адам қызметінің әсерінен
тіршілік ортасының қолайсыз өзгеру нәтижесінде жойылып кететін түрлер.
IV категория. Белгісіздер: Тіршілігі толық зерттелмеген, ал саны мен популяция
жағдайы алаңдатушылық тудыратын, бірақ мәліметтердің жетіспейтіндігінен оларды
жоғарыда айтылған категорияларға жатқызуға болмайтын түрлер.
V категория. Қалпына келгендер: Қорғау жұмыстарын қолға алу нәтижесінде енді
қауіп туғызбайтын, бірақ оларды кәсіптік пайдалануға болмайтын және популяциялары
тұрақты бақылауды қажет ететін түрлер.
1.3.
Қызыл кітапқа енген жануарлар дүниесі.
Қазақстанның жер бедері әр алуан. Оның Солтүстік жағын орманды дала, дала және
шөлді аймақтар алып жатса, оңтүстігін әсем таулар көмкереді. Жасыл ормандар мен
қамысты көлдер бағалы аңдардың өсіпөнуіне қолайлы жағдай жасайды. Қазақстанның кең
байтақ территориясында сүтқоректілердің 150дей түрі бар болса, соның 30ға жуығының
азайып, құрып кету қаупі туып отырғаны анықталды. Солардың ішінде тауда – барыс,
қызыл қасқыр, ақ тырнақты аю, құдыр, мензбир суыры, арқар, орманда – орман сусары,
бұлан, шөл және шөлейт аймақтарда – қарақұйрық, үстірт арқары, қарақал, гепарт, су
жағасында – кәмшат, қара күзен, құндыз, жұпар тышқан, сияқты хайуанаттар мекендейді.
Олардың көбінің кәсіптік маңызынан басқа ғылыми тұрғыдан да үлкен мәні бар.
Хайуанаттардың жанама пайдасынан басқа, олардың көптеген түрлерінің
экономикалық маңызы да өте зор. Кәдімгі жай қорғау шаралары жәрдемі мен бағалы және
сирек кездесетін жануарларды сақтап қана қоймай, тіпті олардың санын кәсіптік тұрғыдан
аулау мөлшеріне дейін жеткізуге болатыны практика жүзінде көрініп жүр. Қорғауға
алынған жануарлар түрлерінің толық сақталуы ең алдымен олардың мекендейтін
жерлерінің тұрақты болуына тығыз байланысты. Егер олардың мекендейтін қоныстарында
өмір сүруге керекті жағдайлар болып, әрі осы жануарлар түрінің өсімталдығы басымырақ
болса, онда толық қорғауға алынған олардың саны тез көбейеді.
Табиғат байлығының қажет қазынасын сақтаудың негізгі базасы – қорық
ұйымдастыру.
«Қорық» сөзі өте көне, ол сонау Киев Русінің тұсында аң аулауға ең қатал әмірімен
тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. «Қызыл кітап» термині жақында
баржоғы 30 жыл бұрын пайда болса да, мәселелерінің өткірлігі әрі пәрменділігі арқасында
ол Планетамыздағы биологиялық әртүрлілікті қорғау мәселесін қарастырып, үлкен даңққа
ие болды. Қазақстан мен Орта Азияның басқа республикаларында қорықтар 1926 жылдан,
Оңтүстік Қазақстандағы Батыс ТяньШань табиғатының үлгісі ретінде бұл өңірде бірінші
болып АқсуЖабағалы қорығы ұйымдастырылған жылдан ашыла бастады. Екінші болып,
Қостанай облысының тың бидайықты далаларын, ең шеткі оңтүстіктегі қарағай
ормандарын және жануарлар дүниесіне өте бай аймаққа тән бірнеше көлдерді қорғауға 12
алған Наурызым қорығы (1934 жылы құрылған) ашылды. Одан әрі Солтүстік ТяньШань,
оның әр түрлі белдеуімен қоса, табиғатының эталондық учаскелерімен таныстыру
мақсатымен Іле Алатауы жотасының орталық бөлігінде орналасқан Алматы қорығы
құрылды (1961 жылы). Төртінші қорық – Көкшетау облысының далалары, гранитті тас
сілемдерінде өсетін қарағайлықайыңды ормандары мен айдын көлдерін қорғауға арналған
(Бурабай) қорығы. Бұл қорық баржоғы 15 жыл жұмыс істеп, 1951 жылы таратылды.
Бесінші – Барсакелмес қорығы 1939 жылдан Арал теңізіндегі осы атты аралда жұмыс
істейді. Алтыншы қорық – Қорғалжын қорығы 1968 жылы құрылды, негізінен Орталық
Қазақстандағы Теңіз және қорғалжын көлдерінің су айдынын және оларға жақын жатқан
тың даланың аздаған учаскелерін алып жатыр. Келесі қорық – Марқакөл, осы аттас көл мен
Оңтүстік Алтайдың таулы тайкасымен таныстыратын, 20 жылдан астам уақыттан кейін,
1976 жылы ұйымдастырылды, ал шөлді өлкедегі Үстірт қорығы 1984 жыл құрылған. Батыс
Алтай тайкасының қол тимеген учаскелерін қорғау үшін осы аттас қорық 1992 жылы
ұйымдастырылды. Тентек өзенінің 12,5 мың га атырауы қорғауға алынып, соңғы есеппен
Алакөл қорығы 1998 жылы құрылды.
