СТО технологиясынын адис-таслдерин сабак процесинде колдану аркылы окушылардын функционалдык сауаттылыгын арттыру
Оценка 4.9

СТО технологиясынын адис-таслдерин сабак процесинде колдану аркылы окушылардын функционалдык сауаттылыгын арттыру

Оценка 4.9
Разработки курсов
docx
классное руководство +1
Взрослым
13.02.2018
СТО технологиясынын адис-таслдерин сабак процесинде колдану аркылы окушылардын функционалдык сауаттылыгын арттыру
Егеменді еліміздің дамуындағы жаңа бағдарлар, қоғамның жеке ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында: «Бізге қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,-деп көрсете отырып, әлемдік білім кеңістігіне енуде ғылым мен білім, әр түрлі жаңа технологиялар арқылы оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беріп, ұстаздар қауымының белсенділігін арттыруды міндеттеп отыр. Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы-бастауыш саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Жас бүлдіршіндердің ой-өрісін нұрландырып, дүниетанымын кеңейтетін-ұстаз шеберлігі. Әсіресе терең де тиянақты білім беруді ұлағатты тәрбиемен ұштастыруда қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінің өзіндік орны ерекше.Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.
жанка апай.docx
СТО технологиясының әдіс­тәсілдерін сабақ процесінде қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру       Егеменді   еліміздің   дамуындағы   жаңа   бағдарлар,   қоғамның   жеке ақпараттануы   білім   беруге   қойылатын   талаптарды   түбегейлі   өзгертті. Елбасымыз   Н.Ә.Назарбаев   өз   жолдауында:   «Бізге   қоғамдық   жаңару қажеттіліктеріне   сай   келетін   осы   заманғы   білім   беру   жүйесі   қажет»,­деп көрсете отырып, әлемдік білім кеңістігіне енуде ғылым мен білім, әр түрлі жаңа технологиялар   арқылы оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беріп, ұстаздар қауымының белсенділігін арттыруды міндеттеп отыр.         Білім,   дағды,   іскерліктің   қалыптасуының   бастамасы­бастауыш   саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ.   Жас   бүлдіршіндердің   ой­өрісін   нұрландырып,   дүниетанымын кеңейтетін­ұстаз шеберлігі. Әсіресе терең де тиянақты білім беруді ұлағатты тәрбиемен ұштастыруда қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінің өзіндік орны ерекше. Алғашқы жазу дағдыларын, сөйлеу тілін қалыптастыруда мемлекеттік мәртебе   алған   туған   тіліміздің   қадір­қасиетін   бала   жастан   ұғындыра бергеніміз абзал.       Қазіргі таңда Кембридж тәсілі бойынша сындарлылыққа бағытталған оқу жүйесі   қалыптасты.   Бұл   жағдайда   білімді   әрекет   арқылы   игеріп,   әрекет жасауда оқушыға еркіндік беріп, мұғалім бағыт беруші болу керек. «Маған айтып берсең­ұмытып қаламын, менің өзіме жасатсаң­үйренемін!» Конфуций дегендей,   жаңа   заман   талабына   сай   білім   беруде   СТО   стратегиясының әдістерін қолданып, алдымдағы шәкірттерімнің сенімі мен ынтасын арттырып, алған   білімдерін   өмірлік   қажеттіліктеріне   жарата   білуді   қалыптастыру жолында жұмыс жасап келемін. Бұл технология үш кезеңді сабақ құрылымынан тұрады. І.Ой шақыру. Өтілетін тақырып бойынша оқушылардың білетінін жинақтау, сол тақырыпқа ынталылығын  арттыру, оқуға деген мақсатын қойғыза білу. Бұл кезең белсенділікті арттыратын қозғаушы күш болып табылады. ІІ.Ойлау. Оқушыларға сол тақырыпты зерттету, іздендіру, мағынасын ашқызу. ІІІ.Кері   байланыс   –оқушылардың   оқып­білгенін   көрсететін   кезең.   Түсінген мағынанаы   тәжірибемен   ұштастыра   қарайды,   яғни   ойланып,   толғанып,   ой талқысынан   өткізеді.Бұл   процес   бір   сабақ   көлемінде   ғана   емес,   кейде қорытындылау   ретінде   келесі   сабақта   да   жалғасын   тауып   не  сабақтан   тыс уақытта   да   орындалады.   Бұл   технологияны   қолданудағы   үш   кезеңнің байланысы сыни тұрғыдан ойлауға бағыттайды:оқушылардың топта, ұжымда жұмыс істеу, басқаларды тыңдай білу, бірін­бірі сыйлау, өз көзқарасын қорғай білу дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін өмірлік қажеттіліктеріне жарата   білуге   бағыттап,   функционалдық   сауаттылықтарын   арттырады. «Топтастыру»,   «Эссе»,   «ВЕНН   диаграммасы»,   «Кубизм»,   «Семантикалық карта»,   «Еркін   жазу»,   «Түртіп   алу»   т.б   сабақ   мақсатына   қызмет   ететін, оқушының   әр   кезеңде   өз   бетімен   жұмыс   істеуге   мүмкіндік   беретін элементтерін   оқушы   деңгейіне   қарай   сабақ   жоспарына   енгізіп, қолданамын.Менің   ойымша,   СТО   технологиясын   қолданудағы   мұғалімнің ролі: *Оқушыларды анықталған бағытқа бағыттау; *Өз бетімен дұрыс шешім шығаруға жағдай жасау; *Оқушыларға алған білімдерін өмірмен байланыстыра білуге машықтандыру. Сабақтың   мақсатын   қоя   отырып,   «Мен   осы   сабақтан   не   күтемін,менің оқушыларым сабақ соңында қандай жетістікке жетеді, мақсатқа жеткізетін әдіс­тәсілдерді   қалай   қолданамын,   нәтижесінде   өз   мақсатыма   жеттім   бе, оқушыларым берілген тапсырманы орындауда көңілімнен шықты ма?» деген мәселелерге көңіл аударамын.       