а а а а а а а а а у у у у у к к к к к к к к к к к к к к к к пе п пп п п п п п п пп
Құндылықтар.docx
Өзін өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері.
(Құндылықтар)
Мазмұны:
1.Тұлға құндылықтарының иерархиясы;
2.Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар;
3.Жалпыадамзаттық құндылықтар және адами тұлғаның болмысы.
Аксиология (грекше ... құндылық , ілім) «құндылық» категориясын зерттейтін
философия саласы. Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер,
жай күйлерді құндылықтар деп аталынады.
Жеке адамның барлық құндылықтары белгілі бір денгейде иерархияланған:
жеке адам үшін бірінің маңызы жоғарырақ болса, екіншісінің маңызы азырақ
болады.
Иерархияның басында адам өмірін айқындайтын бір немесе бірнеше базалық
құндылықтар қатар болуы мүмкін. Құндылықтар иерархиясы жеке адам
санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды өмір ағыны барысында бір
құндылықтар бірінші кезекке шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды, яғни
құндылықтардың орны маңыздылғына байланысты ауысып тұрады.
Өмірдегі түрлі жағдаяттар, мәселен, емі жоқ ауру, жақсы адамның қайтыс
болуы, үйінен айырылып қалу және т.б. жағдайлар жеке тұлғаның
құндылықтар жүйесі мен мінез құлық нормасын қайта қарауына негіз болуы
мүмкін. ..... Қорыта айтқанда, адами құндылықтар жүйесі адам өмірінің
соңына дейін тұрақталып қалмайды.
Сондықтан да дамып келе жатқан адамға қай құндылықтар қажет деген
заңды сұрақ туындайды.
Алғаш рет Сократ айтқан. Ол негіз етіп алды және оны игілік тұрғысында
қарастырады.
Педагогикада жалпыадамзаттық құндылықтар ды білім мазмұнына мақсатты
түрде енгізу мәселесі 20 ғ. 8090ж. Жолға қойылды (И.Я.Лернер, В.Оконь,
Л.Я.Зорина және т.б.) Құндылықтарға бағытталған материалдарды білім берудің базалық мазмұнына
енгізу мәселесі рухани адамгершілік және жалпыадамзаттық
құндылықтарды жаңғыртуға байланысты өзекті мәселеге айналып отыр.
Сондықтан да қазіргі білім мазмұнында бар материалды пайдалану, онда
назардан тыс қалған құндылықты әлеуетті жарыққа шығару міндеттері
туындап отыр.
Тұлға бойына міндетті түрде қажет және оның құндылықтар жүйесінің өзегі
болатын, ешқашан өзгермейтін негізгі құндылықтар жүйесінің жиынтығы
туралы сөз қозғау керек. Сондықтан да рухани адамгершілік тәрбие
мазмұнының негізіне айналатын білім материалдарын іріктеу кезінде
гуманистік бағытымен, жалпыадамзаттық мәнімен, маңыздылық деңгейімен,
жан жақтылығымен ерекшеленетін құндылықтарды басшылыққа алу керек.
Т.И.Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге
бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.
Табиғи құндылықтар бұл адамның табиғи күші мен жан.дүниесінің
қабілеттілігі құндылықтары: яғни ақыл.ой, сезім, күш жігер (ақылдың
айұындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі,
куш.жігердің қайраттылығы.
Жүре пайда болған құндылықтар . бұл адамның интеллектуалды және
адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік,
сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік,
сабыррлылық және т.б.)
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар . ол уақытқа бағынбайтын,
ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор
құндылықтар.
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар
Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани
адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік
жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре п.б. құндылықтарды да
қамтиды. Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар
адами қасиеттер болып табылады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке
жол ашады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі
болып табылады.
Адам 5 құндылық (ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат)
қоршап тұрады.
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан
берілген сый жіне олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр
болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани
деңгейін білдіреді.
Оқыту үрдісінде мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның
адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына
ықпал етеді. Мәңгілік құндылықтар білім негізі оның өзегі болып табылады.
Тоғай ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, тыныштық, қиянат жасамау.
Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып
саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық,Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау
сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам,
осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ
пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.
Табиғаттың бес элементі (бес тылсымы) топырақ, су, от, ауа, эфир.
Тығыздықтың төмендеуіне байланысты оладың қасиеттері де азая бастайды.
Топырақ бес қасиет (дыбыс, түйсіну, пішін, дәм, иіс);
Суда төрт қасиет (дыбыс, түйсіну, пішін, дәм);
Ауада екі қасиет (дыбыс, түйсіну);
Эфирде бір қасиет (дыбыс).
