Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Өнер көзі – халықта»
Мақсаты: Қазақ халқының өрнегін орамалдың түсіне сәйкес түстерді іріктеп, ерекшелеуге үйрету. Таныс қазақ өрнегінің элементтерінен өздігінен оюды жапсыру дағдысын бекіту. Мұқияттылыққа, ұқыпты жапсыруға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: басқұр, орамал, безендіру.
Қолданады:оюлардың суреті, жапсыруға қажетті құрал-жабдықтар, киіз үй.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері - Алақандарымызды үйкелейікші. – Алақандарыңды үйкелегенде не сездіңдер? - Енді, осы жылуымызды бір-бірімізге ізгі тілектер білдіру арқылы берейік. Мен бастаймын, сендер жалғастырасыңдар. Айлана ақылды бол! |
Алақандарын үйкелейді. – Жылу сезіндік. – Аспанымыз ашық болсын! Денің сау болсын! Әрқашанда әдемі болып жүр! Достарың көп болсын! т.б. тілектер айтады. |
- Қараңдаршы, мынау қазақ ою-өрнектерінің суреті. Мұнда қандай ою-өрнек бейнеленген? - Басқұр — киіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Басқұрдың ұзындығы киіз үйді айналдыра орап шығатындай болады. Басқұрды өрмекпен терме тоқу, қақпа тоқу әдістерімен әр түсті жіп, арқау салып, ою-өрнекті етіп тоқиды. Түкті немесе ақ басқұр және түксіз немесе ала басқұр болып екіге бөлінеді. Түкті (ақ) басқұрды түрлі-түсті жіптерді негізгі жіптерге түйіндеп, түкті ою-өрнек салып тоқиды. Түксіз (ала) басқұр әр түсті жіптерден алаша секілді тоқылады. Басқұрды түйе, қой және жылқы қылы қосылған ешкі жүнінен тоқиды. Үлгіні көрсету: - Бүгін біз мына орамалды осы ою-өрнектермен әшекейлейміз. Оны біз түрлі түсті қағаздан желіммен жапсырамыз. Алдарыңдағы орамалға ою-өрнекті желіммен қылқаламмен жапсырамыз. Қошқармүйізді екі иілген қос мүйіз сияқты қиылған соны жапсырамыз. Балтаны бір тік таяқша және оның үстіне тағы оң жаққа қарай тік сызық сияқты қиылған жапсырамыз. Тышқан ізді оң жаққа бұрылып тұрған үшбұрыш сияқты етіп қиылған, оны да осы қағазға жапсырамыз (көрсетіп, түсіндіру). Электронды киіз үйден күйдің әуенін ойнатып қою. Дербес іс-әрекет, жеке көмек көрсету: - Енді осылай өздерің ою-өрнектерді жапсырамыз. Сергіту сәті «Ою-өрнек»: Үш бұрыштар жасайық, Төрт бұрыштар жасайық. Жоғарыдан бір сызық, Төменгіден бір сызық. Бұрыштарын қосқанда, Өрнек шықты сызылып. |
Мұқият қарап, тыңдап отырады.
Көрсетіліп, түсіндірілген үлгіге мұқият қарап, тыңдайды.
Әркім өз беттерінше жапсырады.
Сергіту сәтін қайталап айтады, қимылын орындайды. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
- Бүгін нені ою-өрнектермен безендірдік? - Қандай ою-өрнектерді жапсырдық? Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылау, мадақтау.
|
- Орамалды.
- Қошқармүйіз, балта, тышқан із. |
Күтілген нәтиже:
Біледі: Қазақ халқының өрнектері, оның ішінде бақсұр туралы мәліметті.
Игереді: Таныс қазақ өрнегінің элементтерінен өздігінен оюды құруды.
Меңгереді: Мұқият болуды, ұқыпты жапсыруды.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.