Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Алматы облысының Қаскелең ауданына қарасты, қазіргі Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған селосында (2012 жылы елді мекеннің атауы Үшқоңыр деп өзгертілді) 1940 жылдың
6 шілдесінде дүниеге келген.
Нұрсұлтан Назарбаев 1948 жылы Шамалған селосындағы Д.А. Фурманов атындағы (1999 жылдан бастап Қарасай батыр атымен аталады) қазақ-орыс орта мектебінің бірінші сыныбына барды, оны біріншіден бастап, төртінші сыныпқа дейін алғашқы мұғалимасы Т.А. Исмаилова оқытты.
Алғашқы мұғалимасы Т.А.Исмаилова
1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (98,7%) сайланды.
1995 жыл 29 сәуір — Республикалық реферундумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы
1 желтоқсанға дейін ұзартылды.
1999 жыл 10 қаңтар — Н. Ә. Назарбаев(79,78%) Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.
2005 жыл 4 желтоқсан — Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н. Ә. Назарбаев (91,5%) Президент болып сайланды.
1993 ж 15 қарашасында ұлттық валюта - теңге айналымға енгізілді
Теңге — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Ұлттық валюта мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендінің айғағы, нышаны болып табылады. Теңге — әлемдегі ең жақсы жасақталған, сақтық шарасы мықты валюталардың бірі. Банкноттардың жалған банкнот жасауға қарсы 18 түрлі сақтық белгілері бар. 2007 жылы Халықаралық Валюта Ассоциациясы 10 000 теңгені әлемдегі ең үздік банкнот деп таныды.
«Теңге» сөзі орта ғасырлық түркі тайпаларының «денге», «таньга» сөздерінен шыққан. Бұлар түркілердің күмістен жасалған тиыны болған. Тіпті, орыстың “деньги” сөзі де осы екі сөзден шыққан.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.