Поурочный план на тему: "Казакстандагы темир кен орындары"
Оценка 4.9

Поурочный план на тему: "Казакстандагы темир кен орындары"

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
химия
9 кл
09.04.2017
Поурочный план на тему: "Казакстандагы темир кен орындары"
Сабақтың мақсаты: • Білімділік. Қара металлургия кешенінің маңызы мен құрамы туралы, оның шаруашылықтағы рөлі және Қазақстан Республикасындағы темір кен орындары мен құймаларының қолданылуымен таныстыру. Темірдің ІІ және ІІІ оксидтері және гидроксидтері жайлы білім беру. • Тәрбиелілік. Танымдық іс-әрекеттерін, өзіндік жұмыстарды тез орындауға төсілдіру, іздеу, ізденіс әрекеттерін қалыптастыру. Қоршаған ортаны қорғауға, еліміздің байлығын тиімді пайдалануға тәрбиелеу. • Дамытушылық. Оқушылардың темір және оның қосылыстары туралы түсініктерін, дүниетанымдарын кеңейту.
07,02,2015 жоспар.docx
Өтілетін уақыт: 07.02.2015 Бекітілді: Пән мұғалімі: Умирзаков Умирбек Пәні: Химия Класс: 9Ә Сабақтың тақырыбы:  Қазақстандағы   темір   кен   орындары.   Темір   және   оның маңызды қосылыстарының биологиялық маңызы. Сабақтың мақсаты:  Білімділік. Қара металлургия кешенінің маңызы мен құрамы туралы, оның шаруашылықтағы рөлі және Қазақстан Республикасындағы темір кен орындары мен құймаларының қолданылуымен таныстыру. Темірдің ІІ және ІІІ оксидтері және гидроксидтері жайлы білім беру.  Тәрбиелілік. Танымдық іс­әрекеттерін, өзіндік жұмыстарды тез орындауға төсілдіру, іздеу, ізденіс әрекеттерін қалыптастыру.  Қоршаған ортаны қорғауға, еліміздің байлығын тиімді пайдалануға тәрбиелеу.   Дамытушылық.  Оқушылардың   темір   және   оның   қосылыстары   туралы түсініктерін, дүниетанымдарын кеңейту.  Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, периодтық кесте, карточкалар. Сабақтың типі: Біріккен сабақ. Пән аралық байланыс: География, биология. Ұйымдастыру бөлімі: I. 1. Оқушылармен амандасу. 2. Сергіту сәті. 3. Үй тапсырмасын сұрау. II. Негізгі бөлім: Кендерден   металдарды   бөліп   алумен   металлургия   өнеркәсібі   айналысады. Металлургия   –   табиғи   шикізаттардан   металдарды   өнеркәсіптік   жолмен   өндіру әдістерімен айналысатын ғылым мен техниканың және өндірістің саласы. Қазақстанда   қара   металлургияның   ең   ірі   кәсіпорындарына:   Теміртау   металлургия комбинаты және Ақтөбе ферроқұйма зауыты, Соколов – Сарыбай мен Лисаковск тау – кен комбинаттары жатады. Темір адам қоғамымен бірге туып, бірге жасасып, адам мүддесіне ұзақ уақыт қызмет  етіп келе жатқан тарихи элемент. Ол адамды алғашқы құрал мен қару – жарақтан  бастап, бүгінгі ғарыш кеңістігіне көтерген жасампаз металл. Темір – тіршіліктің маңызды элементі. Қанның қызыл түсі болуы құрамында  темір болады. Ол оттекті тасымалдайды. Адамда 4, 2 г темір болады. Темір –  аспан тасы 1749 жылы Енисейден Сібір ұстасы сом темір кесегін тапқан. Ол тұңғыш  метеорит деп аталған. Темірдің дәрілік препараттары, изотоптары Fe55, Fe52, Fe59, зерттеу кезінде  индикатор ретінде, қан ауруын анықтауға қолданылады. Меккедегі қара тас темірден тұрады. Оның ауада тіреусіз қалқып тұруы –  темірдің магниттік қасиетіне негізделген. Таза темірден жасалған 89, 7 пайыз,  415 жылы жасалынған. Темір зергерлік және кәсіптік бұйым ретінде кең қолданылады. Темірге алтын, күміс,  мыс тәрізді металдарды қосып, алуан түрлі тастармен безендіріп сырға, сақина,  білезік, жүзік, ер тұрман т. с. с. жасаған. Темір кені Қарағанды, Шымкент, Павлодар зауыттарында Теміртау Қазақстан  Магниткасы, Қашар, Лисаков қаласында өндіріледі. Темір кенінің қоры жағынан Қазақстан әлемде сегізінші, оны өндіруден он бірінші  орын алады. Ал ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында  тұр. Темір қосылыстары Темір екі түрлі оксид түзеді: FeO және Fe2 O3 , FeO . Fe2 O3 (Fe3 O4)­аралас оксид.  