Қазақстанда бөкеннің екі түрі кездеседі, қарақұйрық (Gazella subgutturosa) және киік
(татар киігі ). Өткен жүз жылдың ішінде екі түрдің мекендеу аймағы және саны азайды, тек
соңғы жылдары ғана қорғау мәселелерінің қолға алынуына байланысты жағдай жақсарды.
Жалпы жағдай Совет Одағының құлдырауынан кейін нашарлады.
Бұрын Қарақұйрықтардың мекен ету ортасы Қазақстанның шөл және шөлейт жерлерін
қамтыды, территориясының тек солтүстік шекарасы 46480 N дейін жетті. Өткен
ғасырдың отызыншы жылдары қарақұйрықтардың саны екі жүз мыңнан асады деп
есептелді, бірақ 1970ші жылдардың аяғында олардың он мыңы ғана қалды. (Афанасьев
және т.б. 1953; Слудский 1977; Жевнеров және Бекенов 1983). Мекен ету ортасының
азаюы, шектен тыс қыру және ауыр климаттық жағдай қарақұйрықтар санының
төмендеуіне әсер еткен факторлар болып саналады. 19421950жж. үкіметтің жарлығымен
қарақұйрықтар әсіресе көп қырылды, мысалы, 1944ші жылы әскерилер 14000 бөкенді
қырды.(Слудский 1963; Жевнеров және Бекенов 1983).Рұқсат етілген аң аулаушылықпен
қатар, браконьерлер де көбейіп кетті. Соның кесірінен Қазақстанның көп жерін
мекендеген қарақұйрықтар саны күрт азайды. 19401950жж. көптеген жаңа жерлер
игеріліп, өндіріс дамыды. Егістік алаңының үнему өсуі мен мал шаруашылығы дамуының
салдарынан қарақұйрықтардың жайылымды жерлерінің көлемі азайды. Малды өрісте ұзақ
ұстауының салдарынан қарақұйрықтар жайылымның 6364% сапасы төмендеді.
(Курочкина және т.б., 1986). Оның үстіне, қарақұйрықтар қысқы жұт кезінде жиі қырылып
жатады (орта есеппен, әр 78 жыл сайын болып тұрады). Қорғау шараларының жақсаруы
бөкен санының біртебірте қалпына келуіне әкелді. Қазіргі кезде популяцияның
бөлшектенуіне қарамастан, олардың саны 30,00050,000ға дейін жетті. Көбінесе
қарақұйрықтар батыс қазақстанның Маңғыстау облысын және Шығыс Қазақстанның Іле
Алқабы мен АлтынЕмел қорығын мекен етеді. Қарақұйрықтар популяциясының екі негізгі
түрі өсуде, бірақ бөлшектенген шағын топтары азайып келеді. Ірі популяциялардың
дамуына әсер еткен факторлардың қатарына: адамның бұл аймақты қоныс теппеуі, мұнай
мен газ өндірісін реттеу, Маңғыстау облысында жаңа қорықтардың пайда болуы, Алтын
Емелде қорғау шараларының жақсаруы және малшаруашылығының реттелуі кіреді. Ал кіші
популяциялардың азаюына себепші болып отырған факторлардың қатарына заңсыз аң
аулаудың дамуы, кішігірім фермерлік қожалықтарының көбеюін жатқызуға болады.
Қолданылған табиғатты сақтау шаралары
Экология және биологиялық ресурстар министрлігі табиғатты сақтау мәселелерін жүзеге
асыруға тиіс жауапты тұлға. Күнделікті жауапкершілік қоршаған ортаны сақтайтын
мемлекеттік инспекторлардың және қорғауға алынған алқапты бақылайтын 13
қызметкерлердің мойнында. СССР және Қазастанда табиғатты қорғау жөнінде заңнаманың
қалыптасқанына көп жыл болды, бірақ олар шын мәнісінде әрдайым орындала бермеді. Ең
бірінші табиғатты қорғау жөніндегі заң 1921 жылы шықты, бірақ ол заң орындалмады,
әсіресе Екінші Ұлы Отан Соғысының алды және одан кейінгі кездері жағдай қиын болды.
Тек 1951 жылы ғана қарақұйрықтарды өлтіруге тиым салынды (Смирнов 1965).
