Презентация «Математикалық пирамида»
Оценка 4.7

Презентация «Математикалық пирамида»

Оценка 4.7
Презентации учебные
ppt
математика
9 кл
10.02.2017
Презентация «Математикалық пирамида»
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы "№ 7жалпы орта білім беретін мектебі "КММ математика пәнінің мұғалімі Турсынова Орниса Турсыновна "Математикалық пирамида" ойыны 9 сыныптар арасындаөткен сыныптан тыс жарыс сабақ. сабақтың мақсаты; Білімділік.Оқушылардың  ойлау  қабілетін,  тапқырлығын, жылдамдығын,  таным  белсенділігін  арттыру; Дамытушылық:   белсенділігін  дамыту, ой-өрісін кеңейтуге   дағдыландыру, математикалық сұрақтарға    мәдени  түрде  жауап  беру,  қарым-қатынасын дамыту; Тәрбиелік:  тез  ойлай  білуге,  шапшаңдыққа,  өз  бетімен жұмыс жасауға, көпшілік  алдында  өз  ойын еркін  айта  білуге  тәрбиелеу; Сабақтың жоспары: 1 — қадам «Есте сақтайық» 2– қадам «Математикалық термин құрастыру» 3 – «Кім тапқыр? » Математикалық сөзжұмбақ 4-қадам – «Тарихи зал» 5-қадам – «Оқу залы» 6-қадам – «Кім жылдам ?» 7-қадам– Жеңімпазды анықтау бөлімдерінен тұрадыСабақтың тақырыбы: «Математикалық пирамида» ойыны Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру; дамытушылық: белсенділігін дамыту, ой-өрісін кеңейтуге дағдыландыру, математикалық сұрақтарға мәдени түрде жауап беру, қарым- қатынасын дамыту; тәрбиелік: тез ойлай білуге, шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, көпшілік алдында өз ойын еркін айта білуге тәрбиелеу; Көрнекілігі: плакаттар, интербелсенді тақта, т.б. І. Ұйымдастыру кезеңі Сабақ барысы Қайырлы күн қымбатты қонақтар және ойынға қатысушылар! - Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз. - Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап, оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу. Құрметті оқушылар ,осы аптада біздің мектебімізде «Математика-жаратылыстану» онкүндігі өтіп жатыр. Соның аясында «Математикалық пирамида» атты сыныптан тыс шараны бастауға рұхсат етіңіздер. Сабақтың жоспары: 1 — қадам «Есте сақтайық» 2– қадам «Математикалық термин құрастыру» 3 – «Кім тапқыр? » Математикалық сөзжұмбақ 4-қадам – «Тарихи зал» 5-қадам – «Оқу залы» 6-қадам – «Кім жылдам ?» 7-қадам– Жеңімпазды анықтау Сабақтың жүрісі: Уа, жараңдар,жараңдар, Мына бізге қараңдар, Естілмейді дыбыс түк. Мұны бізде қоштаймыз. Кешік кендерді тоспаймыз, Ғылымдардың ғылымы Математика жайында ойынымызды бастаймыз. Шақырамыз келіңдер жарысуға , Күш, өнер, білімменен алысуға. Бар өнерді салайық, ортамызға, 1-қадам. «Есте сақтайық» Оқушыларға слайдтан 15 түрлі зат көрсетіледі. Оқушылар ол заттарға 1 минт қарайды. Содан соң слайдты жауып қоямын. Оқушылар қандай зат көргенін параққа жаза бастайды. Осы он бес затты дұрыс тапқан оқушы екінші айналымға өтеді. Қалған оқушылар көрермен болып қалады. 2-қадам. «Математикалық термин құрастыру» : Слайдта сөздер жазылады. Оқушылар осы сөздерден математикалық термин құрастырады. Сөздерді дұрыс құрастырған оқушылар келесі айналымға өтеді. Ге-нс-тан (тангенс) Мет-диа-тр (диаметр) Аки-тем-фира (арифметика) Нал-ди-ого (диогонал) Сия-грес-про (прогрессия) Ең-шб-ре (шеңбер) Шұ бр-шү (үшбұрыш) Рв-ад-кат (квадрат) Роп- га-фи (пифагор) Су-со-кин (Косинус) 3-қадам. «Кім тапқыр? » Математикалық сөзжұмбақ: 1. Оқушылар математикалық сөзжұмбақтар шешеді. Бір ағаштың он екі бұтағы бар, Әр бұтағында отыздан жапырағы бар. Жапырақтың бір жағы ақ, Бір жағы қара кәнеки ойлан тап. Жыл, ай, тәулік, күн мен түн 2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Ұзындығы жазулы тұр бойында Сызғыш 3. Атадан он баламыз, Бір-бір жастан арамыз. Қосылып кейде басымыз, Азайып кейде қаламыз. Бөлініп кейде арамыз, Көбейіп те аламыз Цифр 4. Мені көрде — жерді көр, Қозғалыстың көкесі. Айналыстан туады, Планеталар бір-бірін, Шыр айнала қуады. Шеңбер 5. Басқа кисең бөрік ,сәнді сұлу көрік бұл не? (конус) 4-қадам. «Тарихи зал» сұрақтарға жауап береді. 