Сулейманкулова Ардақ Сайлауовна
Бастауыш сынып мұғалімі
«Мәншүк Мәметова шағын орталықты орта мектебі»
Жамбыл облысы ,Шу ауданы,Бәйдібек ауылы
Сабақтың тақырыбы:Жұлдызды бестік
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін терендету.
Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ойөрісінің жетілуін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін
арттыру. Ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлттық сөздерді түсініп, үлгіөнеге алатын білімді,
ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу.
Түрі: жарыс сабақ Әдісі: сұрақжауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз.Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар «Ақыл озбайды, білім тозбайды»
демекші, қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бұрын жаяу жарыс, өгіз
жарыс, құнан, тай жарыспен жеңіп алса, біз бүгін XXI ғасырда ғылым мен техниканың дамыған
заманында білімімізбен жарыспақшымыз. !
Мүғалім: Ал келіңдер, келіңдер, Бір біріңе еріңдер.
Өздеріңді тексеріп, Ойынға қатысып көріңдер, деп бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Енді сайысқа қатысатын оқушыларымызбен танысайық.
Бұл жарысқа 2сыныптың «Білімділер», «Ойшылдар», «Ақылдылар», «Зеректер» атты 4
топтары қатысады.Оқушылардың ойөрісін кеңейтетін,есте сақтау қабілетін шыңдайтын,білімге
қызығушылықтарын арттыратын «Жұлдызды бестік»атты зияткерлік ойынына қош
келдіңіздер!
1.«Сәлемсөздің анасы»демекші әр топ өздерін таныстыру
Білмеймін деп қысылма,Талабың болса бойында .
Өнерлінің ырысы,Жарқырап жатыр бойында.
1топ«Білімділер» Ұраны:Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар.
2топ:«Ойшылдар»Ұраны:
3топ:«Ақылдылар» Ұраны:
4топ:»Зеректер» Ұраны:
I.Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба ,орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Сайысымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін әділқазыларды сайлап алайық.
Ікезең.1.«Көңілді қадам »ойыны(Ойыншы өз ұпай санын ұяшықтан таңдайды) .Әр түрлі
сұрақтар
1топ:
1.Балық қайда болады? 2. Түнде не көресің ?
3.Аквариумда нені өсіре аламыз?
4. Сумкаңда не бар?
5.Қандай аяқ киімді майлауға болады?
6. Жапырақ қай кезде сарғаяды?
7. Құстың негізгі тұратын мекені?
8.Қай дауыссыз дыбыстан сөз басталмайды?
9.Сенің атаң әкеңе кім?
10.Асханада не істейсің?
2топ:
1. Алтын күн астында не бар?
2. Алма берсем жейсің бе?
3. Жылдың неше мезгілі бар?
4. Түйе сүті?
5.Тауық жеті қазынаға жата ма?
6. Кімге сәлем жолдайсың?
7. Бір жылда неше ай бар?
8. 7 онд. 8 бірл. Қандай сан?
9. Ит жеті қазынаға кіре ме?
10. Ән салатын қандай құс?
3топ:
1.Бағдаршамның көздері
2. Аптадағы күн саны
3.Алма ағашының жемісі
4.шашыңның түсі қандай?
5. Оң қолдағы саусақ саны
6.Тақтаға немен жазады?
7.Бос ыдыста неше жаңғақ бар?
8.Қыстың көркі не ?
9. Екі сабақтың ортасында не бар?
10.Түнде аспанда не көрінеді?
4топ: 1.Атаң мен әжеңе сен кімсің?
2.Қымыз қай малдың сүтінен жасалады?
3.Көру мүшесі.
4.Мемлекеттік тіл.
5.Қышқыл жеміс.
6.Қасиетті тағам.
7.Құстың үйі.
8.Кесе, қасық бұл не?
9.Әр адамның шағын отаны.
10.Суды немен ішесің?
2тапсырма «Білгенге маржан» Жұмбақтарға жауап беріп, орыс және ағылшын тілдеріне
аудару.
1-жұмбақ: «Қабат-қабат қаттама, Ақылын болса аттама.»
2-жұмбақ : «Мүйізі айдай иілген,Мұрның көкке шүйірген»
3-жұмбақ :«Өзі ширақ, өзі қу,Жүрген жері айқай-шу.»
4-жұмбақ :Жазу жазып жалықпаған,Жаза- жаза арықтаған(бор-мел)
5-жұмбақ :Алты қырлы,алтын сырлы (қалам-ручка) 6жұмбақ:«Таңмен көзін ашады,Әлемге нұрын шашады»
7жұмбақ: «Тонын кие туған, Жалап бетін жуған»
8жұмбақ:Асты тас,үсті тас, Ортасында піскен ас(нанхлеб)
3тапсырма «Шабытты шәкірт» ана тілі пәні
Жалғасын тап: 1) Маңмаң басқан,маң басқан,Шудаларын шаң басқан.
( Төрт аяғын тең басқан,Екі өркешін қом басқан)
2) Бір Аллаға сиынып,Кел, балалар, оқылық.
( Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық!)
3) Саған білім жемісін Оқулығын береді.
( Талай адам сол үшін, Маңдай терін төгеді)
4)Сәбилік көңілден,Арналды бұл әнім,
( Баулитын өмірге,Ақылшым –мұғалім)
5) Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан
( Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.)
6) Жағы қалақтай, Мойны садақтай (басы....
ІІкезең:: «Қиял әлемі» "Ерте, ерте, ертеде..." деп ертегілерден үзінді оқылады. Бұл тапсырмада
ертігінің аты, кейіпкерлері, ертегіде не туралы айтылады? Осы сұрақка жауап берсек "Ертегілер
елінің" қақпасы ашылады.
1тапсырма: Балалар ертегілердің жағымды, жағымсыз кейіпкерлері болады. Жағымды
кейіпкерлерді атайықшы, өте жақсы. Енді жағымсыз кейіпкерлерді атаймыз? Келесі тапсырмада
топ басшылары мына суреттердегі ертегі кейіпкерлері болып өзінөзі қорғайды..
"Мақта қыз бен мысық "
Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым,
Сен, мысық, кайтақайта мазамды алдың.
Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,
Құйрығынды жұлып ап жазаладым.
Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,
Мен мысықпын іші пысқан.
Қатығынды қайтардым төккен,
Қайырымды алдым көптен.
Біздің ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды
болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?
Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,
Жақсылыққа дұшпанмын.
Су астынан шыға кеп,
Алақаныннан қысқанмын.
Тісімді жұлып лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін, Ертегінің сәнімін.
Көркейтуге келгенмін
Ертегілер ауылын.
Дәу қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?
Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,
Балаларға, батырларға жаумын.
Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,
Тек жамандық жолында шапқыладым.
Талай жерде ақылмен алдап кетті,
Қаңбак шал ма, қылғаны ай, қап мынаның.
(Кақпадағы қаңбак шалды тұра қуады).
Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,
Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.
Алып дәуді алдадым ақыры мен,
Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.
Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,
Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.
"Қырық өтірік" ертегісіндегі Тазша бала өзінің шешендігімен хандарды сөзден ұтқан. Сөйтіп
өзінің мұратына жеткен кейіпкер солай ма балалар?
Біздің ортамызда тағы қонактар бар. Олар Керқұла атты Кендебай, Меңдіқыз, Толағай
Тазша бала: Мен Тазша баламын,
Кіпкішкентай ғанамын.
Қысылғанда сөз табамын,
Қырық өтірік пе кедергі,
Жаңылмай айтып беремін.
Ақылыма тәнті боп,
Алтын үйді басыма,
Той жасады хан қызын
Отырғызып қасыма.
Керқұла атты Кендебай: Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,
Жамандықты жайраттым жолымдағы.
Азу тісін қағыпап арыстанның,
Жеті басты аждаһармен алысқанмын.
Міне Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,
Әйтпесе батыр деп мені мойындар кім?
Мен батыр, Керқұла атты Кендебаймын,
Кәнеки, тұра алады жолымда кім?
Меңді қыз: Мен Менді қыз ақыл мен көркі қонған,
Жақсылыққа әрдайым серік болған.
Ертегіде хан, қара батырлар да
Жүреді мендей қыздың ақылымен.
Толағай: Аптап ыстық кең даланы қуартқан,
Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,
Мен Толағай тау көтеріп ел үшін,
Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.
«Кімнің заты?» ойыны
1. Өзі тамақ пісіретін қазан «Ұр тоқпақ!»
2. Алдайтын таяқ «Алдар көсе»
3. Бағалы сақа Алтын сақа
4. Ұшатын кебіс –«Маленький Мук» 5. Көк есек пен, ескі шапан –«Қожанасыр»
6. Гауһар айна «Ұйқыдағы ару»
ІІІ. кезең «Тапқыр топ » Әр оқушы берілген сөздердің бастапқы әрпінен жаңа сөз
құрайды
1топ : Сауда, уақыт, ребус, егін, тары
2топ: Сең, әтеш, бақа, із, зығыр
3топ: Бота, ұзақ, риза, ыдыс, шана
4топ: Өзен, нөсер, етік, рет
ІV кезең . «Қызықты төрттік»оқушылар нөмірлері жазылған ұяшықты таңдайды. Өздерінің
таңдауы бойынша әр пәндерден сұрақтарға жауап береді»
Жауап бере алмаса қарсыластары сол сұраққа жауап бере алады.
Vкезең: «Жұлдызды бестік» топ ішінен жұлдызды бестікті анықтау
VI.«Мен болашақты суреттеймін»оқушылардың тілегі
VII.Әділқазыларға сөз беру. Сайыскерлерді марапаттау.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізсін сендердей өренді,
Білімнің биік шыңына.
Қадамдарың оң болсын,
Сәт сапар сендерге тілерім!
Презентация "Көңілді тапқырлар "
Презентация "Көңілді тапқырлар "
Презентация "Көңілді тапқырлар "
Презентация "Көңілді тапқырлар "
Презентация "Көңілді тапқырлар "
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.