Презентация на тему "Аль-ФАРАБИ туралы мәлімет " 9 кл
Оценка 4.6

Презентация на тему "Аль-ФАРАБИ туралы мәлімет " 9 кл

Оценка 4.6
pptx
21.09.2020
Презентация на тему "Аль-ФАРАБИ  туралы мәлімет "  9 кл
Аль-ФАРАБИ туралы мәлімет.pptx

Әлемнің екінші ұстазы 1150 жылдық

Әлемнің екінші ұстазы 1150 жылдық

Әлемнің екінші ұстазы

1150 жылдық

Фараби Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпанның толық аты-жөні - Әбу

Фараби Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпанның толық аты-жөні - Әбу

Әл-Фараби

Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпанның толық аты-жөні  - Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби.  Әл-Фараби бабамыз 870 жылы қазіргі Отырар деп аталатын Фараб қаласында дүниеге келіпті. Бұл қала кейіннен арабтардың ықпалымен  "Барба-Фараб" деп аталып кеткен. «Сол себепті «әлемнің екінші ұстазы» атанған ойшылды Әбу Насыр Әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Тарихи деректерде Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Әл-Фараби дәулетті отбасынан шыққан. Әкесі әскербасы болатын.   Ештеңеден кемдік көрмей өскен айрықша дарын иесі Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өскен. Алғашында Бұхарада, Самарқанда білім алады, одан кейін Хамадан, Бағдат, Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында зерттеумен айналысқан. Ақыры Бағдад қаласында тұрақтап қалады. Бұл жерде 20 жылдай тұрып, антикалық философиямен әлемдік мәдениетпен танысты. Содан кейін Шам жеріне (Бағдад) қоныс аударып, 950 жылы өмірден өткенше сол өлкеде қалады.  "Жалпы Әл-Фараби бір жерде тұрақтамаған. Ол үнемі бір қаладан екінші қалаға саяхат жасап, білімін шыңдаған. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады.Ол 70-ке жуық тілді меңгерген.

Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі,

Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі,

 Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап,  мерейтойды дайындау  және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Өз кезегінде мем комиссия мерейтойды атап өтудің республикалық деңгейдегі жоспарын жасап шықты. Онда республикалық және өңірлік деңгейде өтетін 50-ден астам іс-шара көзделген. Бұлардың ішінде  халықтық барлық буынын қамтитын арнайы жобалар, ғылыми талдаулар, қоғамдық маңызды және мәдени-бұқаралық іс-шаралар бар.

Астанада ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және ИСЕСКО аясында Әл-Фараби және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум өткізіледі деп жоспарланып отыр

Астанада ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және ИСЕСКО аясында Әл-Фараби және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум өткізіледі деп жоспарланып отыр

1150 жылдыққа арналған шаралар.

Астанада ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және ИСЕСКО аясында Әл-Фараби және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум өткізіледі деп жоспарланып отыр. Оған отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары және тағы басқа шақырылады. Айтпақшы, Түркістан облысында арнайы арт-фестиваль ұйымдастырылып, оның аясында қолөнершілердің жәрмеңкелері, ұлттық ойындар бойынша жарыстар мен мерекелік концерттер өткізілмек. ЮНЕСКО-ның атсалысуымен гуманитарлық білім саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары қатысатын халықаралық конференция өткізу жоспары тағы бар.

Фараби еңбектері Әл-Фараби білімге деген құштарлығының арқасында

Фараби еңбектері Әл-Фараби білімге деген құштарлығының арқасында

Әл- Фараби еңбектері

Әл-Фараби білімге деген құштарлығының арқасында Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанды. Ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырды. Ғалым философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі – "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" ("Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы"). Сонымен қатар Әл-Фарабидің "Музыка туралы үлкен трактат" деген шығармасы әлемнің көптеген тіліне аударылған. Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және тағы басқа да еңбектерін түсіндірген.

Фараби мұрасы Әл –Фараби 10 ғасырдан астам уақыт бұрын өмір сүрсе де,оның қалдырған мұрасы мәңгілік

Фараби мұрасы Әл –Фараби 10 ғасырдан астам уақыт бұрын өмір сүрсе де,оның қалдырған мұрасы мәңгілік

Әл -Фараби мұрасы

Әл –Фараби 10 ғасырдан астам уақыт бұрын өмір сүрсе де,оның қалдырған мұрасы мәңгілік.Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін асыл қазына.Ұлы ғұламаға деген құрмет ретінде оның атына көптеген мәдени мекемелер қолданысқа берілген.Мысалы,Әл-Фараби атындағы ұлттық университет(ҚазҰУ),проспект,театр және т.б.

Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.09.2020