Ондық бөлшекті оқу және жазу
Оценка 4.9

Ондық бөлшекті оқу және жазу

Оценка 4.9
docx
29.11.2020
Ондық бөлшекті оқу және жазу
1_Математика 5 сынып Ондык болшек оку жазу.docx

Қысқа мерзімді жоспар. Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

5.3В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

 

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Қайнолда Г

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшектерді оқу және жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.13 ондық бөлшек ұғымын меңгерту;

5.5.2.5 ондық бөлшектерді оқу және жазу.

Сабақ мақсаттары

Оқушыларға ондық бөлшек ұғымын меңгерту. Ондық бөлшектерді жазуды, оқуды үйрету, оларды қолдану бойынша  іскерліктері мен дағдыларын дамыту. Әртүрлі тапсырма арқылы топта жұмыс жасау арқылы оқушылар жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруды үйренеді, ондық бөлшектерді оқу және жазу дағдыларын қалыптастырады, қай бөлшектерді ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын, ал қайсысын ауыстыруға болмайтынын түсінеді.

Сабақтың тәрбиелік және дамытушылық аспектісі

Есептеу дағдыларын, математикалық тіл, есте сақтау, ойлау дағдыларын  дамыту; Өзін- өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін, сабақта мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыру

Сабақ типі

Жаңа білімді меңгеру

Бағалау критерийлері

Оқушылар

- ондық бөлшектерді оқиды және жазады;

- жай бөлшектерді ондық бөлшекке екі тәсілмен аударады;

- ондық бөлшектердің разрядтарын атайды;

- қай бөлшектерді шектеулі ондық бөлшектерге аударуға болатынын, қайсысын аударуға болмайтынын түсінеді.

Тілдікмақсаттар

Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен қай жай бөлшектң ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын ұғынады және түсінеді, ондық бөлшектің разрядтарын атайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

-ондық бөлшек- decimal fraction;

- үтірмен ажыратылатын таңбалар саны;

- үтірден кейінгі таңбалар саны;

- ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер;

- разрядтары бойынша сандарды жіктеу;

- разрядтық бірліктер

- жоғары (үлкен) разряд;

- төменгі (кіші) разряд;

- разрядтық бірліктер;

- ондық таңбалар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Ондық бөлшек – бұл жай бөлшектің басқаша жазылуы

Берілген бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ......... қажет

Бүтін бөлік, бөлшек бөліктен үтір арқылы ажыратылады.

Бөлшек оқылуы: …бүтін, …(оннан, жүзден, …)

Құндылықтарды дарыту

Адалдық, жауапкершілік, құрмет құндылықтарды дарыту -топтық жұмыс және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады, жаһандық азаматтық ондық бөлшек ұғымының даму тарихына саяхат жасау арқылы, ондық бөлшекті жазудың заманауи нұсқасымен танысу арқылы іске асырылады.

АКТ қолдану дағдылары

презентация

Бастапқы білім

Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы, бөлшектің негізгі қасиеттері, аралас сандар, натурал сандардың разрядтары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Төрт топқа бөлу. «Ойлан, тап» әдісі. Оқушылар берілген карточка арқылы атаулы топқа орналасады.

Үй тапсырмасын тексеру.Көршісінің дәптерімен алмасып, слайдтан тексереді.

«Сұрақтар қобдишасы» арқылы теориялық білімдерін тексеру.Ребусты шешу арқылы сабақ тақырыбына шығады.

 карточка

презентация

Сабақтың ортасы

4 мин

2 мин

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

7 мин

5мин

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

Топтық жұмыс: оқулықтан жаңа материалмен танысады «Ойлан,жұптас,пікірлес» страт

«Өрмекші» страт арқылы тақырып бойынша ойды жинақтау (Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды).

Тапсырма:

1.Берілген ондық бөлшектерді оқыңыздар:

4,9;3,2;2,5;19,34;3,125.

2.Ондық бөлшек түрінде жазыңдар:

1.2;

Тақтада есеп шығару №716,717

Жұптық жұмыс:

1. Теңдік тура болатындай етіп, цифрларды қойыңдар:

1.     2.

2.Ондық бөлшекті разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазыңдар.

Үлгі:

1) 0,18      2)0,315    3) 0,14     4)   0,222        5)0,8627

Жекелей жұмыс

«Конверт сұрақ»  үлгерімі төмен оқушыға тапсырма:

1. Ондық бөлшектің оқылуы:

4,9 -4 бүтін оннан 9

5,2- 5 бүтін оннан 2

Мына сандарды оқы:

3,6;7,8

2. Ондық бөлшектің жазылуы:

Мына сандарды жаз:

7,8; 6,25

 

 

 

Презентация

таратпа материалдар

 

Сабақтың соңы

8  мин

 

 

 

Сабақты қорытындылау.

«Аяқталмаған сөйлем» страт арқылы оқушылар сабақ бойынша берілген тапсырмадағы бос орындардың орнына сәйкес сөйлемдерді қояды.

Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ондық таңбалар деп аталады.

Жай бөлшектің бөлімінде неше нөл болса, оның ондық бөлшек түріндегі жазылуында үтірден кейін сонша цифр болуы керек.

Егер берілген ондық бөлшектің оң жағына (соңына) нөлдерді тіркеп жазсақ, онда оған тең бөлшек шығады.

Егер берілген ондық бөлшектің соңғы цифрлары нөл болса, онда оларды алып тастағаннан ондық бөлшек өзгермейді.

«Аралдар» әдісі арқылы оқушылар өздерінің жұмыстарына кері байланыс береді.

Үй тапсырмасы:718, 720 (2), 724

презентация

таратпа материалдар

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

тапсырмаларды іріктеу, топтағы қолдау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?Оқушының жұмысын бақылау және диалогты қолдану, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау арқылы жүргізіледі.

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді  іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Рефлексия

-Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

- Оқушылар бүгін не үйренді?

ынып атмосферасы қандай болды?

- Дифференциация жұмыс жасады ма?

- Барлығына уақыт жеткілікті болды ма?

 - Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді? Неге?

 

Сабақ мақсаттары және күтілетін нәтижелер сабақтағы меңгерілетін мәліметке сәйкес болды.

Сабақта жұмыс атмосферасы сезілді.

 

Тапсырмаларды күрделілік деңгейі бойынша саралау оқушылардың қабілетіне сай болды.

 

Сабақта уақыт тиімді пайдаланылды.

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

.


 

Скачано с www.znanio.ru

Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 5

Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 5

АКТ қолдану дағдылары презентация

АКТ қолдану дағдылары презентация

Презентация таратпа материалдар

Презентация таратпа материалдар

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2:

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2:
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020