«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Москалев орта мектебі» ММ
Тақырыбы:
Әзірлеуші:
Кожагалиева Гульдана Женисовна
2018 жыл
«Еңбек – білім беру жүйесіндегі білім берудің мықты тәрбиешісі».
А.К Макаренко Кіріспе
Еліміздің Президенті ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламасы еліміздің өткен тамырын қастерлей отырып, бәсекеге қабілетті
ұрпақ тәрбиелеп, Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына кіріктіру мақсатымен
айқын. Осы орайда «баланы жастан» деген тұжырымдама бекер айтылмаса
керек.
Мектепке дейінгі жастағы балалар кезеңі жеке қасиеттерді қалыптастырудың
ең негізгі кезеңі. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұлғалық қалыптасуында
еңбек тәрбиесі мардымды рөл атқарады. Егер дәл осы еңбек тәрбиесі отбасынан
басталып, ерте жастан орындалып келсе, балалар үлкен өмірде еңбексүйгіштік
қасиетіне ие болады. Баланың еңбекқорлық көрсеткіштері (қызмет мақсатын
білу және оған жетудегі табандылық; бастаған істі аяғына дейін жеткізуге
дайындылық; еңбекке эмоциялық жағынан оң көзқарастың көрінісі; өнімділікті
барабар бағалау; мұқияттылық, еңбекқорлық, еңбек құралдары мен өнімдеріне
мұқият қарау) мектепке дейінгі кезең мен кіші кезеңдерде қалыптасып,
жетілмесе (Р.С. Буре, Г.Н. Година, М.В. Крулехт, В.И. Логинова, Т.А. Маркова,
В.Г. Нечаева, Д.В. Сергеева), оқушылардың алдағы уақыттағы оқутанымдық
қызметі мен өзіндік еңбек қызметіне бейімделуге кедергі болады. [1]
Жобаның атауы: «Еңбек тәрбиесі – басты капитал»
Жобаға қатысушылар: 1 тәрбиеленуші, атаана.
Жоба түрі: атаанамен өзара әрекеттесуге бағытталған орта мерзімді
әлеуметтікпедагогикалық жоба.
Әзірленген жылы: 20172018 жылдар.
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Жобаның өзектілігі:
Атааналардың көбісі балаларды шамаға шақ, бірлескен жұмысқа тартпайды,
өз бетінше әрекет етуге мүмкіндік бермей, бала жасай алатын жұмысты өздері
жасайды. Соның нәтижесінде, балалар еңбек етуге дағдыланбай, еңбекке деген
қызығушылығы төмендейді.
Білім берудің өзекті жемісі саналатын
функционалды сауаттылықты ерте жастан бастап тәрбиелеу маңызы жобаның
өзектілігін айқындайды.
Жобаның мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың жұмысқа деген оң көзқарасын дамытып,
дербес еңбек етуге тәрбиелеу.
Жобаның міндеттері: 1. Өз бетінше жұмыс атқару мен қабілетті болуға ынта, қиындықтармен
күресуді, басқаларға көмектесуді тәрбиелеу.
2. Баланы әртүрлі жұмыс түрлеріне белсенді қатысуына,
оның
мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу.
3. Балалардың мәденигигиеналық дағдыларын нығайту.
4. Балалардың еңбек қызметін ынталандыруды жоғарылату үшін үйде жағдай
жасау.
Күтілетін нәтиже:
Мектеп жасына дейінгі балалардың жұмысқа деген оң көзқарасын дамып, дербес
еңбек етуге тәрбиеленеді.
Жобаны іске асыру жоспары:
Бірінші кезең – Даярлық кезеңі
1. Мақсат, міндеттерді айқындау.
2. Жобаны іске асыру бойынша жұмыс бағдарларын айқындау:
a) Баланы жұмысқа бейімдеу: күнделікті ойыншықтарды ойын кейіпкерін
қолдана отырып, түрінде жинастыру; жапсырғыштармен, белгішелермен
мадақтау.
b) Баубақшадағы еңбекке баулу.
c) Қысқа өлеңдерді пайдаланып баланы жуынуға, гигиенаға дағдыландыру.
d) Таза ауадағы продуктивті қызмет: «Қардан мүсіндерді жасау», «Жолды
қардан тазалау», «Құстарды тамақтандыру».
e) Табиғаттағы еңбек, эстетикалық тәрбие барысындағы еңбек тәрбиесі: үй
өсімдіктерін күту.
f) Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы еңбек: ойын барысындағы
еңбек.
g) Оқу арқылы еңбек тәрбиесін қалыптастыру: «Жазып үйренемін», «Оқып
үйренемін», «Сурет салып үйренемін», «Үштілділі балақай: қазақ, орыс,
ағылшын тілдерін үйренемін».
h) Қол еңбегі: Ұсақ моториканы дамыту ойындары.
