Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу |
Мектеп: «№11 жалпы білім беру орта мектебі» КММ |
||
Күні: 2020 ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Бердигалиева А.М. |
||
Сынып: 8 «В» |
Қатысқандар: 25 |
Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Параллелограмм қасиеттері мен белгілері |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.1.1.4. Параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану |
|||||
Сабақтың мақсаты |
1) параллелограмның анықтамасын білу 2) параллелограмның қасиеттерін білу және есептер шығаруда қолдану. |
|||||
Бағалау критерийі |
Параллелограмның анықтамасын біледі; Параллелограмның қасиеттерін қорытып шығарады; Параллелограмның қасиеттерін есептер шығаруда қолданады. |
|||||
Тілдік мақсаттар |
- Параллелограмның анықтамасын, параллелограмның қасиеттерін есте сақтау үшін ауызша тұжырымдайды -есептің шығару жолын түсіндіре алады |
|||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік Ел» идеясы «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы негізінде оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Достық, адамгершілік қасиеттерін арттыру. |
|||||
Пәнаралық байланыс |
Көркем еңбек пәні. ( құрақ құрауда, көйлек тігуде) |
|||||
Алдыңғы білім
|
Көпбұрыштар мен дөңес көпбұрыштардың қасиеттерін, формуласын, белгілері мен анықтамалар білу. |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы 2 мин |
Психологиялық ахуал Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру үшін «Сағыныш» ойсергегі ұйымдастырылады. Оқушылар көптен көрмеген туысын көрген сәттегі эмоциясын білдіреді. Топқа бөлу Үстел үстіне фигуралар пішіндегі түрлі-түсті қағаздар қоямын, оқушылар ұнаған пішінді таңдайды. Оқушылар ішкі фигуралардың түстері арқылы топқа бөлінеді.
|
Түрлі-түсті қағаздар |
||||
Білу 5 мин |
Ой қозғау Сұрақ-жауап: 1) Қандай фигура көпбұрыш деп аталады? 2) Жай тұйық сынық сызық дегеніміз...? 3) Қандай фигура төртбұрыш деп аталады? 4) Дөңес n – бұрыштың бұрыштарының қосындысын есептеу формуласы...?
Зер сал, бейнеле: Екі қабырғасы параллель емес, екі қабырғасы параллель дөңес төртбұрыш салыңдар. Осы төртбұрыштың - Үш сүйір бұрышы бола ма? - Үш доғал бұрышы болама? - Үш тік бұрышы болама?Сұрақтары арқылы сабақ тақырыбын ашу.
Бағалау |
С.А.Виленкин, Е.А.Тұяков Геометрия (жоба) 8 сынып Алматы «Мектеп» 2018
|
||||
Сабақтың ортасы
Түсіну 12 мин
Қолдану 3 мин
Талдау 6 мин
|
Презентация арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен, оқыту мақсаттарымен таныстыру. (1 слайд)
Параллелогамм қасиеттерімен танысады.
Топтық жұмыс Постер әдісі бойынша параллелограмм қасиеттерін дәлелдеу (Постер оқушыны жігерлілікке, еркін сөйлеуге дағдыландырады.): 1 Т. 1-қасиет Параллелограмның қарама – қарсы қабырғалары және қарама – қарсы бұрыштары тең және диогональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді.
2 Т. 2-қасиет. Төртбұрыштың екі қабырғасы тең және параллель болса, онда ол төртбұрыш параллель болады. 3 Т. 3-қасиет. Егер төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болса, онда ол төртбұрыш параллелограмм болады. 4 Т. 4-қасиет Егер төртбұрыштың диогоналдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінсе, онда ол төртбұрыш параллелограмм болады.
Бағалау: Смайликтер арқылы бағалау Фигураны толықтыр Параллелогамның қасиеттерінің анықтамасын игергенін анықтау мақсатында мынадай тапсырма беремін. 1-тапсырма а) тең бүйірлі; ә) теңқабырғалы үшбұрышты параллелограмға толықтыр және белгіле
1,2 топтағы оқушыларға жеке жұмыс а) ә)
3,4 топтағы оқушыларға жеке жұмыс
а) ә) Дұрыс жауабын сағат тіліне қарама-қарсы бағытпен бір-бірінің тапсырмаларын тексереді. Дескриптор: - теңбүйірлі үшбұрыш арқылы параллелограмм сызбасын салады; - тең қабырғалы үшбұрыш арқылы параллелограмның сызбасын салады; - параллелограм қасиеттерін дұрыс пайдалана алады Бағалау: «Жарайсың. Тамаша. Сызбаңыз сәтті шыққан»
Жұптық жұмыс Топтардағы оқушылар жұптасып, есепті шығарады. Әр топтан бір оқушы тақтаға жазып, түсіндіреді.
