Қосымша 1 (2)
Оценка 4.9

Қосымша 1 (2)

Оценка 4.9
docx
13.05.2020
Қосымша 1 (2)
Қосымша 1 (2).docx

Қосымша 1

Элементар оқиғалар және оларға қолданылатын амалдар

Сынақтың қандай да бір нәтижесінің орындалуын элементар оқиғалар деп атайды . Элементар оқиғалар деп (оларды, сонымен қатар «элементтер», «нүктелер», «жағдайлар» деп те атауға болады) сынақтың қандай да бір «жіктелмейтін» нәтижесін айтады.

Сынақтың әрбір элементар нәтижелерінің жиынын элементар оқиғалар кеңістігі деп атайды .

Мысалы, ауа-райы болжамдары: ашық, жартылай бұлтты, ала бұлтты, бұлтты немесе нөсер элементар оқиғалар және олар элементар оқиғалар кеңістігін құрайды.

Оқиғаның үш түрі бар: кездейсоқ, ақиқат, жалған (мүмкін емес).

Кездейсоқ оқиғалар (немесе жай оқиға) сынақ барысында орындалатын не орындалмайтын оқиға.

Егер оқиға сынақ нәтижесінде міндетті түрде орындалатын болса, онда ақиқат оқиға деп аталады.

Егер оқиға сынақ нәтижесінде міндетті түрде орындалмайтын болса, онда жалған оқиға деп аталады .

Оқиғалар латын алфавитінің үлкен әріптерімен белгіленеді: АВС...

Егер екі кездейсоқ оқиғалар бір сынақ нәтижесінде қатар орындалуы мүмкін емес болса, онда бұларды үйлесімсіз оқиғалар деп, ал өзге жағдайларда бұл оқиғаларды үйлесімді оқиғалар деп атайды.

Төмендегі кестеде үйлесімді және үйлесімсіз оқиғаларға мысалдар келтірілген:

А және В үйлесімді оқиғалар

А және В үйлесімсіз оқиғалар

А оқиғасы – 15 мамыр күні Астана қаласында күн ашық.

В оқиғасы – 15 мамыр күні Алматы қаласында ауа температурасы +20.

А оқиғасы – келесі ай маусым.

В оқиғасы – келесі айда 31 күнтізбелік күн бар.

А оқиғасы – 15 мамыр күні Астана қаласында күн ашық.

В оқиғасы – жартылай финалда Шахтер және Тобыл футбол командаларының арасында ойын ұпайы тең болды.

А оқиғасы – жартылай финалда Шахтер футбол командасы Тобыл футбол командасын жеңіп шықты.

В оқиғасы – жартылай финалда Шахтер және Тобыл футбол командаларының арасында ойын ұпайы тең болды.

A1,A2...An оқиғаларының кез келген екеуі өзара тәуелсіз болса, онда бұл оқиғалар жұп-жұбымен өзара тәуелсіз болады.

Бірнеше оқиғалар элементар оқиғалардың толық тобын құрайды, егер де олар жұп-жұбымен өзара тәуелсіз болса онда әрбір сынақтың нәтижесінде осы оқиғалардың тек біреуі ғана орындалады.

A оқиғасы орындалмағанда орындалатын оқиғаны А оқиғаға қарама-қарсы оқиға деп атайды  деп белгілейді.

Мысал. Үш мерген нысанаға бір-бірден оқ атты. A1A2A3 оқиғасы бірінші, екінші және үшінші мергеннің нысанаға дәл тигізгенін білдірсе   оқиғасы мергендердің ешқайсысының тигізе алмағандығын білдіреді. Онда:

 

А және В оқиғаларының қосындысы деп осы оқиғалардың кем дегенде біреуінің орындалатынын білдіретін оқиғаны айтады және оны С = А + В түрінде жазады.

А және В оқиғаларының көбейтіндісі деп осы оқиғалардың қатар орындалуын білдіретін оқиғаны айтады және С = А ∙ В түрінде жазады.

А және В оқиғаларының айырмасы деп тек А ғана орындалып, В-ның орындалмайтынын білдіретін оқиғаны айтады және С = А – В түрінде жазады.

Егер А оқиғасы орындалған сайын В оқиғасы да орындалып отырса, онда В оқиғасы А оқиғасының салдары деп аталады және A  B түрінде белгілейді.


 

Элементар оқиғалар және оларға қолданылатын амалдар

Элементар оқиғалар және оларға қолданылатын амалдар

Онда: А және В оқиғаларының қосындысы деп осы оқиғалардың кем дегенде біреуінің орындалатынын білдіретін оқиғаны айтады және оны

Онда: А және В оқиғаларының қосындысы деп осы оқиғалардың кем дегенде біреуінің орындалатынын білдіретін оқиғаны айтады және оны
Скачать файл