Қарақұйрықтар жойылып бара жатқан жануарлардың қатарына кіргізіліп, Қызыл кітаптың
бірінші басылыма енгізілді (Фадеев 1978). Қызыл кітаптың екінші басылымында
қарақұйрықтар жағдайының жақсаруын атап өтті, бірақ браконьерлікке қоса дамуына кері
әсерін тигізетін жаңа факторлар туа бастады, қарақұйрықтар қайтадан жоғалып бара
жатқан жануарлар тізіміне қосылды (Blank 1991a). Қарақұйрықтардың Қызыл кітапқа
енгізілуіне байланысты, тірі табиғатты қорғау, өсіру және қолдану жөніндегі заңнамаға
сәйкес жаңа қорғалу дәрежесіне ие болды. Қорағауға алынған территориялар бірнеше
санаттарға бөлінеді: қорықтар, кіші қорық немесе қорықша, ұлттық парк және мемлекеттік
аң аулау алкабы. Қорықтар табиғатты қорғауда заңның ең қатаң қадағаланатын территория
болып саналады, оның қасында қорықшалар жартылай қорғалатын және қысқаша мерзімге
ұйымдастырылады, оның үстіне территориясында кейбір экономикалық жобалар жургізіле
алады. Ұлттық парктер бірнеше мақсатты көздейді, ол: туризм және ләззат алу, сонымен
қатар, тірі табиғатты сақтау. Аң аулау алқабы бір немесе бірнеше түрге арналған, және бұл
территорияда аң аулау заңды түрде рұқсат етілгенімен, қатаң бақылаудың астында.
Қазіргі кезде 8 қорық, 52 қорықша, 2 Ұлттық паркі және бірнеше аң аулау алқаптары бар.
Қарақұйрықтар келесі аймақтарды мекен етеді: Маңғыстау облысындағы Үстірт қорығы
(227.000 га, 1985 жылы ұйымдастырылған), Іле алқабының оң жақ баурайында орналасқан
Қапшағай су қоймасының солтүстігіндегі АлтанЕмел ұлттық паркі (250.000 га, 1991 жылы
ұйымдастырылған), Маңғыстау облысындағы Бузачинск қорықшасы (85.000 га, 1985 жылы
ұйымдастырылған). Алматы қорығында да (15.000 га) Қарақұйрықтар аздап кездеседі.
Арал теңізіндегі Барсакелмес қорығы (30.000 га) көптеген бөкен мен киіктердің
популяцияларына мекен болды. Алайда теңіз деңгейі төмендеп, арал құрлықтың жалғасына
айналды, ол жайт қорғау мәселелерін осалдандырды.
Ұсынылатын сақтау шаралары
Қазақстандағы тірі табиғатты қорғаудың алдында тұрған негізгі проблемалар болып заңсыз
аң аулаудың өркендеуі және жануарлар мекен ету ортасы жағдайының нашарлауы
есептеледі. Құқық негізі үнемі жаңартылып және қабылданған заңдардың міндетті түрде
орындалып тұруы абзал. Аңшылықтың, ауыл шаруашылығы мен өндіріс сияқты, өзіндік
тәуелсіз экономикалық дәрежесі болуы керек. Бұл шара қарақұйрықтарды қорғауда арнайы
территорияларының бөлінуіне септігін тигізеді. Табиғатты қорғау инспекторларының
құқықтары полицияның құқықтарымен тең болуы керек. Браконьерлерге салынатын
айыппұл жоғары болуы тиіс, көлік құралдарын, қаружарақтарын тәркілеуге дейін жету
керек. Инспекторлар көлігінің, қолданылатын коммуникация және басқа да құралдарының
сапасын жоғарылату арқылы табиғат қорғау нәтижелігін арттыру қажет. Маңыздысы,
Қазақстан CITE келісімшартына қол қойып, өзінің жойылып бара жатқан жануарлар тізімін
реттеп алды. Қорғауға алынған территорияларының дамуына негізделген жалпы тәсім
ұсынылды, бірақ ол әзірше жүзеге асырылып жатқан жоқ. Табиғатты қорғау желісін әрі
қарай кеңейту қарақұйрықтардың Қазақстан территориясын мекен ететін екі түрін
сақтаудың бірденбір шарты болып табылады (нақты информация үшін Түрлер санағын
қараңыз)
Қарақұйрықтар (Gazella subgutturosa). Түрлер санағы.
