«Менің үздік сабағым»
атты ұстаздарға арналған қашықтық конкурсына қатысу үшін өтініш
№ |
Мазмұны |
Мәлімет |
1 |
Автордың толық аты-жөні |
Садвакасова Кулайым |
2 |
Қызметі |
Бастауыш сынып мұғалімі |
3 |
Жұмыс орны |
Бинес-академия Дара лицей мектебі |
4 |
Телефон |
87786282436 |
5 |
Жұмыстың тақырыбы |
Мектеп ережесі |
6 |
Бағыты |
Дүниетану |
САБАҚ: Мектеп ережелері |
Мектеп: Бинес-академия Дара лицей мектебі |
|||||||||
Күні:14.11 |
Мұғалімнің есімі: Садвакасова Кулайым |
|||||||||
СЫНЫП: 2Б |
Қатысқандар саны: 20 |
Қатыспағандар: |
||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
2.1.2.1 Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру 2.1.2.3 мектеп қауымдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлға аралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру |
|||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
|||||||||
· Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Мектеп ережелерін құрастырады; тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді |
||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||||||||
|
||||||||||
Кейбір оқушылар: |
||||||||||
|
||||||||||
Жетістік критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. Мектепте өзін ұстау ережелерінің маңыздылығы туралы ой-пікірін дәйектей алады. Сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорыта алады. |
|||||||||
Сөздік қор |
Тәртіп, жауапкершілік. Уақытында келу, сыпайы болу, ізеттілік, бұзақылық, білім ордасы, білім ошағы, жауапкершлікпен қарау, ақылшы ұстазды тыңдау, болашағың үшін оқу керек, талпыну. |
|||||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, компьютер, тәртіп, жауапкершілік сөздері, тапсырма жазылған конверттер |
|||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Әңгіме құру, оқулық және дәптермен жұмыс, өзіндік жұмыс |
|||||||||
Пәнаралық байланыс |
Мәтінді оқу, талдау, өз ойын жазу барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады. |
|||||||||
Жоспарланған уақыт, сабақ кезеңдері |
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар |
||||||||
Ұйымдастыру. 2 минут
|
Жағымды көңіл күй қалыптастыру. Жұптар. МЕН БҮГІН САҒАН СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН. Сабақтың ұранын айтады. Біз – ақылдымыз! Біз – ынтымақтымыз! Біз – зейіндіміз! Біз – ынталымыз! Біз өте жақсы оқимыз! Біздің қолымыздан барлығы келеді! |
|
||||||||
Сабақтың мақсатын қою 5 минут
Жаңа білімді меңгеру 10 минут
|
Қозғалысқа келтіру тапсырмасы. -Біз дүниетанудан қандай бөлімді оқып жатырмыз? -Менің мектебім. -Өткен сабақта «Біздің мектеп» тақырыбын өткен болатынбыз. Өткен тақырыпты пысықтау үшін, тақтаға назар аударайық. Видео «Біздің мектеп» -Не жайлы көрдік? -Олай болса, алдарыңдағы параққа сабағымыздың кілттік сөзін жазыңдар. Ол – әрине, «Мектеп» сөзі. Ал сөздің жан-жағына мектеппен байланысты сөздерді, білетіндеріңді жазыңдар. -Екінші қатарға және басқа түсті қаламмен қандай мектептер болатынын жазыңдар. -Бұл оқу мекемелерінің барлығын не біріктіреді? Бұл мектептердің мақсаты не? (Балаларға білім береді) -Сұрағым бар. Мұқият тыңдап, ойланыңдар. - Бірде-бір мектеп онсыз жұмыс істей алмайды? Ол не? Тақтаға назар аударайық. Не бейнеленген? - Мектеп ережелері. -Сабағымыздың мақсатын білу үшін тақтаға назар аударайық.
-Оқу мақсатын қалай қол жеткіземіз?
-Қане, топта жұмыс істеудің тәртібін еске түсірейік:
-Топта жұмыс істеу ережесін еске түсірдік. Енді оқулыққа (тақтада электронды оқулық) көз салайық. Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып, өз түсінгендерін постерге түсіреді.
1-топ. Мектеп ережелерін құрастыр. 2-топ. «Тәртіп бар жерде тәрбие бар» мақалдың мағынасын түсіндір. Мектеп, білім туралы мақал-мәтел жазыңдар. 3-топ. Сұрақ-жауап (31-бет) |
Видео «Біздің мектеп»
Кластер жасату. Оқушылар өз ойларын жазып, оқып береді.
