Оқу сауаттылығы ҰБТ тест

  • docx
  • 26.12.2024
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 10-нұсқа оқу сауат ответпен.docx

1-мәтін

1. Жылқы — тақ тұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Қазба қалдықтары біздің заманымыздан бұрынғы жеті мың жылдан бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, қазіргі жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жылқылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен.

2. Қазір Моңғолияда ғана жабайы жылқы үйірлері кездеседі. Оны Пржевальский жылқысы деп атайды. Қолға үйретілген кәдімгі жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол — ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу үшін және спорттық бағыттарда өсіріледі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50-185 см, салмағы 60-1500 кг болады. Жылқы орта есеппен 18-20 жыл, кейде 40 жылға дейін жасайды. Түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді. Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл, т.б. жылқылар; баранға торы, қара, қаракөк, қарасұр, қоңыр, жирен, күрең, т.б. жылқылар; алаға сарыала, сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т.б. жылқылар жатады.

3. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық  пен  өркениет дамуынын  негізін қалады. Әсіресе казақ халқы жылқы түлігін ерекше бағалалаған. «Адам – жылқы мінезді» дейді қазақ халқы. Бұған «жылқы — малдың патшасы», «ат – ердің қанаты», т.б. жүздеген мақал-мәтелдерді қоссаңыз,  халқымыздың  адам  мен  оның жан серігі жылқыға біртұтас әлем ретінде қарағанына жеткізуге болады. Баласының үлкен азамат қатарына қосылуының өзін «ат жалын тартып мінді» деп бейнелейді қазақ халқы. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі — тоқым қағар тойынан бастап, адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік тіршілікті жылқымен байланыстырған халқымыз біреумен жауласса «ат құйрығын кесіскен», біреудің алдында кінәлі болып қалса «ат-шапан айыбын төлеген». Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық ауылына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау коршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т.б. дәстүрлер; атқамінер, атқосшы, атшабар, т.б. лауазымдар жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді.

4. Халқымыз жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Қазақ даласында өсірілген жылқылар 1- және 2-дүниежүзілік соғыс майдандарына көп алынған. 1945 жылы 24 маусымда Мәскеуде өткен Жеңіс парадын КСРО маршалы Георгий Жуков Қазақстанның Луговой (қазіргі Құлан) жылқы зауытында өсірілген Араб есімді ақбоз ат үстінде қабылдауының өзінде символдық нышан бар еді. Екіншіден, қазақ халқы жылқыны спорттық ойын-сауықтарда азаматтың мерейін асыратын, сал-серілік пен сәнділіктің шырайын келтіретін текті жануар деп есептеген.

 

 

 

1.Өркениет дамуының негізін қалады

A) Жылқы зауытын салу

B) Жылқыны спортқа қосу

C) Күйеу жігітке ат байлау

D) Жылқыны қолға үйрету

2.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат

A) Америкада жабайы жылқылар көп болған.

B) Жылқы соғыс жылдарында майданға алынған.

C) Сыйлы қонақ үй иесіне ат мінгізген.

D) Жауға түскенде жауға атсүйек берген.

3. Мәтін идеясына лайықты тұжырым

A) Жылқы –  түрлі спорттық ойындарға қатысқан жануар.

B) Жылқыны мініп, көлік ретінде қолдану үшін үйреткен.

C) Жылқы –  тектілігімен ерекшеленген, қасиетті жануар.

D) Жабайы жылқыны алғаш монғолдар қолға үйреткен.

4. Автордың мәтінде мақал-мәтелдерді қолдану себебі

A) Жылқының жүйріктігін, ерекше қасиеттерін таныту мақсатында

B) Жылқы малына берген халық бағасын көрсету мақсатында

C) Жылқының символдық бейнесін ашып беру мақсатында

D) Жылқының майданға мінетін ерекшелігін ашу мақсатында

5. Мәтіннің түйіні

A) Жақсы атқа бір қамшы, Жаман атқа мың қамшы.

B) Жақсы аттың терісі, Қайыс болар көн болмас.

C) Жақсы бала қонаққа үйір,Жақсы тай атқа үйір.

D) Жылқы – малдың патшасы,Түйе – малдың қасқасы.