Популяцияның саны мен жайылуы: Бұрын қарақұйрықтар Қазақстанның бүкіл шөл және
шөлейтті жерлерін мекен етті, мекен ету ортасы Каспий теңізінен Іле өзеніне дейінгі 14
Қытаймен шекаралас жерлерді қамтып, сотүстігінде 460480 N дейін жетті (Жевнеров және
Бекенов 1983). 1930 жылдан бастап олардың мекен ету территориясы кішірейіп,
популяциялары бірнеше үлкен және көптеген шағын топтарға бөлініп кетті. (Сурет.26.2)
Іле өзенінің алабы, Тауқұм, Мойынқұм, Қызылқұм, Үстірт Маңғыстауды мекен еткен
популяциялар бірбірінен оқшауланып кетті (Бланк 1991a). Қазіргі таңда ең маңызды
аудандардың қатарына Каспий теңізінің шығыс жағасындағы Бұзашы мен Маңғышлақ
тубектері және шығыс Қазақстанда Іле алқабы жатады. 1930 жылдың ортасында жургізген
санақ бойынша қарақұйрықтар саны 200.000ға дейін жетті, соның ішінде 100.000 Үстірт
және Маңғыстауды мекен етеді. Одан кейінгі кездерде қарақұйрықтар саны күрт
төмендеді, 1970ші жылдардың аяғында олар 10.000ға дейін азайды (Жевнеров және
Бекенов 1983). Қазіргі олардың саны 30.00050.000ды құрап отыр, соның жартысы
Маңғыстау ауданы және Бұзашыны мекен етеді, бұл олардың табиғи мекен ету
территориясының тек 1,5 % (Бланк 1991a; 1991b). Үлкендігі жағынан екінші популяция Іле
өзенінің алқабындағы Алтын Емел Ұлттық паркін мекен етеді. Жаз кезінде
қарақұйрықтардың саны 50006000ға дейін өседі (салыстыру үшін 1980жылдардың
ортасында 20003000ға дейін өскен), қысқы мезгілде олардың саны 10.000ға дейін бара
алады. Маңғыстау мен Алтынемелді мекен ететін қарақұйрықтардың үлкен
популяциялары біртебірте өсіп келеді, ал шағын топтар керісінше жойылып бара жатыр.
Мекен ету ортасы, қоректенуі және көбеюі: Қарақұйрықтар көбінесе сазды, құмды, тұзды
шөл және шөлейт жерлерді, сексеуіл және тағы басқа тал өсетін кепкен өзен аңғарларын,
ашық таулы жерлерді және тау бөктерлерін мекен етеді (Бланк 1991a). Олардың өмір сүруі
үшін суы бар, қысы қарлы емес, сексеуіл бұталары бар жерлер ыңғайлы. Қарақұйрықтар
70.000нан астам өсімдік атаулыны қорек етеді (алуан түрлі шөп,бұталар, қыналар).
Олардың қоректенуі мезгілге және мекен ету ортаға байланысты өзгеріп тұрады. Күніне
олар 6 кгға дейін жасыл жей алады(Слудский 1977; Жевнеров және Бекенов 1983)
.Қарақұйрықтар концентрациясы 20 г/л дейін жететін тузды суды іше алады. Олар
жартылай көшпелі өмір сүреді, қысқаша бірақ тұрақты түрде маусымды қоныс аударады.
Еркек қарақұйрықтардың қарашажелтоқсан айларында ұйығу кезінде өзіне қарайтын
территориялары болады (Бланк 1985). Ұрғашылары көбінесе 1,5 жаста, ал кейбіреулері 6
7 айында буаз болады. Еркек қарақұйрықтар 1,5 жасында, бірақ көбінесе 2,5 жасында
шағылысуға дайын болады. Буаздық кезеңі 55.5 айға дейін созылады. Бір немесе екі жас
бөкен сәуірдің соңынан маусымның басына дейін дүниеге келеді, көбінесе ұрғашылар 1525
мамырдың ішінде өмірге жас қарақұйрықтарды әкеледі. (Жевнеров және Бекенов 1983;
Бланк 1992).
Елдің ішіндегі дәрежесі: Осал. Қызыл кітаптың соңғы басылымында жойылу қатері төніп
тұрған жануарлардың қатарында(Бланк 1991a). Олардың саны қазіргі таңда тұрақты
болғанымен, экономикалық даму мен браконьерлік жаңадан қауіп туғызып отыр.
Қолданылған табиғатты қорғау шаралары: 1951 жылы қарақұйрықтарды аулап қыруға
заңды түрде тыйым салынды. Қарақұйрықтар жойылу қаупі төніп тұрған жануар ретінде
Ұлттық Қызыл кітапқа енгізіліп отыр. Олар АлтынЕмел Ұлттық паркінде (250.000 га ;
жазда5.0006.000ға жуық бөкен дүниеге келеді, қыста олардың саны 10.000ға дейін
барады), Үстірт қорығында (227.000 га), Ақтау–Бузачинск қорығында (85.000 га) және
мемлекеттік аңаулау алқабында мекен етеді. Алматы қорығында да қарақұйрықтар аздап
кездеседі (15.000 га). Қазақстанның бүкіл қарақұйрықтарының 2030% осы қорықтардың
территориясын мекен етеді. Ғаламдық дәрежесі олардың санына қауіптіліктің азаюы
(МСОП 1996).