Суреттер
|
||||||||
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәті «Мен де» ойынын ойнау. Егер мен дұрыс қылық айтсам «мен де» деп айтасыңдар да, қолдарыңды жоғары көтересіңдер, ал егер бұрыс қылық айтсам үндемейсіңдер. Дайынсыңдар ма? - Мен мектепке жинақы киініп келемін; - Мен барлық мектеп жабдықтарын реттеп ұстаймын; - Мен мектепке уақытылы келемін; - Мен мектепке кіре сала барлығын басып озуға асығамын; - Мен сыныпқа кіргенде, әрдайым сәлемдесемін; - Мен мектепте ешқашан ересек адамдармен амандаспаймын; - Мен әрқашан көрсетілген көмекке алғысымды білдіремін; - Мен әрқашан досымнан ойыншығын тартып аламын; - Мен әрқашан сөйлеп тұрғанның сөзін бөлемін; - Мен әрқашан үстелімді жинақы ұстаймын; - Мен әрқашан шағымданамын; - Мен дәлізде жүгірем де жүрем. -Мектепте өзін ұстау ережесін білетіндеріңді көріп тұрмын. Сонымен бүгін біздің сөздік қорымыз ТӘРТІП; ЖАУАПКЕРШІЛІК сөздерімен толықты. Орыс тілінде, ағылшын тілінде айтайық. Қане, қайталайық. Поведение, ответственность, |
Тәртіп; Жауапкершілік сөздері |
||||||||
Жаңа материалды түсінуді тексеру. 11 минут |
(Ұ) «Жалғастыр» ойынын жарыс түрінде ойнату. Оқушылар жалғастырып сөйлейді. Не істеуге болмайды? -
Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
болмайды.) -
Дәлізде .................................(жүгіруге болмайды) Оқушыны сипатта (Ж) Осы ережелердің негізінде оқушығаны сипаттауды ұсыну: Мектеп ережесін бұзбайды, яғни (тәртіпті). Мектепке уақытында келеді, ерте келіп, оқу құралдарын дайындайды (ұқыпты). Мұғаліммен, өзгелермен керіспейді (ізетті). (Ұ)Мәтінді оқу, талдау және хат жазу. Жексен Жексенді сыныптастары «Тәртіпсіз Жексен» деп атайды. Себебі ол сабақта тыныш отырмайды. Сабаққа кешігіп келеді. Қасындағы балаларға үнемі кедергі жасайды. Оқу құралдарын үйіне тастап кетеді. - Жексен қандай оқушы? - Жексенде қандай жаман әдеттер бар? - Жексенге көмектесу үшін хат жазайық. Яғни тәртіп ережелерін құрастырып жазыңдар. В деңгейінің 2-тапсырмасы |
Хат жазуға дәптер |
||||||||
Жаңа тақырыпты бекіту 5 минут |
(Ж,Т) «Неліктен тәртіп ережелерін сақтау керек? Мектептегі тәртіп ережелерін сақтамаса не болады?» деген сұрақтарды талдап, сабақты қорытындылау. Мүмкін болатын жауаптардың ортақ құрылымын ұсыну: «Егер де біз мектептегі тәртіп ережелерін сақтамасақ, онда ... ». «Мектеп ережесін сақтау тиімді, себебі....» |
|
||||||||
Рефлексия 2 мин Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Бағалауды және рефлексиялық әңгімелеуді ұйымдастыру. -Бүгінгі сабақта өздерің үшін жаңадан не білдіңдер? -Сабақта орындаған жұмысына кімнің көңілі толады? -Нақты неге көңілдерің толды? -Әркім сабақтағы өз жұмыстарыңды бағалаңдар. Кескінделген шеңберге түрлі түсті алақан бейнесін жапсыру ұсыну. Егер сабақ ұнаса – сары түсті, ұнамаса – қызыл түсті жабыстырады. Көңілді күн бейнесі шығу керек. |
|||||||||
Үйге тапсырма 1 минут |
Жұмыс дәптеріндегі С деңгейінің тапсырмасын орындау. Мектептегі мінез-құлықтың үш шартты белгісін суретте:сабақта және үзіліс кезінде рұқсат етілмейтін әрекеттер. |
|||||||||
Қорытындылау 2 минут |
«Мектеп ережесі» ескертпесін құру. - Сыныпқа кіре салып мұғаліммен және достарыңмен сәлемдес; - Мектепке қоңырау соғылмай тұрып кел; - Егер сабаққа кешіксең, кешірім сұра және орныңа отыруға рұқсат сұра; - Сыныптасыңа кедергі келтірме, егер жауап бергің келсе қолыңды көтер; - Асханада тыныштық сақта, тамақтану кезінде сөйлеспе; - Үзіліс кезінде тыныштық сақта. |
|||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||||||
Оқушыларға әдеп нормаларын құруға қажетті көмек көрсетіп қолдау. Оқушыларға бірін-бірі оқытуына жағдай жасау арқылы көшбасшылық қабілеттерінің оянуына септесу. |
Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау. |
Әдептілік мәдениеті мен сыпайылық дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа баулу. |
||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.