ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: ІЗДЕНІС, ТӘЖІРИБЕ

  • docx
  • 07.12.2021
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Қолд.бак.Баяндама Асанова Н.С.docx

ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: ІЗДЕНІС, ТӘЖІРИБЕ

 

Асанова Нұргүл Сейткамалқызы

 Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық

колледжінің педагогикалық пәндер оқытушысы, п.ғ.м.

 

       Қолданбалы бакалавриат –  білім беру бағдарламасы «қолданбалы бакалавр» біліктілігі бойынша мамандар дайындауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім беру. Қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін біліктілік. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жоғары білім беру бағдарламаларымен интеграциялау мақсатын көздейтін қолданбалы бакалавриаттың өзіндік міндеттері де жоқ емес. Ол - жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, қолданбалы бакалавриаттың интеграцияланған бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде практикаға бағдарланған қағидатын қамтамасыз ету жолдары  – «жұмыс беруші – колледж – ЖОО» тиімді өзара байланысын қамтамасыз ететін процесс. 


 
     ҚР БҒМ 2018 жылғы 26 маусым №305,  2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығының 5-қосымшаларын, ҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2019 ж. № 409  бұйрығын басшылыққа ала отырып, қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы негізінде екі мамандық бойынша («Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту») колледжде 2019 жылдың 1-қыркүйегінен бастап қолданбалы бакалавриат жүйесі енгізіліп, оқытыла бастады.  

       Колледжде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті сарапшыларымен бірлесіп жүргізген жоғары кәсіби құзыреттілікке бағытталған педагогикалық мамандарды дайындау үшін "Бастауыш білім беру", «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасына негізделген оқу жоспары әзірленді.

      І.Жансүгіров атындағы ЖМУ «Педагогика, психология» факультеті деканымен келісіп әзірленген 010510 4 - "Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавр» біліктілігі бойынша оқу жоспары «Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж» МКҚМ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің «Білім беру» бейіні бойынша  отырысының 2019 жылғы «15» сәуір №10 хаттамасымен, ал 010104 4-"Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың қолданбалы бакалавры" біліктілігінің оқу жоспары «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ  педагогикалық колледжі» МКҚМ жанындағы «Білім» бейіні бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің  отырысының 2019 жылғы «18» сәуір 2019 №5 хаттамасымен бекітілді.  

     «Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавр» білім беру бағдарламаларын жоғары білім беру бағдарламаларымен кіріктіру мақсатына бағытталған оқу процесін ұйымдастыру, жұмыс оқу жоспарларын әзірлеуде бірқатар ерекшеліктер ескерілді:

 

1.     Базалық және кәсіптік модульдер циклдерін көрсету;

2.     Білім беру ұйымының таңдауы бойынша модульдерді анықтап бөлу;

3.     Модульдердің оқыту ерекшеліктерін  ашу, модуль құрайтын пәндерді нақтылау ;

4.     Базалық және кәсіптік модульдердің оқыту жүйелілігін көрсету;

5.     Оқыту және бақылау әдістері мен тәсілдерін сипаттау;

6.     Практиканы ұйымдастыруға байланысты сұрақтарды ашу;

7.     Таңдау пәндерін өзектілік бойынша анықтау;

8.                 Аралық және қорытынды аттестаттауды, консультациялар мен факультативтік сабақтарды ұйымдастыруды көрсету.

