Омонимдер және полисемия туралы
Оценка 4.7

Омонимдер және полисемия туралы

Оценка 4.7
Разработки уроков
doc
русский язык
Взрослым
26.03.2017
Омонимдер және полисемия туралы
Омоним сөздер және полисемия туралы түсінік беру. Оқу бағдарламасы талаптарына сай білім алушылардың лексика, омонимдер және көп мағыналы сөздер туралы алған білімдерін іс тәжірибеде қолдана алуға бағыттау. Жаңа білімді меңгерту сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: жеке, топтық, жұптық жұмыстары, жинақтау, салыстыру, сұрақ-жауап, түсіндіру.Омоним сөздер және полисемия туралы түсінік беру
204 а омонимдер полисемия тех карта.doc
Технологиялық карта  №   Пән: Қазіргі қазақ тілі  Күні:  Тобы:                                                                               Сабақ тақырыбы:  Омонимдер, көп мағыналы сөздер туралы  Сабақтың   мақсаты:  Оқу   бағдарламасы   талаптарына   сай   білім   алушылардың   лексика, омонимдер және көп мағыналы сөздер туралы алған білімдерін іс тәжірибеде қолдана алуға бағыттау. Сабақтың міндеттері: Білімділік: лексика туралы мәлімет беру, білімдерін тереңдету, омоним және көп мағыналы сөздер туралы алған білімдерін іс тәжірибеде қолдана алуға үйрету.  Дамытушылық:  лексикалық  талдау   барысында   қосымша   әдебиет   және   т.б.   ақпарат көздерімен   жұмыс   жасауға   үйрету,   логикалық   ойлау,   талдау,   қорытындылау   дағдыларын дамыту. Тәрбиелік:     сабақ барысында білім алушыларды елжандылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Білімді, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, сөйлеу мәдениеті жоғары жеке тұлға қалыптастыру. Сабақ типі:  Жаңа білімді меңгерту  Сабақ түрі:  Практикаклық Оқыту технологиясы:  СТО,  жаңа   технологиялық   әдіс­тәсілдер   (Топтық,   шығармашылық ізденіс т.б.). Сабақтың әдіс­тәсілдері:   жеке, топтық, жұптық  жұмыстары, жинақтау, салыстыру, сұрақ­ жауап, түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, мақал­мәтелдер, сызба кестелер т.б.  Сабақтың техникалық құралдары: интербелсенді тақта, слайд Пәнаралық байланыс: әдебиет, педагогика Әдебиеттер тізімі:  1) Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І­бөлім. –Алматы, 2003.  2) Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. –Алматы, 1991. 3) Қалиев  Б. Сөз мағыналарының негіздері. –Алматы, 2002. 4)   Қалиев   Ғ.   Болғанбаев   Ә.   Қазіргі   қазақ   тілінің   лексикологиясы   мен   фразеологиясы.   – Алматы,2003. Сабақтың құрылымдық жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі.  2. Сабақты өзектендіру, мотивациялау 3. Үй жұмысын тексеру 4. Жаңа білім негіздерін игерту 5. Білім, білік, дағдыны бекіту 6. Қорытындылау 7. Білім, іскерлік және дағдыны бағалау 8. Үйге тапсырма, студенттің өздік жұмысына нұсқау 9.  Оқу іс­әрекет рефлексиясы Сабақтың модулі: VI. Ұйымдастыру   кезеңі.  Білім   алушы   назарын   сабаққа   аудару,  оқу   ­   құралдарын түгендеу. 1. Амандасу 2. Кезекшіні тыңдау 3. Сабақ мақсатымен таныстыру ІІ. Сабақты өзектендіру, мотивациялау Қызығушылықты ояту:  Өмір­мәңгі, уақыт­мүмкін, елес, Кел, болашақ! Сауық құр күлкіңе көш! Бір күн шықса, бір күннің батуы анық, Екі күннің тұруы мүмкін емес!­деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, сөз құдіретінің мәнін  түсініп, әдемі де әдепті, сұлу да ойлы сөйлей білуге үйренейік! Әрине әдеби сөйлеудің негізгі бұлағы –кітап. Ендеше сендер, кітапты жай оқып  қоймай, ондағы сөз, сөйлемдерге назар аударыңдар.Қазіргі сәттен бастап осы сөздің сыры өз  қолдарыңда. Топтастыру әдісі. 1. 2.  «Лексика» тақырыбына байланысты ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза  беріңіз. (топпен жұмыс жүргізіледі.)  Берлген уақыт біткенше топ идеяларды топтастырып жазады. Топ мүшелері ойын қорытып, жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың лидері шығып,    лексика тарауына қатысты сөздердің анықтамасын толық айтып шығады. ІІІ. Үй жұмысын тексеру     Шығармашылық   тапсырма.   Шағын   мәтін   құрастыру:   «Мен   мамандығымды   мақтан тұтамын». Мәтіннің ішінде омоним, синоним сөздер,  мақал­мәтел мен тұрақты сөз тіркестері болуы тиіс ІV. Жаңа білім негіздерін игерту Дәріс жоспары: 1. Тілтанымдағы   омонимия   құбылысы   туралы   түсінік.   Көп   мағыналы   сөздер   мен омонимдердің жасалуындағы ерекшеліктер. 2. Лексикалық   омонимдердің   жасалуы,   түрлері.   Лексикалық   омонимдерге   ұқсас тілдік құбылыстар. Сөйлеу әрекетіндегі қолданыстық ерекшеліктері. Сөз және мағына Тіл­тілдегі   сөздер   дыбыстар   тіркесінен   тұрады.   Дыбыстар   тіркесі   белгілі   бір заңдылықтар мен ережелерге бағына тіркеседі. Сөздің дыбыстық жағы оның сыртқы бейнесі болса,   мағынасы   –   ішкі   мазмұны.   Бұған   қарап   барлық   сөздерде   мағына   болады   деуге   де болмайды.  Тілде  мағынасынан  айырылған  сөздер  де  кездеседі.  Шылау,  көмекші  сөздердің нақты мағыналары жоқ, тек атауыш сөздермен тіркесіп, оларға қосымша мағына үстейді. Сөз мағынасы  – белгілі бір зат, құбылыс, сан, сапа, мөлшер, көлем, шама, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстар, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі. Сөздердің   мағынасы   –   тілдің   ұзақ   даму   кезеңдерінің   нәтижесі.   Мағына   өзгеріп, жаңарып, жоғалтып та отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген сөздердің бірқатары алғашқы   мағынасын   сақтаса,   енді   біреулері   қосымша,   үстеме   мағыналармен   өзгерген. Сөздердің беретін лексикалық мағыналары, өзгеру ерекшеліктері, шығу тектері түсіндірме, этимологиялық, диалектологиялық сөздерде көрсетіледі. ІV. Білім, білік, дағдыны бекіту Бақылау сұрақтары 1.  Лексика  дегеніміз не? 2.  Омоним сөздер 3.  Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылыгы Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары.    9­тапсырма.  Ғасырлар   бойы   қалыптасып,   тұлғасы   тұрақты   сипат   алған   фразеологиялық тіркестердің,   мақал   –   мәтелдердің   құрамын   орынсыз   өзгертіп,   мақсатсыз   ауыстыру тілбұзарлыққа   апарады.   