Открытый урок
Оценка 4.9

Открытый урок

Оценка 4.9
docx
воспитание
Детсад
04.02.2020
Открытый урок
Документ Microsoft Word.docx

                                 ҰОҚ -Конспектісі

Күні:15.11.2019

Тобы:Жұлдыз

Білім  беру  саласы: Таным,шығармашылық

Бөлімі: Жаратылыстану,сурет

Тақырыбы: «Тамақтану ережесі»

Мақсаты:  Балаларға дұрыс отырып тамақтана білу , тамақтың адам  организміне келтіретін маңызы туралы білімдерін кеңейту Балаларға  жемістер  туралы  түсінік  беру.   Денсаулыққа  пайдасы  туралы  мағлұмат  беру. «Денсаулық- зор  байлық»,  «Дені  саудың-  жаны  сау» деген  қағиданы  балалар  бойына  сіңіруге  үйрету.

Білімділік: Балаларды дәрумендерге толы таныстыру. 

Дамытушылық:Дұрыс тамақтана білу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларға ас ішу тәртібін   есте сақтауға, салауатты тамақтануға тәрбиелеу

Создік  жұмыс:  көкөністер,  жемістер, бақш,  бақ,  дәрумендер.

Керекті  қүралдар:  слайдтар, көкөністер  мен  жемістердің  суреті,  қылқалам,   жемістердің  таспасы, гуашь  бояуы,  сүлгі.

Ұйымдастырылған  оқу  іс- әрекетінің  әдісі:  сұрақ- жауап, әңгімелеу, көрсету,   түсінік  беру,  интерактивті  тақта.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері.

Тәрбиешінің іс- әрекеті.

 

 

Мотивациялық-қозғаушылық.

 

 

Шаттық  шеңберін  құру.

                       Ауадан   қуат  алайық,

                       Алақанға  салайық,

                      Жерден  нәр  алайық,

                      Алақанға  салайық,

                      Күннен  шуақ  алайық.

                      Алақанға  салайық.

Күн  шуағын  апайларға  сыйлайық

(Алақандарын  үрлейді

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

-Қазір  жылдың  қай  мезгілі?

-Күз  мезгілі.

-Күзде  неше  ай  бар?

-Күзде  үш  ай  бар

-Атандаршы

-Қыркүйек, қазан, қараша

-Күздің  соңғы  айын  атайықшы

-Қараша  айы

-Күзде  нелер  піседі?

-Күзде  жеміс-жидектер, көкөністер  піседі.

-Бүгін  сендермен «Дәрумендер»  тақырыбында  үйымдастырылған  оқу  іс- әрекетін  өтеміз.     Балалар  тәрбиешінің  айтқанын  мұқият  тыңдайды.

«Ен  басты  байлық-денсаулық»

-Деніміз  сау,  ауырмасақ  қана  бақытты  өмір  сүреміз.  Ал, ауырмау  үшін  дәрумендерге  бай  тағамдарды  көп  жеуміз  керек.

-Көп  дәрумендер  кездесетін  тағамдардың  денсаулыққа  пайдасы  көп.  Біз  жемістерді  көп  жесек, ауырмай,  үлкен  болып  өсеміз.

Балалар  интерактивті   слайдты  мүқият  қарайды.

(Слайд  бойынша  көрсетіп,түсіндіру)

А  дәрумені- ағзаның  өсуіне, көздің  жақсы  көруіне  әсер  етеді, сүйек, тіс, шашты  нығайтады.

В дәрумені-дене  жарақатының  тез  жазылуына  септігін  тигізеді.  Қан  құрамына,  қан  аздыққа  әсер  етеді.

С дәрумені – зат  алмасу  үрдісіне  иммунитеті  көруге  көмектеседі.

Д дәрумені – сүйек, бұлшықеттін  дұрыс  дамуына  әсер  етеді.

Е дәрумен – жүрек  қызметтін  жақсартады.

Сонымен  қатар «С»  дәруменіне  бай  жемістер  мен  көкөністер  (көкбүрыш,орамжапырақ, қызанақ, шалқан т.с.с)  және  «Д»  дәрумені  кездесетін  тағамдар (балық, ірімшік,сүт,айран, уылдырық, май)  тіс  ауруына  ұшырамауына,қатты  және  сау  болып  өсуіне  көмектеседі.

Балалар  жеміс-жидектер  туралы   тақпақ  айтады.

Жүзім- Амир: 

Шие  –Айдар: 

Пияз - Ақзере:  

Картоп-Айдана 

 

Сергіту  сәті:   Алма, алма  дейсің,

                         Алма  берсем  жейсін.

                        Айтады  екен  деме.

                         Алманы  жумай  жеме.

 Дидактикалық  ойын:  «төртыншы артық».

Шығармашылық   орталығы – жемістер  мен   көкөністеррдің  суретін   таспамен  басу,  губка  арқылы  түстеріне  келтіріп  бояу

Рефлексиялық-түзетушілік.

Дидактикалық  ойын:  «Дәміне  қарай    ажырат».

Ойынды  ережесін  бұзбай  ойнау.

Мақсаты:  Кесулі   үстел  үстіндегі   түрлі  жемістердің   бөліктерінен  көз   жұмулы  бала   дәм  татып,  қандай   жеміс   екенін   айтып   сипаттайды.

Қорытындылау.

Қол  ұстасып  тұрайық,

Шеңберді  біз  құрайық,

Көріскенше  күн  жақсы,

Сәл- саламат  болайық

 


 

ОҚ -Конспектісі Күні: 15.11.2019

ОҚ -Конспектісі Күні: 15.11.2019

Күзде жеміс-жидектер, көкөністер піседі

Күзде жеміс-жидектер, көкөністер піседі

Күз мезгілі. -Күзде неше ай бар? -Күзде үш ай бар -Атандаршы -Қыркүйек, қазан, қараша -Күздің соңғы айын атайықшы -Қараша айы -Күзде нелер піседі? -Күзде жеміс-жидектер,…

Күз мезгілі. -Күзде неше ай бар? -Күзде үш ай бар -Атандаршы -Қыркүйек, қазан, қараша -Күздің соңғы айын атайықшы -Қараша айы -Күзде нелер піседі? -Күзде жеміс-жидектер,…
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.02.2020