 

     «Бастауыш білім беру» мамандығы қолданбалы бакалавриат білім беру саласы бойынша орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты білім алушылардың төмендегі құзіреттіліктерді меңгеруін қарастырады:

Базалық (негізгі) құзіреттілік:
    БҚ 1  Кәсіби лексиканы қызмет саласында қолдану

БҚ 2  Іскерлік құжаттарды мемлекеттік тілде рәсімдеу
    БҚ 3  Салауатты өмір салтын сақтау, дене сапаларын жетілдіру
    БҚ 4  Өзінің қоғамдағы орнын, құқығын түсіну, әлеуметтік, саяси, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарын толерантты қабылдау

БҚ 5 Цифрлық сауаттылыққа қабілетті болу

БҚ 6 Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықтағы тарихын, рөлін және орнын түсіну

 

Кәсіби құзіреттілік:
    КҚ 1. Жас кезеңіне байланысты баланы күтудің тәсілдерін меңгеру

КҚ 2. Балаға алғашқы көмек көрсетуді, өмірін қауіп-қатерден сақтауды меңгеру

КҚ 3. Күн тәртібін сақтауды меңгеру

КҚ 4. Әртүрлі жастағы балаларға массаж жасауды және гимнастика өткізудің тәсілдерін меңгеру

КҚ 5. Баланың тілін дамыту бойынша жұмыстарды жүргізу

КҚ 6. Білім берушілік: оқу ақпаратын тарату, өз бетімен оқуды үйрету

КҚ 7. Тәрбиелік: білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тарту

КҚ 8. Әдістемелік: білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру

КҚ 9. Зерттеушілік: білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделеу, білім ортасын зерттеу

КҚ 10. Әлеуметтік -коммуникативтік: кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады.

 

     0105104 «Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша  пәндерді  оқытылу ұзақтығына қарай іріктеу, әр пәнді модульдерге біріктіру, әр пәннің кредит мөлшерлемелерін белгілеу т.б. жұмыстар І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-ң «Педагогика, психология» факультетінің мамандарымен бірлесе отырып жүргізілді. Осы біліктілік бойынша оқу пәндерінің көпшілік бөлігі 5 кредиттік (150 сағат) есеппен университеттің оқу жоспарынан «Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавриаты» біліктілігінде 3-курста оқыту үшін алынды:  Этнопедагогика, Педагогикалық шеберлік негіздері,   Инклюзивті білім беру, Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері, Жобалау іс-әрекет негіздері, Бастауыш мектептегі қазіргі педагогикалық технологиялар,  Бастауыш сынып оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы, Коррекциялық  педагогика. Сонымен қатар Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәні колледж базасында толығымен оқытылып, «Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» практикасымен ұштасып, курс соңында емтихан тапсырумен  аяқталады деп жоспарлануда.

 

«Бастауыш білім беру»  қолданбалы бакалавр мамандығының курс бойынша мәліметі

 

Курс

Барлығы

Бюджет

Бюджет тыс

I

-

-

-

II

25

25

17

III

22

22

-

барлығы

47

47

17

 

           «Бастауыш білім беру» бөлімінің оқу үдерісінің кестесі 

 

Курс

Семестр

Оқу

апталары

   I курс, 110 топ 2019-2020 оқу жылы

   010506 1 "Тәрбиелеушінің көмекшісі"

1 семестр

2 семестр

01.09.-28.12

05.01.-28.06

   ІI курс,  210 топ 2020-2021 оқу жылы

   010501 3 "Бастауыш білім беру мұғалімі"

 

3 семестр

4 семестр

01.09-21.12

05.01-28.06.

   ІІІ курс 310 топ 2021-2022 оқу жылы

   010510 4 - "Бастауыш білім беру

                  қолданбалы       бакалавры"

5 семестр

6 семестр

01.09-29.12

09.03-31.05.

      «Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, жалпы еңбек сыйымдылығы 6030 сағат (201 kz кредит), оның ішінде кәсіптік практика сағат саны 600 сағатты құрайды (200 kz кредит).  Оқу бағдарламасы бойынша 40% - ға жуық уақытын студенттер базалық мектептерде  педагогикалық практикада өткізеді. Осы оқытудың негізгі мақсаты-бұл жаңа формациядағы педагогтардың  тәжірибелік-бағытталған мамандарын даярлау, оқыту кезінде және тәжірибелік қызметте алған білімдерін белсенді және тиімді пайдалануға икемді, сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті мамандарды даярлап шығу.

