Қоғамдық пәндерді іскерлік ойын, тренинг жүйесінде оқыту
Оценка 4.8
Лекции
docx
история +1
Взрослым
27.11.2017
Жобаның көкейкестілігі: Оқушылардың тәжірибеде алған білімдерін тиімді қолдануға ықпал ететін құзыреттіліктерді меңгеруі бүгінгі күні оқушы тұлғасының сапасына мемлекет қойып отырған басты талаптардың бірі. Бүгінгі күні өз ойын еркін білдіре алатын, өзгенің пікіріне сыни тұрғыда қарай білетін өзіндік азаматтық позициясы бар жан-жақты тұлғаны тәрбиелеу мектептің басты ұстанымы болып отыр. Сондықтан да іскерлік ойын, тренинг жүйесінде білім беру мектептің ұстанымын жүзеге асыруға ықпал ететін жаңа технологиялардың бірі болып табылады.Мақсаты: Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндерін іскерлік ойындар мен тренинг жүйесінде оқыту оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын, коммуникативті, өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыруға, аналитикалық құзыреттіліктерін дамуына ықпал ету деңгейін зерттеу.
Альдекенова А.Т..docx
Қоғамдық пәндерді іскерлік ойын, тренинг
жүйесінде оқыту
Альдекенова Анар
Толыбаевна
Ақсу қаласының
дарынды балаларға
арналған
мамандандырылған
гимназиясы, тарих
пәні мұғалімі
Әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру мәселесі
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
«Жаңа әлемдегі Жаңа
Қазақстан» атты жолдауының негізгі тірегі болып табылады.
Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін еліміздің
болашағы жастар білімді болуы қажет. ҚР «Білім туралы»
заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және
жалпы азаматтық құндылықтары, ғылым мен практика
жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға
дамытуға және оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған
білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Ғылым
мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағымы
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,
адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті
болып табылады. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне
қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған
педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс
жасалуы қажет. Тарих және құқық негіздері сабақтарында
оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын бірнеше
технологияларды өз тәжірибемде кеңінен қолдануға тырысамын, солардың бірі оқушылардың өздігінен білім алу,
ойлау, өз ойын жеткізу, өзара пікір алмасу қабілеттерін
жетілдіруге ықпал ететін іскерлік ойындар, тренинг жүйесі
ретінде оқыту формалары.
Жобаның көкейкестілігі: Оқушылардың тәжірибеде
алған білімдерін тиімді
қолдануға ықпал ететін
құзыреттіліктерді меңгеруі бүгінгі күні оқушы тұлғасының
сапасына мемлекет қойып отырған басты талаптардың бірі.
Бүгінгі күні өз ойын еркін білдіре алатын, өзгенің пікіріне сыни
тұрғыда қарай білетін өзіндік азаматтық позициясы бар жан-
жақты тұлғаны тәрбиелеу мектептің басты ұстанымы болып
отыр. Сондықтан да іскерлік ойын, тренинг жүйесінде білім
беру мектептің ұстанымын жүзеге асыруға ықпал ететін жаңа
технологиялардың бірі болып табылады.
Мақсаты: Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндерін
іскерлік ойындар мен тренинг жүйесінде оқыту оқушылардың
функционалдық сауаттылықтарын, коммуникативті, өзін-өзі
реттеу
аналитикалық
құзыреттіліктерін дамуына ықпал ету деңгейін зерттеу.
қалыптастыруға,
дағдысын
Міндеттері:
Оқушылардың оқу сапасының артуына, функцианалдық
іскерлік ойын, тренинг
сауаттылығын жетілдіруге
жүйесінде қол жеткізуге болатынын тадау;
Тренинг жүйесінде оқытудың оқушылардың өзін-өзі реттей
білу дағдысының қалыптасуына әсер етуін қарастыру;
Іскерлік ойындардың,
тренингтердің оқушылардың
комуникативтілгіне, өзін ұжымда, көпшілік ортасында
ұстауға, әріптесін тыңдауға, көпшілік алдында шығып
сөйлеуге, өз ойын дәлдеп айтуға үйретуде негізгі роль
атқаратынын негіздеу. Жобаның болжамы: Іскерлік ойын, тренинг жүйесінде
оқыту негізінде функционалдық сауатты, өзіндік ұстанымы,
пікірі бар, өзін-өзі реттей алатын тұлға қалыптасады.
Ғылыми еңбектерде «Тренинг – жеке тұлғаның дамуына
және өзара әрекеттестік, өзара қатынас жаттығулар жүйесі»
деген анықтама беріледі.
«Тренинг» сөзі біздің педагогика ғылымына өткен ғасырдың
екінші жартысында ғана ене бастады. Бұған дейін осы сөзге
мағыналас «жаттығу» сөзі кеңінен қолданылып келді. Қазір осы
екі термин де педагогика саласында кеңінен қолданылып
келеді. Оқыту барысында қолданылатын тренингтердің түрлері
көп. Солардың ішінде оқытудың белсенді әдістерін жүйелеуге
қарай: оқытуды ұйымдастыруға қолданылатын әдістер мен
формалардың тиімділігін анықтауға; нақты міндеттерді шешуге
бағытталған. Ол үшін тренингтің мына түрлерін қолдануға
тырыстық:
1.
