М е к т е п ж а с ы н а д е й і н г і б а л а л а р ғ а р н а л ғ а н қ о р ш а ғ а н о р т а м е н таныстыру сабақ жоспарлары
Табиғат Тех карта.doc
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Экология.
Тақырыбы: Табиғаттал бесігім
Мақсаты: Туған елдің географиялық картасы, табиғат ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Табиғат сұлулығын көре білу үйрету, табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Күні:
Ісәрекет кезеңдері
Мотивациялық
қызығушылық
Ұйымдастыру
ізденушілік
Мұғалім әрекеті
Жылулық шеңбері:
Күн, күн жылуың үшін рахмет!
Су, су шөлімді қандырғаның үшін рахмет!
Ауа, ауа тіршілігім үшін рахмет!
Жер, жер өсімдігің үшін рахмет!
Әңгімелесу: Адамдар қайда, қалай
тіршілік етеді? Оларға не ортақ екендігі
жөнінде сұрау.
Картамен таныстыру: Мынау не? –
Картада қандай түстер бар? Түстердің
нені білдіретінін айту.
Қай республикада, қай қалада тұрамыз?
Картадан тауып белгілету.
Қандай өсімдіктер өсетінін сұрау.
–Өсімдіктердің қандай түрлері бар?
–Ағаштар қайда өседі?
Суретпен жұмыс. «Орманда қонақта»
Мынау не?
Орман деген не?
Қарағайлы, аралас ормандармен
таныстыру. Орманда ағаштар көп өседі.
Орман құстар мен аңдар мекендейтін
ғажайып жасыл алаң. Онда шөптер,
саңырауқұлақтар, бүлдіргендер өседі.
Д\о: «Неден жасалған?» Заттардың
арасынан ағаштан жасалғанын табу.
Сергіту сәті:
Бетке соққан жел лебі
Қозғалады ағаштар.
Биікбиік ағаштар,
Төментөмен бұталар.
Ойын: «Жыл мезгілдері» Жыл
мезгілдеріне сипаттама береді.
Дәптермен жұмыс: Жыл мезгілдеріне
байланысты ағаштарды бақылау.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Не білгендері туралы сұрау.
Белсенділік танытқан балаларды
мадақтау.
Балалардың әрекеті
Шеңберге тұрып, тәрбиешімен
бірге қайталап айтады.
Жер бетінде тіршілік етеді. Су,
ауа, күн, жер ортақ.
ҚРның картасы.
Сары, жасыл, қоңыр, көк.
ҚРнда, Қостанай қаласында
тұрамыз. Жалаушамен белгілейді.
Балалар жауабы.
Ағаш, бұта, шөп.
Орманда өседі.
Бұл орман.
Балалар өз ойларын ортаға салады.
Назар қойып тыңдайды.
Алған заты жайында айтады.
Қимылмен көрсетеді.
Суретті алып, жыл мезгілдерін
атайды, сипаттайды.
Жыл мезгілдеріне лайықты етіп,
суретті аяқтайды.
Балалар жауабы.
Қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ҚРның картасын, өсімдіктер жайында Түсінеді: Өз ойларын айта алады, тіл байлығы дамиды.
Қолданады: Табиғатты қорғау, аялау.
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Экология.
Тақырыбы: Орман жердің көркі.
Мақсаты: Ағаштар, бұталар, шөптер жөнінде білімдерін қалыптастыру. Танымдық құштарлығын арттыру.
Орманда мәдениеттілікті сақтап тәрбиелеу.
Күні:
Ісәрекет кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық
қызығушылық
Тілек шеңбері: Шеңберге жинау, жақсы
тілектер айтқызу.
Ұйымдастыру
ізденушілік
Тосын сый: «Орман ата қонақта»
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің кім
екенімді білесіңдер ме? Мен орман
атасымын. Орман деген не? Онда болып
көрдіңдер ме? Орманнан суреттер
әкелдім. Бұлар нелер?
Үстел үстіне орман бейнесін көрсету.
Биік ағаштар макетін, арасына бұталар,
төменге шөптерді, саңырауқұлақ
муляждарын қою, түсіндіру.
Ойын: «Орманға саяхат» Атаймен бірге
топта дайындалып қойған бұрышқа
саяхат. Армысың, ну орман!
Ғажайып пен ертегіге толған. Құшағыңды
айқара аш,
Балапандарыңды қанатыңа бас!
Ойын: «Егер мен ағаш болсам»
Қолдарыңды жоғары көтеріп, бір сәт
ағаш болып көріңдер.
Ойын: «Аталған ағашқа бар» Кез келген
ағашты атау.
Тыныштық сәті: Үнтаспадан құстардың
дыбысын тыңдату.
Орманмен қоштасу:
Адамдармен дос болған,
Ғажайып ертегіге толған,
Ну орман, сау бол!
Жұмбақ жасыру:
1.Шықса жасыл, түссе сары.
2. Өз қалпағын басынан
Тастамайды басынан.
Мақалмәтелдер:
1. Ағаш көркі –жапырақ,
Адам көркі шүберек.
2. Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз.
Шеңберге тұрып, бірбіріне тілек. –
Күніміз жарық болсын!
–Аспанымыз ашық болсын!
–Деніміз сау болсын! Т.с.с.
Қызығушылықтары туады.
Балалар жауабы.
Бұлар ағаштар. Білетін
ағаштарын атайды.
Назар қойып тыңдайды.
Қызығушылық тудырады.
Алған заты жайында айтады.
Ұнаған ағашын таңдап жылы сөз
айтады.
Қолдарын жоғары көтереді. Ағаш
болған сәтте қандай сезімде
болғандарын айтады.
Атаған ағашты тауып, жанына
барады.
Орман ішіндегі ағашқа, бұтаға,
шөптерге қарап, дыбысты
тыңдайды.
Тәрбиешімен бірге қайталап,
орман атаға рахметін айтып,
орындарына барып отырады.
Жапырақ
Саңырауқұлақ
Қайталап айтады. Білетін
мақалдарын ортаға салады. Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Не білгендері туралы сұрау.
Белсенділік танытқан балаларды
мадақтау.
Балалар жауабы.
Қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: өсімдіктер түрлерін айырады, орман түрлерін біледі.