Қазіргі   кезде   тұрақты   тіркестердің,   фразеологизмдердің   құрамын мақсатсыз   бұзып   қолдану   баспасөз   беттерінде,   радио,   телехабарлар   тілінде   де   ұшырасып отырады. Солардың бір түрін төменде арнайы көрсетіп отырмыз. Тұрақты тіркестердің бұрыс (жол жақса) және дұрыс нұсқасын салыстырып, жазбаша талдау жасаңыз. Өтірікті судай араластырды – өтірікті судай сапырды. Тасы тауға домалаған – тасы өрге домалаған. Төсек жаңартты – төсек жаңғыртты. Аяқкиім  тар  болса,  дүниенің   кеңдігінен  не  пайда  –  өз  етігің   бар  болса,   дүниенің кеңдігінен не пайда. Күн бір жауса, ағаш екі жауады – күн бір жауса, терек екі жауады. Отбасы шырқын сақтау үлкен парыз – отбасы шырқын бұзбау үлкен парыз. Жанын шытқа түю – жанын шүберекке түю. Қылтасы қалтырап – тізесі қалтырап. Көлеңкесінен қалтыраған – көлеңкесінен қорыққан. Жүрегіне мұзды су құйып жібергендей – төбесінен мұздай су құйып жібергендей. Мұртын балта кеспейді – мұртын балта шаппайды. Елмен көрген ұлы той – көппен көрген ұлы той. Абыройын айрандай ақтарып алды – абыройын айрандай төкті. Жібек шыттай үлбіреген – жібек матадай үлбіреген. Көңілі қайысты – қабырғасы қайысты. Бір аяғын екі етікке тығып – екі аяғын бір етікке тығып. Алақандағы аялысы – алақандағы аяулысы. Хабарына кіріп – шықпады – қаперіне кіріп – шықпады. Көздің жауһарын алады – көздің жауын алады. 10­тапсырма. Сөз тіркесі, фразеологизм және күрделі сөздерге үш­ үштен мысал келтіріңіз. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, мақал – мәтелдерді көшіріп жазыңыз. 1. Айтушы ақылды болса, ... дана болады. 2. Ақпақұлаққа айтқан сөз ағып кетеді,... атқан сөзді құйып алады. 3. Айта білмес..., тыңдай білген құлақ артық. 4. Аталы сөзге... жауап қайырады. 5. Білімдіден шыққан сөз... болсын кез. 6. ... ... аз сөйлеп, көп тыңдайды, 7. ылқы ақсысы аз оттап, көп усайды. 8. Сөйлеуге сөз таптым да, тыңдауға... таппадым. 9. Су сағасы ­ ..., 10. Сөз сағасы – құлақ. 11. Сөзіңді айт..., 12. Айтып – айтпай не керек, 13. Құлағына мақта... . 14. Тыңдаушысы болмаса ... жетім. 15. Керенау кердең, бір ... . Керекті сөздер: бұлақ, сөз, құймақұлақ, кісі жақсысы, арсыз, құлақ, тыңдаушы,  ұққанға, керім, талаптыға, тыққанға, ауыздан. Лексикалық тақырыптарға байланысты деңгейлік тапсырмалар   II деңгей 3. Берiлген сөздердiң әрқайсысы омоним болатындай етiп, сөйлем құраңыздар.    Ер, жақ, жарық, қорық, қой, сый, түс, қал, шаш, iрi. III – деңгей 1. Синонимдер қатарын түзе Үлгі: Төбе шашы тік тұрды, зәресі ұшты, жүрегі тас төбесіне шықты, қорықты, үрікті. Ит өлген жер__________________________________________________ Көзді ашып жұмғанша___________________________________________ Жүрек жұтқан__________________________________________________ III деңгей 3. Берiлген тiркестер құрамындағы сөздердi тура және ауыспалы мағына бiлдiруiне қарай  бөлiп жазыңдар: 1. Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы бала, жақсы өмiр. 2. Терең сай, терең бiлiм, терең құдық, терең су, терең сезiм. 3. Долы дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңiз II­­деңгей. 1. Түсіндірме сөздікті пайдаланып, берілген сөздерден омонимдік қатар құраңыз: Бақыр, бастау, бұршақ, дана, жастық, қас, жау, қыс, от, жалын, жар, қорық, жай, той, том,  жіңішке, болыс, зауал, кеңес, баспақ, мақта, арба, арна, ең, ес, сау, сор, шым, жирен, көш,  жару, сал, тап, бақ, би, қырық, сый, қой, шаш, нан, тіл, құлақ, көз, қол, аяқ. 2.