       Колледжге белсенді түрде ғылыми дәрежесі бар оқытушыларды, магистрлерді, өндірісте мол жұмыс тәжірибесі бар педагог қызметкерлерін қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыруға тарту қарастырылды. Осыған сәйкес "Бастауыш білім беру" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша оқыту ережесіне сәйкес білім беру бағдарламасының әрбір модулі бойынша тәжірибелі оқытушылар қатарынан магистр дәрежелі оқытушылар дайындалды. Олардың үлесі жалпы оқытушылар құрамының 30% құрайды.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша колледжде жұмысшы тобы құрылды. Оқу үдерісін өткізу үшін материалдық – техникалық база дайындалды. Қолданбалы бакалавриат үшін «М.Жұмабаев атындағы дәрісхана», «Арнайы пәндерді оқыту әдістемелері», «Педагогика, психология»,  «Педагогикалық шеберлік», «STEP BY STEP», т.б. оқу кабинеттері бекітілді. Кабинеттер интербелсенді тақтамен, теледидармен, компьютерлермен, интернетке қолжетімді топтық жұмыс істеуге арналған ноутбуктермен жабдықталды.  Кабинеттер WI-FI желісіне қосылған.  

    «Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавр» мамандығында білім алатын студенттердің оқыту үрдісін сапалы ұйымдастыруда пәндердің оқу әдістемелік кешендерінің кәсіби құзыреттелік талаптарына сәйкес құрылуы үлкен маңызға ие.  «Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавры» пәндерінің оқу-әдістемелік кешені /силлабус/ «Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж» МКҚМ жанындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің «Білім беру» бейіні бойынша  отырысының 2019 жылғы «15» сәуір №10 хаттамасымен бекітілген білім беру бағдарламасы негізінде әзірленді. Силлабус келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Жалпы ережелер                

  1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

  1.2 Пәннің қысқаша мазмұны

  1.3 Пәнді оқыту мақсаты  

  1.4 Пәнді оқытудың міндеттері

  1.5 Құзыреті (оқыту нәтижелері)

  1.6 Оқу жоспарынан көшірме: сабақ кестесіне сәйкес

       Пәннің пререквизиттері

      Пәннің постреквизиттері

  2. Курсты ұйымдастыру және жоспарлау

  2.1 Дәріс сабақтарының курсы                                                                                                   

  2.2. Практикалық (семинар) сабақтарының курсы 

  2.3 Студенттің оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ)

  2.4 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)

  3. Пәннің оқу-әдістемелік қамсыздандырылу картасы (ПОӘҚК)

  4. Дәріс тезистері

  5. Практикалық сабақ тапсырмалары

  6. СОӨЖ тапсырмалары

  7. Бағалау бойынша ақпарат

  8. Бағаларды қою саясаты

  8.1. Бағалау баламасы

  8.2. Білімді бағалаудың жалпы шәкілі

  8.3. Пән бойынша қорытынды бағаның есептелу үлгісі

  8.4. Студенттердің білімін бағалау критерийлері

  9. Академиялық мінез-құлық саясаты

  10. Оқу пәні мен академиялық этиканың саясаты

 

 

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

Балдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

 

    Студенттердің білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру кәсіптік құзыреттілігіне қол жеткізу бағытындағы кәсіптік (педагогикалық)  практикасының маңызы зор.  Жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, қолданбалы бакалавриаттың кіріктірілген бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде практикаға бағдарланған қағидатын қамтамасыз ету жолдары  – «жұмыс беруші – колледж – ЖОО» тиімді өзара байланысын қамтамасыз ететін жұмыстар әзірленді: кәсіптік практиканы өткізу үшін әлеуметтік серіктестік-базалық мекеме, колледж және студент арасында үш жақты келісім шарт жасалды. «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша оқып жатқан БҚ-18 (310 топ) тобы Жаркент қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте, №6 орта мектеп-интернатында «Байқау іс-тәжірибесінен» өтті. Студенттердің кәсіптік  практикасын жүзеге асыру саласындағы жаңа әрі маңызды бағыт-тәлімгерлік (тәлімгерлік). Педагогикалық  ұйымнан, білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін 5 жылдан кем емес педагогикалық  жұмыс тәжірибесі бар бастауыш сынып мұғалімдер қатарынан тәлімгерлер тағайындалды.