Темір (ІІ) оксиді – негіздік оксид  Темір (ІІІ) оксиді – екідайлы оксид, бірақ негіздік қасиеті басымдау.  FeO – негіздік оксид, сондықтан қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен  әрекеттесіп тұз түзеді.  FeO + 2Н CI = FeCI2 + H2O  FeO + CO2 = Fe CO3  Темір (ІІІ) оксиді Fe2 O3 – ең тұрақты оксид, қызыл­қоңыр түсті, минералы  гематит.  Fe2 O3 – екідайлы болғандықтан қышқылмен : Fe2 O3 + 3Н2SO4 = Fe2 (SO4)3+3H2 O  Қышқылдық оксидпен Fe2 O3 + 3SO3 = Fe2 (SO4)3  Негізбен Fe2 O3 + 2NaOH = 2Na FeO2 + H2O  Темірдің гидроксидтері Темірдің (ІІ) және (ІІІ) валентті оксидтеріне екі түрлі  гидроксидтері сәйкес келеді Fe (ОН)2 – ақ түсті, Fe (ОН)3 – қызыл­қоңыр түсті. Темірдің оксидтері де және гидроксидтері де суда ерімейді. Мысалы, темір (ІІ)  сульфатының ерітіндісіне сілті ертіндісін құйсақ, ақ түсті тұнба түседі. FeSO4+2NaOH = Fe(OH) 2 + 2Na2SO4 Ауада ақ тұнба қоңыр тартады, өйткені Fe2+ ионы Fe3+ не дейін тотығады. 4Fe(OH) 2 +O2 + 2H2O = 4Fe(OH) 3 Темір (ІІ) гидроксиді қышқылда еріп негіздік қасиет көрсетеді Fe(OH) 2 + 2HCl = FeCl2 + 2H2O Темір (ІІІ) гидроксиді де тұзының ерітіндісіне сілтімен әсер ету арқылы алады Fe2(SO4) 3 + NaOH = 2Fe(OH) 3 + 3Na2SO4 Темір (ІІІ) гидроксиді қышқылда ериді, негіздік қасиет береді Fe(OH) 2 + 3HCl = FeCl3 + 3H2O 1. Мына өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз: Fe  FeCl2  Fe(OH)2  FeO  FeSO4 Тапсырмалар 2. Массасы 19,7 г барий карбонатын алу үшін барий гидроксиді ерітіндісінен қанша көлем (қ.ж.) көміртегі 4 валентті оксидін өткізу керек? 3. Құрамында 10 пайыз қоспасы бар 10 кг әк тасты күйдіргенде сөндірілмеген әктің қандай массасы түзіледі? 4. Алюминотермия процесінде 80г темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандырғанда  42,5 г  темір алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнім шығымын (%)  анықтаңдар. 5. Массасы 4кг алюминий оксидінен массасы 2кг алюминий алынды. Теориялық  мүмкіндікпен салыстырғандағы өнім шығымының массалық үлесін  (%) анықтаңдар. 6. Массасы 6г темір хлордың артық мөлшерімен әрекеттесті. Алынған хлоридті  массасы 200г суда еріткенде алынған ерітіндінің массалық үлесін есептеңдер. 7. Құрамында 95 пайыз темірі бар массасы 800т шойынды балқыту үшін құрамы  Fe2O3  болатын қанша тонна кен қажет? 8. Егер өнім шығымы теориялық мүмкіндіктің 86% құрайтын болса, онда  құрамында 72% Fe2O3 болатын 1т кеннен қанша темір алуға болады? 9.  10г алюминий мен мыс қоспасы тұз қышқылымен өңделді. Бөлінген газдың  алатын көлемі 6,72 л (қ.ж.). Қоспадағы әрбір металдың массалық үлесін  анықтаңдар. 10.  Массасы 12г темір мен күмістің құймасына күкірт қышқылымен әсер еткенде  2,24 л сутек бөлінді. Осы құймадағы күмістің массасын есептеңдер. ІІІ. Қорытынды бөлімі: Сабақтың балаларға түсініктілігін анықтау үшін балаларға  сұрақ қою. Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс: Темір және оның қосылыстарының  маңызы. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысып отырғандарды бағалау.

Поурочный план на тему: "Казакстандагы темир кен орындары"

Поурочный план на тему: "Казакстандагы темир кен орындары"

Поурочный план на тему: "Казакстандагы темир кен орындары"

Поурочный план на тему: "Казакстандагы темир кен орындары"

Поурочный план на тему: "Казакстандагы темир кен орындары"

Поурочный план на тему: "Казакстандагы темир кен орындары"

Поурочный план на тему: "Казакстандагы темир кен орындары"

Поурочный план на тему: "Казакстандагы темир кен орындары"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.04.2017