Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі
Оценка 5

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі

Оценка 5
Лекции
doc
математика
5 кл—9 кл
16.11.2018
Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі
Оқытудың инновациялық течнологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі туралы баяндама жасалды. Бұл баяндамада шағын жинақты негізгі орта мектепте математика сабағын жұргізуде пайдаланатын әдіс- тәсілдер туралы баяндама жасалды. Математикадан енді сабақ беріп жүрген жас мамандарға көмегі тиер деген ойда жариялап отырмын. математика
Баяндама.doc
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шығыс  Қазақстан облысы «А.Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Баяндама Тақырыбы:  Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі           Математика пәні мұғалімі:  Калиакбаров Руслан Болатбекович Оқытудың   инновациялық   технологияларын   математика   сабағында 2018 жыл пайдалану тиміділігі «Халық   пен   халықты   теңестіретін   ­   білім»   ­   деп   қазақтың   абызы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің өмірлік   мақсатымыз.  Осы   орайда   Қазақстан   Республикасының   «Білім туралы»   Заңында   «Білім   беру   жүйесінің   басты   міндеті   –   ұлттық   және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті  жағдайлар   жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім берудегі   ақпараттандыру,   халықаралық   ғаламдық   коммуникациялық желілерге   шығу»   деп   білім   беру   жүйесін   одан   әрі   дамыту   міндеттері көзделген.   Бұл   міндеттерді   шешу   үшін   әрбір   мұғалімнің   ізденісі,   жаңа тәжірибе, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды. «Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту – бұл таным әрекетін   ұйымдастырудың   арнаулы   формасы.   Мақсаты   –   оқу   үрдісінің өнімділігін арттыру». Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын   қазақтың   ой   танымының   иесі,   саналы   азаматты   жетілдіруге   үлес қосатын қазақ тілін оқыту процесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет   жүктеледі.   Сонау   ХХ   ғасырдың   басында   Жүсіпбек   Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын   өнер»   деген   екен.Мақсатқа   жету   оқушының   өзі   арқылы   жүзеге асады. Заманауи мұғалімнің   оқыту мен білім берудегі мақсаты: оқытудың жаңа әдіс­ тәсіліне сүйене отырып, оқушының ізденгішітік, танымдық іс­ әрекетін   дамыту,   өмірге   көзқарасын   қалыптастыру   және   оқушылардың игерген білімін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету. Өзіндік   көзқарасымды   орта   білім   беру   жүйесінде   әлемдік   жоғары деңгейге қол жеткізген   Кембридж   оқыту әдістемелерінен бастар болсам, мен   бұл   әдістің   негіздемесімен   бірінші   деңгей   бағдарламасын   оқу барысында таныстым. Кембридж тәсілінің негізгі философиясы сындарлы оқыту идеясы субьект­субьект моделін танытуға, іске асыруға мүмкіндік беретін   жаңа   әдіс   болып   есептеледі.   «Сындарлы   оқытудың   мақсаты­ оқушының  пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс   жерлерде,кез   келген   жағдайда   тиімді   пайдалана   білуін   қамтамасыз ету.» [2,б.10] Оқытудың   бұл   түрінде­оқушы   мен   оқушы   арасындағы,   құрбы­ құрдастармен   әлеуметтік   байланыс   жасауда   белсенді   түрде   білім жинақтайтындығымен құнды, табысты болып саналады. Сындарлы оқытуға негізделген тәсілде Сын тұрғысынан ойлауға үйрету ең басты әдіс болып табылады. Сыни тұрғыдан  ойлауға үйрету модулінің мақсаты­ мұғалімді және   оқушыны   сыни   тұрғыдан   ойлатуға   үйрету   болып   табылады.   [3,б.5] Мақсаты   барлық   жастағы   оқушыларға   сабақ   барысындағы   кез   келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы   шешім   қабылдауға   үйрету.   “Біле   бер   қанша   білсең­тағы   тіле, жетерсің мақсатыңа біле,біле” деп Ж.