Ұсынылатын табиғатты сақтау шаралары: браконьерлікке қарсы нәтижелі жұмыс жургізу
үшін үлкен қаржының бөлінуі тиіс. Жаңа ұйымдастырылған қорықтар Қарақұйрықтар
популяциясын қорғауға негізделуі керек. Ол Тауқұм, Қызылқұм, Бузачи тубегін қамту 15
керек, әрқайсысының территориясы 30.00050.000га; Іле өзені алқабының сол жақ
жағалауы мен АлтынЕмел Ұлттық паркін қосатын жаңа үлкен Ұлттық парк;
Мойынқұмдағы жаңадан ұйымдастырылған қорықшалар (1.000.000 га), Жабаушқан,
Бесбұлақ қорықшалары (әрқайсысы 100.000 гадан кем емес) енгізілуі абзал. Ғылым
Академиясының жануартану институты жыл сайын аулауға рұқсат етілетін
қарақұйрықтардың саны мен жасын және жынысын ұсыныс ретінде жариялап отырады.
Ұсыныстар қарақұйрықтардың дамуына кедергі болмайтындай етіп, ең қолайлы сандар мен
популяцияның құрылымына негізделіп беріліп отырады. Үш түрлі популяцияның санағы әр
жыл сайын сәуір айында әуеден жүргізіліп отырады. Жануарлардың жынысы мен жасы,
көбею мен өлу қарқыны, табиғи шектеу факторлары мен эпизоотикалық індеттер
зерттеледі. Кейін белгілі бір уақыт арасында жетілдірілген математикалық модельдің
негізінде есептеулер жургізіледі. (МилнерГулланд 1994) .Ғаламдық дәрежесі жуырда
қайта қарастарылып, жойылу қатері бар деп есептеледі.
Ұсынылған сақтау шаралары: Қарақұйрықтарды заңды түрде аулауды қатаң қадағалау
қажет. Заңды аңаулауды бақылайтын инспекторлар жумысының нәтижелігін арртыруда
барлық жағдай жасау керек. Оның үстіне айыппұлдан түсетін қаржы қарақұйрықтардың
популяциясын сақтауға бағытталған шараларға жұмсалуы тиіс. Аңдасай қорығы
Бетпақдала популяциясының қысқы мекен ету ортасын қамту үшін батысқа қарай 100120
кмге дейін кеңейтілуі керек. Қарақұйрықтардың төлдеу ортасын қорғау уақытша
қорықшаларды ұйымдастыру арқылы үй малы мен көліктерден қорғауға болады. Бұл
шаралар бірінші Батыс Қазақстан аймағында іске асырылған және олар Қазақстанның басқа
аймақтарына таралуы тиіс. Әсіресе, ол қорғау шаралары қарақұйрықтардың көшқон
жолдарын басып өтетін Шу, Жыланшық, Торғай және Үлқояқ өзендері алқаптарында аса
маңызды. Көпірлер мен асулар өзендердің, жер суару арықтарының, газ және мұнай
құбырларының, темір жолдың, көлік жолдарының үстімен салынып, жазғы және қысқы
жайылымдарына көшуде кедергі жасамауы тиіс. Жерді бұрғылап немесе жаңбыр суын
жинау үшін бөгеттер құрып, жасанды су көздерін жасау керек, кейбір аймақтарда су
көздерін үй малымен қатар қарақұйрықтарға де пайдалануға болатындай ұжымшарлармен
келісу қажет. Қазақстанның CITE келісім шартына қол қойып, қарақұйрықтардың ІІші
Қосымшада тізімін реттеуі өте маңызды болды. Қарақұйрықтардың мүйізін заңды түрде
сату қатаң қадағаланып, сертификатталуы тиіс.
3.1 Қазақстанның Қызыл кітабының болашақтағы алғышарттары.
Республиканың жануарлар әлемінде оларды қорғаудың басты шаралар – түрдің таралу
аймағының үлкен бөлігінде оның өміршеңділігін қамтамасыз ету. Қорықтармен қатар,
қорғалатын табиғи территориялардың басқа категорияларының, оның ішінде алғашқы
қатарда қорықшалардың маңызы арта түседі. Сирек кездесетін жануарлар мен
өсімдіктердің ең тығыз популяциялары әрқашанда ландшафтың қорық болуға лайық
эталонды учаскелерімен территория жағынан сәйкес келе бермейді. Бұл жағдайда осы
түрді немесе түрлердің топтарын қорғау үшін арнайы қорықшалар құру тиімді. Бұл
учаскелерді шаруашылық қызметтердің кейбір түрлерін жекелей шектеу қорғалатын түрдің
бұл жерді қалыпты тіршілік етуіне жетіп жатыр.
Осындай қорықшаларды ұйымдастыру қорық ашқанға қарағанда әлде қайда жеңіл
және аз күш жұмсалады. Себебі бұл жерлер шаруашылыққа пайдаланудан алынбайды. Өте
қатал қорғау режимі бар комплексті қорықша құру қорық ұйымдастырудан әлдеқайда
жеңіл. Бұл арқылы түрдің таралу аймағы шегінде үлкен территорияларды қамтуға болады.
