Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе. Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Ұлағат: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз - ақ мейрамы ол - Наурыз. Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
Қош келдің, әз Наурыз! .docx
Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін
көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе. Мұғалім: Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің
асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған
жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз
қабыл болсын!
ата
Құрметті
қонақтар,
Ұлағат:
оқушылар!
Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз яғни Жаңа жыл! Жалпы
мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз ақ
мейрамы ол Наурыз. Наурыз айының 22 інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір бірін
мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
ұстаздар,
аналар,
Қайсар: Армысыздар ағайын!
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
тойға шашу шашайық
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
Мұғалім: Наурыз – көктем мерекесі.Наурыз – жыл басы.Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
Мұғалім: Наурыз – қуаныш мерекесі,Бақыт пен шаттық мерекесі.
Мұғалім: Наурыз – шаруаның мерекесі.Наурыз – еңбек мерекесі.
Қазақ биі: орындайтын Қыздар тобы
Имамали: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Алижан: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Аңсар: Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан мереке,
Қызық думан құрамыз.
Бейбарыс: Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.
Жалын: Наурызым тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың
алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып
саналады.
Мұғалім: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.
Мұғалім: Келер күнге бар үмітті табынтып, Бар халықты қуантатын бұл қай кез?Хормен:
Наурыз!Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын!
Қош сау балыңыздар!
«Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі» КММ ҚОШ
КЕЛДІ
Ң ӘЗ
НАУР
ЫЗ
Көкпекті ауылы,
2017 – 2018 оқу жылы
Қош келдің, әз Наурыз!
Қош келдің, әз Наурыз!
Қош келдің, әз Наурыз!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.