Баласағұн айтқандай бұл сауалдың «сөз төркіні» әрбір ұстаз орта білім беру жүйесіндегі әлемдік озық жаңа әдіс­ тәсілдерді оқып ­үйрену және кәсіби білімі мен біліктілігін дамыту керек. Мұғалімнің сабағында жаңа әдіс­тәсілдер тиімді қолданылып, дұрыс нәтижеге   жетсе,   мұғалімнің   мақсатының   орындалғандығы.   Мен   өз сабақтарымда яғни, математика пәндерін өту барысында сабақ мақсаты мен міндеттерінің сабақтаса қойылуына үлкен мән беремін. Сондай­ақ берілетін білімнің   көлемі   мен   сынып   оқушыларының   білім   деңгейі   де   ескерілуі қажетті. «Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу   ептілігін   дамытуға   назар   аударуы   тиіс.»   [2,б.22]   Оқушының   алған білімін өзі өңдеп, қорытындысын өзі дайындауға үйрету керек. Сонда ғана оқушы шығармашылыққа бет бұрып, ізденімпаздықты үйренеді. Мұғалім ­ басқарушы,   ұйымдастырушы.   Оқушы   ­   ізденуші,   орындаушы.   Әрбір сабақтың   нәтижеге   бағытталып   берілуі   оқушы   құзіреттілігін қалыптастырады. Оқыту жүйесі белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан­жақты ойластырылып,  тиімді қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың білімді меңгеруіне жеңіл тиеді. Мұғалім әдістемесі   көп   жылдар   бойы   ұстаздық   қызметінің   іс­тәжірибесінен күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеу­лердің негізгі ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты,   тартымды   және   маңызды   етуге   бағытталуы   болып   табылады. [2,б.21] Оқыту   мен   білім   берудегі   жаңа   әдіс­тәсілдерді   оқушылардың   жас ерекшеліктеріне сәйкес жүйелі қолдануды ұстанамын. Мен   математика   сабақтарында   үнемі   жаңа   әдіс­тәсілдерді қолданамын.   Мұғалім   уақытын   өткізу   үшін   әдістер   қолданбайды,   сабақ мақсатына жету үшін, әр жүрекке бір сәуле жағу үшін әдістер пайдаланады. Осы орайда сабақты тиімді ұйымдастыруда баланы оқу ісіне қызықтыруға, қабілетін   арттыратын   жағдай   туғызуға,   өз   бетінше   білім   алу   процесінде бірлесе   әрекет   етуге   ықпал   ету   қажет. Негізінен   күнделікті   сабақта   осы деңгейлік   оқытудың   бір   элементін   болсада   қолданыпы   отырамын,   оның ішінде   көбіне   бағалау   критерийі   бойынша   өз­өзін   бағалау.   Оқушылар өздерін әділ бағалауға машықтанды.  Өз тәжірибемдегі жаңа әдіс­тәсілдерді қолдануда, соның ішінде «Ішкі сыртқы шеңбер»  әдісін қолдануда оқушылар бір­біріне тақырып бойынша сұрақ   қою   арқылы   оқушылардың логикалық   ойлауы,  сыни ойлау қабілеттерін   байқадым.   ДЖИГСО   әдісі   арқылы   оқушылардың         ынтымақтастығының     артқанын   байқадым.   Оқушыларды     түрлі   әдіс­ тәсілдер арқылы оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау болды. Өздерін, топ   мүшелерін,   келесі   топты,   жұбын   әділ   бағалап,   себебін   түсіндіруді үйренді.  Жаңа   тақырыпты   меңгеру   барысында   ДЖИГСО   әдісі   арқылы дескрипторға   сүйене   отырып   жаңа   тақырыпты   өз   беттерімен   меңгеріп, жұмыс жасайды. Сабақта оқушыларға ұсынылған тапсырмаларда оқушылар өздігінен жұмыс жасау, топпен , жұппен жұмыс жасау, бір­бірінің, жұбының дәптерін тексеру, топтастыру жұмысында ойларын ортаға салуда белсенді болды. Сыныптағы   әр   оқушының   пікіріне   құрметпен   қарап,   балалар   сабақ үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізді. Әлі де бұл оқушымен көп жұмыстар   атқару   керек.  Мысалы:   Венн   диаграммасы   арқылы   «Жай бөлшектерді   қосу»   және   «Жай   бөлшектерді   азайту»   ережелерін пайдаланып   айырмашылығы   мен   ерекшеліктерін   постерға   түсіріп  салыстыру   біледі   және   оларды   бір   ортақ   бөлімге   келтіруге   болатына арқылы   сыни   түрде   сипаттама   бере   алатыны   анық.Осы   тапсырманы орындау барысында ерекше көзге түскен оқушылар өзінің постерін жақсы қорғайды. Бекітуге барлық топтарға постер берліп, мысалы "теңдеу" деген сөзге бесжолды өлең құрастыруға тапсырма берілді. Бес минуттың ішінде тапсырмаларын   орындап,   қорғайды.   