Отбасылық ғұрыптар
Оценка 4.9

Отбасылық ғұрыптар

Оценка 4.9
Домашнее обучение
doc
11 кл +1
24.02.2021
Отбасылық ғұрыптар
5-сынып қазақ тілі қмж
Отбасылық ғұрыптар.doc

Сабақ жоспары

 

САБАҚ: Қазақ тілі

 

Мұғалімнің аты-жөні: Аңшыбаева О.Т.

Сынып:  5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

Сабақтың тақырыбы

Отбасылық ғұрыптар

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/А1. Тірек сөздер  мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы  тақырыпты болжау.

5О4.Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: бағыттаушы сұрақтар арқылы тақырып бойынша жұмыс жасау, болжау, әңгіме құрастыру

Көптеген оқушылар: Оқушылардың көбі ақпараттар бойынша ойларын айту, салыстыру, сәйкестендіру, бағалау.

Кейбір оқушылар: Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айту, мәтін құрастыруда креативті идеялар жазу, астарлы мағынаны тану және бағалауда нақтылық көрсету

Бағалау критерийлері

-       Тақырыпты болжай алады.

-       Ақпараттар тізбегін ұғыммен байланыстыра алады.

-       Суреттер негізінде  ұғымдарды байланыстыра  отырып, әңгіме немесе мәтін құрастыра алады.

Дескрипторлар

1.      Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжай алады

2.      Сөздердің мағынасын түсіндіре алады

3.      Ақпараттарды мағынасына қарай сәйкестендіре алады.

4.      Суреттер бойынша:

                    - тақырып қоя алады.

                    - сын есіммен бағалай алады.

                    - құндылықпен байланыстыра алады.

                    - астарлы ойды мақалмен тұжырымдай алады

                    - мәтін құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Бала, мейірім, әже, тәрбие, ана, отағасы, отбасылық бақыт, мейірім, тыныштық, құндылық,  өнерлі, бақытты, берекелі, жалғыздық т.б

Осыған дейінгі меңгерілген білім

Өткен тоқсандағы бөлімдер бойынша тілдік дағдыларды дамыту, байланыстыру

Құндылықтар

-       Адами қасиет, тәлім-тәрбие, мейірім;

-       Зерттеген мәселе бойынша өмірлік ұстаным;

Пәнаралық байланыс

 Өзін-өзі тану, әдебиет

АКТ дағдыларын дамыту

 

 

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут

 

 

 

 

І.Ұйымдастыру кезеңі

( Оқушыларды түгелдеп ,сабаққа назарын аударамын. Сабақ мақсатымен таныстырамын)

ІІ.Қызығушылықты ояту

Оқушылар  ата, әже, әке, ана, бала деген сөздер бойынша 5 топқа отырады.

    Бала, мейірім, әже, тәрбие, ана, отағасы осы сөздерді көпшілікке жасырамын. Отбасылық ғұрыптар дегенді қалай түсінесің?

Дұрыс жауаптар арқылы сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

Оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен танысады. Бағалау: «Баңдаршам түстері» «жасыл – өте жақсы түсінді, сары – жақсы түсінді, қызыл – мұғалімнің көмегі қажет) карточкалары арқылы әр оқушы жеке бағаланады. Топ басшыларына кесте таратылады, кестеге топ мүшелерінің жауап беруі бойынша алған жасыл, сары, қызыл түстері бөлек жазылады. 

 

Слайд 1

Сабақтың ортасы

 

 

6 мин

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

1-тапсырма. Тыңдалым: үнтаспадан «Тойға тілек»  деген әнді тыңдап әрі қосыла шырқап, қазақ халқының қандай қасиетін жырға қосып тұрғанын айт.

Бағалау: «бағдаршам түстері» карточкалары арқылы бағаланады.

5-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңді айт.

       Қазақ халқының бала бағуға байланысты ғұрыптар кешеніндегі шілдеханадан бастап, кіндік кесу, баланың қарын шашын алу, бесікке салу, қырқынан шығару, тоқым қағу, тұсау кесу сияқты толып жатқан салттар отбасылық мерекеге айналады.