Омонимдердi тауып, астын сызыңыз.    Аман бiр мезгiлде Қасендi ерте шықты. Шөгел ерте тұрып, шай келгенше, Ермекбаймен  әңгiмелесiп отырған. Шабын биыл өресен бiтiк. Оның қасындағы қалың бет, бiтiк көз қазақ,  жас та болса, ауыр отырып, солғын амандасты (Ғ.Мұстафин). Үстiнде қызыл торғын шапан,  омырауында алтын алқа (И.Байзақов). Әнiм бар алғыс атты, махаббатты, Алқа топ алдын  көрген жерде айтылар (Қ.Аманжолов). 3. Мақал ­ мәтелдегі айтылмай тұрған сөзді тауып, қай сөзбен антонимдік мағына  құрайтынын айтыңыз.  Қыс арбаңды сайла, ...      шанаңды сайла. Арқаның ұзыны жақсы, Әңгіменің ...    жақсы. Дұшпанға тастай қатты бол, ...   балдай тәтті бол. Жолдасы жақсы жолды болар, Жолдасы ...  қолды болар. Ақыл ­ дос, ашу ­ ...    .  Ақымақ  ішкен ­ жегенін айтады,                                                                                            ...   көрген ­ білгенін айтады. III – деңгей 1. Мына сөздердiң омонимдiк мағыналарын анықтап, түсiнiк берiңiз.    Ана, ара, арна, асық, бау, бiз, ер, ерiк, жара, жас, күл, мал, мақта, мiн, сан, жең. 2. Мына сөздердiң синонимiн өздерiңiз ойлап табыңыздар.    Абырой, аласа, жақын, қиын, үлкен, сабырлы, өте, тамақ, лас, ақыл, қарт, сұлу, зәулiм. III  деңгей 3.Қарамен   жазылған   сөздердiң   тура   не   ауыспалы   мағынада   қолданылып   тұрғанын ажыратып,   егер   ауыспалы   мағынада   қолданылса,   оның   тура   мағынасын   өздерiңiз ойлап табыңыздар.          Пар ат айдап жатқандарға өзiң  бас­көз  бол. Қағазыңыз  мықты  екен, Боқа. Бiрақ iсiңе мықты бол, шырақ. Ол жағын сұрай көрме, ағатай, iшiме мықтап түйгем. Осы денедегi есiл қайрат  көзi   ашық  адамға   бiтсе,   тау   қопарар   едi.   Сендер   болсаңдар   мынау,   осындайда дұрыстап  қол   ұшын  да   бермейсiңдер   (Ғ.Мұстафин).   Осы   ашудың   әлегiмен   Раушанның өтiнiшiне саңырау болды (Б. Майлин ). III деңгей 3. Берiлген тiркестер құрамындағы сөздердi тура және ауыспалы мағына бiлдiруiне қарай  бөлiп жазыңдар: 1. Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы бала, жақсы өмiр. 2. Терең сай, терең бiлiм, терең құдық, терең су, терең сезiм. 3. Долы дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңiз   Тапсырма. Берілген мақал­мәтелдердің тақырыбын анықтаңыздар.   Өлімнен ұят күшті. Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле. Түйедей бойың блғанша, түймедей ойың болсын.  Өнер алды­қызыл  тіл. Бірлік  болмай,тірлік  болмас.    Білекті  бірді  жығар,  білімді мыңды жығар. Қына тасқа бітеді,білім басқа бітеді. Ер намысы­ел намысы. Басқа елде сұлтан болғанша , өз еліңде ұлтан бол. Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ.     V. Қорытындылау  Айналым парақшасын толтыру  Білім, іскерлік және дағдыны бағалау Топ жұмысын бағалау  Үйге тапсырма, студенттің өздік жұмысына нұсқау Омоним, көп мағыналы сөз тақырыбын оқу, жаттығу жұмысы VIII. Оқу іс­әрекет рефлексиясы     «333» әдісі бойынша сабақты қорытындылаймыз Сабаққа белсенді қатысқан үш студент Жаңа тақырыптан түйгені Келесі сабаққа үш ұсыныс Дәріс тақырыбы: Лексикалық омонимдер, полисемия түрлері және жасалу жолдары.                          