Осы   тапсырма   оқушылардың математикалық тілін дамытуға жақсы көмектесті. Сабақты қорытындылау мақсатында "Ыстық орындық" әдісін пайдаланып   ойын ойнаттым. Ортаға өз еркімен   бір оқушы шығып, оған басқа топтар сұрақтар қояды. Барлық сұрақтарға жауап беруге тырысады. Математика   пәнін   жақсы,   терең   білетін,   күнделікті   сабақтағы тақырыпты   толық   қамтитын,   оны   оқушыға   жеткізе   алатын,   әр   түрлі деңгейдегі   есептерді   шығара   білу   іскерлігі,   оқытудың   дәстүрлі   және ғылыми   жетілдірілген   әдіс–амалдарын,   құралдарын   еркін   меңгеретін   , оқушылардың   пәнге   қызығушылығын   арттыра   отырып   дарындылығын дамытудағы іздену­зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқытуды көбіне   деңгейлік   тапсырмалар   арқылы   жүзеге   асырып   отырамын.  Бұл әдістің   ерекшелігі   ­   мұғалім   бағыт   беруші,   ол   оқушылардың   өз   бетімен тақырыпты меңгеруіне жағдай жасайды. Ал оқушылар ізденуші, зерттеуші ретінде   ақпарат   мағынасын   өз   бетінше   жете   түсіне   алады,   өткен тақырыппен   салыстыра   отырып,  қорытынды   жасай  алады.  Оқушының  өзі еңбектеніп алған білімі есте жақсы сақталатындығы, тақырып оңай және игерілетіндігі белгілі. Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау   дағдыларын   дамыту   –   баға   жетпес   құндылықтардың   бірі. Жаттығуларды   өз   бетінше   тексеріп,   қорытынды   жасай   білетін   тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін.  Оқушылардың   негізгі   құзыреттілігі   ретінде:   құндылық­бағдарлық, жалпы   мәдени,   оқу­танымдық,   ақпараттық   технологиялық,   әлеуметтік­ еңбек,   коммуникативтік,   өзін­өзі   тұлғалық   дамыту   құзыреттіліктері белгіленген. Яғни, мектепте алған терең білімдерін болашақта пайдалана білуге бағытталған іс­әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттерін дамытуға күш салуымыз керектігі баса айтылған. Математика  сабағында  өзара  бір­бірінен  үйрену\үйретуде  бірлескен топтық  жұмыстарды  қолданамын.  Сабақ беретін сыныптарымда оқушылар оқыту үшін бағалауда табыс критерйиімен жұмыстануды үйренді. Жаңа әдіс­ тәсілдерді оқып үйрену \үйрету нәтижелері. Мұғалім үшін: ­оқыту мен оқу үдерісінде жиі қолданылатын топтық жұмыстың жаңа    тәсілдері іс –тәжірибеде көрінеді; ­   топтық   жұмыстың   оқушының   тақырып   мәнін   өз   бетінше меңгеруі(құзырлы оқытудың маңызды факторы) үшін тиімділігін  біледі; ­оқушылармен жүргізілетін топтардағы бірлескен жұмыстарда өзара әрекеттестікте проблемаларды шешу стратегияларын анықтайды. Оқушы үшін: ­бірлесе отырып, сабақтағы ең басты проблемаларды анықтайды; ­сыни ойлау шығармашылық деңгейлері шыңдалады; ­ақпарат   құралдарымен   және   интернет   сайттарда   жұмыс   істеуді меңгерді; ­кері байланыс, рефлексия жасау, дереккөздермен жұмыстанады; ­ОүБ   мен   табыс   критерийлерін   және   өзара,   өзін­өзі   бағалауды үйренеді. Нәтиже:   Білім   сапасы   артады,   оқу   сапасын   арттыруда   мақсатқа жетуде   бірлескен   жұмыс   болады.   Тапсырмаларды   орындауда   бірлесіп шешуге,   нәтижеге   жетуді   үйренеді.Топта   ішкі   топтарға   бөлінеді,топтық жұмыстардағы белсенді көшбасшылық, ынтымақтастықтағы қарым­қатынас орнайды.   Сыни   тұрғыдағыдан   ойлау   дағдылары   қалыптасады,   бұрынғы алған білімдерін жаңамен байланыстыра біледі. Жаңа   әдіс­тәсілдерді   қолдануда   сабақ   беру   кезеңіндегі   өз тәжірибемнің нәтижесінен түйіндегенім, әрине «дәстүрлі»сабаққа үйренген оқушыларымды жаңа жүйеге үйрету бірден аспағанын, белгілі бір уақыт қажет болғанын айтпай кетуге болмас, дейтұрғанмен өзім үшін де,оқушы үшін де  жаңа бетбұрыс болғаны анық. Сабақтарымда топтық тәсілді тиімді қолданудың оқушының өзіндік білім алудағы нәтижелілігін ұғындым, ОүБ­ да   табыс   критерийінің   өз   білімін   бағалаудағы   табыстылығы   көрінді. Көшбасшылық   қасиеттерін   айқындауда,   кейбір   бұйығы   отыратын оқушыларға қозғау салып, «өзіндік менін»оятуда тиімділігі болды. Қазіргі   біздің   қоғамға   жоғары   білікті,   кәсіби   дайындалған, шығармашылықпен   ойлайтын   оқушылар   қажет.   