 

 Студенттер педагогикалық практикадан өту кезінде:

ü бастауыш сыныпта оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыру бойынша педагогикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруды;

ü кәсіби-педагогикалық қызмет түрлерін орындауды: оқу (пәндер бойынша сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізу); тәрбие (тәрбие жұмысын жоспарлау және сынып оқушыларымен өткізу);

ü әдістемелік (көрнекілік және дидактикалық материал әзірлеуді, бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жұмысына қатысу);

ü мектептің, жекелеген мұғалімдермен тәрбиешілердің, тәлімгерлердің оқу–тәрбие жұмыстарын жоспарлау жүйесімен танысуды;

ü оқушыларды психологиялық–педагогикалық тұрғыдан зерттеп-тануды (жеке істері, дәрігерлік карта, электрондық журналдар, күнделіктер);

ü 1-4 сынып жетекшілері, педагогикалық кеңес, әдістемелік пән бірлестіктері жұмыстарымен танысуды;

ü ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспарларды даярлауды, сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлауды;

ü өздіктерінен сабақты дайындап өткізуді, оқушылардың оқу материалын терең қабылдауына жағдай жасауды, олардың ғылыми дүниетанымын ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша жұмыстар мәдениетін көтеруді, көрнекті құралдар мен дидактикалық материалдарды дайындауды;

ü балаларды кешенді тұрғыдан тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын жүргізуді;

ü балалармен және олардың ата-аналарымен, мұғалімдерімен мәдениетті қарым-қатынастар жасай білуді;

ü мектеп құжаттарын жүргізуді (электондық журнал, оқушылардың күнделіктері) дәптерлер тексеруді;

ü ата-аналармен, ата-аналар қоғамымен дербес жұмыстар жүргізуді;

ü озат педагогикалық тәжірибелерді пайдалануды үйренеді.

 

Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыруда сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін әзірлеуде                                           студент білімін жалпы бағалаудың мәні ерекше:

 

Бағаланатын позиция

1-8 аптадағы бағалау мөлшері

9-15 аптадағы бағалау мөлшері

Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері

Электронды журналға балл қоюдың кезеңі

Ағымдық бақылау (CA)

7

7

Әрбір бағалауға 100 баллдан

Апта сайын (бірінші аптадан басқа)

БӨЖ

(SW)

2

2

Әрбір БӨЖ –ге 100 баллдан

4,7,11,14 апталар

Бақылау кесімі

1

1

100

8,14 аптада

Аралық бақылау

(ME)

1

1

100

(аралық бақылау кезеңіндегі жиынтық нәтиже)

8 және 15 аптада

Рұқсат рейтингісі 1

R1 = (CA+SW)/9*0,6 + ME*0,4

100

8 апта

Рұқсат рейтингісі 2

R2 = (CA+SW)/9*0,6 + ME*0,4

100

15 апта

Академиялық кезеңдегі жіберілу рейтингісі

R = (R1+R2)/2

100

15 апта

Емтихан

E

100

16-18 апталар

Қорытынды баға

I = R*0.6+E*0.4

100

 

 

        ТжКБ педагогикалық қызметкерлердің қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша студенттердің практикалық білімдерін, біліктіліктерін, дағдыларын және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту мақсатын жүзеге асыру бағытында  көптеген  шаралар өткізілді. Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетімен, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетімен, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен, сонымен қатар Есік гуманитарлық-экономикалық,  Алматы педагогикалық колледждерімен құрылған арадағы Ынтымақтастық Меморандумына сәйкес 2019-2021 жылдар аралығында бірлескен ғылыми-практикалық, оқу- әдістемелік жұмыстар табысты жүргізілді. 