Дәріс жоспары: 1. Тілтанымдағы   омонимия   құбылысы   туралы   түсінік.   Көп   мағыналы   сөздер   мен омонимдердің жасалуындағы ерекшеліктер. 2. Лексикалық   омонимдердің   жасалуы,   түрлері.   Лексикалық   омонимдерге   ұқсас тілдік құбылыстар. Сөйлеу әрекетіндегі қолданыстық ерекшеліктері. Дәріс мазмұны 1. Лексикалық омонимдер  деп біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы   әр басқа сөздер тобын айтамыз. Мұндай сөздер тобында мағына жағынан әр ұғымның өзара ұқсастығы, жақындығы сезілмейді. Керісінше бір­біріне кереғар екендігін байқауға болады. Мысалы: ен (бір   нәрсенің   кеңдігі,   жалпақтығы;   малдың   құлағына   тілініп,   ойылып   салатын   белгі;   мол­ байлық, ен дала, ен жайлау; ішіне кіру, өту), жал (кейбір хайуандардың желкесіне өскен қалың қыл; созылып жатқан биік қыраттың ең үстіңгі жақ қырпуы; жалданып істейтін жұмыс; төлем үшін пайдалануға берілетін орын).        Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір­біріне ұқсастығы бар. Бұл екеуінің ұқсастығы олардың тұлғасында емес, мағынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің   екі я одан да көп мағынасы болады да әрі бір сөз табына қатысты болады. Көп мағыналы   сөздердің   бір   негізден   шыққандығын   мағыналардың   өзара   жақындығынан, ұқсастығынан танып білуге болады. Мәселен, майда тас, майда шөп дегендерден ұсақ, уақ дегенді аңғарсақ, майда ұн, майда сөз, мінезі майда (жұмсақ, биязы) деген мағына аламыз. Яғни «майда» сөзінің кейінгі көрсетілген мағыналары метафоралық тәсіл арқылы жасалып, бір негізден жасалғаны айқын көрініп тұр.     Көп мағыналы сөздер омонимнің бір ғана түрімен байланысты. Сөз семантикалық жақтан үздіксіз  дами келе, мағыналық шеңберін кеңейтіп, әр мағына бір­бірінен алшақтай береді. Келе­келе ол мағыналардың бір негізден шыққандығы мүлде ұмытылып, тұлғасы бірдей, бірақ мағыналары үйлеспейтін омоним сөздер сияқты дербес өмір сүреді. Міне, осындай шығу тегі, жасалу жолдары жағынан байланысы бар омонимдер ғана көп мағыналы сөздермен ұштасып, бір­бірінен ажыратарда қиындық туғызады. Мәселен, малдың көктемде қырқылатын жүнін ­ жабағы; алты айдан асып, қысқа іліккен құлынды да жабағы дейді. Шығу тегін іздесек, бір байланысты   табуға   болады.   Қазіргі   таңда   мұндай   байланыс   үзілген.   Полисемантизмді омонимдерден   ажыратудың   бірден­бір   жолы     семантикалық   байланыстың   сақталуы   мен сақталмауын   негізгі   тірек   ету   болып   саналады.     Егер   мағыналар   арасында   қандай   да   бір семантикалық байланыс үзілмей, қалайда сақталып тұрса, онда мұндай мағыналар бір сөздің әр түрлі мағынасы ретінде қаралып, көп мағыналы сөз деп танылады. Егер мағыналарында ешқандай байланыс сезілмесе, онда омонимдер қатарынан орын алады.   Осы  уақытқа дейін ай сөзінің  бірде көп мағыналы, бірде омоним ретінде танылуына бір сөз табына тән бірліктің «жердің   табиғи   серігі,   аспан   денесі;   отыз   күндік   мерзім)     мағыналарының   әлі   де   болса тиянақталмағанын көрсетеді.     4. Қазақ тіліндегі омонимдердің жасалуының негізгі жолдары: 1.Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің  семантикалық жақтан дамуы  арқылы келіп шыққан омонимдер. Бұл – тіліміздегі ең өнімді тәсіл.         