«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»
Оценка 5

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

Оценка 5
Разработки курсов
docx
классное руководство +1
Взрослым
13.02.2018
«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»
Мақсаты: Ойын арқылы және көңіл күй арқылы балалардың тілін дамыту, бірі-бірімен байланысын қалыптастыру. Оларды сергіте, қуанта отырып белсенді іс әрекетке жұмылдыру; Көңіл-күйлерін көтеру, адалдыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, қамқорлыққа, шыншылдыққа, адал іске тәрбиелеу, әр түрлі ойын түрлерін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру.Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.
Жанар апай.docx
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы «Жетібай ауылының №4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығармашылық тақырыбы:  «Оқушылардың ой­өрісін ойын элементтері арқылы дамыту» Бекмурзина Ж.Б. 2014 жыл Мақсаты:  Ойын   арқылы   және   көңіл   күй   арқылы   балалардың тілін дамыту, бірі­бірімен байланысын қалыптастыру. Оларды   сергіте,   қуанта   отырып   белсенді   әрекетке жұмылдыру; Көңіл­күйлерін   көтеру,   деген қайырымдылыққа тәрбиелеу, әр түрлі ойын түрлерін қолдану   арқылы   баланың   жеке   қасиеттерін қалыптастыру.   жолдарына «Ойын дегеніміз ұшқыр білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты» В. М. Сухомлинский Бүгінгі қоғам талабына сай білімді, саналы, тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеу білім беру жүйесінің басты мақсаты болып табылады. Сол үшін де мектептерде, соның ішінде білім негізі қаланатын бастауыш сыныптарда оқу мен тәрбие сапасын арттыру   қашанда   назардан   шыққан   емес.   Осыған   орай,   әр   пәнді   соның   ішінде бастауыш   сыныпта   қазақ   тілін   оқытудың   ғылыми   дәрежесі   неғұрлым   жоғары болуын, ғылыми негіздерін берік игерілуін, тәрбие жұмыстарының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүргізілуде. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуда оқушылардың шалағай меңгеруін жою,   оқу   үрдісін   сапалы   ұйымдастыра   отырып   оқушы   белсенділігін   арттыру мұғалімнің әдістемелік шеберлігінде екендігі сөзсіз. К.Д. Ушинский: «Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі, белсенділігін оята білуі мұғалімнің көрсеткіші» ­ деді.  Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісіне үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше. Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ертеден басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт­дәстүрінің, әдет­ғұрыптарының   маңызы   айрықша.   Қазақтың   мақал­мәтелдері   жас   ұрпақты ибалы   болуға,   әдептілікке,   имандылықпен   инабаттылыққа   тәрбиелесе,   ақын­ жазушылардың   көркем   шығармалары   эстетикалық,   этикалық   қасиеттерге тәрбиелейді. Абай  Құнанбаев  атамыз  да  «Ойын  ойнап, ән  салмай,  өсер  бала  бола ма?» дегендей, білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Сондықтан балаға жас кезінен бастап ойын арқылы тәрбиелеудің маызы жоғары. Демек,   ойын   арқылы   балаларды   өмірге   ең   қажет   қасиеттерге:   іскерлікке, шапшаңдыққа, жауапкершілікке, тәрбиелейміз. «Ойын   –   балалар   үшін   тамақтанда   қымбат»   ­   деп   С.   