Түсінеді: танымдық құштарлығы артады, мәдениеттілігі дамиды.
Қолданады: Орманда тәртіп сақтау.
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Экология.
Тақырыбы: Аралдың соңғы аққуы.
Мақсаты: Өлі және тірі табиғат туралы түсінігін толықтыру. Экологиялық апатқа ұшыраған жердің
тағдырымен таныстырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Өсімдіктер дүниесіне қамқорлық
жасауға тәрбиелеу.
Күні:
Ісәрекет кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық
қызығушылық
Ойын: «Жүрекше» Шеңберге жинау,
жақсы тілектер айтқызу.
Шеңберге тұрып, жүрекшені
алақанында ұстап, тілек айтады.
Барлығы алақандарын жайып,
«Денсаулық тілейміз» үрлейді. Ұйымдастыру
ізденушілік
Саяхатқа дайындық: Сілтемелер:
1.Оң жаққа жүрсең дым таппайсың. 2.Сол
жақта түк жоқ. 3. Тура жүрсең қызыққа
батасың. –
Саяхатқа пойызбен шығамыз. Бағдаршам
ережесін еске түсіреміз. Қатарқатар
тұрайық. Қане,
қане сұрайық.
Кімнің болса бойы ұзын,
Паравозы пойыздың.
1кедергі «Көлшіктен өту» Арқан
үстімен санап өту. Арал теңізінің көрінісі
Теңіз жөнінде түсінік беру, «Аралдың
соңғы аққуы» әңгімесін айту.
Саяхатты жалғастырып, Аралдан ұшып
кеткен аққуды іздейміз.
2кедергі «Орман әлемі» суретке назар
аударту.
Сұрақтар:
1.Көктемде алдымен келетін құс.
2. Адамдардың досы қандай құс?
3. Орман емшісі.
4.Сұлулық белгісі қандай құс?
Жұмбақ: Көлдің көркі, Құстың сұлуы.
Ақындар мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған.
Бұл қандай құс?
Аққу құсының бейнесін көрсету.
Ойын: «Қоқыс жинау» Табиғатты былғап,
біреулер қоқыс тастап кетіпті. Не істеу
керек? (қоқыс пен табиғи материалдар)
Саяхаттан оралу:
Пойызға мініп, топқа оралайық.
Суретті бояу: Cурет ішінен өзіне ұнаған
суретіңді тауып боя.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Не білгендері туралы сұрау.
Белсенділік танытқан балаларды
мадақтау.
Қызығушылықтары туады.
Бағытты таңдап алады.
Қызығушылықтары артады.
Ережені еске түсіреді.
Бойы ұзын бала алға тұрып, пойыз
құрайды. Дукдук кеттік.
Бағдаршамның қызыл көзі
жанғанда тоқтайды.
Кедергіден өткенде, ертегі
әлеміндегі Арал теңізіне келеді.
Орындарынан тұрып, пойызбен
кетеді. Дукдук кеттік.
Бағдаршамның қызыл көзіне
тоқтайды.
Көргендерін әңгімелейді. Өткенді
еске түсіреді.
Қараторғай
Қарлығаш
Тоқылдақ
Аққу
Аққу құсы.
Қоқысты бір бөлек, табиғи
материалдарды бір бөлек жинайды.
Дукдук кеттік. Орындарына
отырады.
Балалардың жақсы қылықтары
бейнеленген суретті бояйды.
Алған әсерлерін ортаға салады.
Қуанады.
Күтілетін нәтиже: Орындайды: Арал теңізін, эколог мамандығын
Түсінеді: экологиялық тәрбие жүйесі қалыптасады
Қолданады: табиғаты қорғау.
Білім беру саласы: «Таным» Күні
Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Менің сүйікті ағашым.
Мақсаты: Жабайы ағаштар жайлы түсінігін кеңейту, табиғат сұлулығын сезіну. Ағаштарға қамқорлықпен
қарауға тәрбиелеу.
Ісәрекет кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Балалардың әрекеті Мотивациялық
қызығушылық
Ұйымдастыру
ізденушілік
Орманшы хаты: Демалыста орманға
бардым. Орманшы хат беріп жіберді.
Жұмбақ: Жазда жатсаңкөлеңкесіне
алады, Қыста жақсаңжаның рахат
табады.
Суретпен жұмыс: Ағаштар суреттері.
–Ағаш қандай табиғатқа жатады? Ағаш
биік болады. Тамыры, діңі, бұтағы,
жапырағы, тұқымы болады. (көрсету)
Діңінің сырты қабықпен қапталған.
Қабықтың бөлігін көрсету. Қабық ағашты
ыстықтан, суықтан, аяздан желден
қорғайды. Ағаштардың қабығын көрсету.
(Қайың, қарағай, терек, емен) –
Бұл ағаштардың түстері қандай?
Олардың жапырақтары да әртүрлі
болатынына назар аударту.
Д\о: «Қабығынан танып ал» Үстел үстіне
түрлі ағаш қабықтары қойылады,
кезекпен атау.
Тапсырма: Қайыңның жапырағын тап,
сызықпен қос.
–Ағаштың жасын білу қажет пе?
Ағаштар да қартаяды. Кәрі ағаштарды
отынға, үй салуға, жиһаз жасауға, қағаз
жасауға кеседі. Ағаштар да ауырады.
Ауру ағаштардың жапырақтары солады,
қабығы жарылады. Оларды зиянды
жәндіктер ауыртады. Ағаш діңіне
орналасып, тесіп жейді.
–Ағаштар ауырмас үшін не істеу керек?
Толықтыру: Ағаштың түбін қопсыту
керек, діңін әктеу керек.
Сурет салу: Сау ағаштың суретін салып,
бояңдар.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Не білгендері туралы сұрау.
Белсенділік танытқан балаларды
мадақтау.
Қызығушылықтары артады.
Ағаш
Ағаштарды атайды.
Тірі табиғат
Қызығушылықтары артады.
Назар қойып тыңдайды.
Көргендерін әңгімелейді
Қайыңақ, қарағайқоңыр т. б.
Қайыңның жапырағы жүрекшеге
ұқсайды. Қарағайдікі ине сияқты.
Емендікі жалпақ, ойықтары терең.
Аталған ағаштаң қабығын табады.
Неліктен сол ағаштікі екенін
түсіндіреді.