1 Ж 2-тапсырма Төбелері тікбұрыштың қабырғаларының ортасы болатын АВСД төртбұрышының параллелограмм болатынын дәлелдеңдер. Дескриптор: - параллелограмның сызбасын салады; - параллелограмның қасиеттерін қолданады; - төртбұрыштың параллелограмм болатынын дәлелдейді.
2 Ж 3-тапсырма Төбелері ромбтың қабырғаларының ортасы болатын АВСД төртбұрышының параллелограмм болатынын дәлелдеңдер. Дескриптор: - ромб сызбасын салады; - параллелограмның қасиеттерін қолданады; - табылған фигураның параллелограмм болатынын дәлелдейді.
3 Ж 4-тапсырма Параллелогармның қабырғалары 16 және 22 см. Параллелограмның периметрін табыңыз. Дескриптор: - параллелограмның суретін салады; -параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең екенін ескереді; - есептің берілуі бойынша қалған қабырғаларын табады; - паралелограмныңпериметрін табады;
4 Ж 5-тапсырма Параллелограмның АД қабырғасы 11см, АВ қабырғасы 19см-ге тең. В бұрышы 150º-қа тең. Параллелограмның қалған қабырғалары мен бұрыштарын табады.
Бағалау: «Өте тамаша.»
|
Bilimland сайты видео
Г.Н.Солтан, А.Е.Солтан, А.Ж.Жумадилова Көкшетау «Келешек» |
||||
Жинақтау 8 мин
|
Дарынды оқушылардың шығармашылығын дамыту
Параллелограмның сүйір және доғал бұрыштарының қатынасы 2/3 қатынасындай. Қалған бұрыштарын табыңдар. Дескриптор: -параллелограмм сызбасын салады; - бұрыштарының қатынасын жазады; - ішкі бұрыштардың қосындысы 360º-қа тең ереженсін қолдану арқылы теңдеу құрады -теңдеу шешу арқылы қалған бұрыштардың мәнін табады.
Бағалау: «Жарайсың. Сендердің мүмкіндіктерің бұдан да жоғары»
|
|
||||
Сабақтың соңы 4 мин
|
Үйге тапсырма «Т а н г р а м м» ойыны Мен сендерді Танграмм ойынымен таныстырғым келеді. Ол Қытайдан келген ойын, сондықтан «Қытай басқатырғышы» деп та аталады. Ол 4000 жыл бұрын пайда болған көне ойын. Қытайлықтар осы ойын арқылы балаларына геометрияны үйреткен.
Тапсырма: Сіздер А4 қағазын геометриялық фигуралардай етіп бөліктерге бөлесіздер. Ол бөліктерді қиып, бөліктерден түрлі геометриялық фигура, жануар т.т құрастырып келесіздер. Сіздер ең тамаша фигура құрастырып келеді деп сенімін.
Рефлексия Сабақ соңында «Аралдар» тәсілін қолданамын. Оқушылар жаңа сабақта қаншалықты ақпарат алып, түсінгеніне байланысты ағаш діңгектеріне өз топтарының түстеріне сәйкес стикер жапсырады.
|
«Аралдар» бейнесі, стикерлер |
||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||
Қарапайымнан күрделіге принципі бойынша саралап-деңгейлеп тапсырма беру бойынша. Қалыптасуы деңгейі жоғары оқушыларға шығармашылықпен жұмыстануға қызықты деректермен, қосымша есептер, практикалық тапсырмалар беру. |
Бақылау жүргізуде ауызша қолдап, смайликтер арқылы бағалаймын. Жұптық, топтық жұмыстарда оқушылардың белсенді қатысуын қадағалаймын, смайликтер арқылы бағалаймын. Дискрипторлар арқылы ұпаймен бағалаймын. |
Сыныпта психологиялық жағымды ахуал орнату арқылы. Интербелсенді тақтаны қажет кезінде ғана іске қосу.
|
||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
|
|||||
|
||||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.