Бастауыш  сынып  оқушысының  жаңалыққа  жаны құмар, білуге  ұмтылып тұратын,   қызығушылық   сезімі   басым   болады.   Өз   тәжірибемде   қолданып жүрген   СТО   технологиясы   арқылы   оқушылардың   білімге   деген   сенімдерін нығайтып,   іскерлігі   мен   дүниетанымын   қалыптастырамын,   ынтасын арттырамын.Әңгіме, іс­әрекеттерін салыстырып   сипаттауда   ВЕНН   диаграммасын,   кейіпкерлерге   мінездеме   бойынша   кейіпкерлердің     ертегі беруде бес жолдық өлең шумағын құрастыру, сурет бойынша тіл дамытуда эссе жазу әдісін, бірлесіп талдау жасауда ДЖИГСО әдісін т.б көптеген әдіс түрлерін тиімді қолданамын.       Өз   тәжірибемде   оқушылардың   білім   сапасын   көтеріп,   функционалдық сауаттылығын   арттыруда   СТО­ны   қолданған   тәжірибеммен   бөлісетін болсам,жұмысты   оқытудың   жаңа   технологияларының   талабына   қарай ұйымдастыру қажет.Енді осындай мақсаттағы  жұмыстарыма тоқталайын.       Ой   қозғау   стратегиясында   «Бұл   туралы   не   білетін   едік?   Есімізге түсірейікші.» деп 3­4 минут ойландыру бұрынғы білетінін ой елегінен өткізіп, ойлана білуге бастайды. Не жазарын білмей, есіне түсіру қиындық келтірген оқушылардың   қасына   барып,баяу   ғана   берілген   тапсырмаларға   байланысты сұрақтар   беріп,   бағыт   сілтеп   отырдым.Топта   жұмыс   жасауда   алғашқыда оқушылар   бірін­бірі   тыңдамай,   сыныпта   шу   көбейді.   Барлығы   да   тақта алдында   оқығысы   келіп,   асығыстық   танытты.3­4   сабақтан   соң   оқушылар орындаған   тапсырмаларын   талдау   барысында   жақсы   жазылған   жұмысты таңдай алатын болды.      Ой­толғаныс бөлімінде оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренді.Алғашында оқушылар мәтіннің мазмұнын жазып жүрді.Бірте­бірте   негізгі   ойды   анықтауға   машықтанып,   ойға   байланысты мақал­мәтелдер де кірістіріп жаза бастады. ДЖИГСО әдісінде мәтінді топқа бөліп   оқу   оқушылардың   жауапкершілігін   арттырады.Өз   тобына   келгенде оқиғаны айтып беру үшін әлсіз оқушылар да әрбір сөйлемге мән беріп оқитын болды.   Мұның   өзі   оларды   жауапкершілікті   сезініп,   ойларын   ашық   жеткізе білуге үйретті.Бес жолды өлең құрауда оқушылардың ой ұшқырлығы артып әрі қазақ тілі сабағында зат есім, сын есім, етістік, сөйлем туралы білімдерін бекіте түседі.                               Сын тұрғысынан ойлау технологиясының түрлі әдістерін сабақ процесінде үзбей қолдану жеке оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің   ашылуына   да   жол   ашты.   Мысалы   сабақта   жиі   қолданатын галереяға   саяхат   әдісінде   көптеген   суреттерді   оқушылардың   өздері   салды, эссе   мен   бес   жолды   өлең   жазуда   да   шығармашылық   қабілеттері   дами түсті.Шәкірттерімнің   үздік   суреттері   мен   өлең,   шығарма,   эсселерін баспасөздерге   жолдап,   жариялап   отырдым. Сағидуллаұлы. Қамбарқызы. Төлеген Ақмарал Талғатқызы   Байнеке   Назерке   Алмасқызы.   Бықыт   Ерболсын   Дүбірай   Нұргүл     Күнделікті сабақ жоспарын жасауда американдық ғалым Б.Блум ұсынған таксономия үлгісін жиі қолданамын.Біріншіден, жоспар жасау барысында бұл иерархиялық модельдің әдіс­тәсіл бөлімінде СТО технологиясының бірнеше әдісін   қолдануға   болады.   Екіншіден,   қазіргі   жаңартылған   білім   мазмұны бойынша   да   сабақ   жоспарын   Блум   таксономиясына   салып   жасауды   жолға қойып отыр.Бұл иерархиялық модельдің , жоғарыда атап өткендей, «Білу», «Түсіну»   бөлімі   ой   шақыру   кезеңімен,   «Қолдану»,   «Талдау»   бөлімі   ойлау кезеңімен,   «Жинақтау»,   «Бағалау»   бөлімі   кері   байланыс   кезеңімен   сәйкес келеді. Байқап отырсаңыз, сабақтың «Талдау», «Жинақтау», «Бағалау» бөлімдерінде оқушылардың   тақырыпты   өмірмен   байланыстыра   біліп,   шығармашылықпен жұмыс   жасағандығын   көреміз.Блум   таксоноияясының   әр   иерархиясының жайдан күрделіге қарай сатылап көтерілуіне байланысты, тапсырмаларды да сол деңгейде береміз.Ол­оқушы үшін де тиімді.       Жаңа   технологияны   жүзеге   асыруда   өткізген   бірнеше   сабағым   баспасөз беттерінен жарық көрді.(Баспасөз аты мен сабағыңыздың атын жазыңыз)      Егемен   еліміздің   тірегі­білімді   ұрпақ.   Ал   білім   негізі   бастауыштан қаланатыны   сөзсіз.  Баламен   тіл  табысып,  оның  бойына   білім  нәрін   себетін басты   тұлға­ұстаз.   Бүгінгі   күннің   ұстазы   жаңа   технологиямен   қаруланған, ақпараттардан   хабардар,   ізденімпаз   болуы   керек.   Республика   көлемінде оқыту мазмұны жаңартылып, сол негізде жасалған бағдарламалармен жұмыс жасау   үшін   әрбір   мұғалімнен   жаңаша   жұмыс   жасауды,   алдындағы оқушылардың   белсенділігі   мен   қызығушылығын   арттыруды   талап   етеді. Шәкірт шәкірт емес, Ұстазын ол сүймесе. Ұстаз ұстаз емес, Шәкірт үшін күймесе,­деп ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай, өз ісімді жетік біліп, үнемі ізденісте болып, ел болашағының тізгінін ұстайтын қазіргі жас   бүлдіршіндердің   жүрегіне   жауапкершілікпен   жол   тапқанда   ғана жетістікке жететінім сөзсіз.

