М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Магистрлік диссертацияның тақырыбы:
Жалпы білім беретін орта мектепте анықтамаларды қолдануды оқытудың әдістемесі
7М01501-Математика
Магистр дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі: философия докторы, PhD Г.Айтенова
Қорғаушы: Кенесарина Г.С.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Қазіргі таңда білім беру бағдарламалары оқушыдан теориялық білімді практикада шебер қолдана білуді талап етеді.
Ол үшін математикалық логикаға негізделген және математиканың оқыту принциптеріне сәйкес келетін математика курсында оқушыларды анықтамаларды қолдануға оқыту әдістемесін әзірлеу қажеттігі туындайды. Әрине, әлемде анықтамаларды қолдануды оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері бар, бірақ та қазіргі кездегі жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы , жалпыға қолжетімді білім беру аясында шеңберінде оқушыларға анықтамаларды ұғыну, есептер шығаруда дұрыс қолдану, түсінікті тілде берілуі, нақты шешім қабылдай білуге үйретуге арналған түрлі бағдарламаларды , ақпарттық технологияларды пайдалана отырып қолданылатын әдістеме қажет етеді.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін орта мектепте математика курсында анықтамалар мен негізгі ұғымдарды оқытуда әдістеме қажет етеді. Мектеп оқулықтарында кездесетін анықтамаларды салыстырмалы түрде талдау жасай отырып, оқушыға жеңіл әрі түсінікті тілде ұсыну керек. Өкінішке орай оқушылар көбіне айтылған анықтамалардың мазмұнын жете түсінбейді, есептер шығаруда көбіне қолдана алмай жатады. Сондықтан да математика курсын оқытудың тәжірибесінде жүргізілген талдау нәтижесінде анықтамаларды жеңіл әрі қарапайым , нақты түсіндіруге пайдалану керек.
Зерттеу мақсаты: Жалпы білім беретін орта мектептегі математика курсында оқушыларға анықтаманы қолдануды оқыту, жаттығу мен тапсырмалар жинағын саралап, жас мамандарға арналған көмекші құрал әзірлей отырып, практика барысында дидактикалық әдіс ретінде қолдану, жүйелі жұмыс түрлерін жүргізу арқылы оқушыларға білімді игерту.
Міндеттері:
1.Жалпы білім беретін орта мектептерде оқу бағдарламасына сәйкес оқытылатын оқулықтардағы анықтамаларға салыстырмалы талдау жүргізу;
2. Қазіргі анықтамалар теориясына сәйкес жалпы білім беретін орта мектептің математика курсында анықтамаларды қолдануды оқытудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін анықтау;
3. Математика курсында анықтамаларды қолдануды оқытудың теориялық ережелерін пайдалануға үйрету.
4. Оқушыларды математика пәнінен анықтамаларды қолдануды оқыту кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың қажеттілігін негіздеу.
5. Жас мамандарға арналған көмекші құралды құрастыру.
Күтілетін нәтижелер:
Анықтамаларды қолдануда дағды қалыптастыруға бағытталған жаттығулар мен жалпы білім беретін орта мектеп курсында анықтамаларды қолдануды үйрету әдістемесін жас мамандарға көмекші құрал әзірлеу.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................................................................................................................
1 МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ.........
Математикалық ойлау және оның түрлері........................................
Кеңістік ойлау жаттығулары..................................................
Математикалық ойлауды дамытуға арналған әдістер......................
2 ҚОЛДАНБАЛЫ ЕСЕПТЕРДІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУІ
2.1. Қолданбалы есептерді шешу әдістері және математикалық ойлауды дамытуға әсері....................................................................
2.2. Қолданбалы есептерді шығару барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыруда математикалық ойлауды дамыту.....................................................
2.3. Оқушылардың ақыл-ой әрекетін белсендендірудегі қолданбалы есепті модельдеу арқылы шешудегі алгоритмдік нұсқаулардың рөлі....................
2.4. Мектеп математика курсындағы қолданбалы есептердің классификациясы. Қолданбалы есептерге қойылатын талаптар.............................
2.5. Педагогикалық эксперимент нәтижелері...............................................
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................................
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазіргі математикалық білім........................................