 

2-мәтін

 Жақсы тазының сипаты

1. Қазақ тазысы – бітімі сидаң, жүні сұйық, танауы үшкіл, құ­лағы делдең, жоны дөңес, басы ұзын сопақша, жанары өт­кір, мойны қысқалау, жауы­рыны жал­пақ, кеудесі кең әрі омырау­лы, салқы төс, ар­қасы түзу, қарны қа­бысқан, аяқ­тары сіңірлі, буындары ады­райған, шынтағы сыртына қарай ойысты, тырнақтары өт­кір, саусақтарының арасы үл­піл­­дек жүнді, артқы жағы шал­қақ, табаны жалпақ, түр-түсі әр­­қилы болып келеді.

2. Аса алымды тазының бел­гісі: жамбас еті сыртынан қара­ған­да білеуленіп тұрады және аяғын маймақтатпай тік басады. Жақ сүйектерінің прикусы (тістеуі) қайшы сияқты, дәл тістеседі. Егер иек сүйегі бір-біріне сәйкес кел­мей кемиек­­теніп тұрса, бұл нашар тазы бол­ғаны. Кәнігі аңшылар бұн­дай тазыларды күшік күнінде танып, асырамайды.

3. Тазының құйрығы шашақты һәм жіңішке және соңғы ұшына дейін сүйек­тенбеген болса, оны аңшылар «ою құй­рық» деп атайды. Бұндай та­зы аң­шы­лық кезінде әбжіл қи­мыл-қозғалыс жасайды, бұ­рыл­­ғанда, жүгіргенде, екпін алған­да құйрығы зор қызмет ат­қа­рады. Сондай-ақ тазының құй­рығы артқы тірсегін соғып тұр­са, ол жақсы тұқымнан деп есеп­­теледі.

4. Ал құйрығы қамшы сияқты тазыны «қамшықұйрық» деп атайды. Мұндай тазының құй­ры­ғының ұшында омыртқа сүйек болмайтындықтан құй­ры­ғы иір­леніп, көтеріліп тұра­ды. Бұл тай­ған тұқымдас тазы­ларға тән құ­былыс. Тайған тұ­қым деп алғыр тазыларды айтады (Махмұд Қашғари «Түрік сөздігі», Ал­маты, 1998 ж. 3-том, 238-б). Қыр­ғыз ағайын­дар алғыр тазыларын күні бүгін «тайған» деп атайды. Тай­ған тазысы таулы жерде аң аулауға өте қолайлы. Қазақ тазысының бітімі: ер­кек тазы­ның биіктігі – 65-70 см, салмағы – 20-25 келі. Қазақ та­зысы салюки немесе ауған тазы­ларына қарағанда 2-5 см аласа, қырым-кавказ тазыларымен салыс­тырғанда тұрқы 5-6 см ұзын, салмағы 4-5 келі ауыр болады.

 

 

6. Мәтіндегі қазақтың тазысының сипаты

A) Жауырыны қысқа

B) Табаны жіңішке

C) Қарны қабысқан

D) Мойны ұзындау

7.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат

A) Артқы тірсегін соққан құйрығы бар тазы жақсы деп саналған.

B) Кәнігі аңшылар тазыны үлкейген кезде тангып, асырайды.

C) Тазының жамбас еті ішінен қара­ған­да білеуленіп тұрады

D) Тазының артқы жағы шал­қақ, табаны жіңішке, түрі бірдей болады.

8. Тазы құйрығының иірленіп, көтеріліп тұруының себебі

A) Құйрығының ұшы жұмсақ жүнді болған соң

B) Құйрығының ұшы артқы тірсегін соғып тұрған соң

C) Құйрығымен үнемі қозғалыс жасайтын болған соң

D) Құйрығының ұшында омыртқа сүйек болмаған соң

9.Мәтін мазмұнының реттілігі

1. Тазының құйрық сипаты

2. Тайған тұқымды тазы

3. Қазақ тазысының бітімі

4. Алымды тазының белгісі

A) 3, 4, 2, 1

B) 4, 2, 3, 1

C) 3, 4, 1, 2

D) 2, 3, 4, 1

10.Автордың тазыларды салыстыруы берілген азатжол

A) Төртінші

B) Бірінші

C) Екінші

D)Үшінші

 

 

 

 

3-мәтін

1. Бәйтерек – әдепкі өмір. Анағұрлым жиі кездесетін, көпшілік ертегілерде нақтылы жеке кездесетін сюжет мынадай: Кейіпкер жерасты әлеміне тап болады және ұзақ сапар шеккеннен кейін жыланды немесе үшбасты айдаһарды өлтіріп, Алып Қарақұс (Самұрық) деп аталатын алып құстың балапандарына көмектесетін жерде үлкен ағашқа кездеседі. Осы құс ризашылығы ретінде кейіпкерді жер бетіне шығарады. Ағаш – әлемдік ағаш, ал құс пен жылан – қарсы беттегі – жоғарғы немесе төменгі әлемдердің өкілдері. Олардағы мәңгілік қарама-қарсылыққа орталық әлемнің өкілін – адамды, ертегі кейіпкерін қосады.