Заманауи   білім   берудің стратегиясы   әрбір   адамда   табиғаттан   берілген   шығармашылық   тума талантты   жан   ­жақты   дамыту   болып   табылады.  Выготскийдің   атап көрсеткеніндей  «Жақын арадағы  даму  аймағында» жұмыс істей  отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды. Оқушыларымның жеткен әрбір жетістігі   достарының   да   өзімнің   де   тарапымнан   қолдау   тауып   отырады. Олардың еңбегі әрдайым формативті түрде бағаланып, көңілін көтеретіндей мақтау сөздер айтылып отырды. Формативті бағалау барысында балалардың барлығының   да   аз­көп   демей   жеткен   жетістіктері   мадақталып   отырды. Себебі   сыныптағы   бағалау   Александер   (2011)   айтқандай,   тек   қана техникалық тәсіл емес. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен   оқытудың   нәтижелерін   жүйелі   түрде   жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (Мұғалімдерге арналған   нұсқаулық,   56­бет.)   Мен   өз   сабағымда   формативті   бағалауды оқыту   қолданудың   өте   маңызды   екендігіне   көз   жеткіздім.  Оқушылардың сабақ айту кезіндегі жіберіліп жатқан аз­кем кемшіліктеріне қарамастан, олардың еңбегін, ынтасын мақтап­мадақтап формативті бағалап отырдым. Кемшіліктерді,   яғни   қайсыбір   қателіктерді   өз   беттерімен   анықтауына талпындырдым. Ол үшін түрткі сұрақтар беріп, олардың әрі қарай терең ойлана   жауап   берулеріне,   жан­жақты   ізденулеріне   бағыт­бағдар   беріп отырдым. Топтық және жұптық жұмыстарда оқушының бойында диалогтік оқыту арқылы жүзеге асты. Оқушылар арасында өзара бірін –бірі бағалау және бақылау парағын толтыруда оқушылар ұсыныс жұлдыздарын білдірді.  Сыныптағы   әр   оқушының   пікіріне   құрметпен   қарап,   балалар   сабақ үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізеді     Болашаққа   болжам:Семинар   сайыстарға   қатыса   отырып,   өз тәжірибемді   үздіксіз   жетілдіру,   зертеушілік   әңгіме   арқылы   талқылауға үйрету,   тиімді   кері   байланыс   беру,   бағалауды   жетілдіру   талантты   және дарынды   балаларды   оқытудың   арнайы   әдістерін   қолдану,   АКТ сауаттылығымды   арттыра   отырып,   пайдалануды   дамыту,   Теориялық білімімді жетілдіру                                   Қорытынды.  Қорыта айтқанда,бастауыш сынып оқушылары үшін сабақты жаңа әдіс –тәсіл   және   ойын   түрінде   қызықты   да,мазмұнды   етіп,жүргізу   мұғалімнің өзіне   ,   шығармашылық   әдіс­тәсілдерді   сабақта   тиімді   пайдалана   білуіне байланысты.жаңа   әдіс   арқылы   оқушылар   өздігінен   жұмыс   істеуге үйреніп,ойлау қабілеті дамып,,өздігінен қорытынды жасай алатын болады Еллитон айтқандай   «Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан   –   мектептерде   оқыту   мен   оқуды   жақсарту     мақсатынан алшақтамауымызды   қадағалап   отыруымыз   керек»   (Elliot,1991)   [МАН,82­ бет] «Мұғалім   көп   әдісті   білуге   тырысуы   керек.   Оны   өзіне   сүйеніш, қолғабыс   нәрсе   есебінде   қолдануы   керек   »,­   деп   Ахмет   Байтұрсынов айтқандай   қазіргі   заман   талабына   сай   білім   беру   мәселесі   сол   қоғам мүддесіне сай болуы керек деп ойлаймын. Өз пәнін сүйетін ұстаз ғана, өз ісінің щебері болып қана қоймай, жоғары жетістіктерге жететініне сеніммен қараймын. Әдебиеттер: 1. Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан­2050»жолдауы 2. Мұғалімге арналған нұсқаулық­І, 2017. 3. С.Мирсеитова , «Оқыту ізденіс ретінде және Ізденіс оқыту ретінде.» 4. Ғаламтор сайттары.ustaz.kz\bolimderi\file\, sabad.kz.

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиміділігі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.11.2018