Презентация научной работы на тему "Шохан Уалиханов"

  • Научно-исследовательская работа
  • doc
  • 19.05.2018
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Мазмұны Кіріспе 1. Ш.Уәлиханов - әдебиет зерттеушісі 2. “Манас” жыры Шоқан зерттеулерінде 3. Шоқан мұраларының маңызы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Тақырыптың өзектілігі. Ғалымдар пікіріне сүйене отырып, ғалымның уақыт сынына төтеп берген асыл мұрасының өміршеңдігін өзіндік ой-пікірмен жан-жақты ашып көрсету. Ғылыми жұмысының мақсаты: Шоқан Уәлихановтың әдебиет зерттеуіндегі ғылыми еңбектерінің маңызын, әдебиеттегі алатын орнын анықтау Мақсатқа жету барысында шешілетін міндеттер: - Ш.Уәлихановтың өмірі мен қоғамдық қызметіне шолу жасау - Ш.Уәлихановтың әдебиет зерттеудегі еңбектеріне талдау жасау - Ғалымның “Манас” жыры жайындағы айтқан пікірлерінің құндылығына тоқталу - Шоқан мұраларының маңызын айқындау Зерттеу әдістері: Ғылыми еңбектерді, мерзімді баспасөз мақалаларын пайдалана отырып, өзіндік ой-пікірлер нәтижелерін қорытындылау Ғылыми жұмыстың құрылысы: Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. К і р і с п е Шоқан Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ, отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Оның қысқа да жарқын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани ізденістерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырымының биіктей өркендеуіне ықпал етті. Шоқан (шын аты –Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында, Көкшетау уәзіне қарасты Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, балалық шағын Сырымбетте өткізді. Күрмеуге келмейтін қысқа, бірақ барынша мағыналы өмірін ғылым жолына бағыштаған Шоқан 1865 жылдың көктемінде қазіргі Талдықорған өңіріне қарасты Алтын Емел жотасының баурайында қайтыс болған. Шоқан-Абылайдың немересі. Абылайдың бірнеше әйелі болған. Қалмақтан алған әйелінен Қасым, одан Кенесары, Наурызбай қарақалпақ қызы Сайманнан Уәли, одан Шоқаннаң әкесі Шыңғыс туған. Шоқаннаң өзі әкесі Шыңғыс орысша білім алған, полковник, екі рет Петербургке патша алдына барған. Осындай отбасында өскен Шоқан да жасынан білім жолын қуады. Алғашқы білімді Құсмұрында алады. 1847 жылы Омбыдағы кадет корпусына түсіп, оны 1853 жылы бітіріп шығады. Одан соң Омбы Генерал-губернаторына қызмет істейді. 1857-1858 жылдары Қашқарияға саяхат жасап, Қытайдың алты шаһарының тарихын жазады. Айта кететін жайт, Шоқанның ерте өсіп, сана-сезіміне, рухани өсіп, жетілуіне бірден-бір әсер еткен әжесі-Айғаным. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға әжесі халық даналығының сарқылмас бұлағы болған Халықтың озық дәстүрлері мен салтын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесі Шоқан өмірінің аясына дейін ұмытпай есте сақтайды. Шоқан Уәлиханов қазақтың халық поэзиясына ерте жастан құмартып, оның классикалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата-атасына дауыстап оқып жүреді. “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” және “Ер Көкше ”атты халық дастандарын ол тіпті бала кезінде жазып алып, кейін өзінің ұстазы –Н.Ф.Костылецскийге берген. Шоқанның ғылымға ден қоюына, әкесінің алдыңғы қатарлы орыс интелегенциясының өкілдерімен тығыз байланыста болуы да үлкен әсер етті. Академик Л.И.Шренк, Сібір қазақтарының облыстық басқармасында қызмет істеген декабристер С.М.