2. Бәйтерек – әлемдік ағаш – өзімен әлем орталығын танытады. Ол – есік, әлемдер арасындағы қақпа, және әдетте мұндай ағаштардың әсерінен рәсімдік әрекеттер болып жатады. Бәйтерек тағы да әлемнің жазықтық үлгісі орталығында орналасады. Әлемнің жазықтық құрылымы: ағаштың оң жағында – ай, сол жағында – күн мен жұлдыз (айың тусын оңыңнан, жұлдызың тусын соңыңнан).    

3. Қазақтың «Қобыланды» эпосы мен Қашағанның «Адай тегі» дастанында әлемдік ағаш алтын жапырақты ағаш ретінде (алтай эпосында – алтын және күміс жапырақты), Қашаған дастанында тағы түрлі жемісті ағаш ретінде танылады.

4. Жарыспалы тұрған екі ағаштың немесе діңгектердің дәлелдері де сақталған. Әлемдік ағаш бейнесі некелік қарым-қатынастарды, ұрпақтардың сабақтастық байланысын, генеалогиялық ағашты символдап көрсетеді. Түркі халықтарында адамдар нәрестені ағаш түбінен алады (Адай туралы генеалогиялық аңыздың нұсқасын салыстырыңыз), немесе ата-бабалардың рухтары ағашта, бұтақтарда, жапырақтарда өмір сүреді деген сенімдер кеңінен тараған. Түркі-моңғол халықтарының сенімдеріне сай, бақсылық ағашының бұтақтарында төмен түскенде әйел құрсағына енетін балапан-рухтар өмір сүреді-міс.

5. Қазақ бақсыларында әлемдік ағаш киелі әулиелердің көрлері басында жерге қадалған аса таяқ, сонымен қатар діңгек ретінде танылады. Бұл жердегі символика анық: қада – баған өлген адамның рухы аспанға көтерілуі керек болатын және оның төменге түсуі мүмкін болатын әлемдік ағашты бейнелейді. Осы себептен қазақтар адам өлгеннен кейін найзаны түндік арқылы шығарған. Бәйтерек сөзі қазақтардың ру-тайпалық таңбалық жүйесінде қолданылады. Мәселен, рулық ұран мен қаңлы тайпасының мифтік ата-бабаларының бірі – Бәйтерек. Түркілік мифтік-дәстүрлердің әлемдік ағашы сақ-якуттарда анағұрлым жақсы сақталған. Ол ал-лук-мас немесе пай-кайын (Қайың - қатын) деп аталады.

11.Мәтін бойынша бәйтерек

A) Өзімен әдемілікті, әсемдікті танытады

B) Өзімен әлем орталығын танытады

C) Әйел ққрсағындағы балапан рухын білдіреді

D) Әлемнің жазықтық құрылымын көрсетеді.

12.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат

A) Бәйтерек өзімен әлемдік өмірдің орталығын аңғартады.

B) Бәйтерек тек қана мифте рулық таңбаларды көрсетеді.

C) Бәйтек алтын-күмісті жапырақтарымен танымал болған.

D) Бәйтерек тайпалар таңбасының жүйесінде қолданылады.

13. Мәтін бойынша Бәйтеректе әдепкі өмір бар деуінің себебі  

A) Бәйтерек түрлі жеміс беретіндіктен

B) Түрлі аңыз, мифтерді негізге алып

C) Бәйтеректе  жапырақ түрі көп болатындықтан

D) Бәйтерек тамыры тереңде болғандықтан

14. Мәтіннің үшінші азатжолына лайықты тақырып

A) Бәйтеректің шығармалардағы сипаты

B) Қазақ бақсылары мен Бәйтерек

C) Түркі-моңғол сенімдері

D) Бәйтерек туралы аңыздар

15. Берілген үзіндіден негізгі мәтін мазмұнының айырмашылығы
«Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады. Жерасты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді.  

A) Бәйтерек ағашы туралы аңыздар мен мифтер

B) Бәйтерек монументінің жасалуы мен сипаты

C) Бәйтеректің пайдасы мен адамға зияны

D) Бәйтеректің өлшемі мен шығармалар атауы


 

Скачано с www.znanio.ru