Алдарындағы суреттен тауып,
сызықпен қосады.
Ойларын ортаға салады.
Назар қойып тыңдайды.
Ойларын айтады.
Ақ қағазға сурет салады, бояйды.
Алған әсерлерін ортаға салады.
Қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ағаштардың түрлерін, қабықтарын, жапырақтарын
Түсінеді: қабықтарына, жапырақтарына қарап ажыратады
Қолданады: сурет салу, өз бетімен жұмыс істеу
Білім беру саласы: «Таным» Күні: Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Күзгі орман.
Мақсаты: Ағаштың түрін білуде білімдерін қалыптастыру. Мәңгі жасыл ағаштарды сыртқы түріне қарап
ажырату. Ағаштарға қомқорлық жасауға тәрбиелеу.
Мұғалім әрекеті
Балалардың әрекеті
Қызығушылықтары артады.
Ісәрекет кезеңдері
Мотивациялық
қызығушылық
Ұйымдастыру
ізденушілік
Қонаққа Күз келеді.
Күз: Бояусыз, қылқаламсыз келдім мен.
Жапырақтарды әсемдеп, боядым мен.
Бізге қонаққа келген кім екен?
– Мен күзбін. (амандасады)
–Күз, сен қайдан келдің?
– Орманнан келдім.
–Балалар, сендер орман деген не екенін
білісіңдер ме?
Таңдана қарайды.
Қызығушылықтары арта түседі.
Орман көп ағаш өскен жер.
Орманда ағаштар биік боп өседі.
Ағаштан басқа аласа бұталар,
кішкене шөптер, саңырауқұлақтар
өседі.
Балалар ағаш макеттерін
түбірлерге қояды.
Қане, біз сендермен өз орманымызды
жасайық. Кішкентай түбірге аласа
ағаштарды, үлкен түбірге биік ағаштарды
қояйық.
–Біз енді түрлі жапырақтарға айналайық.
Көзімізді жұмып, солға, оңға бұрыламыз,
жапырақтарға айналамыз.
Д\о: «Жапырақтарды жинау» Шашылған
түрлі жапырақтар. Бірдей жапырақтарды
жинап, пішініне қарай салыстыру. Күздің
жұмбағы:
1. Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап,
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
2. Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары.
Суретті бояу: «Алтын күз» суретін бояу.
Жұмыстары бағаланады.
Күзбен қоштасу: Күз кететінін айтып,
қоштасады.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Не білгендері туралы сұрау.
Белсенділік танытқан балаларды
мадақтау.
Жапырақ болып ұшады.
Біз жапырақпыз күздегі
Өсіп тұрған ағашта.
Кенет соқты қатты жел.
Желмен бірге ұшамыз,
Айналамыз, қалықтаймыз,
Жерге баяу қонамыз.
Ойын шарты бойынша ойнайды.
Ағаш
Жапырақтар
Күз көрінісіне сай бояйды.
Қуанады.
Күзге арнап тақпақ айтады.
Қоштасады.
Алған әсерлерін ортаға салады.
Қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ағаштың түрлерін және жапырақтарын Түсінеді: табиғат өзгерісі жөнінде білімі қалыптасады
Қолданады: суретті бояу, өз бетімен жұмыс істеу
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Жер байлығы – ел байлығы
Мақсаты: Туған өлкенің табиғат байлығын танып білуге үйрету, адам тіршілігіне пайдасын түсініп білу.
Өсімдіктер дүниесіне деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Күні:11.12.13ж
Ісәрекет кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Мотивациялық
қызығушылық
Ұйымдастыру
ізденушілік
Жылулық шеңбері:
Жылу берген күнің үшін рахмет!
Өсімдігін берген суың үшін рахмет!
Тіршілік берген жерің үшін рахмет!
Жылдың неше мезгілі бар?
–Қазір қандай жыл мезгілі?
–Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері
қандай?
Суретпен жұмыс: Табиғат көрінісі суреті
Не көріп тұрғандарын айтады.
–Бір сөзбен бұларды не дейміз?
Табиғаттың адамға қандай пайдасы бар?
Ойын: «Жер, су, ауа» Ойын шартын
түсіндіру.
Мақалмәтелдер:
1. Жербайлықтың көзі.
2. Күте білсің жер жомарт.
3. Жері байдың елі бай.
4. Орман ел дәулеті, жер сәулеті.
Мағынасын түсіндіру.
Ормандағы ағаштардың суреті: қарағай,
шырша, емен, қайың, терек. Жекежеке
айтып түсіндіру.
Ойын: «Көз жұму» Жіпке суреттер
байланады.
Табиғат байлығы егін екенін айта кету.
«Нан дастарқанға қайдан келді» әңгімесін
айтып беру.
Сурет салу: Табиғаттан алған әсерлеріңді
суретке салыңдар.
«Жау жау жаңбыр» әнімен аяқтау.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
Не білгендері туралы сұрау.
Белсенділік танытқан балаларды
Балалардың әрекеті
Шеңберге тұрып қайталайды.
Жылдың төрт мезгілі бар.
–Күз мезгілі.
– Төрт жыл мезгілдерінің
ерекшеліктерін атайды.
Күн, су, тау аспан, бұлт, құс,
ағаш.
Табиғат дейміз.
Жерде адамдар тұрады, үйлер
салады, егін егеді, баубақша
өсіреді, ауамен дем аламыз, суды
ішеміз, тамақ пісіреді. т.б.
Жерде жүретін, суда жүзетін,
әуеде ұшатын жануарларды
атайды.
Назар қойып тыңдайды.
Қайталап айтады, есте сақтайды.
Назар қойып тыңдайды.
Көзін жұмып, суретті алады,
әңгімелеп айтады.
Қызыға тыңдайды.
Әркім өз әсерін бейнелейді.
Әнді тәрбиешімен бірге
орындайды.
Алған әсерлерін ортаға салады.
Қуанады. сабақты талдау
мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: табиғат байлығын, оның пайдасын
Түсінеді: табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімі оянады
Қолданады: суретті салу, бояу, өз бетімен жұмыс істеу
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Жемісті ағаштар.
Мақсаты: Жеміс ағаштарының өсуін, гүлінің пайда болуын білу, бөліктерін ажырата білуге үйрету. Жеміс
ағашына деген қызығушылығын арттыру.