Ал қорықтар болса, бұл территориялардың шамалы пайызын ғана құрайды. 16
Балықтар мен қосмекенділердің 19 түрімен түршелерінің бірдебір қорғалатын
территорияларындағы өзен – көл айдындарында кездеспейді. Сирек кездесетін бауырымен
жорғалаушылардың 10 түрінің 3уі ғана қорықтар территориясында таралған. Олар Ақсу
Жабағалы қорығында мекендейтін аяқсыз кесіртке, сары бауыр мен қызыл теңбір жылан,
Үстірт қорығында кездесетін төрт жолақты жылан. Құстар мен сүтқоректілердің сирек
кездесетін түрлерінің жағдайы біршама жақсы. Оны мына Қазақстан қорықтарында
мекендейтін олардың түрлері мен түршелер тізімі куәландырады: 1Барсакелмес, 2Үстірт,
Наурызым, 4Қорғалжын, 5АқсуЖабағалы, 6Алматы, 7Марқакөл, 8БатысАлтай.
Сонымен, «Қызыл кітаптық» құстар түрлерінің 64% астамы және сүтқоректілердің
50% Қазақстан қорықтарында кездеспейді.
Қазіргі кезде Қазақстан қорықтарының территорияларында тіршілік ететін «Қызыл
кітаптық» құстардың 10 түрі, ал сүтқоректілердің 12 түрі (жұпар, орман сусары, еуропа су
күзені, көк суыр, жылан, бессаусақты ергежейлі қосаяқ, үш саусақты ергежейлі қосаяқ,
алып соқыр тышқан) мүлдем кездеспейді.
Аталған түрлердің көпшілігі, ең алдымен территориялық жағынан қорғауға мұқтаж.
Ол үшін қорықша, табиғи ескерткіштер, ұлттық саябақтар және басқа түрдегі қорғалатын
территориялар құру керек.
Қазақстанның негізгі табиғаты көрнекті аудандарында, ең алдымен далалық және
шөлді аймақтарда қорықтар (Қазақстанда 15ке жуық жаңа қорықтар ашу керек)
ұйымдастырудың үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.
Теңіздерде өмір сүретін жәндіктердің өнімін алу үшін қолдан өсіріп, мүмкіндігінше
дернәсілін (личинкасын) табиғи ортаға жіберу мүмкін сияқты. Әрине, ол үшін
дернәсілдердің өзендерде топтасатын жерлерін және теңіздегі ересектерінің биологиясын
анықтай түсу керек. Осындай түрлердің сақталған жерлерінде қорық ұйымдастырып,
геномын сақтап, қолдан өсірудің биотехникасын жолға қою керек.
Кейбір «Қызыл кітаптық» балық түрлері Қазақстан аймағында таралуы бұрын көп
болмайтын, ал қазір өте сирек кездеседі. Табиғи көбеюіне қамқорлық жасап, қолдан өсіру
биотехникасын іске асыру қажет. Жоспарланған қолдан өсіруді жолға қойып,
республикадан тыс жерлерде аулауды бір тәртіпке келтіру қажет. Табиғи көбейетін
жерлерін, басқа түрлермен будандасу шектерін зерттеу керек. Популяцияның жағдайын
қадағалап, оңашаланған суларды қорықтар ұйымдастыруға болады.
Қолдан өсіру әдістерін тауып, қорғау қажеттігін кеңінен насихаттап, сондайақ оны
аулағандарға жаза қолдануды белгілеу қажет. «Қызыл кітаптық» қосмекенділер түрлерінің
қоныстанған жерлерін, ондағы санын анықтап, биологиясын зерттеу керек.
Адам үшін қанаттылардың пайдасы өте зор. Бізде тіршілік ететін құстардың біразы
аңшылық үшін ауланып, дәмді ет пен мамық қауырсын береді.
Соңғы жылдары құстардың тек Қазақстанда ғана емес бүкіл жершарында кейбір
түрлерінің саны азайып бара жатқаны байқалады. Сондықтан да елелде оларды қорғау
шаралары жүзеге асуда. Сол сияқты қазір де біздің республикамызда осындай жұмысты
жүргізу кең қолға алынды. Саны күрт азайып кеткен аң – құстарды шұғыл зерттеу арқылы
келешекте олардың таралған аймағы анықталып, сол жерлерде қорғау шаралары жүзеге
асырылатын болады.
Құстар түрлерінің азаю себептері – заңсыз аулаушылық, өрт, ұя басу кезінде
мазалау, су жүйесінің өзгеруі, яғни су деңгейінің көтеріліп кетуі, қамысты шауып алу. Өзен
атырауларында қорық ұйымдастырып, торғайдың мерзімді қорығын нағыз қорыққа
айналдыру керек. Мекенінің маңайында да шаруашылық жұмыстарды тиып, оны заңсыз
аулаушыларға қарсы шараларын және өртке қарсы күрес шараларын жүргізу керек.
Жерді жырту, дала ландшафтының басқа да өзгерістері, малды көп жаю, химиялық
қосылыстарды ретсіз пайдалану сияқты көптеген факторлар да құстардың азаюына әкеп 17
соғады. Ауыл шаруашылық жұмыстарын экологиялық тұрғыдан ұйымдастырып, оларды
қорғауды халық арасында насихаттау керек. Ұялайтын орындарын тауып, оларды
қорғалатын территориялар деп жариялау қажет. Сақталған популяциясын іздеу іздеу
олардың биологиясы мен экологиясын жанжақты зерттеп, осы мәселелерді анықтағанға
дейін барлық түрлерін қорғау керек.