1. Русьта сынық сан деп деп қандай санды атаған? Ж: Бөлшек санды 2. Алғашқы қазақша алгебра оқулығын жазған кім? Ж: Қ. Сатпаев 3. “Трапеция” сөзін ежелгі гректер мына ұғымдардың қайсысымен атаған? Ж: үстел 4. Қандай гүл математик әйелдің құрметіне аталған? Ж: Гортензия 1723-1788 жылы өмір сүрген француз математигі Гортензин Лекот құрметіне аталған. Ол бұл гүлді Индиядан әкелген 5. Ондық бөлшекті алғаш рет ашқан XV ғасырда өмір сүрген өзбек математигі кім? Ж: Әл-Каши Әділ қазылар келесі қадамға өткен оқушыларды анықтағанша Көрермендермен ойын ойналады «Даусынан біл» Әр сыныптан үш- үштен алты оқушы ортаға шақырылады.Біреуінің көзі байланып ортада тұрады.Қалған оқушылар оны айналып жүріп математикалық шамаларды айтады.Ортадағы бала «Тоқта» дегенде тоқтай қалады,қарсы тұрған бала өзінің ақырғы сөзін қайталайды.Қай оқушы екенін дұрыс тапса орындарын ауыстырады. Дұрыс таба алмаса , айыбын өтейді. 5-қадам – «Оқу залы» 1 .Кемпірдің үйіне ұрыға түсуге ұрылар келеді.Ұрылардың келетінін кемпір біліп қояды да , кемпір олардың алдарынан тосады. Сонда кемпір былай дейді. «Сапырып – сапырып Сарманға бер, Құйып –құйып Құрманға бер, Есіктегі екеуге бер, Төрдегі төртеуге бер, Өзіңе де, маған бер» - деген екен. Мұны естіген ұрылар: - Қой мұнымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Кемпір ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу. Жауабы: 10 адам, 5 ұры. 2. Қаланың шетінен орталыққа қарай келе жатқан тролейбуста кондуктор мен шоферден басқа 23 адам болды. Көпір жанында одан 7 адам шығып , 4 адам кірді. Кинотеатр жанында 5 адам шығып, 3 адам кірді. Келесі 9 рет тоқтаған кезде 17 адам шығып ,19 адам кірді. Вокзал жанында барлық адам түгел шықты және бір адамның билетсіз мінгені анықталды. Сонда тролейбус неше рет тоқтады? Жауабы: 12 рет 3.Үш әке алты бала серуенге шықты, олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6-дан алма тиді.Бұл қалай болғаны? Жауабы: 1 атасы,2 әкесі,4 немересі. 4.Бірінші буыным құс аты, Ал екіншісі – бояу түсі Екеуін біріктіріп оқысақ Оңынан да соңынан Ұлт болып шығамын (қазақ) 5. Тура теңдік шығар: XXV – XXI =XI Ж: ХХХІ – ХХ = ХІ 6. 2-ні 5 рет пайдаланып 3 санына теңестір. Ж: (23 – 2) : 2 = 3 6-қадам – «Кім жылдам ?» 1. Ақыл ойды тәртіпке келтіретін «математика деген сөзді қай » ғалым айтқан? Ж: Ломоносов 2. Жанұяда 4 ұл және және әр баланың бір әпексі бар. Жанұяда неше бала бар? Ж: 5 3. 2 оқушы тоғызқұмалақты 4 сағат ойнайды. Оның әрқайсысы неше сағат ойнайды? Ж: 4 сағат 4. Пифогор теоремасы Ж: с2=a2+b2 5. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? Ж: 0 5. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы Ж: 1800 6. tg450- та нешеге тең? Ж: 1 7. Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 300 болса, онда … сөйлемді жалғастыр Ж: қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең 8. Сағаттың ¼ -і неге тең? Ж: 15 минут 9. 1 % дегеніміз не? Ж: 1/100 бөлік 10. Нүктенің бірінші координатасы қалай аталады? Ж: Абсцисса 11. 1 кг судың көлемі неге тең? Ж: 1 литр 12. Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? Ж: (егер ата, әке, бала болса) 13. 2-нің 6 дәрежесі. Ж: 64 14. Екі қатынастың теңдігі Ж: пропорция 15. Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? Ж: 1 16. Ең кіші жай санды атаңыз Ж: 2 17. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? Ж: 15 7-қадам. Жеңімпазды анықтау. Марапаттау. Ойынның нәтижесін шығару.Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.
математ, пирамида.ppt