Екінші кезең – Жобаны жүзеге асыру кезеңі
Жобаны іске асыруды бастамас бұрын сәйкес әдебиеттер сараланып, ең үздік
еңбек тәрбиесі
мен
қызығушылықтарына сәйкес бағдарлар бойынша жасалынып, жетістікке жету
жағдайлары жасалды. Жоба барысында жеңілден қиынға қарай деңгейлі
«шиыршық» әдісі қолданылды. [2]
Баланың қажеттіліктері
мысалдары
іріктелді. 1. Баланы жұмысқа бейімдеу: күнделікті ойыншықтарды ойын
ойын түрінде жинастыру;
кейіпкерін қолдана отырып,
жапсырғыштармен, белгішелермен мадақтау.
Баланың ойыншықтармен ойнағаны қаншалықты пайдалы болса, ойын соңында
ойыншықтарды жинастыру соншалықты пайдалы. Бұл баланы алдағы уақытта өз
заттарына ұқыпты қарап, жинақылықты дамытуға тәрбиелейді.
2. Баубақшадағы еңбекке баулу.
Баланы баубақшадағы еңбекке баулу – баланың байқау, барлық тірі ағзаларға,
табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға баулиды. Баланың физиологиялық дамуына,
төзімділіктің артуына және дене күшінің дамуына ықпал жасайды. Алғашында
үлкендердің көмегімен, кейін балалар өздері орындауға бейімделеді. 3. Қысқа өлеңдерді пайдаланып баланы жуынуға, гигиенаға
дағдыландыру.
Балалармен жұмыс істеудегі маңызды міндеттердің бірі саналатын тазалық
баланың денсаулығы мен тұлғалық қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Сондықтан, баланың кіші жасынанақ тазалыққа, әсемдікке тәрбиелеу
маңызды. Даладан келгенде, ас ішер алдында, тамақтанып болған соң
балаларды қолдарын жуып, тазалыққа бейімделу түрлі ауруларды
болдырмау деп балаға жете түсіндіреміз. Жуыну барысында дене мүшелері,
тазалық туралы тақпақтар айтылып, жатталады. 4. Таза ауадағы продуктивті қызмет: «Қардан мүсіндерді жасау».
Бұл кезеңде бала атаанамен бірлесе отырып жұмыс атқарады. Қардан мүсін
жасау барысында баланың мүсіндеудегі қателіктері пассивті түрде түзетіліп,
қиялына ерік беріледі. Адамның дене мүшелерімен парапар мүшелер
қайталанылады. Бұрын белгісіз болған жаңа терминдер (Аққала, қыстың
көркі, т.б) енгізіледі, мағынасы таныстырылады[3].
5. Табиғаттағы еңбек, эстетикалық тәрбие барысындағы еңбек тәрбиесі:
үй өсімдіктерін күту. Баланың табиғаттағы еңбегіне баулу үшін гүлдер, жануарларды күтуге
тәрбиелеу керек. Сол арқылы үйдегі гулдерді суару, қураған жапырақтарын
жинастыру, сол арқылы өзгеріске ұшырағанын көрсетіледі. Өзі жасаған еңбегі
арқасында гүлдің гүлдегенін, жануарлар түлегенін көрсе, бала әрқашан
жетістікке өз еңбегі арқылы жетуді көздейді. Өзінен әлсіз жануарлар мен
өсімдіктерге сүйіспеншілік пен жауапкершілікпен қарауға бейімделеді.
6. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы еңбек: ойын
барысындағы еңбек. Оо
Мектепке дейінгі балалардың ісәрекет ойын арқылы дамиды. Сол себептен
ойынның балаға берері мол: бала заттарды таниды, күнделікті ойыншықтарды
тұрмыстық өмірге жарату үшін қиялға ерік береді.Бұл кезеңде баланың қиялы
ұшқырланып, ойөрісі кеңее түседі. Ойын барысында баланың еңбекке деген
эмоционалды ахуалы дайын болады. Жинастыру, топтастыру, қолдану, бірлесу
т.с.с. терминдермен танысады.