Сақталып қалған ұялайтын жерлерін іздеу және онда қорғау режимін орнату,
тұрғындар арасында үгіт – насихат жүргізу, қолда өсіру әдістерін дайындау қажет.
Мәселен, бір кезде қарабауыр бұлдырақтың мыңмыңдаған топтары кездессе, қазір
саны бір ретке төмендеген және суат басынан оларды ретсіз ату нәтижесінде саны кемуде.
Қоныстанатын жерлерде аулауға тиым салу және қорғалатын территориялар құру қажет,
басқа жануарлар сияқты қорғалуға тиіс.
Ал үкі болса, саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр. Санының қанша екені
белгісіз, бірақ, көпшілік жерлерде сирек. Санын шектеуші себептер: электр сымдарында
және уланған жемді жеп өлгеннен басқа, қауырсынынан ұлттық әшекейлер мен бой
тұмарлар жасау үшін ұядағы балапандарын алудың да кері әсері үлкен. Сондықтан оны
қорғаудың тағы бір жолы – оның қауырсынын пайдалану үшін қолдан өсіру керек.
Сүтқоректілерді сақтап қалу үшін олардың биологиясын зерттеп, оны қорғау
шараларын дайындау қажет, қорықтар мен қорықшалар ұйымдастыру керек. Қазақстан
жеріндегі ормандарында мекендеуге жарайтын учаскелерді сақтау қажет.Сүтқоректілер
санының аз болуының негізгі себептері – қасақылық және қоректік қорлардың кемуі,
шаруашылықты дұрыс жүргізбеу әсерінен таралу аймағының тарылуы. Сондықтан да
қорғалатын территориялар жүйесін құруды реттеу, қазіргі кезде таралған жерлерде қорғау
шараларын жақсарту, қорықшалар желісін құру, түрдің таралуы мен экологиясын зерттеу
қажет.
Қорытынды:
Табиғат – халық қазынасы. Адамның бір тіршілігі табиғатқа байланысты; күш
қуатты, бар игілік пен жақсылықты ол табиғаттан алады.
Әсіресе, біздің заманымызда ғылым мен техниканың шарықтап өсуі, ауыр
индустрияның, алып құрылыстардың кең қанат жаюы, қалада халық санының өсуі
жағдайында табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды үнемі пайдалану – аса маңызды
мемлекеттік міндеттердің біріне айналып отыр. Халық шаруашылығы жоспарының табысты
орындалуы мен халықтың әлауқатының тез қарқынмен өсе түсуі де алдымен табиғаттың
ұшаңтеңіз байлықтарын – орман, су, жайылым мен шабындық, құнарлы топырақ, пайдалы
кен қазбалары, өсімдік пен жануарлар дүниесінен қорғаумен тығыз байланысты. 18
Бұл салада біздің республикамызда табиғат байлығын тиімді пайдаланып, оны
қорғау туралы жұмыстар атқарылып отырғанын қазір бәріміз де білеміз. Соңғы жылдары
табиғат байлықтарын қорғауға назар аударылып, олардың қорының молаюына мүмкіндік
жасау нәтижесінде аң құстардың бірнеше түрлерінің саны айтарлықтай өсіп отыр.
Республикада ақбөкен сияқты саны азайып отырған қорғауды керек ететін бірнеше
пайдалы аң – құс түрлері бар.
Бұл қорғауға алынған бағалы жануарлардың санын арттырудың бірденбір жолы,
біріншіден оларды браконьерлерден қорғау болса, екіншіден, бұрын тіршілік еткен
жерлерге біразын қайта жіберу немесе жаңа жерлерге жерсіндіру арқылы аң – құстар қорын
көбейту.
Қазіргі уақытта, автомашиналар пайдаланып және рұқсат етілмеген әр түрлі
құралдарды аң – құсты орынсыз аулау фактілері байқалып жүр.
Браконьер – біздің табиғатымызға елеулі зиян келтіретін дұшпанымыз. Ол көктемде
жануарлардың немесе құстың ұрғашысын атып тастайтын болса, онда ол олардың бүкіл
ұрпағына зиян келтіреді. Аң аулаудың тиым салынған құралдары мен әдістерін қолдана
отырып, бүкіл халықтың дәулеті болып табылатын бағалы жануарлар мен құстарды құртып
жібереді.
Сондықтан да аңшылық ережелерін бұзушылыққа қарсы күресті күшейту және
пайдалы аңдар мен құстарды қорғау ісін жақсарту мақсатымен бірқатар жаңа шаралар
қабылдау керек.