Торайғыровтың айтқанындай   балалардың   қызығушылығын,   ой­өрісін   кеңейту,   белсенділігін арттыру үшін танымдық ойындар  мен дамыту жаттығуларының маңызы зор. Орыс ғалымы   К.А.   Пакровский   «Ойын   күнделікті   бала   еңбегі,   болашақ   өмірінің бастамасы.   Ойын   үстінде   баланың   ертеңгі   өмірге   деген   қабілеті   байқалады»   ­ деген. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды.  Ойын түрлері: қимыл­қозғалыс, дидактикалық, рөлдік, ұлттық ойындар. Педагогика   саласында   пайдаланатын   ойындары   –   дидактикалық   ойындар дейді.   Дидактикалық   ойындар   оқушыларды   өз   бетінше   жұмыс   істеуге дағдыландырады,   оқушылардың   ойлау   қабілетін,   ізденімпаздылығын   арттырады, сөздік қорын молайтады. Сонымен қоса оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа,   қайырымдылыққа   тәрбиелейді.   Мектеп   оқушыларының   сол   пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сабаққа эмоциялық бояу береді. Дидактикалық ойындардың құрылымы: 1. Бағыттау 2. Ойынды өткізуге дайындық 3. Ойынды жүргізу 4. Ойынды талдау Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптар: 1) Ойынның   мақсаты   нақты   қойылып,   керекті   көрнекіліктер   мен материалдар күні дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек. 2) Ойынға   кіріспес   бұрын   оның   жүргізілу   тәртібі   оқушыларға   әбден түсіндірілгені жөн. 3) Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек. Өзім   сабақта   жиі   қолданатын   дидактикалық   ойындарға   тоқталып   өтейін. Мысалы: Қазақ тілі сабақтарында «Буынға буын қос» ойынын ойнауға болады. Мысалы: а­на, та­ра, ай­на, са­на. Оқушыларды буыннан сөз құрастырып білуге үйретеді.  Математика сабақтарында «Көршісін тап» ойынын ойнатуға болады. Берілген сандар (0 1 2 3 4 5 6 7 8 9) арасынан сандар алып тастап, алдыңғы немесе артқы көршісін табу.  Сауат ашу сабақтарында «Буынға әріп қос» ойыны арқылы берілген буынға әріп қоса отырып, жаңа сөз ойлап табуға үйретеді. Мысалы: та(й), (м)ай, та(с), (с)ай. «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны шатастырып берілген әріптерді табу. «Сөзді тап» ойыны   көлденеңінен   бес,   тігінен   жеті   қатар   тор   көз   кестесі   тақтаға   ілінеді. Тақтадағы   кестеге   сөздердің   бірінші   және   соңғы   әріптері   жазылады.   Ойынның маңыздылығы оқушы сөздерді сөздерді дұрыс құруға үйренеді. Қ Қ Қ Қ К К К Жауабы: қызық, қырық, қазақ, қалақ, кесек, кезек, кебек Бұл ойындардан басқа да «Домино», «Алма жинау», «Баспалдық», «Балық аулау», «Эстафета»,   «Аққала»   ойындарын   қолдануға   болады.   Қазақ   тілі   сабақтарында «Жұбын тап», «Кім көп доп салады?» «Жалғастыр», «Балапандарға көмек» атты ойындардың орны бөлек. Қ Қ Қ Қ К К К Мектепішілік   «Десант   сабақ»   сайысында   математика   сабағында   «Кестелік қосу»   тақырыбына   өткізілген   десант   сабағымды   «Балапандарға   көмек»   атты ойынмен   өткіздім.   Сабағым   бірізділікпен   жүйелі   түрде   өтті.   Өйткені   ойын бірізділікпен ойналып, мақсатына жетті. Сонымен қатар, сабақта ұлттық ойынды қолданғанда   дұрыс.   Сол   ұлттық   ойындардың   бірі   «Ханталапай»   топтық   жарыс сабақтарда ойнатуға болады. Шашылып жатқан асықты жинай отырып, әрбір алған асығы   үшін   жаңылтпашты   жаңылмай   айтып   отыруы   керек.   