Оқушылардың бойына азаматтық – патриоттық тәрбиені қалыптастыру

  • pptx
  • 29.11.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала азам патр1.pptx

Оқушылардың бойына азаматтық – патриоттық тәрбиені қалыптастыру

Қолданылған нормативті құжаттар:

.ҚР этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы.
2.2011-2013 жылдарға арналған ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы

Мақсаты: 

Құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беру.

Міндеттері:

-жастар санасына патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен нанымдарды сіңіру, Қазақстанның бұрынғы мәдениеті мен тарихын, дәстүрін құрметтеуге, мемлекеттік, әсіресе әскери қызмет мәртебесін арттыру;
-жастардың Отанға адалдығын, қоғам мен мемлекетке лайықты қызмет етуге дайындығын, борышы мен қызметтік міндеттерін адал орындауға оңтайлы жағдайын қамтамасыз ететін әскери-патриоттық тәрбиесінің жаңа тиімді жүйесін жасау.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін- өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы Отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді»,- делінген.

Қазіргі кезеңде ұстаздар қауымының алдына қойылатын міндет – жастарға рухани – адамгершілік тәрбие беру және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы мұраларын жаңғырту, яғни ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу.
Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінде әл-Фараби бабамыз айтқандай, шәкірттерімізге білімнен бұрын тәрбие беру ұстаздардан терең білім мен тәрбиенің сан алуан қырын игеруді талап етеді. Ертеңгі күннің бүгінгіденде нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелейтін күш тәрбие мен білім.

Бауыржан Момышұлы 105 жылдығы

Ауған соғысы ардагері Шаровты еске алу турнирі

Алау

Олег Друженьков

Ауған соғысы ардагерімен кездесуі сәті