2.
3.
4.
Оқу-жаттығу тренингі;
Белсенді оқыту;
Тренинг-семинар ;
Кәсіби-педагогикалық тренингі.
Педагогикалық тренинг – оқыту сапасын арттыруда
студенттің білік пен дағдысын қалыпсатыру мен жетілдіруді
көздейтін жоспарлы бағдарламамен жүргізілетін әр түрлі
жаттығулар жүйесі.
Педагогикалық тренингті көбіне оқушының білім сапасын,
жеке қасиеттерін, өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіруін, өзін-өзі
белсендіруін білуге, өзін ұжымда, көпшілік ортасында ұстауға,
әріптесін тыңдауға, көпшілік алдында шығып сөйлеуге, өз ойын
дәлдеп айтуға, басқалардың ойларымен санасуға үйретеді.
Сонымен қатар,
ұжымның
жетістіктерін бағалауды, кемшіліктерін болдырмауды үйрене
ұжыммен жұмыс
істеуді, отырып, өз білімін жетілдіруге, өз бетінше ізденуге,
шығармашылыққа жол ашады [3, 17 бет].
Тренинг сабақтарын жүргізгенде ескеріп отыратын бірнеше
ережелер мен принциптер болады. Солардың арасынан негізгі
принциптерді бөліп көрсететін болсақ:
1. Өзара әсер диалогизациясы принципі, яғни қарым-
қатынастағы тұлға аралық теңдік, қатысушылардың өзара
силасуы мен бір-біріне деген толық сеніміне негізделген.
2. Тұрақты кері байланыс принципі, яғни қатысушының өзі
туралы информацияны барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап
отырған басқа топмүшелеріне ұдайы алып отыруы.
3. Өзін-өзі диагностикалау принципі, қатысушылардың өзін-өзі
ашуына, өздерінің жеке маңызды проблемаларын анықтап,
түсіне алуға көмектеседі.
4. Интеллектілі және эмоциялы сфералар гармонизациясы
принципі,
бір жағынан тренингте жоғары эмоциялы
қатысушылар болған жағдайда ол шынайы өтеді. Бұл
ашықтыққа бағыттап, топ мүшелерін сенімге, ізгілікті қарым-
қатынасқа жетелейді.
5. Барлық тренингке, жеке сабақтар мен жаттығуларға өз
еркімен қатысу принципі, әрбір тренингке қатысушының жұмыс
барысындағы өзгеруінетабиғи түрде ішкі қызығушылығы болуы
керек. Тұлғаның позитивті өзгерістері мәжбүр ету кезіндепайда
болмайды, оны талап етудің де қажеті жоқ.ъ
6. Топтың тұрақты құрамы принципі, егер тренингтік топ жабық
болып тұрақты құрам болып, жаңа адамдар қосылып отырмаса,
онда топта топ мүшелерінің ашылуына әсер ететін ерекше
процестер пайда болады, тренингтік топ өнімді түрде жұмыс
істейді.
7. Еркін кеңістік принципі, бөлмеде қатысушылардың еркін
қозғалуына, шеңбер құруларына, 3-4 және 7-8 адамнан микротоптарға бөлінуіне, оқшаулануына мүмкіндік болуы керек
[4, 25 бет].
көркем әдебиеттерді
Іскерлік ойындар мен тренинг өткізуде принциптерді
жүйелі түрде жүзеге асыру, дәстүрлі оқыту әдістерінің (лекция,
семинар,
оқыту) сала жағынан
айырмашылығымен қамтамасыз етеді, олар:
1. Белсенділік, әркімнің топ жұмысының нәтижелігіне
жауапкершілігі.
2. Топ жұмысына қатысу тұрақтылығы. Әр топ мүшесінің топ
жұмысына басынан аяғына дейін үзіліссіз қатысуы міндетті.
3. Топтың тұйықтығы. Топтағы болған оқиға топтан сыртқа
шықпауы керек.
4. Ашықтық пен адалдық.
5. “Тоқта” ережесі. Ойынға қатысқысы немесе қандайда бір
сұраққа жауап бергісі, шынын айтқысы келмейтін адамның
“Тоқта” деп айтуына және ойыннан шығуына болады [5, 8 бет].
Іскерлік ойындар мен тренингті жүргізуде мұғалімдерге
берілетін ұсыныстар:
Жұмыстың ережелерін құрып алу және оны талқылау,
және бұл ережелердің жұмыс барысында орындалуын
қадағалап отыру, мұндай іс-әрекет оқушының өзін-өзі
реттеу қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді.
Өткізілейін деп отырған жаттығудың мақсатын түсіндіру,
қойылатын негізгі іс-әрекет нұсқаумен таныстыру,
оқушылардың барлық сұрақтарына жауап беру, жаттығу
соңына дейін барысын қадағалап отыру.
