1-мәтін
1. Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған.
2. Киік әдетте
төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын,
үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын
түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа
жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана
жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып
түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін
енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал
туғанына екі күн болған құралайды машинамен
қуып жете алмайсыз.
Қазақ елінде ежелден бері аңшылыққа көп
көңіл бөлініп келген. Ақсақалдардың
айтуынша, ертеректе бір бүркіт үшін аңшылар 5-6 түйеге
дейін берген жайттар болған екен. Совет одағы кезінде
Қазақстанда әсіресе қасқырға көп
аңшылар шығатын, өйткені Қазақстандағы
қасқырлар саны әлемдегі ең көбі. Бірақ,
қазір олардың да саны азайды.
3. Мамандардың
есебінше, Қазақстан тәуелсіздік алғалы елдегі
миллионға жуық бөкендерден тек 30 мың бас
қалған. Табиғатта аязды қыстарда және эпидемия кезінде
бөкендердің 100 мыңдап қырылып қалатын
оқиғаларын еске түсірсек, онда олардың жуық арада
мүлде жойылып кету қаупі тұрғандығын
байқаймыз, дейді табиғат қорғаушылар.
Браконьерлердің киікті мүйізі үшін аулайтыны белгілі. Олар
көбінесе мүйізі шаңырақтай киік текесін нысанаға
алады. Даланы қызыл қанға бояған қатыгездер
көбіне киіктің басын ғана кесіп алып, денесін лақтырып
кетеді. Бейресми деректерге жүгінсек, аңшылар киік мүйізін
35-40 мың теңгеге сатады. Алматыда бұл одан да жоғары
бағаланады екен. Онда мүйіздің келісі 200 мың
теңгеден асып жығылса, Қытайда 4 мың доллардың
төңірегінде. Қытайда дәстүрлі медицина үшін
киіктің мүйізіне дәрілік шикізат ретінде сұраныс
мықты. Қытай медицина индустриясының мүйізге деген
сұранысы жыл сайын 8 тоннаға дейін барады екен.
4. Қазір көрші мемлекеттегі жинақталған қор 80 тонна көрінеді. Қазір қынадай қырылған Ақбөкендердің мәйіттері жиналып, аумақ залалсыздандырылып жатқан көрінеді. Ал, жұқпалы аурудың жаппай таралуы мен одан келген зиянды анықтап, дертті жоюмен министрлік жанынан құрылған арнайы комиссия айналысатын болады.Ол үшін біздің жағдайдағы ең қолайлы шара - киіктер келгенше олар жейтін қауіпті аймақтағы шөпті орып тастау керек.
1. Мәтіндегі жаңа туған лақтарға қатысты ақпарат
A) Туғанына екі күннен соң жүреді
B) Шаранасын жалап аршымайды
C) Екі-үш сағаттан соң аяқтанады
D) Үстін желмен қақтырып алады
2. Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Киік көбінесе жалқыдан төлдейді.
B) Киік тұқымын сақтап қала алмайды.
C) Киік мүйізі шикізат ретінде ауланбайды.
D) Киікті мүйізі үшін көп аулайды.
3. Мәтін мазмұнына лайықты тұжырым
A) Киіктерді көп аулағаннан азайып кеткен.
B) Киіктерді ауламаса, айналаға ауру таратады.
C) Киіктің лағы тез аяқтанбай, ұзақ жатады.
D) Киіктер жаз айында жаппай лақтайды.
4. Киік аулаушылар мүйізі үлкен текелерді аулауының себебі
A) Текелер ене киіктер сияқты төлдемейтін болғандықтан
B) Мүйізі үлкен, пайдасы мол болғандықтан
C)Төлі бар киіктерді ату обал болғандықтан
D) Елімізде теке киіктер өте көп болғандықтар
5. Мәтіннің түйіні
A) Жер-ырыстың кіндігі, Еңбек - ырыстың қазығы.
B) Сұлулық жерден өніп, көктен жауады.
C) Табиғат жер байлығы, Батырлар ел байлығы.
D) Табиғаттың бөлшегі – аң-құстарды қорғайық!