Күні:
Ісәрекет кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Мотивациялық
қызығушылық
Жылулық шеңбері: Шеңберге жинау,
жылы лебіз айтқызу.
Балалардың әрекеті
Шеңберге тұрып, бірбіріне:
Айдана, сен көріктісің.
Аяна, сен сұлусың.
–Даниал, сен батылсың. Т. б. Ұйымдастыру
ізденушілік
Жылдың неше мезгілі бар?
–Бір жылда неше ай бар?
–Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері
қандай?
Жемістерді жылдың қай мезгілінде
жинайды?
Жеміс бағына саяхатқа барамыз. Онда
кедергілер кездеседі.
1кедергі «Арықтан өту»
Тапсырма: Жұмбақтың шешуін тап.
Аспай піскен, Қайнамай түскен
2кедергі «Ағашқа өрмелеу» Тапсырма:
Жемістер қайда өседі?
Екі кедергіні қимылмен көрсету.
Баққа кіру үшін тақпақ айту керек. Алма,
алмұрт, өрік туралы.
Суреттер: Жеміс ағаштарының суреттері.
Бақтың ішін аралау үшін жеміс
ағаштарының атын білу керек. (жеміс
ағаштарымен таныстыру)
Д\о: «Дәмін ажырат» Ойын шартын
түсіндіру. Әрбаланың аузына түрлі
жемістерден кесіп салу.
–Жемістердің дәмі қандай? Осындай
тәтті жемістер өсіп шығу үшін көп
еңбектену керек. (Жеміс ағаштарын
өсіру, күту жолдарын түсіндіру.)
Мақал: «Еңбекпен келген жемістің дәмі
тәтті» деген осыдан шыққан.
Кестемен жұмыс: Жемістің пайда
болуын кестедегі сызба бойынша көрсету.
Сурет салу: Саяхаттан алған әсерлеріңді
бейнелеп көрсетіңдер.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Не білгендері туралы сұрау.
Белсенділік танытқан балаларды
мадақтау.
Жылдың төрт мезгілі бар.
– Он екі ай бар.
– Төрт жыл мезгілдерінің
ерекшеліктерін атайды.
Күзде жинайды.
Жеміс
Ағашта өседі.
1ұзын жіптің үстімен өтеді.
2өрмелеу қимылын жасайды.
Алдын ала жаттаған тақпақтарын
айтады.
Назар қойып тыңдайды.
Көзін жұмып отырады. Аузына
түскен жемістің не екенін айтады.
Тәтті, дәмді.
Мақалды қайталап айтады, есте
сақтайды.
Кестеге қарап білгенінше айтады.
Өз бетінше сурет салады.
Алған әсерлерін ортаға салады.
Қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: жеміс ағаштарының түрлерін, өсуін
Түсінеді: жеміс ағаштарын күтуге, баптауға деген ынтасы артады
Қолданады: суретті салу, бояу, өз бетімен жұмыс істеу
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Орманға саяхат.
Мақсаты: Орман жөнінде білімдерін кеңейту. Бұталардың өсетін жерін, жемісінің емдік қасиетін білу.
Танымдық қызығушылығын арттыру, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу Ісәрекет кезеңдері
Мотивациялық
қызығушылық
Ұйымдастыру
ізденушілік
Мұғалім әрекеті
Орман атаның хаты: Атадан хат келгенін
хабарлау, оқып беру. Атай қонаққа
шақырыпты. Барамыз ба?
Орманда өздеріңді қалай ұстау керек?
–Орманда нелер болады? Нелер өседі?
Толықтырып жалғастыру.
Саяхатқа аттанамыз. Ағаш макеттері
қойылған бұрышқа бару. Жанында Орман
атасы тұрады. Балалармен амандасады.
Армысың, ну орман,
Ертегі мен ғажайыпқа толған Құшағыңды
аш, Бөбектерді
құшағыңа бас. Жұмбақ :
Түрі шар сияқты, қыпқызыл, Дәмі бал
сияқты.
Шие бұтасын көрсету, әңгімелеу. Шие
ағашының бойы аласа, жапырағы ұсақ
бұта. Шие жаздың ортасында піседі.
Шиеден тосап, шырын дайындайды. Шие
орманда өседі. Сендер шие туралы не
білесіңдер?
Келесі жұмбақ: Өзі бұтада өседі, Емдік
қасиеті бар. Ит сөзінен басталады.
Итмұрын бұтада өседі. Оны жеуге
болмайды. Итмұрыннан тұнба жасап,
ауырғанда шай орнына ішеді. Т.с.с.
Д\о: «Өсімдікті танып біл» Итмұрын мен
шиенің жапырақтарын араластырып қою.
Орман атамен қоштасады.
Д\о: «Жемісін танып біл» Тақтаға
бұталардың суретін ілу. Үстел үстінде
жемістерінің суреті.
Сабақты «Жемістер жыры» өлеңімен
аяқтау.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Не білгендері туралы сұрау.
Белсенділік танытқан балаларды
мадақтау.
Балалардың әрекеті
Қызығушылықтары артады.
Иә
Балалар жауабы.
–Құстар, аңдар, жәндіктер болады.
Ағаштар, бұталар, шөптер өседі.
Орманға жақын барады. Атаймен
амандасады.
Ұнаған ағашына барып,аялап,
сипалайды.
Шие
Назар қойып тыңдайды.
Шиемін мен, шиемін,
Піскенше тон киемін.
Бала келсе піскенде,
Басымды мен иемін.
Итмұрын
Оларды бөліп алып, көрсетеді.
Орындарына келіп отырады.
Әр бұтаға өз жемістерін іледі.
Әрқайсысы әр түрлі жемістің
рөлінде сөйлейді.
Алған әсерлерін ортаға салады.
Қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: бұталардың түрлерін, жемістерін, емдік қасиетін
Түсінеді: танымдық қызығушылықтары артады
Қолданады: өз бетімен жұмыс істеу
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Орман сыйы.
Мақсаты: Біздің жерімізде өсетін жемісті бұталар жөнінде түсінік беру.. Бұталардың өсетін жерін білу.