Омонимнің мұндай түрін лексикалық тәсіл арқылы жасалған омонимдер дейміз. Мысалы: Көк ­  1. Заттың көгілдір түсі.            2. Түпсіз тұңғиық аспан әлемі.            3.  Көгеріп шыққан өсімдік.   Қақ – 1. Шөл жерлердегі шұқанақтарға іркіліп қалған жауын­шашын суы.           2. Су қайнатқан ыдыстардың түбіне тұрып қалатын зат, шөгінді. Құндақ: 1. Жаңа туған жас балаға арналған төсек­жабдық.                 2. Мылтықтың ұңғысын орнататын іші қуысталған арнаулы ағаш.  2.Сөздердің   фонетикалық   өзгерістерге  ұшырап,   дыбыстық   құрамы   жағынан   бірдейлесуі арқылы жасалған омонимдер. Қазақ тіліндегі атқа салатын ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер  болса, «етік тігетін құрал» мағынасындағы сөз  бігіз  түрінде дыбысталған.  Тілдің даму барысында сөз ортасындағы г дыбысының сусып түсіп қалуына байланысты егер сөзі ер, бігіз біз  сөзіне ауысқан. Осылайша тілде бұрыннан бар ер (жау жүрек, батыр) және біз (есімдік) сөзімен тұлғалас сөздердің  қатарын құраған. Қазақ тіліндегі ас, қыс, бас, құс  деген сөздер туыстас түркі тілдерінің көпшілігінде «аш, қыш, баш, құш» болып айтылады. Тіл алды ш дыбысына   аяқталған   сөздердің   варианты   конвергенция   құбылысының   нәтижесінде   пайда болған. Қазақ тілінде ш дыбысының с дыбысына айналуы жаңа омонимдік қатардың тууына негіз   болған.     Бұл   сөздер   заттық   мәнде   етістік   сөздермен   омонимдес   болады.   Бұдан фонетикалық өзгерістің негізінде жасалған омонимдердің  тілімізде аз еместігін көреміз.  3.  Аффикстер   жалғану  арқылы   жасалған   туынды   омонимдер.   Түбір   сөзге   әр   түрлі қосымшалар қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер делінеді. Олар:  ­ма, ­ме, ­па, ­пе , ­ба, ­бе жұрнақтары арқылы жасалған омонимдер:  Айналма – 1. көшенің бұрылатын жері;                     2. мал ауруы.  Баспа  ­       1. газет­журнал басып шығаратын орын;                     2.  тамақ ауруы. ­ыс, ­іс, ­ с жұрнақтары арқылы жасалған омонимдер: Атыс  ­       1. ұрыс, соғыс;                    2.  төбелесу, қырқысу.  Кіріс ­        1. белгілі бір кәсіптен түсетін ақшалай я заттай табыс, түсім;                     2. белгілі бір істі орындауға араласу.    ­ық, ­ік, ­қ, ­к  жұрнақтары арқылы жасалған омонимдер:  Ашық –     1. аузы жабылмаған, төбесі жоқ;                     2. қарны ашу, ашығу. Желік –      1. көңіл көтерушілік;                      2. денеге бөртіп шыққан ұсақ­ұсақ бөрткен.  4.  Өзге тілден ауысқан сөздердің қазақтың төл сөздерімен дыбысталуы бірдей болуының нәтижесінде пайда болған омонимдер.   а) Араб және қазақ сөздерінен жасалған омонимдер:  Қайрат (араб) –  күш, жігер; пышақты қайрат. Қыдыр (араб) – қыдыру. ә) Парсы және қазақ сөздерінен жасалған омонимдер: Көр – гөр, көру етістігімен байланысты. Саз (лай, батпақ) – саз (музыкалық термин). Жай (орын, мекен) – жай етістігімен тұлғалас. б) Орыс және қазақ сөздерінен жасалған омонимдер:  Жарма   –   ярмо.   Бұл   сөз   қазақтың   жармалаған   бидай,   арпа   дегендегі   жарма   сөзімен дыбысталуы жағынан бірдей келіп, омонимдік қатар құраған.  