Қай   топтың   баласы қанша асық жинаса, жаңылтпашты жаңылмай анық айтса ұпай соларға қосылады. Бұл ойын баланың тілін жаттықтырады. «Арқан тартыс» ойынның негізгі шарты 2 топтың күш сынасуы болса, қазақ тілі сабағында 2 топ білім сынасады.  Мұны   былай   жасауға   болады:   Жуандығы   2   елідей   ұзын   жіпті   алып   тақтаның жоғарғы жағындағы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын. 2 топтан бір­бір оқушы шығып, 1 мезгілде мақал айтып бастайды, жарысады. Қай топтың оқушысы бұрын айтып болса, жіптің ұшын өзіне тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа көп жылжыса сол топ жеңіске жетеді. Сонымен   қоса   бастауыш   сынып   оқушыларының   өмірінде   спорттық   ойындар   да ерекше   орын   алады.   Бұл   орындарда   да   ережелерді   сақтау,   бір­бірімен   жарысу сәттері   көп   болады.   Өзіне   жауапкершілік   алуды,   тобына   көмек   беруді шапшаңдықты үйренеді. Сол себептен дене шынықтыру сабақтарында ойындарды көбірек пайдаланамын. Керекті сөздерді тауып ал. Ойынның мазмұны: Бір бала жаңғырық рөлін орындайды. Педагог жай дауыспен бір сөз айтады. «ЖАҢҒЫРЫҚТЫҢ» рөлін ойнаған бал бар дауысымен сол сөзді қайталайды.   Қалған   балалар   жаңғырық   бойынша   естіген   сөздерін   қайталайды. Осылай ойын жалғаса береді.                                                       Сия­сия портфелі, Ойнап жүр.             Шимай­шимай дәптері.             Күнделік – кіл «екілік»,             Өзі ойнап жүр секіріп. Асық ойнағанда. Асық атып ойнады,  Ұтылды Үсен бірақ та. Ұтылса да қоймайды, Тағы ойнады бір апта. Үйіндегі барын да Достарына ұтқызды. Сатып алып тағы да, Асықтарын өткізді, Бастауыш сынып оқушыларымен ойналатын ұлттық ойындар. «Ойлан тап» Ойынның мазмұны: Мұғалім ойлап тұрған сөзінің бірінші сөзін айтады. Балалар әр түрлі «ал» буынынан басталатын сөздерді айтады. Мысалы: алмас, алша, алмұрт, алақан деген сияқты. Ойлаған сөзін дұрыс тапқаннан кейін, басқа сөздерді ойлаған балалардың да дұрыстығын атап өту керек. «Сақина тастау» Ойынның   мазмұны:   Берілген   тапсырманы   тақтаға   жазып,   келесі   тапсырманы орындауға сақинаны өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады. «Ақсүйек» Ойынның мазмұны: Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. «Көрші­көрші» Ойынның мазмұны: Мұғалім бір санды айтады, «­4» дейді ­4 саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Сонан соң мұғалім бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар дейді. ­3,­2,­1, сандарын құрады. Одан соң ­3 және ­2 сандары салыстырылады. Одан соң ­2,­1 т.с.с. «Қазақша күрес» Қазақша   күрестен   болған   жарысқа   бірінші   күні   –   12   жұп   палуан,   екінші   күні бірінші   күнгіден   5   жұп   артық,   ал   үшінші   күні   алғашқы   екі   күнгіден   2   есе   аз палуандар күреске шықты. Үш күнге барлығы неше палуан күреске шықты? Жауабы: 24+10=34 (екінші күн)                (24+34):2=29 (үшінші күн) 24+34+29=87 палуан күреске шықты. «Балақан да алақан» ойыны Бұл   ойынды   музыка   сабақтарында   қолданған   ыңғайлы.   Балалар   шеңбер   жасап тұрады.   