Семенов, В.И.Штейнгель, және Қазан университетінің студенттері С.Сотников, Н.Ф. Костылецский, т.б. көптеген жоғары білімді адамдар Шыңғыстың ауылында талай рет болған. Шыңғыс Қазақстанда зерттеу жұмыстарын жүргізген орыс ғалымдары үшін түрлі мәліметтер жинап, дайындау ісіне кейде өзінің баласын да қатыстырып отырған. Шоқан кадет корпусында оқып жүрген жылдары оған Белинский ізіндегі әдебиетші Н.Ф.Костылецский, И.В.Ждан-Пушкин, тарихшы Гонсевский, К.К.Гутковский, С.Я.Капустин сияқты оқымыстылардың зор ықпалы болды. Корпустың осындай маңдай алды оқытушылары жас Шоқанды білімге, ғылымға талпындырып, оның демократиялық көзқарастарының қалыптасуына көмектескен, озбырлықпен әділетсіздікке қарсы өшпенділік рухын көтеріп кітапқа, ғылыми әдебиет пен көркем әдебиетке құштарлығын күшейте түскен. Жас Шоқан буржуазиялық қоғам шыншылдықпен бейнеленген философиялық трактаттар мен әлеуметтік романдарды терең зерттеп оқиды. Шоқан негізінен орыстың ұлы ойшылдары Белинскийдің, Герценнің, кейінірек Чернышевский мен Добролюбовтың шығармаларынан өзінің философиялық танымдарын қалыптастырды. Уәлиханов Карлейльдің әлеуметтік-философиялық трактаттарымен қызыға танысып шықты. Өз мақалалары мен жазбаларында кейде соларға сүйенеді. Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясы Шоқанға зор әсер етті. Ол бұлардың көптеген өлеңдерін жатқа білді. Шоқан Батыс Европа жазушыларынан Руссоның, Диккенстің, Теккейдің, кейінірек материалист-философтардың еңбектерін зор зейін қойып оқиды. Жазғы демалыс кезінде Шоқан сахарадағы өзінің ауылы-Сырымбетке баратын. Бұл сапарлары оған үлкен ләззат алуымен қатар, өзінің туған еңбеккер халқының өмірін жақыннан көріп, оның өлең-жырларын аңыз-ертегілерін жете зерттеп, халық тұрмысының көрністерін суретке салып, бейнелеуіне мүмкіндік беретін. Өзінің туған елі мен Шығыс елдерін зерттеу, тіпті кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ Шоқанның ойында болады. Ол “зерттелмеген Азияда” үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді арман етеді. “Корпустың оқытушылары Шоқанды болашақ зерттеуші, тіпті ғалым болуы да ықтимал, деп жүрген кезде Шоқан не бәрі он төрт-он бес жаста еді “,-дейді Г.Н.Потанин (1;10) Шоқан корпустан жан-жақты терең білім алып, өзінің замандастарынан өресі анағұрлым биік болып шығады. Шоқан Кадет корпусын 1853 жылы он сегіз жасында бітіріп, офицерлік атақ алып шығады. Шоқан Уәлихановтың қоғамдық және әдеби қызметі оқуды бітіріп шығысымен –ақ бірден басталады. Ш.Уәлиханов ғылымның түрлі саласында еңбек еткен. Алайда оның шығармалары негізінен екі салаға жіктеледі: 1. Қазақтың өткендегі әдет-ғұрып, салты, ауыз әдебиеті , тарихы, Қытайдың алты шаһары жайындағы ғылыми-географиялық мәні бар еңбектері. Соңғы еңбегі арқылы Шоқан орыстың Георафилық қоғамына жиырма жасында мүше болған. 2. Шоқанның демократиялық көзқарастарын көрсететін саяси- әлеуметтік мәні бар еңбектері. Шоқанның басты арманы Қырғыз бен Орта Азия халықтарының этнографиясын, мәдениетін зерттеп, туған еліне шығармашылық қызмет ету болғандықтан, бұл арманы да жүзеге аса бастады. Яғни бұл тарихи оқиғамен тікелей байланысты. Бұл сол кезде Қазақстанды Ұлы жүз қазақтарымен Ыстықкөл қырғыздарының Ресейге өз еркімен қосылуына байланысты болған тарихи жағдайдың бірегейлігіне байланысты еді. Іле сырты өлкесіндегі Тянь- Шань тауында, сол секілді Шу алқабында атқарылуға тиісті үлкен де күрделі жұмыс тұрды. Мұнда Қоқан хандығының ықпалы әлі күшті еді, бұны Жетісу феодалы Таучобектің сөздірінен аңғаруға болды. 