Оқушылардың әрбіреуіне өз пікірін ортаға салуға, ойын
ашық айтуға, өзгелердің пікіріне сыни талдау жасауға
мүмкіндік беру керек.
Әр сабаққа қорытындылап отыру қажет. Іскерлік ойындар мен тренингті
талқылау және
нәтижелерді қорытындылау: әрбір тренингтен кейін оқушылар
өз пікірімен бөліседі
жаңа не нәрсені білдіңіз;
жаңа материал қаншалықты меңгерілді;
қатысушылардың мақсаты мен күткендері ақталды ма;
тренингтен алған әсері;
алынған ақпаратты өмірде қолдануға болады ма. Мұндай
қорытынды жасау оқушыдан кері байланыс алуға және
мұғалімнің келесі қадамын жоспарлауға ықпал етеді.
Тәжірибеде қолданылатын іскерлік ойындар мен тренингтердің
үлгілері:
1. «Айнала отыру»
«Жеті жарғы»
Балалар үлкен шеңбер жасай отырып, сыныпқа қарап кезекпен
«Жеті жарғы» заңының тарауларын айтады. Бұл бір минуттан
көп уақыт алмайтын баяндау болуы қажет. Өз ойымен бөліскісі
келетін оқушылар тыңдалынады. Бұл жаттығуда оқушылардың
бірін бірі мұқият тыңдауы, пікірімен санаса білуі қажеттігі алдын
ала ескеріледі. Бұл өзара сыйластыққа, өзгені тыңдай білуге
баулиды.
2. Пікір-талас
Негізгі мақсат: берілген мәселені талқылауда оқушының
барлық білім, білік, дағдысын қолдануға үйрету. Оқушы өз
ойын ашық айта білу керек, ол қарсыластарына ө пікірін
дәлелдей алады, аргументтер мен фактілерді дәлелдеуде
қолдана алады, оз позициясын ұстай білуге дағдыланады.
Ұсынылатын пікір- талас тақырыптар:
«Л.И.Мирзоянның қазақ халқының тарихындағы орны»
«ЖЭС қарама-қайшылықтары».
«Индустрияландырудың Қазақстан тарихындағы рөлі». Іскерлік ойын: «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» сот үрдісі,
«Ежелгі Грециядағы құдайлар мекені», «Саяси сөз сөйлеудің
сараптамасы»
3. «Бетпе-бет»
«Адам құқықтарының тізім»
Оқушылар жұппен отырып, 3 минут ішінде кез келген адамға
бірінші кезекте қажет болатын адам құқықтарының тізімін
жасайды және ескерілетін айт бұл құқықтар әлемнің кез келген
елінің атазаңында болуы керек. Келесі кезеңде жұп өз тізімін
топ тізімімен салыстырады. Егер өзгешелік болса бұл
сыныпішілк талқыға салынады. Үшінші кезеңде Адам
құқығының жалпыға бірдей декларациясының басты баптарына
талдау асалынады.
Қорыта айтқанда, іскерлік ойын және тренинг жүйесінде
оқу оқушылар тарапынан қызығушылық туады, пәнге деген
көзқарас өзгереді, білім сапасы артады. Тәжрибемде бұл
технологияны қолдану аясында оқушылардың Қазақстан
тарихы, Құқық негіздері пәнінен пәндік олимпиадаға қатысу,
ғылыми жоба сайысына қатысу белсенділігі артып, жүлделі
орындар иелендік. Оқушыларымыз өз ойын еркін жеткізе
алатын, өзіндік пікірі бар, жан-жақты тұлға болып қалыптасуда
деп сеніммен айта аламын
Оқушылардың Қазақстан тарихы мен Құқық негіздері
пәндерінен олимпиада, ғылыми жоба сайыстарының
жүлдегерлері 6
5
4
3
2
1
0
3.5
3
2.5
2
1.5
1
0.5
0
Облыстық
Облыстық
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы
2. ҚР Білім туралы Заңы
3. Битянова М.А. Журнал “Первое сентября” №13, 14, 17
2000г
4. Базарова Т.М. «Бастауыш сынып оқушыларның өзін-өзі
тануын қалыптастыру», Вестник КАСУ №3 – 2007
5. Сарсекеев Б. «Қазақстан мемлекеті мен құқығының курсын
тренинг жүйесінде оқыту», оқыту әдістемелік құрал,
Астана 2000 жыл, 72 бет
Қоғамдық пәндерді іскерлік ойын, тренинг жүйесінде оқыту
Қоғамдық пәндерді іскерлік ойын, тренинг жүйесінде оқыту
Қоғамдық пәндерді іскерлік ойын, тренинг жүйесінде оқыту
Қоғамдық пәндерді іскерлік ойын, тренинг жүйесінде оқыту
Қоғамдық пәндерді іскерлік ойын, тренинг жүйесінде оқыту
Қоғамдық пәндерді іскерлік ойын, тренинг жүйесінде оқыту
Қоғамдық пәндерді іскерлік ойын, тренинг жүйесінде оқыту
Қоғамдық пәндерді іскерлік ойын, тренинг жүйесінде оқыту
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.