Көшір – кучер (атшы); көшіру етістігімен тұлғалас. Болыс – волость (би, басшы); болысу етістігімен тұлғалас. Дана (данышпан) – экземпляр (дана). Қазақ   тіліндегі   омонимдер   мағыналары   мен   формаларына   қарай:  лексикалық,   лексика­ грамматикалық және аралас омонимдер болып үшке жіктеледі. Лексикалық омонимдер тобындағы сөздер бір ғана сөз табына қатысты болады да, барлық жағдайда бірыңғай тұлғада айтылады. Мысалы: жалақ – 1. жемір мал; 2. жел қақты болып жалана бергеннен пайда болған еріндегі жара; 3. ащылы сортаң жер; 4. мед. қарын түгінің түсуінен пайда болатын кесел, язва. Лексика­грамматикалық омонимдер тобындағы сөздер әр сөз табына қатысты болғандықтан, түбір тұлғасында омоним болады да, қалған уақытта әр сөз өзіне тән тұлғаларда түрленіп, өзгере береді.  Мысалы:  Жүз  – адамның бет­әлпеті; Жүз – пышақ, ұстары т.б. заттардың өткір жағы; Жүз – саяси­экономикалық термин (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз); Жүз – тоқсан тоғыздан кейінгі сан; Жүз – суда қозғалу, жылжу.  Аралас омонимдер ­  жоғарыда айтылған  екі топтың қасиетін қамтиды.   Жақ – адамның, жан­жануардың қызыл иек пен тіс орналасқан бет сүйегінің төменгі бөлігі.  Жақ – белгілі бір тұс, тарап. Жақ (көне) – кермесіне жебе салып тартатын садақ, жай. Жақ ­ от жағу, тұтату. Жақ – жұғып сіңетіндей етіп үйкелу. Жақ – жақсы көріну, жағыну. Жақ – біреуді қолдау, жақтау. Жақ – заттың, нәрсенің жиегі, қыры. Жақ – бір нәрсенің  жай­жапсары, жөні.   Ақ – сүттің, қардың түсіндей аппақ түс.  Ақ – шын, тура, ақиқат. Ақ – судың өз арнасымен бірқалыпты жылжуы. Ақ – күшейтпелі жалғау мағынасындағы демеулік.   Лексикалық омонимдерге ұқсас басқа тілдік құбылыстардың бірі – омофондар.  Омофондар – айтылуы бірдей, бірақ жазылуы әр түрлі сөздер. Мысалы: көнбе – көмбе, тұзшы – тұщы, асшы ­ ащы болып айтылады. Болады сөзі – болат болып естіліп, болат деген қатты, асыл металл болып айтылады.  Омонимге ұқсас құбылыстардың енді бір түрі –  омографтар.  Омограф дегеніміз жазылуы бірдей болғанымен, айтылуы бірдей емес сөздер. Мысалы: алма және алма (болымсыз етістік), салма, көрме, көрші сөздерінің арақатынасы да осындай. Омофондар мен омографтар белгілі бір контексте, өлең сөздерде ой ойнақылығын туғызады. Мысалы:                                      Менің атым қой,                                     Қойшыңды таңдап қой,                                     Қойшыңды таңдап қоймасаң, Қой жинауыңды қой    Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 2003. 2. Айғабылұлы А. Қазақ тілі морфонологиясы мен лексикологиясы. –Алматы, 2006. 3. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І­бөлім. –Алматы, 2003.  4. Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. –Алматы, 1958. 5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. –Алматы, 1975.   Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар: 1. Омонимдер, олардың жасалуындағы лексика­семантикалық және   синтетикалық тәсілдер, түрлері. 2.   Лексикалық   омонимдер   мен   көпмағыналы   сөздердің   айырмашылығы.   Семантикалық байланыс. Омофондар, омоформалар, омографтар. 