3 сынып 21-22.10 2016ж
Сабақтың
тақырыбы: қатырма қағазды
бүктеу
Сабақтың мақсаты: 1. қағазды
және қатырмақағазды бүктеу, өлшеп
қию, желімдеу әдістерін еске түсіру.2. Көлемді заттар
жасауға үйрету. Сызбаны және үлгіні танып оқи
білуге үйрету. 3. Тазалық – гигиеналық талаптар мен
қауіпсіздік техникасы ережелерін әрдайым есте ұстауға
тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдіс –
тәсілдер:
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясының стратегиялары, әңгімелеу, баяндау,
сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа
аудару мақсатында еңбек жайындағы мақал –
мәтелдер жарысын парта бойынша ұйымдастырамын.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Еңбек – бәрін де жеңбек.
Еңбек түбі – береке.
Берекені көктен тілеме,
Еткен еңбектен тіле.
ІІ. Столымыздың үстінде қалам,
қарындаштарымыз жинақы тұруы үшін бүгінгі
сабақта арнайы стақан жасаймыз. Стақан жасаудың ретімен
танысайық.
• қатырмақағазды
сызғышпен өлшеу;
• қиылған
қатырмақағазды бүктеп қаттау, қырын сындыру;
• бүктеліп, қатталған
қатырмақағазды желімдеу.
• желімделіп дайын болған стақанды
әшекейлеу, өрнектеу.
Қалам, қарындаш салатын
стақанның түрлері көп: цилиндр, призма, конус
тәрізді, ал біздің жасайтынымыз призма тәрізді стақан,
ұзындығы 285 мм, ені 140мм. Тік төртбұрышты
қатырмақағазды өлшеп, сызып аламыз. Сызықты
бастыра қиып, бүктеп, қаттаймыз. Қатталған
қағаздың бір немесе бірнеше бөлшектеріне сәндік
үшін әр оқушы өз қиялымен сурет, ою – өрнек
салады.
- Балалар, қағаздың, желім мен
қайшының және ой- қиялымыздың көмегімен
неше түрлі ойыншықтар жасауға болады. Мысалы,
ұлттық ойыншықтар - қуыршақ, сәйгүлік
ат немесе киіз үй жасауға шамамыз келеді деп ойлаймын. Тек
желіммен, қайшымен жұмыс істейтіндіктен техника қауіпсіздік
ережесін мұқият есте ұстайық.
Жұмыс столына жарықтың сол
жақтан түсуіне назар аударамыз, әрқайсымыз
сарамандық жұмысқа қажетті құрал саймандары
алдымызға ретімен дайындайық.
Оқушылар сызба үлгіге қарап
отырып стақан жасауға кіріседі. Жұмыстары
аяқталған соң көрме ұйымдастырылып әр
жұмысқа талдау жасалады, кемшіліктері болса түзетіледі.
- Балалар, бүгін ұсталық
шеберліктеріңізді көрсетіп барлығыңызда жақсы
еңбек еттіңіздер. Енді осы қалам салынатын
стақандарыңыз бос тұрмас үшін бұл бұйымды
мына жанымыздағы бала- бақшаның балаларына сыйласақ
деген ұсынысым бар, қалай қарайсыздар?
- Жарайсыздар балалар, «кең болсаң,
кем болмайсың».
-
ІІІ.Сабақты бекіту.
- Желіммен қағазды жапсыру
қиынға соқты ма?
- Өзіңіздің жасаған
стақаныңыз өзіңізге ұнады ма?
- Үлгіге қарап жұмыс істеу
қиынға соқты ма?
ІҮ. Үй тапсырмасы: өз
ойларымен қалаған бұйымдарын қағаздан жасап келу.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.