2-мәтін
1. Кимешек әжелердің салтанатын, биіктігін, тазалығын білдіреді, сонымен қатар басын шаң-тозаңнан сақтап, шашы қобырап тұрмауына септігін тигізеді. Кимешек басты, кеудені, иықты және арқаны жауып тұратындай тұйық етіп тігіледі. Тек адамның бет-әлпеті ашық тұратын жері ойық болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді, ұшына күміс теңгелер, моншақтар тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазылып тұруға әсер етеді. Әр өңірдің әйелдері киетін кимешек негізінен ұқсас болғанмен, үлгісінде және өрнегінде кейбір айырмашылықтар бар.
2. С. Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-үйінің жатын бөлмесіндегі киім сөресінде ілініп тұрған ерекше жәдігер – кимешек музей келушілерінің назарын аудартып, әрдайым олардың көкейлерінде «Бұл жазушының жары – Мәриям апай киген кимешек пе?» деген сауал оятады. Музей экскурсоводы бұл кимешекті Мәриям Қожахметқызына атақты актриса, Қазақстанның халық әртісі Бикен Римова сыйға тартқанын баяндайды.
3. Кимешек ақ түсті. Жалпы тігілу пішіні екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – басқа иекті айналдыра киетін жамылғы. Оған қанық сары және ақшыл сары моншақтармен көмкеріліп, әдемі гүл тәріздес өрнектер түскен. Кеудеге түсіп тұратын тұсына әр жерден ақ, жылтыр моншақтар тігілген. Төменгі етегі ішке қарай қайырылған. Екінші бөлігі – түндік. Ақ матаның ішіне қатты қағаз (картон) салып, айналдыра дөңгелене тігілген. Үстінен жартылай қосымша сары түсті мата жүргізілген. Оған жасыл түсті өрнектер араласқан. Жоғарғы жағынан етегіне дейін әр жеріне сары жылтыр моншақтар тігілген.
4. Бикен апамыз Мұқаң, Ғабең, Сәбең секілді ұлы тұлғалардың көзін көрген, олардың отбасымен аралас-құралас болған. Сахнадағы ғажайып өнерінен бөлек, ол он саусағынан өнер тамған шебер, ісмер екен. Ол кісі қолы қалт еткенде өзіне көйлек, балаларына киім-кешек тоқығанды ұнатқан. Ал мына өз қолымен өрнектеп тігіп, сыйға тартқан кимешекті Мәриям Мұқанова 1960 жылы Сәбеңнің 60 жылдық мерейтойында киген. Мәриям апай сол тұста 50 жаста болған. Музей кешені қорында осы мерейтойда Мәриям апайдың кимешекті киіп, Сәбеңмен бірге түскен фотосуреті де сақталған. Кимешекті музейге Жанна Сәбитқызы Мұқанова сыйға тартқан.
6. Кимешекке сән береді
A) Кеудесіндегі ойық
B) Күміс теңгелер
C) Күміс моншақтар
D) Зерлі жіптер
7. Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Астынан сары түсті мата жүргізеді.
B) Ақ матаның ішіне қатты қағаз салынады.
C) Кимешек тігу пішіні үш бөліктен тұрады.
D) Етегіне дейін жиектер жүргізілген.
8. Кимешектің тұйық етіп тігілуінің себебі
A) Бас, кеуде, иық, арқаны тауып тұру үшін
B) Жібі шығып, сетінеп кетпес үшін
C) Бастан аяққа дейін жетіп тұруы үшін
D) Әдемі болып, сән беріп тұруы үшін
9. Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Ерекше жәдігер
2.Сыйға тартқан кимешек
3. Кимешектіғң ерекшелігі
4. Кимешектің тігілуі
A) 3,2,4,1
B) 1,2,4,3
C) 3,1,4,2
D) 1,3,2,4
10. Мәтін мазмұнының түйіні бола алатын сөйлем
A) Бикен Римова – он қолынан өнер тамған ісмер
B) Кимешек тігудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар.
C) Сыйға тартқан кимешектің құндылығы зор.