3. Омонимдердің стилистикалық мәні, зерттелу жайы. Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. Конспект.   Қосымша  жұмыстар 1. Мәтіннен омонимдер мен көп мағыналы сөздерді бір бөлек теріп жазып, омоним сөздерді жасалу жолдарына қарай саралап шығыңыз. Қызара бөртіп, шығар күнді маңдайға ала қос жолаушы атқа қонды. Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер   қаруыңды жақыныңа сілтеме! – депті (Қазыбек би). Әкемнің иығындағы осынау бас маған ес білгеннен бермен таныс, көз алдыман күн­күн сайын кетпейтін жұмыр жердің өзі сықылды. Ендеше әкемнің басы, анау қысықтау келген өткір көз ...   осы көз баяғыда   бір... тым ертеректе, менің бала кезімде болар, жұмыла жаздап, мәңгіге жарық дүниемен қоштаса жаздап, шиеттей бала­шағасының көз жасы сақтап қалған еді ғой; осы көз ол шақта әлдеқайда отты, әлдеқайда ойлы, ұшқын атқан жастықтың, өмірге деген іңкәрліктің жалынына толы болатын. Жас шақта шапқылап­шапқылап алудың сөкеттігі жоқ, ол – балаға тән ерке қылық екенін түсінбейді дейсіз бе? Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жақта, аузынан жалын шығып жатыр екен (Шешендік сөз). Тілі мен жағына сүйенген біреу (ауызекі).   Тау   іші   болған   соң   жұқалтаң   шық   түсіпті,   күннің   алғашқы   сәулесінен­ақ   көзі жаудырап, бу босанып жатады. Елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні аттарына қар тепкізеді, қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдерден де асады (Шешендік сөз).   Мәз   болады   болысың,   Арқаға   ұлық   қаққанда.   Шелтірейтіп   орысың,   Шенді   шекпен жапқанға  (Абай).  Бұл   сөз  Ерден  апасына  болысып,   үйдің   керегесін   жайысты  (С.Бегалин). Арық атқа қамшы жау (мақал). Күй бітті. Бұл жолы ешкім үндемеді. Атын да сұрамады (Ә.Кекілбаев). Арық бойларын   мөлдір су қуалап, күн көзімен жалтылдап ойнай бастайды (Б.Момышұлы). Қорыққа жайылған мал боранды аса елей қойған жоқ (С.Бегалин). Су ішкелі бір өгіз барып еді бұлаққа, Бақалар қорқып тарбақтап, Қашып шықты әр жаққа (Абай). Өгізді өрге салма, қанатың талар, наданға көзіңді салма, сағың сынар.  Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар. Тұмау түбі – құрт болар, тұман түбі – жұт болар.   Ақылдың   түбі   –   құт   болар   (Төле   би).   Астындағы   жалғыз   ат   қанат   емей   немене? Жолмен   бірге   оралып   келіп,   Бақтығұл   жатқан   ернеу   жолға   таман   алдыңғылары   өрлеп көтерілуге   айналды (М.Әуезов). Сол бір білінер­білінбес жіп­жіңішке   пышақ дағы түскен нарт қызыл алма кеше бұның алдынан қайтқан­ды, жаңа тамақ үстінде қызметші әйел алтын табаққа   салып   тағы   әкеліпті.   Сонда   өзегінен   құрт   шыққан   алма   (Ә.Кекілбаев).   Өреге жайылған құртқа тимеңдер (ауызекі сөйлеу тілі)       1.2   Берілген   сөздердің   омонимдік   мағынасын   жазып,   оларды   лексикалық,   лексика­ грамматикалық, аралас омонимдер түрлеріне қарай  жіктеп шығыңыз: бауыр, бөле, құр, кеден, ана, айт, жал, ық, құндақ, оқ, ат, көк, көр, қорық, мақта, шот, сандал.

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы

Омонимдер және полисемия туралы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
26.03.2017