Оларды күтіп,баптау, зиянды жәндіктерден қорғауға тәрбиелеу
Ісәрекет кезеңдері
Мотивациялық
қызығушылық
Ұйымдастыру
ізденушілік
Мұғалім әрекеті
Шаттық шеңбері: Гүл шоғын ұсынып,
жылы лебіздер айтқызу.
Үнтаспадан орман дауысын тыңдау.
Алған әсерлерін тыңдау.
–Қандай сезімде болдыңдар?
Өлең оқу:
Ормандар, жап жасыл ормандар,
Орманды отаушы болмаңдар!
Отан мен орман жұп, бір ұғым, Орманды
Отандай қорғаңдар!
–Орманға серуне кезінде қандай
ережелерді сақтау керек?
–Орманда өсетін қандай ағаштарды
білесің?
– Қандай бұталарды білесіңдер?
–Ағаш пен бұтаның айырмашылығы
қандай?
Суретпен жұмыс: Қарақат, таңқурай
бұталарын көрсету. Қарақат аласа,
жапырағы ұсақ, жемісті бұта. Ол көп
күтімді жақсы көреді. Жаз ортасында
піседі. Одан тосап қайнатады. Емдік
қасиеті бар. Таңқурай –аласа бойлы,
жапырағы ұсақ, өте нәзік бұта. Оның да
емдік қасиеті бар. Суық тигенде қызуды
түсіретін қасиеті бар.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріптеріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Д\о: «Не қайда өседі?» Балаларға
жемістер мен жидектердің суретін
көрсету.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Біздің жерде өсетін жемісті бұталар
жайында білдік.
Белсенділік танытқан балаларды
мадақтау.
Балалардың әрекеті
Гүл шоғын бірбіріне беру арқылы
жылы лебіздер айтады.
Балалар тыңдайды.
Балалар жауаптары.
От жақпау, қоқыс тастамау,
таныс емес жемісті жемеу т. б.
Қарағай, қайың, емен, терек.
Итмұрын, шие.
Ағаш биік, бұта аласа
Назар қойып тыңдайды.
Қимылмен көрсетеді, тәрбиешімен
бірге қайталайды.
Жемістерге қолдарын жоғары
көтеріп тұрады. (ағашта өседі)
Жидектер болса, отырады. (бұтада
өседі)
Алған әсерлерін ортаға салады.
Қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: бұталардың түрлерін, жемістерін, емдік қасиетін Түсінеді: танымдық қызығушылықтары артады
Қолданады: өз бетімен жұмыс істеу
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Бұталарды танып ал.
Мақсаты: Декаративті және жабайы бұталар туралы түсінік беру. Бұталардың ерекшелігін
атау.Табиғаттағы бұталарды қорғауға тәрбиелеу.
Ісәрекет кезеңдері
Мотивациялық
қызығушылық
Ұйымдастыру
ізденушілік
Мұғалім әрекеті
Шаттық шеңбері: Гүл шоғын ұсынып,
жылы лебіздер айтқызу.
Өсімдіктерге не жатады?
–Өсімдіктер неше түрге бөлінеді?
–Жемісті бұталарға не жатады?
–Олардың қандай пайдасы бар?
Суретпен жұмыс: Жабайы бұталар:
бөртегүл, шеңлей, бөріқарақат. Бұл
бұталар орманды алқаптарда өседі.
Бөртегүл ағаш тәрізді, сидаңғдіңі қисық,
қосақталған, жапырақтары жасыл, жемісі
болмайды.
Бөріқарақат та бұта. Оның діңі өте төмен
орналасқан, жапырағы ұсақ, жемісі
болмайды.
Жемісті бұталармен жабайы бұталарды
салыстыру. Жемісті бұталарды күту
қажет, емдік қасиеттері бар. Жабайы
бұталар өздігінен өседі.
Сергіту сәті:
Біз биік боп өсеміз,
Ағаштарға жетеміз.
Тыйым сөздер: Жалғыз ағашты кеспе.
Көкті таптама. Көкті жұлма, көктей
соласың.
Д\о: «Ерекшелігін тап» Үстел үстінде
бұталардың суреті.
Ойын: «Шапалақ» Ағаштар, бұталардың
атын атау.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Біздің жерде өсетін жабайы бұталар
жайында білдік.
Белсенділік танытқан балаларды
мадақтау.
Балалардың әрекеті
Гүл шоғын бірбіріне беру арқылы
жылы лебіздер айтады.
Қарағай, қайың, емен, терек,
итмұрын, шие, қарақат, таңқурай.
Үш түрге бөлінеді, ағаш, бұта,
шөп.
Шие, қарақат, таңқурай
Тосап жасайды, емдік қасиеті
бар.
Назар қойып тыңдайды.
Жемісті бұталардың жемісі бар.
Жабайы бұталардың жемісі жоқ.
Қимылмен көрсетеді, тәрбиешімен
бірге қайталайды.
Тыңдайды, қайталайды, есте
сақтайды.
Суретті алып, әңгімелеп айтады.
Бұталардың аты аталса, қол
шапалақтайды.
Алған әсерлерін ортаға салады.
Қуанады. Күтілетін нәтиже:
Орындайды: жабайы бұталардың түрлерін, аттарын
Түсінеді: танымдық қызығушылықтары артады
Қолданады: өз бетімен жұмыс істеу
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Дәрі шөптен шығады.
Мақсаты: Емдік шөптер туралы түсінік беру, алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету. Емдік шөптерге
ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Ісәрекет кезеңдері
Мотивациялық
қызығушылық
Ұйымдастыру
ізденушілік
Мұғалім әрекеті
Үнтаспадан сауысқанның шықылықтаған
дауысы естіледі. Тақтаның бұрышында
сауысқан суреті.
«Сауысқан шықылықтаса, қонақ
келеді» деуші еді үлкендер. Шынында да
қонақ келе жатыр. Орман перизаты
кіреді, амандасады, танысады. Жай
келмеген тапсырма әкеліпті.
Жұмбақ: Көктем мен жаз басына,
Сары қалпақ киеді.
Күзге қарай қалпағы ,
Қалқи ұшып кетеді. (суретін көрсету)
Бақбақ емдік шөп. Оның гүліе кептіріп
қайнатпа жасайды. Қайнатпа қан
қысымын реттеуге көмектеседі.
Тамырынан да қайнатпа жасайды. Ол
дене қызуын басады.