Сондайақ саны азайып бара жатқан хайуанаттардың жержерлерге кеңінен
таралуын, биологиялық ерекшеліктерін, ортаға бейімделуін зерттеуге бүкіл халық болып
жәрдемдескен абзал.
Бүкіл жұртшылық ғылымдармен бірігіп, ынтымақтасып жұмыс жүргізгенде ғана
жоғарыда сөз болған жануарлар туралы толық деректер жинап, оларды қорғау мен санын
көбейтуге бағытталған көптеген жұмыстар жүргізе алады.
Қорыта айтқанда, табиғат байлықтарының бірі – пайдалы жануарлар дүниесі.
Қымбат бағалы аңқұстар – халық байлығы. Табиғат көркі өсімдік дүниесі. Бұлар
сарқылмайтын, таусылмайтын қор емес, оларды мәпелеп өсіргенде ғана санын көбейтіп,
халық шаруашылығының бұл саладағы қажетін толық өтеуге болады. Өлкеміздің байлығы
ұшаңтеңіз, берері көп, тек оны қорғап ала білу керек.
Біздің еліміздегі табиғат қорғау шаралары жануарлар дүниесін одан әрі молайтуға,
көбейтуге мүмкіндік беруде.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Антипин, В.M.1941. [Қазақстанның сүтқоректілері]. 3ші том . ҚазӨГІЗ, Алматы
(орыс тілінде)
2. Афанасьев
, А. В., Бажанов, В. С., Корелов, М.Н,, Слудский, A.A., және
Страутман, E.И.1953. [Қарақұйрық] . 484488 б. в:. Афанасьев, А. В. (редакторы)
[Қазақстанның жабайы жануарлары] . Қазақ ССР ғылым академиясы, Алматы (орыс
тілінде).
3. Аяулы хайуанаттар. К.Қайымов. – Алматы, «Мектеп», 1979 ж. 19
4. Бекенов, A.B, Грачев, Ю. А., және МилнерГулланд E.Дж. 1998. Қазақстандағы
қарақұйрықтардың экологиясы мен басқару. Сүтқоректілер. Шолу.28: 152.
5. Бланк, Д.А. 1985. Іле өзені алқабындағы Gazella subgutturosa–ның әлеуметтік
репродуктивтік қылығы. Зоологиялық журнал 64: 10591070 (орыс тілінде, резюме
ағылшын тілінде)
7.
6. Бланк, Д.А.1991a [қарақұйрық] .8285 б :. Гвоздева, Е. В. (редакторы) [Қазақ ССР
нің қызыл кітабы,1ші том], екінші басылым. Ғылым Қазақ ССР, Алматы (орыс
тілінде).
Бланк,
Д.А.1991b [ Маңғышлақ түбегі мен Үстірт шоқысындағы
қарақұйрықтардың саны мен жайылуы] .268273 б : Ковшарь А.Ф. (редакторы).
[Қазақстанның сирек кездесетін құстары мен жануарлары] . Қазақ ССРнің
Ғылымы, Алматы (орыс тілінде).
Фадеев В.А.1978 [қарақұйрық] 7274 б.: Гвоздева, Е. В. (редакторы) [[Қазақ ССР
нің қызыл кітабы,1ші бөлімі омыртқалылар] .Қайнар. Алматы (орыс тілінде).
Фадеев В.А. және Слудский А.А. 1982. Қазақстандағы Қарақұйрықтар. Алматы.
9.
10. Грачев Ю.A. және Бекенов A.B (1993). [Қазіргі замаңдағы Қазақстанның
қарақұйрықтар популяциясының жағдайы]. Қазақстанның жануартану зерттеулері
2: 165 189 (орыс тілінде).
8.
11. Курочкина Л.Я., Османова Л.Т. , және Кәрібаева К.И., 1986. [Қазақстан
шөлдерінің жем қорлары] . Қазақ ССРнің ғылымы, Алматы (орыс тілінде).
12. Қазақстан Қызыл кітабы.
Том І. Жануарлар, І бөлім. Омыртқалылар. – Алматы «Қонжық», 1996.
13. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, 6 том.
14. Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. А.Ф.Ковшарь. – Алматы, 2004 ж.
15. МилнерГулланд Е.Дж. 1994. Қарақұйрықтар популяциясын басқарудың моделі.
Қолданбалы экологияның журналы 31: 2539.
16. Раков, Н.В.1956. [Батыс Қазақстандағы қарақұйрықтар]. Жануартану
институтының еңбектері АН ҚазССР 6: 2860 (орыс тілінде).
17. Шварева, UN1969. [Климат, жалпы сипаттама].9097 б. : Герасимов И.П.
(редакторы) [Қазақстан].. АН СССР, Мәскеу (орыс тілінде)
18. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау. Ш.Әлиев, А.Бекенов, Х.Қадырбаев. –
Алматы, «Қайнар», 1975 ж.
19. Слудский A.A. 1963. [Евразия далалары мен шөлейтті жерлеріндегі жұт].
Жануартану институтының еңбектері.
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Научная работа "The Red Book. Antilope"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.