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
Мақсаты: Білімділік.Оқушылардың  ойлау  қабілетін,   тапқырлығын, жылдамдығын,  таным   белсенділігін  арттыру; Дамытушылық:   белсенділігін  дамыту, ой­өрісін кеңейтуге   дағдыландыру, математикалық сұрақтарға    мәдени  түрде  жауап  беру,  қарым­ қатынасын дамыту; Тәрбиелік:  тез  ойлай  білуге,  шапшаңдыққа,  өз        бетімен жұмыс жасауға, көпшілік  алдында  өз   ойын еркін  айта  білуге  тәрбиелеу;

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
Сабақтың   жоспары  1 – қадам  «Есте  сақтайық» 2 – қадам«Математикалық  термин   құрастыру» 3 – «Кім  тапқыр?» Математикалық   сөзжұмбақ 4 – қадам – «Тарихи  зал» 5 – қадам – «Оқу  залы» 6 – қадам – «Кім  жылдам ?» 7 – қадам– Жеңімпазды  анықтау

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
1­қадам.   «Есте  сақтайық»

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
«Математикалық термин   2­қадам.   құрастыру» • Га­нс­тен   • Меа­дит­тр        • Аки­тем­фира  • Нол­ди­гоа  • Сия­грес­про  • Ең­шб­ре • Шұы­ бр­шү • Рв­ад­кат • Роп­ га­фи •   Су­со­кин

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
3­қадам. «Кім  тапқыр? »  Математикалық  сөзжұмбақ: 1. Бір  ағаштың  он  екі  бұтағы  бар, Әр  бұтағында  отыздан  жапырағы  бар. Жапырақтың  бір  жағы  ақ, Бір  жағы  қара   кәнеки  ойлан  тап.

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
2. Жоқ  өзінде  бас  та,  қас  та,  мойын  да,    Ұзындығы  жазулы  тұр  бойында 3.  Атадан  он  баламыз,     Бір­бір жастан  арамыз.     Қосылып  кейде  басымыз,     Азайып  кейде  қаламыз.     Бөлініп  кейде  арамыз,     Көбейіп  те  аламыз

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
2. Жоқ  өзінде  бас  та,  қас  та,  мойын  да,    Ұзындығы  жазулы  тұр  бойында 3. Атадан  он  баламыз,     Бір­бір жастан  арамыз.     Қосылып  кейде  басымыз,     Азайып  кейде  қаламыз.     Бөлініп  кейде  арамыз,     Көбейіп  те  аламыз

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
4. Мені  көрде  — жерді  көр,     Қозғалыстың  көкесі.     Айналыстан  туады     Планеталар  бір­бірін,     Шыр  айнала  қуады 5. Басқа кисең бөрік ,  Сәнді сұлу көрік бұл не?

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
5­қадам – «Оқу  залы» 1 .Кемпірдің үйіне ұрыға түсуге ұрылар келеді.Ұрылардың  келетінін кемпір біліп қояды да , кемпір олардың  алдарынан тосады. Сонда кемпір былай дейді. «Сапырып – сапырып  Сарманға бер,Құйып –құйып Құрманға бер, Есіктегі екеуге бер, Төрдегі төртеуге бер, Өзіңе де, маған бер» ­ деген екен. Мұны естіген ұрылар: Қой мұнымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»­ деп кетіп қалыпты. Кемпір ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу.

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
2. Қаланың шетінен орталыққа қарай келе  жатқан тролейбуста кондуктор мен шоферден  басқа 23 адам болды. Көпір жанында одан 7  адам шығып , 4 адам кірді. Кинотеатр жанында  5 адам шығып, 3 адам кірді. Келесі 9 рет  тоқтаған кезде 17 адам шығып ,19 адам кірді.  Вокзал жанында барлық адам түгел шықты  және бір адамның билетсіз мінгені анықталды.  Сонда тролейбус неше рет тоқтады?

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
3.Үш әке алты бала серуенге шықты, олар 42  алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына    6­дан алма тиді. Бұл қалай болғаны? 4.  Бірінші буыным құс аты,      Ал екіншісі – бояу түсі      Екеуін  біріктіріп  оқысақ      Оңынан да соңынан      Ұлт  болып  шығамын

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
5. Кеі шырпыны ауыстырып тура теңдік шығар:  XXV – XXI =XI          6. 2­ні 5 рет пайдаланып 3 санына  теңестір

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
4­қадам. «Тарихи   1. Русьта   сынық сан  деп деп  қандай санды  атаған?  зал»  2.Алғашқықазақша  алгебра  оқулығын  жазған  кім?     3“Трапеция” сөзін  ежелгі  гректер мына ұғымдардың   қайсысымен  атаған?    4.Қандай гүл математик  әйелдің  құрметіне аталған?   5. Ондық бөлшекті  алғаш  рет  ашқанXV  ғасырда   өмір  сүрген өзбек  математигі  кім?  Әл­Каши

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
Көремендермен ойын

Презентация «Математикалық пирамида»

Презентация «Математикалық пирамида»
6 – қадам. “Кім жылдам”
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017