Жұмбақ: Күнінде көктемнің,
Бір қызық шөп көрдім.
Жақындап кеткеннің,
Барлығын шағады. (суретін көрсету)
Қалақайдың жапырағы ірі тісті, денеге
тисе шағып алғандай қышытады. Жас
жапырағынан жасалған сорпа, салат өте
пайдалы. Жапырағынан жасалған
қайнатпа су қақырық түсіреді, жөтелді
тоқтатады.
Мақал: Дана көптен шығады,
Дәрі шөптен шығады.
Тақпақ оқу: Тұрып алып таңнан біз,
Орман жаққа барғанбыз.
Жағасы толы өзеннің,
Дәрі шөп қой, қараңыз.
Тиген жоқпыз біз оған.
Дәрі шөпке қорғанбыз.
Тыйым сөздер: Көк шөпті жұлма.
Ағшты сындырма.
Балалардың әрекеті
Қызығушылықтары артады.
Қызығушулықтары арта түседі.
Орман пепизатымен амандасады.
Бақбақ
Назар қойып тыңдайды.
Қалақай
Назар қойып тыңдайды.
Тыңдайды, қайталайды, есте
сақтайды.
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
Өздері толықтырып айтады. Сурет салу: Емдік қасиеті бар
өсімдіктердің суретін салуды ұсыну.
Ұнаған өсімдікті салып, Орман
перизатына сыйлайды.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Орман перизаты белсенділік танытқан
балаларды мадақтайды. Қоштасып кетеді.
Қуанады.
Алған әсерлерін ортаға салады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: дәрілік шөптердің түрлерін, аттарын
Түсінеді: танымдық қызығушылықтары артады
Қолданады: өз бетімен жұмыс істеу, сурет салу
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Гүлді сағат.
Мақсаты: Гүлдердің өсіпөнуі жайында түсінік беру. Гүлдердің түрлерін ажырата білуге үйрету. Гүлдерді
күтуге баулу.
Ісәрекет кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Мотивациялық
қызығушылық
Жылулық шеңбері: Кілем үстіне
дөңгелене отырғыз, жылы сөзбен гүл
шоғын ұсыну.
Балалардың әрекеті
Гүл шоғын ары қарай жіберіп
жылы сөздер айтады. Ұйымдастыру
ізденушілік
Жылдың қай мезгілінде гүлдер өседі?
–Біз қазір өз қолымыздан гүл өсіріп
шығарамыз.
Гүл өсіру үшін алдымен не істейміз?
(топыраққа тұқым себу)
Гүліміз өсіп шығу үшін тапсырмалар
орындауымыз керек.
1тапсырма «Бір сөзбен ата»
маса, ара, көбелек, қоңыз
–көгершін, қарға, қарлығаш, шағала
– раушан, түймедақ, қалампыр
Міне, гүліміз өсіп келеді. (көктегенін
көрсету)
2 тапсырма «Табиғатты танып ал.»
Суреттер қолдану. Гүлді тапқызып,
қандай табиғатқа жататынын айтқызу.
– Міне, гүліміздің сабағы шықты.
3тапсырма «Не артық?» Түрлі заттардың
тобын көрсетіп, артық затты таптыру.
– Гүлдің жапырақтары шықты.
4тапсырма «Иісінен таны» Мұрындарына
әр заттарды тосу, иіскету. – Міне, ендеше
гүліміз шықты. Сергіту
сәті: Түрлі заттардың атын айтамын.
Суретпен жұмыс: «Гүлдің өсуі» суретін
көрсету.
Енді гүлімізге жылы мейірімімізді
сыйлайық.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Белсенділік танытқан балаларды
мадақтау. Не білгендерін сұрау.
Көктемде.
Қызығушылықтары артады.
Тұқымын себеміз. Бір бала тұқым
салып көрсетеді.
жәндіктер
құстар
гүлдер
Суреттерді алып, өлі табиғат оң
жаққа, тірі табиғат сол жаққа
тұрады. Гүлтірі табиғат.
Гүлдердің арасынан артық затты
алып тастап, түсіндіреді.
Қуанады.
Гүлдің иісін анықтайды.
Қуанады.
Өсімдіктердің аты айтылса
орындарынан тұрады.
Гүлдердің бөліктерін ата.
Қолдарын жүрек тұсына қойып,
алақандарын ашып, гүлге үрлейді.
Қуанады.
Алған әсерлерін ортаға салады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: гүлдердің өсіу ретін, бөліктерін
Түсінеді: мейірімділік сезімі оянады
Қолданады: гүлдерді күту
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Егінді алқап.
Мақсаты: Дәнді дақылдардың өсіпөнуі жайында түсінік беру, оларды бөліктерін ажырата білу. Диқандар
еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Ісәрекет кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Балалардың әрекеті Мотивациялық
қызығушылық
Ұйымдастыру
ізденушілік
Кілем үстіне дөңгелене отырғыз,
Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің
бауырсақ» өлеңін қосу.
Әңгімелеу: М. Етекбаев «Нан қайдан
шығады?» ертегісін әңгімелеу.
Нан дастарқанға қайдан келеді? (сурет
көрсету)
Бидай масағын көрсету. Тамыры, сабағы,
қауызы, мұртшасы. (таныстыру) Егер
бидайдың қауызын ашатын болсақ, ішінен
бидайдың дәні шығады. (дәнді көрсету)
Осы бидайды ұнтақтаса, ұн шығады.
Ұнды дирменде жасайды.Ұннан нан
пісіреді. Міне, біздің күнделікті жейтін
нанымыз үшін диқаншылар аянбай еңбек
етеді.
Сергіту сәті: «Белсенділік жаттығуы»
Жұмбақтар:
1. Бір түкті кілем
Бір түксіз кілем
2.Алтын сары тоны бар,
Қауызында дәні бар.
Д\о: «Егін жинауға көмектес»
Тыйым сөздер:
1. Нанды бір қолмен үзбе.
2. Нанның үстіне пышақ қойма.
3. Нанды төңкеріп қойма.
Осы егінді егіп, күнітүні ұйықтамай,
халық үшін еңбек еткен диқаншылар
еңбегін бағалау керек.
«Нан қоқымын шашпаңдар» өлеңімен
аяқтау.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Белсенділік танытқан балаларды
мадақтау. Не білгендерін сұрау.