СТО технологиясынын адис-таслдерин сабак процесинде колдану аркылы окушылардын функционалдык сауаттылыгын арттыру

СТО технологиясынын адис-таслдерин сабак процесинде колдану аркылы окушылардын функционалдык сауаттылыгын арттыру

СТО технологиясынын адис-таслдерин сабак процесинде колдану аркылы окушылардын функционалдык сауаттылыгын арттыру

СТО технологиясынын адис-таслдерин сабак процесинде колдану аркылы окушылардын функционалдык сауаттылыгын арттыру

СТО технологиясынын адис-таслдерин сабак процесинде колдану аркылы окушылардын функционалдык сауаттылыгын арттыру

СТО технологиясынын адис-таслдерин сабак процесинде колдану аркылы окушылардын функционалдык сауаттылыгын арттыру

СТО технологиясынын адис-таслдерин сабак процесинде колдану аркылы окушылардын функционалдык сауаттылыгын арттыру

СТО технологиясынын адис-таслдерин сабак процесинде колдану аркылы окушылардын функционалдык сауаттылыгын арттыру

СТО технологиясынын адис-таслдерин сабак процесинде колдану аркылы окушылардын функционалдык сауаттылыгын арттыру

СТО технологиясынын адис-таслдерин сабак процесинде колдану аркылы окушылардын функционалдык сауаттылыгын арттыру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.02.2018