Ұғымның анықтамасы деп қарастырылатын ұғымның мазмұнын ашуға көмектесетін логикалық амалды айтады.Ұғымның анықтамасын беру деп сол ұғымды бейнелейтін нәрселердің елеулі белгілерін көрсетуді айтады. Математика пәнінің логикалық желісін құрғанда тікелей анықтама беруге болмайтын ұғымдар да бар. Мұндай ұғымдар алғашқы немесе негізгі ұғымдар делінеді. Мектеп математикасында негізгі ұғымдар: «Нүкте», «түзу», «жазықтық» және тағы басқалар. Бұл ұғымдардың анықтамаларын беруге болмайтындықтан, олардың сипаттамасы ғана айтылады.
2. Жалпы білім беретін орта мектептің математика курсында анықтамаларды қолдануды оқытудың әдістемесі
2.1 Математикадағы анықтаманың рөлі
Түсіну негізі: анықтамалар математикалық ұғымдарды түсінуге негіз болады. Олар оқушыларға математикада зерттелетін объектілерді, құбылыстарды немес процестерді нақты анықтауға көмектеседі.Мысалы санды, бұрышты, түзуді, ауданды және т.б. анықтау тиісті тақырыптарлды одан әрі зерттеудің негізі болып табылады.
Білімді құрылымдау: анықтамалар білімді құрылымдауда және ұғымдар жүйесін құруға көмектеседі. Бұл оқушыларға әртүрлі математикалық ұғымдар арасындағы байланысты жақсы түсінуге және логикалық дәйекті ойлауды құруға мүмкіндік береді. Жалпы ережелер мен қасиеттерді белгілейді. Мысалы, үшбұрыштардың теңдігін анықтау үшбұрыштардың қандай қасиеттері бірдей және қайсысы әртүрлі екенін түсінуге мүмкіндік береді.
Математика тілін қалыптастыру: анықтамалар математика тілін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.Олар математикалық объектілер мен операцияларды сипаттау үшін қолданылатын арнайы терминдер мен белгілерді білдіреді.
Дәлдік пен анықтық (нақтылық)қамтамасыз ету: анықтамалар математикалық мәлімдемелерде дәлдік пен анықтықты қамтамасыз етуге көмектеседі. Олар қолданылатын терминдердің мағыналарын анықтайды және математикалық ұғымдарды түсіндіруде түсініксіздікті жоққа шығарады.
Әрі қарай оқуға дайындық: мектептге математика курсында оқылатын анықтамалар математиканы тереңірек және жетілдірген зерттеудің негізі болып табылады. Негізгі анықтамаларды түсіну болашақта оқушылардың күрделі ұғымдарды жақсы меңгеруге мүмкіндік береді.
Логикалық ойлауды дамыту: анықтамалармен жұмыс жасау оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға ықпал етеді. Анықтамаларды түсіну аналитикалық дағдыларды қажет етеді. Және математикалық сауаттылықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Мектеп математика курсының анықтамаларының құрылымы.
Математикалық объектінің (ұғымның) анықтамасы деп осы объектіні белгілеу үшін термин енгізілген және бұл терминнің мағынасы ашылатын математикалық сөйлемді айтамыз.
Демек анықтама амал емес, тек сөйлем, оның мағынасы жаңа терминнің мағынасын нақтылау болып табылады. Ұстаздың анықтамаларды зерттеудегі мақсаты (және кез келген басқа "ақпаратты!") анықтамада берілген ақпараттың оқушымен бірлескен білім беру іс-әрекеті үдерісінде сәйкес білімге айналуына, оқушының менталды тәжірибесі таным объектілерінің қарапайым көшірмесі ретінде емес, өзі таным құралына айналуына қол жеткізу болмақ
1мысал: Параллелограммның анықтамасының құрылымын алайық.
А: Параллелграмм деп қарама- қарсы жатқан қабырғалары параллель болатын төртбұрышты айтамыз.
Яғни анықтаманың түсіндірмелі бөлімі: «Х-төртбұрыш болсын»
терминге кіріспесі: «Х-бұл параллелограмм», Анықталатын ұғымы мен белгісі «Х-тің қарама қарсы қабырғалары параллель». Сонда анықтаманы былай оқуға болады: «Х-төртбұрыш болса, онда Х параллелограмм бола алады тек қана сонда анықтама бойынша төртбұрыштың қарама қарсы жатқан қабырғалары параллель болса»
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.