Назар қойып тыңдайды.
Қызығушылықтары артады.
Назар қойып тыңдайды.
Суретті ретімен қойып, әңгімелеп
айтады.
Қызығушылықтары артады.
Қимылқозғалысы арқылы
көрсетеді.
Жер
Аспан
Суреттен егін жинауды сызықпен
көрсетеді.
Назар қойып тыңдайды,
қайталайды.
Хормен қайталайды.
Нан қоқымын шашпаңдар!
Жерде жатса баспаңдар!
Теріп алып қастерлеп, Торғайларға
тастаңдар!
Қуанады.
Алған әсерлерін ортаға салады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: нанның дастарқанға қалай келетінін
Түсінеді: нанды қастерлеуге деген ықыласы артады
Қолданады: өз бетімен еңбектену
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Дәрумен өз қолымызда.
Мақсаты: Көкөністер мен жемістер туралы білімен тереңдету, пайдасын білу, сөздік қорын, есте сақтау
қабілетін арттыру, ермексазбен жұмыс істеп, қызығушылығын дамыту.
Ісәрекет кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Мотивациялық
қызығушылық
Ұйымдастыру
ізденушілік
Дымбілмес қонаққа келеді, қолында
муляждар: –Достарым маған сыйлады,
өте тәтті, хош иісті деген. Мен иіскедім,
ұстап көрдім, бірақ не екенін білмедім.
Дымбілмеске көмек: Бұлар нелер?
–Түсі қандай?
– Пішіндері қандай?
Олар қайда өседі?
Д\о: «Не қайда өседі?» Баубақша мен
ағаш суреттері және көкөністер мен
жемістер.
Ойын: «Дәмінен таны» Ұсақ етіп
туралған көкөністер мен жемістерді
Дымбілмес пен балаларға татқызу. Ойын:
«Иісінен тап» Аузы тығындалған,
көкөністер мен жемістердің иісі бар
түтіктерді иіскеуге беру.
Жұмбақтар:
1. Жатып жерде желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
2. Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым.
3. Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарды күз жеткенде.
4. Қырық қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.
Жаңбыр одан өтпейді.
Мүсіндеу: Ұнаған көкөністері мен
жемістерінің бейнесін мүсіндеуді ұсыну.
Дымбілмес: Мен енді суреттерімде не
бейнеленгенін білдім. Көкөністер мен
жемістер туралы да көп білдім.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Біз не білдік?
Кімге көмектестік?
–Не қызықты болды?
–Сабақ ұнады ма?
Балалардың әрекеті
Назар қойып тыңдайды.
Қызығушылықтары артады.
Көкөністер мен жемістердің
муляждарын алып сипаттап
айтады.
Әр өнімнің өсетін жерін табуға
көмектеседі.
Дәмдерін татып, не екенін айтады.
Әр бала иіскеп шығады, ненің иісі
екенін айтады. Дымбілмес ойыннан
өте жақсы әсер алады.
Қауын
Сәбіз
Алма
Қырыққабат
Өз беттерімен ермексаздан
мүсіндейді..
Мүсіндеген заттарын
Дымбілместің достарына сыйға
береді.
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: көкөністер мен жемістерді, қайда өсетінін
Түсінеді: сөздік қоры, есте сақтау қабілеті артады
Қолданады: ермексазбен жұмыс істеу Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Ғажайып алаң.
Мақсаты: Гүлдердің көбеюі жайында түсініктері қалыптастару, бөліктерін білу, гүлді суреттеу арқылы
танып білуге үйрету. Гүлге деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке баулу.
Ісәрекет кезеңдері
Мотивациялық
қызығушылық
Ұйымдастыру
ізденушілік
Мұғалім әрекеті
Жылулық шеңбері: Шеңберге жинау.
Балаларды екі топқа бөлу. Бір топ
ойыншылар, бір топ қарсыластар.
Ойын: «Не, қайда, қашан?»
Дөңгелекті айналдыру.
1сұрақ. Қандай гүлдердің тобын
білесіңдер?
Бір фишка беріледі.
Дөңгелекті айналдыру.
2 сұрақ. Бақта өсетін гүлдерді атаңдар.
Нарғаз, көкнәр, қызғалдақ, раушан.
Тағы бір фишка беріледі.
Дөңгелекті айналдыду.
3 сұрақ. Дала гүлдерін табыңдар.
Раушан, әсел, түймедақ, қызғалдақ,
бақбақ.
Фишка беру. Дөңгелекті айналдыру.
Музыкалық үзіліс. Жылдам, сазды әуен
ойнайды.
Дөңгелек айналдыру.
4 сұрақ. Гүлдер қалай көбейеді?
Фишка беріледі. Дөңгелекті айналдыру.
5 сұрақ. Сары, жасыл, қызыл
дөңгелектерден гүлдің өсу жолын
көрсетіңдер.
Дұрыс жауаптарға фишкалар беріледі.
Жауап дұрыс болмаса, фишкалар
қарсыластарында қалады.
Тосын сый кезеңі. Жеңімпаздарды
белгілеп, ойынды аяқтау.
Ойын: «Ыстық, жылы, салқын, суық»
сыйлыққа тәттілерді беру.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Біз не білдік?
Қандай ойын ойнадық?
– Не қызықты болды?
– Сабақ ұнады ма?
Балалардың әрекеті
Алақандарын түйістіріп, жылулық
сыйлайды.
Қызығушылықтары артады.
Ойыншылар ойнайды, қарсыластар
сұрақтар қояды.
Бақша, дала, бөлме гүлдері.
Нарғыз, көкнәр, раушан.
Түймедақ, қызғалдақ, бақбақ.
Суреттегі жаттығуларды жасайды
Тұқымынан, түйнегінен.
Сары тұқым, жасыл өскін,
қызыл – гүлі.
Жинаған фишкаларын санайды.
Қызыға түседі, қуанады.
Тығылған сыйлықты іздейді.
Себеттегі тәттілерді табады.
Қуанады.
Балалардың жауаптары. Күтілетін нәтиже:
Орындайды: гүлдердің түрлерін айтады
Түсінеді: танымдық қызығушылықтары артады
Қолданады: өз беттерімен шешім қабылдау, жауап беру
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Флора әлемі.