7. Оқу арқылы еңбек тәрбиесін қалыптастыру: «Жазып үйренемін»,
«Оқып үйренемін», «Сурет салып үйренемін», «Үштілді балақай:
қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренемін».
«Үштілділік – біздің балаларымыз үшін қажеттілік. Олар барлық планетаның
балалары: мемлекеттік тілді – барлығы білуі тиіс, орыс тілі – біздің қарым
қатынас тілі, ағылшын тілі – әлемдік тіл, әлемдік ғылым, инновация, интернет
тілі» деп ҚР Президенті атап көрсеткендей, ағылшын тілі балабақшаданақ
үйретілуде. [4] Сондықтан қазақ тіліндегі өлеңдері мен ертегілерімен қоса, орыс
тілі мен ағылшын тілдері қатар үйретудемін. «Өз балаңа үлгі бол» деген
қағиданы ұстанып, жиі кітап оқимын. Мектептің, ауылдың моделді
кітапханасына жиі барамыз. 8. Қол еңбегі: Ұсақ моториканы дамыту ойындары.
Ұсақ моториканы дамыту – мектепалды даярлық жұмысының айқын көрінісі.
Ол баланың ми дамуына әсер етіп, жазуға, оқуға, қолдың жұмыс істеуін
дамытады. [5] Үшінші кезең – Сараптау кезеңі
Сонымен, қорытындылай келе, жоба барысы оң нәтижелер берді. Бала
ойыншықтарға ұқыпты қарап, ойын соңында оларды жиып қоятын болды.
Өскіндер мен жануарларға мейіріммен қарап, оларды қамқор болуды үйренді.
Тазалыққа бейімделіп, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыланды. Қазақ
тілінде 15тен аса тақпақтарды жатқа біліп, 100ге дейін санауды үйренді. Орыс
тілінде сұрақтар қойып, жас шамасына сай сөйлеуді үйренді. Ағылшын тілінде
20ға дейін санап, 30дан аса лексикалық бірліктерді үйренді. Мұның барлығы
мектепке дейінгі еңбек тәрбиесінің айқын көрінісі. Осылайша, еңбек барысында
балаларда қабілет пен дағды дамып, байқау қабілеті пайда болып, оның
қызығушылықтар аймағы арта түсетінін байқадым. Баланың еңбекқорлық,
жауапкершіліктің бастапқы формалары, борыш сезімі сынды адамгершілік
қасиеттері арта түсті. Л.С.Выготский, бала ересектермен ынтымақтастықта
бүгін не жасаса, ертең оны өзі жасайды деп пайымдағандай, еңбек тәрбиесі
баланың өмір сапасы капиталына қаланған ең құнды нышаны. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Белобрыкина О.А. Психологическая диагностика самооценки детей старшего
дошкольного возраста. Новосибирск: ГЦРО, 2000.
2. http://psydiplom.ru/shpargalki/teoriyarazvitiyalsvygotskogo/
3.http://thelib.ru/books/l_v_kucakova/trudovoe_vospitanie_v_detskom_sadu_progra
mma_i_metodicheskie_rekomendacii_dlya_zanyatiy_s_detmi_2_7_letread.html
4. http://www.inform.kz/ru/prezidentrktrehyazychieneobhodimostdlya
kazahstanskihdetey_a2897047
5. Нечаева В.Г. Воспитание дошкольников в труде. Москва. 1983.
"Нравственные ценности для воспитания лидера III тысячелетия"
"Нравственные ценности для воспитания лидера III тысячелетия"
"Нравственные ценности для воспитания лидера III тысячелетия"
"Нравственные ценности для воспитания лидера III тысячелетия"
"Нравственные ценности для воспитания лидера III тысячелетия"
"Нравственные ценности для воспитания лидера III тысячелетия"
"Нравственные ценности для воспитания лидера III тысячелетия"
"Нравственные ценности для воспитания лидера III тысячелетия"
"Нравственные ценности для воспитания лидера III тысячелетия"
"Нравственные ценности для воспитания лидера III тысячелетия"
"Нравственные ценности для воспитания лидера III тысячелетия"
"Нравственные ценности для воспитания лидера III тысячелетия"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.