Сол   қолының   үстіне   оң   қолын   салып,   алақандарын   беттестіріп шапалақтауға ыңғайланады. Музыка ойнаған кезде, балалар ән ырғағына ілесіп, қол соғып, өлең айтады. Шапалақтарын бөлек немесе басқадай бір қылығымен ойын тәртібін бұзған бала болса, ол кінәсін жою үшін оларды ортаға шығарып, тақпақ, өлең айтқызамыз. « Кім көп біледі?» ойыны Сыныпты 2 топқа бөлеміз. Мұғалім әрбір әннің немесе өлең жолдарының алғашқы екі жолын айтады, қалған екі жолын 1 топ табуы керек, таба алмаса ойын әрі қарай жалғасып, келесі топтардың айтуларына хақылары бар. «Әр заттың өз орынын тап!» ойыны Балалардың   байқампаздығын,   есте   сақтау   қабілеттерін   арттыру   мақсатында қолданылады.   Билеп   жүрген   қыздың,   кітап   ұстап   тұрған   оқушының,   ағашқа   су құйып тұрған баланың суреттері көрсетіледі. Сызба арқылы әр затты өз орынына әкеліп қояды. «Кім қалай дауыстайды?» ойыны Мұғалім   құстардың,   аңдардың,   жануарлардың   дауысын   салады.   Ал   оқушы   қай жануардың, қай құстың, қай аңның дауысы екенін табады. Мысалы: ку­ка­ре­ку               Әтеш шақырады                Иа­иа­иа­иа               Есек бақырады. Менің Отаным Ойынның мақсаты: «Астана – бас қала» туралы білімдерін толықтыру. Ойынның мазмұны:   Астана   туралы   кім   көбірек   жауап   берсе,   сол  «билет   сатушы»   болып тағайындалады. «Серуен жетекшісі» де солай сайланады. Мектеп құралдары. Ойынның   мазмұны:   Сыныптағы   оқу   құралдарының   біреуін   таңдап   алып,   атын атамай, негізгі белгілерін сипаттау: «Бұл не?», «Не жасалған?», «Не үшін қажет?» «Қай жерде орналасқан?» және т.б. Ойынның тәртібі бойынша тек қана сынып ішіндегі оқу құралдары туралы айтылуы тиіс. Сипаттау бойынша бала сыныптан оқу құралдарын іздеп табуы керек. Ойын шартын   түсіндіргеннен   кейін   ойлануға   біраз   уақыт   (оқу   құралдарын   таңдау, маңызын түсіну, сипаттама беру т.б.) беріледі. Ойынға барлық бала қатысады. Телефоншылар жарысы.  Ойынның мазмұны: Балалар екі командаға бөлінеді. Педагог топ басшыларының құлағына   жаңылтпаш   айтады.   Топ   басшылары   айтылған   жаңылтпашты   одан   әрі жалғастырады. Қай топ тез аяқтап, дұрыс айтып шықса, сол топ жеңеді. Шегіртке мен құмырсқа. Ойынның   мақсаты:   Шегіртке   мен   құмырсқаның   әрекеттерін,   сөздерін   олардың көңіл­күйлерін қайта жаңғырту. Ойынның мазмұны: Педагог балаларды шегіртке мен құмырсқаның әрекеттерін, сөздерін, олардың қарым­қатынасын бөлек атап көрсетуді сұрақтар бойынша талап етеді. Жол әліппесі Ойынның мақсаты: Балаларды алдын­ала көшеде жүру ережесімен, жүргіншілерге арналған жол және сызылған белгілермен таныстырады. Ойынның   мазмұны:   Жаяу   жүретін   жол   айрығында   балалар   ары­бері   жүреді. Полиция   жол   жүру   тәртібін,   бағдаршам   қозғалысын   бақылап   тұрады.   Ережені дұрыс орындаған, жол ережесін бұзбаған балаларға сыйлық тапсырылады. Жас табиғат зерттеушісі. Ойынның мазмұны: Балалар суреттерге қарап, жыл мезгіліне байланысты әңгіме құрастырады. Жыл мезгілі туралы толық әңгімелеп берген балаға педагог асық сыйлайды. Асықты көп жинаған  бала «Жас табиғат зерттеушісі» деген атқа ие болады. «Дабыл қағу» Бұл ойынды 1 сыныпта қолдануға ыңғайлы.  Мақсаты: Балалардың 1­10 ға дейінгі сандар туралы білімдерін бекіту.  