Пән: қазақ тілі
Сынып:2
Мерзімі: 16.11
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, сөйлем, сөйлем түрлерімен таныстыра отырып, олардың айырмашылығымен топтастыру, сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем, лепті сөйлем туралы білімдерін толықтыра отырып, айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің түрлерін анықтау.
ә) Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту.
б)Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, білімпаздыққа жетелеу.
Көрнекілігі: сызбалар, суреттер, үлестірмелі қағаздар,
Әдіс-тәсілдері: сұрақ -жауап, әңгімелеу, ауызша сызба, топтық, сергіту сәті
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық жаттығу
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
– Балалар, бұл сабақтың басқа сабақтан өзгешелігі - біз бүгін саяхатқа барамыз.
-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан қандай ел? Не білесіңдер?
- Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне қанша жыл?
- Тіл туралы қандай өлең білеміз?
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Ендеше біз Астана қаласына саяхатқа шығайық. Ол үшін бізге не керек?
Пойызға отыру үшін билет сатып алу керек, ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
- Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлем неден құралады ? (Сөйлем сөзден құралады)
- Сөз неден тұрады? (буыннан)
- Буын неден құралады? (дыбыстан)
- Астана сөзін буынға бөл
- Қазақстан сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
- Отан сөзіне дыбыстық талдау жаса.
- Мектеп сөзіне сөйлем құрастыр.
- Жақсы , балалар, ендеше пойызға отырып саяхатымызды бастайық.
Бірінші аялдама – Теміржол вокзалы
Екінші аялдама – Үкімет үйі
Үшінші аялдама – Ақ орда
Төртінші аялдама – «Бейбітшілік және келісім сарайы»
Бесінші аялдама – Бәйтерек
Алтыншы аялдама –
Поезымыз ары қарай
жылжып кетті. Астана вокзалына келдік. Міне арман қала Астана
қаласына да жеттік. Ол үшін келесі тапсырманы орындайық.
1-тапсырма «Орнын тап!» Оларды ажыратып орындары
ауысқан сөздерден сөйлем құрастырайық. Онда
әрбір сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқып,
өз тыныс белгілерінің тұстарына қояйық. Енді осы
сөйлемдерге назар аударайық.
Дәптермен жұмыс. Күннің
атын жазып қояйық. Тақтада орны ауысқан сөйлемдер
берілген сөйлемді дұрыс құрап, тыныс белгісін
қойып шығыңдар.
А) Әсел, айтады, ән, Отан туралы.
Ә) Болат, тартады, домбыра.
Б) Концерт, қоясыңдар, ма, сендер.
В) Қандай,оның,даусы, керемет.
2-тапсырма. Мақал берілген. Сұраулы
сөйлемге айналдырып жаз. Тақтамен жұмыс.
1.Береке көзі бірлікте.
2.Отан оттан да ыстық.
3.Ер қанаты ат.
4.Сөз тапқанға
қолқа жоқ.
Сергіту сәті:
Бала тілегі. ән айту
3-тапсырма
Келісемін
Келіспеймін
1.Сөйлем тиянақты ойды білдіреді
2.Сұраулы сөйлемнен кейін сұрақ белгісі қойылады.
3.Сөйлемнің бірінші сөзі кіші әріппен жазылады
4.Сөйлем буыннан құралады.
5.Далада жаңбыр мен қар жауды.
6.Сөйлем айтылуына қарай 4-ке бөлінеді.
4-тапсырма
Жұмбақ жасыру
1.Мен де сөзден тұрамын,
Сұраулы ойды
құраймын.(Сұраулы сөйлем, сұрау белгісі)
2.Өзім сөзден тұрамын,
Хабар мен нүкте жинағым. (Хабарлы
сөйлем, нүкте)
3.Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын. (Лепті
сөйлем)
Рефлексия
5-тапсырма
Сәйкестендіру тесті
Хабарлы сөйлем жауап алу мақсатында айтылады
Лепті сөйлем тиянақты ойды білдіреді
Сұраулы сөйлем көтеріңкі көңіл күйді білдіреді
6-тапсырма
“Тәуелсіздік” сөзінен бірнеше сөз жаз.
-Үйге тапсырма. Сөйлем түрлері 13-жаттығу
-Бағалау.
- Астананы араладық, енді автобусқа мініп, вокзалға барып, пойызға отырамыз да үйге қайтамыз.
К. Дүйсекеев - Дастарқан
0
Ей, халайық, халайық,
Бар өнерге салайық.
Ас ұсынып, бас тартқан
Жайылып тұр дастарқан.
Қайырмасы:
Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан,
Ей-ей-ей!
Жақсы келсе - құт болар,
Жаман келсе - жұт болар.
Жолаушымыз біз деген
Асыл мұрат іздеген.
Қайырмасы:
Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан,
Ей-ей-ей!
Айналайын ағайын,
Үміт отын жағайын.
Уайым-қайғы жоқ болсын,
Қуанышың көп болсын.
Қайырмасы:
Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан,
Ей-ей-ей!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.