...Ішкі тазарудың соңы сыртқы тазаруға алып келеді. Ең алдымен
адамның ақыл ойын қайта жаңарту керек, сонда ғана бүкіл әлем жаңарады,
өйткені ақыл ой осы әлемнің негізі болып табылады. Бұл әлемге қажет білім. Схема жоғары, тһмен. Рухани деңгей, ажырату деңгейі, менталды деңгей,
эмоционалды деңгей, тәндік деңгей
Жалпыадамзаттық құндылықтар және адам тұлғасының құрылымы
Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның
мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай
болуы тиіс.
Қиянат жасамау рухани деңгей,
Ақиқат интеллектуалды деңгей (ажырату, интуиция).
Сүйіспеншілік адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл ой, сөз).
Тыныштық эмоциялық деңгей (сезім).
Дұрыс әрекет физикалық деңгей.
Мінез адамның басты байлығы.
Интуиция жеке «меннің» аясынан тыс Жоғарғы санадан туындайды (интуиция
ретінде көрінетін Ақиқат)
Жоғарғы «Мен» бүкіл сананы қамтып өтеді.
Сезім тәнді басқарады.
Ақыл сезімді басқарады.
Таза парасат (ажырату күші) ақылдан жоғары тұрады.
Егер парасатты (интеллект) дұрыс қолдана білсек, мазасыздықтан, үрейден,
агрессиядан арылуға болады. Парасаттын дауысын есту үшін өз ойымызды
тыныштық күйіне түсіруіміз керек.
.....
Дұрыс әрекет әрекеттегі Сүйіспеншілік.
Жан тыныштығы бар жерде, ішкі тартыстар болмаған жерде
Сүйіспеншілік гүлденеді.
Дұрыс әрекет іс әрекеттегі Сүйіспеншілік. Тыныштық сезімдегі Сүйіспеншілік.
Ақиқат ойдағы, сөздегі, Сүйіспеншілік.
Қиянат жасамау түсінісудегі Сүйіспеншілік.
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар:
Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау
адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және діни, мәдени тиістілігіне
байланыссыз және уақытпен шектелмейді.
Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелдә жіне бір біріне етене еніп,
адам руанияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.
... адамгершілік сияқты құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген
адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ
пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.
Ішкі үйлесімділікке кол жеткізу үшін адам ойы, сөзі. Ісі адами тұлғаның
мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай
болуы тиіс.
Қиянат жасамау рухани аспект.
Ақиқат интеллектуалды аспект.
Сүйіспеншілік адамгершілік аспект
Тыныштық эмоциялық аспект
Дұрыс әрекет физикалық аспект.
Ақиқат өзін өзі тану мақсаты. Ақиқатты тануға ұмтылатын адамды өзіне
мынандай сұрақтар қоюға итермелейді.
Мен кіммін?
Менің өмірдегі мақсатым не?
Қазіргі сәттен қалайша толық өмір сүре аламын?
ӨЗімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын? Бұл адам құтыла алмайтын адамгершілік аксиома. Тірі ағзаның дәні, оның
өлмес Рухы басқа қоректі талап етеді, және де оны таба алмастан ашығып
қажиді... К.Д.Ушинский
Дұрыс әрекет Ақиқат жолын ұстау болып табылады.
Кейде сен өзіңнің бір нәрсеге байланып қалғанынды оны жоғалтқанға дейін
білмейсің түсінген сәтте бұл теңдестіру толық болудан қалады. «Мен
байланудың бар екенін түсіне білетін, саналы түрде түсінемін». Бұл сана
трансформациясының басталды. ....
.... Адам өз тағдырының иесі «Гүліне қарама, түбіне қара» дейді халықымыз.
Жас кезімде әрдайым ізденіс үстінде жүретінмін. Бәрі ниетке байланысты
екен. Бір нәрсенің соңына адал жүрек, ақ ниетпен түссең соның жемісін
көресін. Т.Әубәкіров
Білім беру үдерісінің Дұрыс әрекет етуге үйрету мақсаттары.
Әр адамның бойында бар Ар ұждан дауысына жырату және ести білу
қабілеттерін ояту;
Күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету сапасын дамытатын және жүұеге
асыратын ойларын, сөздерін және ісамалдарын бекіту.
Дұрыс әрекетке тән қасиеттер: әдет, қанағат, ынтымақтастық, тәртіп.
Ақиқаттан туындағанның барлығы Дұрыс әрекет.
Адам ақиқатты танып сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан
дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісі гүлі шешек атады.
Қиянат жасамау түсіну ретіндегі Сүйіспеншілік. Түсіну барлық тіршілікті
қиянат жасамауға алып келудің тұтастығы. Қиянат жасамау Ақиқат,
Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет және Жан тыныштығының іс жүзіндегі тәтті
жемісі.
Құндылықтар
Құндылықтар
Құндылықтар
Құндылықтар
Құндылықтар
Құндылықтар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.