Ойын шарты: Мұғалім дабыл соғады немесе столды тақылдатады. Балалар неше соққы  болғанын  іштерінен  санап,  карточкасында  осыншама  нәрсенің  суреті  бар бала оны жоғары көтереді. Балалардың бір тобы ауызша жауап беруі тиіс. Мысалы: «Сіз үш рет соқтыңыз, ал менің карточкамада үш балапанның суреті бар». «Қай вагонға міндім» Мақсаты:   Таңбаларды   айыра   алуға,   логикалық   ойлау   қабілеттерін   дамыту. Сандардың құрамын білу. Ойын шарты: Бала қолындағы санға қарап өз вагонын қателеспей табуы керек. Сюжетті рөлдік ойындар «Отбасы»                                    «Шаштараз»                          «Асхана» «Автобус»                                   «Дүкенші»                            «Емхана» Мақсаты:   Балаларды   айнала   қоршаған   ортамен   таныстырып,   оларды   жеке сөйлеуге, сөйлем құрауға байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Ойын шарты: Балалар бұл ойындарда рөлге бөлініп ойнайды. Тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту, мүдірмей оқуға үйретуге арналған жаңылтпаштар мен жұмбақтар.  Көшен көшсе де,                                                          Көсем көшпеді,  Көсем көшсе де, Көшен кешпеді. Әсем Әтеш бе,                                                   Әжем әсем бе?                                                  Әшен де әсем,                                                   Әжем де әсем.                                                 Сары ала ара балалы араға                                                 Бал ара бара ала ма?                                                 Бал ара бара алмаса, Бала бал ала бара ала ма? «Жұмбақ сөз» Қ с З І Жауабы: Қазақ, кітап, сабақ. п қ Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Сол тәсілдердің бірі – жұмбақ өлеңдер. Мысалы: «Жеті алма» жұмбақ өлеңі арқылы есепті шығару.  Табақта бес алма Қолымда екі алма Қосқанда барлығын Болады жеті алма Бір алма апама Бір алма атама Екі алма беремін Тәтеме Сапарға Нешеуін алады Нешеуі қалады. Дене   шынықтыру  сабағында   да   ойын   түрлерін   ойнауға   болады.   Үлкен тобы­«қақпан», кіші тобы – «қасқырлар». Ойынды мұғалімнің өзі басқарады. Ойында айтылатын тақпақты жақсы жаттап алған бала бастайды, қалғандары оған қосылады. Қасқыр түссе қораға, Ұстамасқа бола ма? Қол ұстасып тұрайық, Қасқыр қақпан құрайық Біздің қақпан болаттай Қасқырды тұр жолаттай Қасқыр, қасқыр келіп көр Қақпан, қақпан берік бол Деп шеңбер жасап тұрды да Кәне, қақпан берік бол, Қасқыр, қасқыр келіп көр. Жаңылтпаштар  Құдық   қазып   аршыдым,   топырағын   жаншыдым,   шаншыдым   да   талшығын, аршыдым да малшыдым» Оралдан оралған олардан Омаржан Оң көріп, Он бөрік, тон беріп, тор алған. Сары ала ара балалы араға Бал ара бара ала ма? Бал ара бара алмаса, Бала бал ара бара ала ма? Жұмбақтар Көп әңгімем, өлеңім, Күнде ақыл беремін. Жақсы көрсе мені кім, Соған тиер көмегім.                   (Кітап) Бір жыл өмір сүреді, Күн кестесін біледі.                  (Күнтізбе) Екі семсер айқасқан, Оқта­текте шайқасқан.                   (Қайшы) Сүйегі бар, қаны бар, Бірақ, емес жануар.                    (Балық) Үш көзі бар қаз­қатар, Кезек­кезек ашады, Үшеуінен байқасаң, Үш түсті нұр шашады.                (Бағдаршам) Пайдаланған әдебиеттер 1. Дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты тапсырмалар. Наурызбайқызы Ә. Әубәкірқызы Қ. Мұқамбетқызы С. Алматы «рауан» 1194 ж. 2. «Балдырған» №3 2010 ж. 3. Бала тәрбиесі №2, 2011 ж. 4. Бастауыш мектеп №4, 2011ж 5. Ғаламтор жүйесі.  6. Мақал­мәтелдер жинағы

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»

«Окушылардың ой-орисин ойын элементтери арқылы дамыту»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.02.2018