D) Кимешек – сан ғасырдан қалған асыл мұра
3-мәтін
1. Іле – Балқашқа құятын өзендердің ең үлкені, Жетісудің ең ірісі. Тянь-Шань тауларынан, Текес пен Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болған. Ұзындығы – 1469 шақырым. Қытайдың Шыңжаң ауданына бастау алатын бұл өзеннің 815 шақырымы Қазақстанда жатыр. Өзен мұздықтармен, жерасты суларымен толығады. Өзеннің 70 пайызы Қытай аумағында, қалған 30 пайызы Қазақстанда қалыптасады. Ағысы жайлы, кең, жағасы аласа. Іле өзені бойында Қапшағай бөгені салынған. Су қойманың ұзындығы 70 шақырым, ені – 5 шақырым.
2. Түрген, Қаскелең, Талғар, Күрті, Шілік, Нарын, Өскен, Қорғас сынды сілемдері бар. Жиделі мен Топар өзендері Іле арнасының басты су тамыры саналады. Өзен балыққа бай, атырауында ондатр ауланады. Кезінде ондатр шаруашылығы болған. Жағасында қамыс көп, тоғайлы. Қаз, үйрек, тұрпан, дуадақ, аққу, тырна, тау және дала шілі сынды құстар тараған. Ал қамыс пен тал өскен жерлеріне қырғауыл жүреді, қаршыға ұя салады. Жайын, сазан, шортан сынды балықтар көп.
3. Іле маңы жоталары мен тауларында марал, таутеке, тау ешкі, арқар жайылады. Кезінде Іледе жолбарыс болған деген аңыздар бар, қазір құрып кеткен деседі. Іле – Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Шарын шатқалы мен оның бойындағы тауларда көне таңбалар мен қорғандар, тас мүсіндер бар. Әнші құм, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорық орналасқан. Іле – қазақ жерінде алғаш жүк тасымалы ашылған өзен саналады. Іле атты порт-кент болған. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан мен Қытайдың арасында тауар тасымалданған.
4. «...Іле арқылы өтетін өткелді... Албан руының қазақтары ұстап тұр..., жалпақ түпті қайықпен өтеді. Өткізу тәсілі бүкіл Шығыс үшін бірдей: қайық аттың құйрығына байланып, олар сүйреп шығарады. Қайық өте ескі, қайықшының бірі қайықты басқарып отырса, басқалары киізбен жамалған тесіктерден кірген суды сыртқа төгумен болады» деп жазады Шоқан Уәлиханов. Іле атауы қайдан шықты? Көптеген ғалымдар Іле гидронимінің негізінде іл/ыл «су» көне түбірі жатыр деп есептейді. Мысалы, Есіл, Еділ, Ойыл, Қиыл, Тобыл секілді гидронимдер құрамында кездесетін географиялық атау.
11. Алғаш жүк тасымалы ашылған өзен
A) Іле
B) Түрген
C) Талғар
D) Өскен
12. Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Қаршыға қамыс пен тал өскен жерге ұя салады.
B) Қапшағай су қоймасының ұзындығы 1469 шақырым
C) Іле маңында жолбарыс, таутеке, арқар жайылады.
D) Түргенде көне таңбалар мен мүсіндер бар.
13. Қазіргі кезде Іледе жолбарыс болмауының себебі
A) Басқа жаққа ауғандықтан
B) Жойылып кеткендіктен
C) Бұрын мүлде болмағандықтан
D) Ара райы келмегендіктен
14.Мәтіннің төртінші азатжолына лайықты тақырып
A) Тарихи-табиғи ескерткіштер
B) Іле туралы Шоқан зерттеулері
C) Балқашқа құятын ең үлкен өзен
D) Іледегі өсімдіктер мен жануарлар
15.Берілген мәтін үзіндісінен негізгі мәтін мазмұнының айырмашылығы
Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады.
A) Іле өзені мен аумағының ерекшеліетері туралы
B) Өзендердің ерекшелігі мен сипаттамасы туралы
C) Жаңбырдан еріген мұздық сулары туралы
D) Өзендердің шығу тегі мен арналары туралы
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.