Мақсаты: Өсімдіктерге ылғалдың қажетті мөлшерде керектігін түсіндіру, адам өмірінде өсімдіктердің
пайдасы жөнінде түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Ісәрекет кезеңдері
Мотивациялық
қызығушылық
Ұйымдастыру
ізденушілік
Мұғалім әрекеті
Жылулық шеңбері: Шеңберге жинау.
Дымбілместің хаты: Өсімдіктерді қалай
күту керектігін білмейді, көмек сұрайды.
– Өсімдіктерге не жатады?
Өсімдіктер өсу үшін не қажет?
– Өсімдіктер қай жерде өседі?
Дымбілмеске көмектесеміз бе?
Қонаққа гүл ханшайымы «Флора» келеді.
Қолында бөлме өсімдіктері, себеті бар.
«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер
бүгін гүлдер туралы көп білетін
боласыңдар. Гүлдер әлемі өте тамаша,
олар жерді көркейтеді. Олардың өз иісі,
өз сұлулығы, өз тілі, өз мерекесі, өз
ханшайымы бар. Мен гүл ханшайымы
Флорамын. Гүлдер әлемінен келдім. »
– Дымбілмес неге өсіре алмады, қарап
көрейікші.
–Сендер күту білесіңдер ме?
Құтқарыңдар гүлдерді.
Бұл гүлдер кактус, алоэ, фиалка. Қайда
өседі?
Флора әлемінің гүлдерімен таныстыру.
Себеттегі гүлдердің суреттерін алу.
Ойын: «Гүл шоғын жаса» Үстел үстінде 2
құмыра, әртүрлі гүлдер. Өлең
жаттау:
Гүлдер, гүлдер, көк гүлдер,
Қызыл гүлдер көп гүлдер.
Қызықтырып баршаны,
Нұрға бөледі даланы.
Тыйым сөздер:
1. Гүлдерді текке жұлма.
2. Аяқпен таптама.
«Флора: Мен сендердің табиғатты
Балалардың әрекеті
Гүл шоғын ұстап, бірбіріне
жылулық сыйлайды.
Қызығушылықтары артады.
Ағаш, бұта, шөп жатады.
Су, күннің көзі, ауа, жарық.
Бөлмеде, далада, гүлзарда.
Иә.
Назар қойып тыңдайды.
Су құймаған, топырағы құрғақ.
Гүлдерге су құяды, шүберекпен
жапырақтарын сүртеді.
Бөлмеде өседі. Бөлме
өсімдіктері.
Назар қойып тыңдайды.
Бақша, дала гүлдерінен гүл
шоқтарын жасайды.
Хормен бірге қайталайды.
Қуанады. қорғайтындарыңа сенемін. Естелікке
экологиялық диплом сыйлаймын. Сау
болыңдар!» кетеді.
Қоштасады.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Біз не білдік?
Қандай ойын ойнадық?
– Не қызықты болды?
– Сабақ ұнады ма?
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: гүлдерге көмектеседі, аттарын атайды.
Түсінеді: танымдық қызығушылықтары артады.
Қолданады: өз бетімен жауап беру, ойын ойнау.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Өсімдіктер кеші.
Мақсаты: Бөлме өсімдіктерін көбейту жөнінде түсініктерін кеңейту, дұрыс өсіру тәсілімен таныстыру. Өз
еңбегінің нәтижесін көру, гүлдерді аялауға тәрбиелеу.
Ісәрекет кезеңдері
Мотивациялық
қызығушылық
Мұғалім әрекеті
Жылулық шеңбері: Шеңберге жинау.
Балалардың әрекеті
Гүл шоғын ұстап, бірбіріне
жылулық сыйлайды. Ұйымдастыру
ізденушілік
– Өсімдіктерге не жатады?
Өсімдіктер өсу үшін не қажет?
– Өсімдіктер қай жерде өседі?
Біз бүгін бөлме өсімдіктерімен
танысамыз. Табиғат бұрышына барамыз.
Не көріп тұрғандарын сұрау.
–Сендер күту білесіңдер ме? Қалай
күтеміз?
Білетін гүлдер кактус, алоэ, фиалка
туралы сұрау.
Толықтыру:
Фиалка өсімдігі шөпке ұқсайды. Оның
жапырақтары жұмсақ, жалпақ, гүлдері
нәзік.
Алоэ өсімдігінің жапырақтары ұзынша
келген , қалың, шырынды болады. Суды
көп керек етпейді. Емдік қасиеті бар.
Кактус өсімдігі жұмыр келген сопақша
болады. Сыртында тікенектері бар.
Ауаны тазартады.
Аспарагус өсімдігінің сабақтары бұйра,
жапырақтары өте ұсақ, инеге ұқсас. Бұл
өсімдік жақсы күтімді қажет етеді.
Ойын жаттығуы: «Өсімдіктерді күту»
Үстел үстіне бөлмедегі өсімдіктерді қою.
Өлең жаттау:
Гүлдер, гүлдер, көк гүлдер,
Қызыл гүлдер көп гүлдер.
Қызықтырып баршаны,
Нұрға бөледі даланы.
Тыйым сөздер: Табиғат туралы тыйым
сөздер айтқызу.
Рефлексивтіктүзету:
алгоритм бойынша
сабақты талдау
Біз не білдік?
Қандай өлең жаттадық?
– Не қызықты болды?
– Сабақ ұнады ма?
Ағаш, бұта, шөп жатады.
Су, күннің көзі, ауа, жарық.
Бөлмеде, далада, гүлзарда.
Қызығушылықтары артады.
Бөлме өсімдіктері.
Өсімдіктерге су құю, топырағын
қопсыту, шүберекпен
жапырақтарын сүрту керек.
Білгендерінше айтады.
Назар қойып тыңдайды.
Назар қойып тыңдайды.
Әр бала өз бетінше өсімдіктерге
күтім жасайды. Не істеп жатқанын
әңгімелеп айтады.
Хормен бірге қайталайды.
1. Гүлдерді текке жұлма.
2. Аяқпен таптама.
3. Бұтаны сындырма
4. Суды ластама т. б.
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: гүлдерге көмектеседі, аттарын атайды.
Түсінеді: танымдық қызығушылықтары артады.
Қолданады: өз бетімен жауап беру, ойын ойнау
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.