  

     Қазіргі таңда  0105000 «Бастауыш білім беру», 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру» мамандықтарында  қолданбалы бакалавриат жүйесінде эксперименттік режимде даярланған колледж түлектерінің Университетте білімін жалғастыруын кіріктірілген білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асыру жұмыстары үзіліссіз жүргізілуде.       Университетпен бірлесе отырып, кәсіби педагог мамандар даярлаудың  ғылыми-практикалық іс-шараларын тиімді ұйымдастыру шаралары өткізілді. 2019 жылы «Заманауи оқытушының кәсіби дамуындағы жаңа ұстанымдар» тақырыбында өткізілген педагогикалық оқуда университеттің «Педагогика, психология» факультетінің оқытушылары бакалавриатта оқыту ерекшеліктерін талдап, бағалау үрдісін қолданудың үлгісін көрсетті. «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша университет мамандары өткізген семинар-практикум нәтижесінде колледж оқытушылары теориялық әрі практикалық тұрғыдан қажетті мәліметтер алып, оны өз жұмыстарында тиімді қолдануда. Алматы облысы облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік бөлім басшысы Ш.Қ.Исаханованың ЖМУ мамандарымен, колледж әдіскерлерімен бірлесе өткізген семинарында  «Жаңа талаптың – жаңа біліктілігі» жобасы таныстырылды. 2018-2020 жылдарға арналған аталған жобаға сәйкес колледжде қолданбалы бакалавриат саласы бойынша бірқатар тиісті міндеттер орындалды.  

         Сондай-ақ университет оқытушыларымен бірлесе отырып, оқу-әдістемелік кешендер (силлабус) әзірлеу жұмыстары жүргізілді. І.Жансүгіров атындағы ЖМУ мамандары академиялық ұтқырлық аясында колледжде  қолданбалы бакалавриат жүйесінде эксперименттік режимдегі оқу үрдісін ұйымдастыруға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Университет оқытушыларымен бірлескен әдістемелік жұмыстар, практикалық  семинарлар, кіріктіріле өткізілген танымдық сабақтар, онлайн кездесулер  арқылы тәжірибе алаңдары қалыптасты. Ынтымақтастық Меморандумына сәйкес сабақтастықты арттыру жұмыстары бойынша колледж қазіргі таңда еліміздің педагогикалық колледждерімен бірге кіріктірілген сабақтарды қашықтықтан ұйымдастыру бағытында мол тәжірибе жинады.

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық біріңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы»  02.05.2017 жылғы Жобасына сәйкес Қазіргі кезде колледж бакалавр мамандықтары бойынша бітіруші студенттерді ҰБТ-ға қатыстыру жұмыстары жандандырылуда.  

         Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыру үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған міндеттер:

1.      Педагогикалық мамандықтар бойынша бакалавриатты енгізу тәжірибесі бар жоғары колледждердің оқу үрдісін ұйымдастыру  қызметінен іс-тәжірибе алмасу;

2.      Колледж оқытушыларының ғылыми, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-әдіснамалық әлеуетін арттыру мақсатында ғылыми жобаларды жазуда Университеттің ғылыми қызметкерлерімен ынтымақтастықта жұмыс істеу;

3.     0105000 «Бастауыш білім беру», 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру» мамандықтарында  қолданбалы бакалавриат жүйесінде даярланған колледж түлектерінің Университетте білімін жалғастыру кезеңінің жоспарларын нақтылау;

4.     Қолданбалы бакалавр мамандығы бойынша бітіруші топтарда мемлекеттік қорытынды аттестаттауды демонстрациялық емтихан түрінде өткізу;

5.