        Отбасылық ғұрып фольклорының ішіндегі жұртты ынтықтыра тәнті ететін көркем де күрделі саласы – үйлену ғұрпына қатысты жырлар. Бұған «Тойбастар», «Жар-жар», «Сыңсу»,  «Беташар», «Неке қияр» сияқты танымал жанрлық түрлері жатады. Дәстүрлі ұғымда үйлену тойы тек қыз бен жігіттің немесе ата-ананың ғана қуанышы емес, ол бүкіл ауылдың, аяқ жетер ағайынның, ұлыстың қала берді, бүкіл елдің тойы болған.

      Мәтін бойынша сұрақтар «Ортада қаламсап» әдісі арқылы:

Бала бағуға қатысты қандай салттар бар?

Үйленуге байланысты қандай салттар бар?

Бесікке салу қандай салт?

Тағы қандай  отбасылық мерекеге айналған ғұрыптарды білеміз?

 

Тапсырма: сурет бойынша отбасылық ғұрыптарға байланысты мәтін құрастыру(жарнама)

1 топ «Беташар», 2 топ «Қыз ұзату» (Сыңсу), 3 топ «Бесікке салу», 4 топ «Тұсау кесу», 5 топ «Сүндет той»

Бағалау: «бағдаршам түстері» карточкалары арқылы бағаланады.

8-тапсырма. Төмендегі сөздердің ішінен ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалды тап.

Көзқарас, жұмысшы, сенгім келеді, Жанқожа, жазшы,  Досжан, ашса.

Бағалау: «бағдаршам түстері» карточкалары арқылы бағаланады.

 

Қорытындылау.

 

 

 

Кестелер

 

Слайд 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материалдар

 

 

 

 

 

Бағалау

3 минут

Жалпы жұмысты қорытындылай келе, оқушылардың мақсатқа жетуі бағалау критерийлері негізінде бағаланады.

Топ мүшелері қорытынды жасайды.

Ұсынылған бағалау критерийлері

Кері байланыс

5 минут

3 «Қ» әдісі бойынша:

Маған қиын болды,

Маған қызық болды,

Маған қажет болды.

Кері байланыс парағы

Ескерту

Мұғалім өзінің шығармашылығына қарай бұл сабақты 2 сабаққа жоспарлауға да болады.

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

- Оқушыларға қолдау көрсету бағыттаушы сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.

- Оқушылардың көбі ақпараттар бойынша ойларын айтады, салыстырады, сәйкестендіреді, бағалайды, мәтін құрастырады.

- Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, мәтін құрастыруда керативті идеялар жазады, астарлы мағынаны таниды және бағалауда нақтылық көрсетеді.

Сабақта дескрипторларға негізделген жүйеде  бағаланады.

  1. Мұғалімнің кері байланысы
  2. Жұптардың өзара бағалауы
  3. Бірін-бірі бағалауы

 Әдебиет, өзін-өзі пәндерімен тақырып арқылы байланысады.

Сабақта АКТ  үйге тапсырма кезінде қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

«№3 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

 

 

 

Описание: D:\оя\рухани жаңғыру.jpg

 

Ашық сабақ жоспары

 

Сабақтың тақырыбы:

«Отбасылық ғұрыптар»

 

              

 

 

 

 

                           Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні

                           мұғалімі Аңшыбаева О.Т.

                           Сыныбы: 5 «б»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау қаласы – 2017 ж


Скачано с www.znanio.ru

Сабақ жоспары САБАҚ: Қазақ тілі

Сабақ жоспары САБАҚ: Қазақ тілі

Баңдаршам түстері» «жасыл – өте жақсы түсінді, сары – жақсы түсінді, қызыл – мұғалімнің көмегі қажет) карточкалары арқылы әр оқушы жеке бағаланады

Баңдаршам түстері» «жасыл – өте жақсы түсінді, сары – жақсы түсінді, қызыл – мұғалімнің көмегі қажет) карточкалары арқылы әр оқушы жеке бағаланады

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

КММ Ашық сабақ жоспары

КММ Ашық сабақ жоспары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.02.2021