Наурыз-думан
Оценка 4.8

Наурыз-думан

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
классное руководство
6 кл
16.06.2019
Наурыз-думан
Уа, халқым! Ұлыстың ұлы күнінде аластайын ұямды, таза жерге қызыр келіп бақ қонар, алас-алас әр пәледен алас, алас алас кесапаттан алас , алас-алас сұқ көздерден алас , алас-алас бәле жәледен алас,алас алас кесірлі тілдерден алас , алас алас кесірлі тілдерден алас, қараңғы жарыққа , ызғар жылға, қара аққа ауыссын, сор баққа , кесір келеге, жоқ барға ауыссын.Барша жанға тек жақсылық болсын.
Сценарий наурыз - копия.docx
Сценарий Ортаға аластаушылар шығып:   Уа, халқым! Ұлыстың ұлы күнінде аластайын ұямды, таза жерге  қызыр келіп бақ қонар, алас­алас  әр пәледен алас, алас алас кесапаттан  алас , алас­алас сұқ көздерден алас , алас­алас бәле жәледен алас,алас  алас кесірлі тілдерден алас , алас алас кесірлі тілдерден алас, қараңғы  жарыққа , ызғар жылға, қара аққа ауыссын, сор баққа , кесір келеге, жоқ барға ауыссын.Барша жанға тек жақсылық болсын. Фанфар Аружан: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Босқа қарап тұрмаңыздар Наурыз тойы басталды Көргендерде арманда Көрмегенде арманда Армысыздар халайық Бармысыздар халайық Наурыз тойын жұп жазбай Биыл қарсы алайық Досқа құшақ ашайық Өлең жырға басайық Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ  күні. Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен, Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем. Жарығыңмен, шуағыңмен Күн­Ана, Алып келдің жер бетіне гүл көктем. Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз. Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар, Өткеннен бізге жеткен асылы бар. Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын, Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар. Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт. Күлгенің де той сенің, Жүргенің де той сенің. Қызықтасын халайық, Тұсау кескен бұл күнің Есте қалсын, жарқыным. Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады. Бүгінгі   күні   Лиза   әже   өзінің   немересі   Сұлтанның   «Тұсау   кесер»   тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші. Лиза әже: Алғашқы немерем Сұлтанның  жер­Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек,   із   тастамақ.   Сол   құлынымның   тұсауын   кесуге   өзімнің   аяғы   жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті әже,   Аққағаз құдағиыма  немеремнің тұсауын кестіремін. Ал, келін балам, кішкентай Сұлтанды ортаға әкеліп, Аққағаз әжесіне табыс ет. (Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.) Келін бала:  (баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:) Тәй­тәй балам, тәй балам, Шақырып тұр айналаң, Жүруге алғаш талпындық Құтақандай жан балам, Қаз­қаз тұрып талпындың, Қуантасың, күлесің. Аман болсаң аз­ақ күнде Алшаң басып жүресің. Аққағаз әже: Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа. Бөпеміз қаз тұрыпты, Алға қадам басуға, Тәй­тәй болып жүріпті, Асулардан асуға. Маған тұсау кестіріп, Жатқандардан бұйрық сол; Мені жүйрік депті жұрт Менен асқан жүйрік бол. (Аққағаз әже қолына ала жіпті алып жатып) Ала жіппен тұсайын Аружанның аяғын Тұсау жібін кесейін Жасап баба ырымын. Сағат сайын есейіп, Шапқыласын құлыным Аяқтары талмасын Айналайын, алтыным. (аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.) Қаз­қаз бала, қаз балам. Қадам бассаң мәз болам. Қаз баса ғой, қарағым, Құтты болсын қадамың. Алға қарай баса бер, Асулардан аса бер. (Сұлтанды жетектеп жүргізеді.) Лиза әже: Ал, келіншектер, тәй­тәй­лап Әлдиді алға бастаңдар. Шошытпаңдар, айқайлап, Жалғыз тастап қашпаңдар. Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар Із қалдырсын соңына, Алдын кең ғып ашындар! ( Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.) Лиза     әжемнің   немересінің   «Тұсау   кесер»   тойының   құрметіне   ән­шашу арнайын. Лиза әже: Рахмет, айналайын, өркенің өссін. Саған да осындай той жұғысты болсын. Лиза  әже: Әкеліңдер ана сандықты ортаға «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған­тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін. Осы сый­сыяпатыма риза болыңдар, қадамдарыңа гүл бітсін. (әже қонақтарына сый­сыяпатын көрсетеді.) Лиза     әжемнің   немересінің   «Тұсау   кесер»   тойының   құрметіне   ән­шашу арнайын. Бата берілуі:

Наурыз-думан

Наурыз-думан

Наурыз-думан

Наурыз-думан

Наурыз-думан

Наурыз-думан

Наурыз-думан

Наурыз-думан
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.06.2019