1854- 1857 ж.ж. Шоқан Ұлы жүз қазақтарының және қырғыздан бұғы Сарыбағыш және солту руларының Ресейге бейбіт жолымен қосылуы туралы мәселені шешуге жігерлі түрде қатысады. Сонымен бірге ол қазақтар мен қырғыздардың географиясын, тарихын, әдет-ғұрпын, халық поэзиясын күш салып зерттей бастайды. 1856 жылы Шоқанның ғылыми зерттеу еңбектерінің дамып, өркендей беруіне кең өріс ашылады. Ол Хоментовский деген білімді офицердің басшылығымен ұйымдастырылған үлкен әскери – ғылыми экспедецияға қатысады. Экспедицияның мақсаты қырғыз халқымен танысу және Ыстықкөл алабын картаға түсіру еді. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегеді. Осы сапары шынында Уәлихановтың Қашғар экспедициясы алдындағы сын қадамы болып табылады. Бұл сапарында Шоқан қырғыз халқының өмірімен, тұрмысымен бұрынғыдан да жақсы танысып, оның тарихы мен этнографиясын, халықтық поэзиясын терең зерттейді. Қажымас қажырлы еңбегінің нәтижесінде ол қырғыз халқы туралы өте бай тарихи этнографиялық очерктер, статистикалық мәліметтер, тарихи хабарлар, үйсіндер мен Алатау қырғыздарының халық әдебиетінің ескерткіштері туралы жазған. Бұл сапарында жас Шоқанның әсіресе,қырғыз халқының “Манас” атты атақты поэмасына алғашқы рет көңіл бөліп, бірінші рет оны ғылыми жолмен жазып алуының және ішінара орыс тіліне аударуының ерекше үлкен маңызы болды. Бұл поэмаға ол тұңғыш рет әдеби және тарихи талдау жасап, оның аңыздық кейіпкері-Манас образына және басқа кейіпкерлерге талдау жасайды. Ш.Уәлихановтың 1856-1857 жылдардағы алғашқы саяхаттарының ғылыми нәтижелері оның “Ыстықкөлге бару сапары” , “Қытай империясының Батыс провинциясы және Құлжа қаласы”, “Қырғыздар жайындағы жазбалар ” деген тамаша очерктерінде жазылған. Ш.Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық істері ХІХ ғасырдың елуінше жылдарының аяқ шені мен алпысыншы жылдарының бас кезінде әсіресе өрлей түседі. 1858-1859 жылдары Шоқан өзін ержүрек саяхатшы даңқына бөлеген атақты Қашқар саяхатына барып қайтады. Еуропаға беймәлім болып келген бұл елдердің географиясы, тарихы мәдениеті және саяси жағдайымен терең танысып, Ш.Уәлиханов Шығыс Түркістанды ғылыми жолмен зерттеудің бастамасын жасады. Көптен бері орнығып, қалыптасқан тәртіп бойынша Қашқарияның қақпасы ол кезде Еуропа ғалымдары үшін жабық еді. Белгілі географ Адольф Шлагинтвейт Қашқарияға Шоқаннан бір жыл бұрын барады, бірақ Уәлихан төре деген Қожа оны өлім жазасына бұйырып басын алады. Ғалымның қайғылы қазаға ұшырағаны жөніндегі ең алғашқы анық хабарды Шоқан алып келеді. Оның аянышты тағдыры бүкіл ғалымдар қауымын күйзелтеді. Уәлихановтың Қашқар экспедициясының нәтижелері аса бағалы болды. “Тазкриян Поджагян”(қожалар тарихы), “Абумүсілім Маурузи ” және басқалары сияқты сирек кездесетін шығыс қолжазбаларын алып келеді. Сонымен қатар Шоқан тау жыныстарының коллекциясын, нефрит түрлерін, гербарий, нумизатика мен керамика ескерткіштерін, этнографиялық бұйымдар және басқа да толып жатқан нәрселер алып қайтады. Уәлиханов алып келген аса бай материалдардың ішінде оның Шығыс Түркістанның тұрмыс қалпымен адамдарының түс-сипатын бейнелейтін, қарындашпен салған суреттері үлкен орын алады. Уәлихановтың сапарының ең басты нәтижесі “Алтышаһардың немесе Қытайдың Ман –лу (Кіші бұхара ) провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы туралы” деген күрделі еңбегі болды. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен географиясы, әлеуметтік құрылысы жөнінде толық мағлұмат беретін алғашқы ғылыми еңбек еді. Жаңа материалдарды қамтуы жөнінде және мәселені терең талдауы жағынан Уәлихановтың еңбегі біздің отандық ғылымызға қосылған үлкен байлық болды және күні бүгінге дейін өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Бұл тамаша еңбегінде жас ғалымның жан-жақты терең білімі, асқан дарындылығы, халық тұрмысын жақсы білетін көреген ақылдылығы, образды көркем тілді, нәзік юморы айқын көрінеді. Шоқан Уәлиханов - өзінің білгірлігімен, данышпандығымен жас та болса талайды таңдандырып кезінде Еуропа мен Ресейдің зиялы қауымын аузына қаратқан ғалым, зерттеуші. Оның тарих, жағрафия, этнография саласында жазған еңбектері ұлы дала тарихын аша түсетін, бұл саладағы ғалымдарға қосқан баға жетпес үлес болып табылады. Олай дейтініміз, орыстың небір керемет ғалымдары: Г.Н.Потаннин, И.И. Веселовский, К.К.Бутковский т.б. қазақ даласы, қазақ халқы жайлы көптеген деректерді, ғылыми тұжырымдарды осы Шоқан еңбектерінен алып, Шоқан ашқан кәусәр бұлақтан сусындады дей аламыз. Ал, оның қазақ баласына көрсеткен үлгісі, сілтеген жолы алдан көрінген адастырмас шамшырақ іспетті. Осылайша ұлы Шоқан тарихта, әдебиетімізде өз есімін ғана емес, қазақ деген халықтың да атын алтын әріптермен жазып қалдырған.Жизнь и творчество Шохана Уалиханова
Иконка файла материала Шоқан Уәлихановтың өмірі.doc
Мазмұны Кіріспе 1. Ш.Уәлиханов - әдебиет зерттеушісі 2. “Манас” жыры Шоқан зерттеулерінде 3. Шоқан мұраларының маңызы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізіміТақырыптың өзектілігі. Ғалымдар пікіріне сүйене отырып, ғалымның уақыт сынына төтеп берген асыл мұрасының өміршеңдігін өзіндік ой-пікірмен жан-жақты ашып көрсету. Ғылыми жұмысының мақсаты: Шоқан Уәлихановтың әдебиет зерттеуіндегі ғылыми еңбектерінің маңызын, әдебиеттегі алатын орнын анықтау Мақсатқа жету барысында шешілетін міндеттер: - Ш.Уәлихановтың өмірі мен қоғамдық қызметіне шолу жасау - Ш.Уәлихановтың әдебиет зерттеудегі еңбектеріне талдау жасау - Ғалымның “Манас” жыры жайындағы айтқан пікірлерінің құндылығына тоқталу - Шоқан мұраларының маңызын айқындау Зерттеу әдістері: Ғылыми еңбектерді, мерзімді баспасөз мақалаларын пайдалана отырып, өзіндік ой-пікірлер нәтижелерін қорытындылау Ғылыми жұмыстың құрылысы: пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, 2К і р і с п е Шоқан Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы- демократ, отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Оның қысқа да жарқын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани ізденістерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырымының биіктей өркендеуіне ықпал етті. Шоқан (шын аты –Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында, Көкшетау уәзіне қарасты Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, балалық шағын Сырымбетте өткізді. Күрмеуге келмейтін қысқа, бірақ барынша мағыналы өмірін ғылым жолына бағыштаған Шоқан 1865 жылдың көктемінде қазіргі Талдықорған өңіріне қарасты Алтын Емел жотасының баурайында қайтыс болған. Шоқан-Абылайдың немересі. Абылайдың бірнеше әйелі болған. Қалмақтан алған әйелінен Қасым, одан Кенесары, Наурызбай қарақалпақ қызы Сайманнан Уәли, одан Шоқаннаң әкесі Шыңғыс туған. Шоқаннаң өзі әкесі Шыңғыс орысша білім алған, полковник, екі рет Петербургке патша алдына барған. Осындай отбасында өскен Шоқан да жасынан білім жолын қуады. Алғашқы білімді Құсмұрында алады. 