"Папа, мама и я"

  • Культурные мероприятия
  • Работа с родителями
  • docx
  • 14.02.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Укрепление здоровья детей и их родителей.Воспитание любви к физической культуре и спорту, чувства дружбы.Пропаганда здорового образа жизни. Определение сильнейшей команды. Победитель награждается медалью, грамотой и призом.Призеры награждаются грамотами и сладкими призами. Семьи можно наградить по номинациям: “Самая сплоченная семья”; “Самая волевая семья”; “Самая быстрая, ловкая, умелая”.Сценарий спортивного праздника
Иконка файла материала Әкем, шешем және мен Сценарий.docx
Тақырыбы: «ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН» Мақсаты:  Балаларды және ата­аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені  шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық  ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам  жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын  ұстануға тәрбиелеу. Түрі:  отбасылық спорттық сайыс Өтілу барысы: Жүргізуші: Уа халқым назар аудар денсаулыққа Өмірде бақыттысың дені сауда Денсаулық терең бақыт деген сөзді Құр айтпаған ұлы абай данамызда Құрметті қонақтар, ата ­ аналар, балабақша қызметкерлері, бүгінгі біздің  тәуелсіздігіміздің  25 жылдығына орай өткізіліп отырған «ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН» атты отбасылық  сайысымызға  қош келдіңіздер! Ал, қанекей қонақтар Ортаға назар салайық Ойыншылар келеді, Қол соғып, қарсы алайық!­ деп Қатысушы командаларды үлкен қошеметпен ортаға шақырамыз. 1 топ «Айгөлек» тобынан  Жұмағали Аңсардың отбасы «Жанұя» тобы. 2 топ «Айгөлек» тобынан  Ағанас Наргизаның отбасы «Алтын ұя» тобы. 3 топ «Балапан» тобынан  Мейрамбай Сырымның отбасы «Алтын діңгек» тобы  4 топ «Ақниет» тобынан  Жеңіс Мөлдірдің  «Алтын шаңырақ» тобы  Ендігі кезек Әнұранға берейік Сөз кезегі балабақша меңгерушісіне  беріледі.  Сайыс болған соң жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазылар болу керек. Олай  болса, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін: 1. Ата­аналар комитетінің төрайымы  Кожабекова Айгерім 2. «Достық» б\б­ның психологі  Балмуханова Ж.К. 3. «Нұр» б\б­ның тәрбиешісі  Тыныбекова Ә.С.  Кәне балалар, құрметті ата­аналар сайыс алдында  денемізді шынықтырып алайық. Ортаға көңілді  маймыл әпкемізді  шақырамыз. Ең жоғарғы бал бес бал деп есептеледі. Сайыстың бағдарламасы 6 турдан тұрады: 1­тур: «Менің отбасым». Таныстыру 2­тур: «Эстафета» 3­тур: «Көңілді секіртпе» 4­тур: «Кім жылдам?» 5­тур: «Пингвин»6­тур: «Қырықаяқ» Ал енді спорттық сайысымызды бастайық. 1­кезең. «Менің отбасым» Таныстыру. Әрбір топ командалары ортаға шығып топ аты, топ ұрандарымен таныстырады. 2­кезең. «Эстафета» Ойын шарты: Ата­ана өз  балаларын арқаларына  мінгізіп кедергілердің  арасымен жылдам, жүгіріп  жарысады. 1 2 3 алға! Жүргізуші: Ал енді «Эстафета» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегін әділ —  қазылар алқасына берейік. 3­кезең. «Көңілді секіртпе» Ойын шарты: Аналарымыз, әкелеріміз  секіртпемен кедергілердің  арасымен жүгіріп жарысады, ал  балалар қолдарын белдеріне қойып, қос аяқпен  секіру арқылы жарысады. Қалыспа, дайындал, алға! Жүргізуші: Ал енді «Көңілді секіртпе» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегін әділ — қазылар алқасына берейік. 4­кезең. «Кім жылдам?» Ойын шарты: Әкесі қолындағы туды алып, шеңберге кедергілер арасынан өту арқылы, жүгіріп барып, бірінші анасына, екінші баласына, туды көтеру арқылы белгі береді. Қай топ шеңберге бірініш  жиналса, сол топ жеңеді. Жүргізуші: Ал енді «Кім жылдам?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегін әділ —  қазылар алқасына берейік. 5­кезең. «Пингвин» Ойын шарты: Кедергілер арасымен допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен  жүріп, мәре сызығын айналып қайтар жолда жүгіріп келеді де келесі ойыншының алақанынан ұрып  эстафетаны береді. Келесі ойыншы жалғастырады. Жүргізуші: Ал енді «Пингвин» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ – қазыларға беріледі. 6­кезең. «Қырықаяқ» Ойын шарты: Әр топ өз ойыншыларының белдеріне ұстап белгіленген жалаушадан айналады,қай  команда ағытылмай мәреге жетип, бірінші қайтып келсе сол команда жеңіске жетеді. Жүргізуші: Ал енді «Қырықаяқ» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ –  қазыларға беріледі. III. Қорытынды бөлім. Жарыс заңы ежелден­ Жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты сол­ Еңбектену, жалықпау. Біреу озса сайыста,Біреу артта қалады. Жеңілгендер ренжімей, Тараса бізге жарады. — Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата­аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш­жігерлеріңізді,  шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша турдың қорытынды  бағасын есептеп шығарғанша, «Күншуақ» тобының бүлдіршіндерін көңілді аралар» биімен ортаға  шақырамыз: — «Көңілді аралар» биі. Таңданайық, спортқа тамсанайық, Бәріміз де қосылып, қол соғайық. Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін, Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе,  сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік.  Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды марапаттау. (Әділқазылардың ұпайларын тыңдау) І орын – ІІ орын – ІІІ орын –  Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен  марапаттап, демеушілер сыйлықтар табыстайды. Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Сау болып тұрыңыздар, кездескенше, Осымен спорттық сайысымыз аяқталды. Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға  алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!