1847 жылы Омбыдағы кадет корпусына түсіп, оны 1853 жылы бітіріп шығады. Одан соң Омбы Генерал-губернаторына қызмет істейді. 1857-1858 жылдары Қашқарияға саяхат жасап, Қытайдың алты шаһарының тарихын жазады. 3Айта кететін жайт, Шоқанның ерте өсіп, сана-сезіміне, рухани өсіп, жетілуіне бірден-бір әсер еткен әжесі-Айғаным. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға әжесі халық даналығының сарқылмас бұлағы болған Халықтың озық дәстүрлері мен салтын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесі Шоқан өмірінің аясына дейін ұмытпай есте сақтайды. Шоқан Уәлиханов қазақтың халық поэзиясына ерте жастан құмартып, оның классикалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата-атасына дауыстап оқып жүреді. “Қозы Көрпеш- Баян Сұлу” және “Ер Көкше ”атты халық дастандарын ол тіпті бала кезінде жазып алып, кейін өзінің ұстазы – Н.Ф.Костылецскийге берген. Шоқанның ғылымға ден қоюына, әкесінің алдыңғы қатарлы орыс интелегенциясының өкілдерімен тығыз байланыста болуы да үлкен әсер етті. Академик Л.И.Шренк, Сібір қазақтарының облыстық басқармасында қызмет істеген декабристер С.М.Семенов, В.И.Штейнгель, және Қазан университетінің студенттері С.Сотников, Н.Ф. Костылецский, т.б. көптеген жоғары білімді адамдар Шыңғыстың ауылында талай рет болған. Шыңғыс Қазақстанда зерттеу жұмыстарын жүргізген орыс ғалымдары үшін түрлі мәліметтер жинап, дайындау ісіне кейде өзінің баласын да қатыстырып отырған. Шоқан кадет корпусында оқып жүрген жылдары оған Белинский ізіндегі әдебиетші Н.Ф.Костылецский, И.В.Ждан- Пушкин, тарихшы Гонсевский, К.К.Гутковский, С.Я.Капустин сияқты оқымыстылардың зор ықпалы болды. Корпустың осындай маңдай алды оқытушылары жас Шоқанды білімге, оның қалыптасуына демократиялық ғылымға талпындырып, көзқарастарының 4Герценнің, көмектескен, озбырлықпен әділетсіздікке қарсы өшпенділік рухын көтеріп кітапқа, ғылыми әдебиет пен көркем әдебиетке құштарлығын күшейте түскен. Жас Шоқан буржуазиялық қоғам шыншылдықпен бейнеленген философиялық трактаттар мен әлеуметтік романдарды терең зерттеп оқиды. Шоқан негізінен орыстың ұлы ойшылдары Белинскийдің, кейінірек Чернышевский мен Добролюбовтың шығармаларынан өзінің философиялық танымдарын қалыптастырды. Уәлиханов Карлейльдің әлеуметтік-философиялық трактаттарымен қызыға танысып шықты. Өз мақалалары мен жазбаларында кейде соларға сүйенеді. Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясы Шоқанға зор әсер етті. Ол бұлардың көптеген өлеңдерін жатқа білді. Шоқан Батыс Европа жазушыларынан Руссоның, Диккенстің, Теккейдің, кейінірек материалист-философтардың еңбектерін зор зейін қойып оқиды. Жазғы демалыс кезінде Шоқан сахарадағы өзінің ауылы-Сырымбетке баратын. Бұл сапарлары оған үлкен ләззат алуымен қатар, өзінің туған еңбеккер халқының өмірін жақыннан көріп, оның өлең-жырларын аңыз-ертегілерін жете зерттеп, халық тұрмысының көрністерін суретке салып, бейнелеуіне мүмкіндік беретін. Өзінің туған елі мен Шығыс елдерін зерттеу, тіпті кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ Шоқанның ойында болады. Ол “зерттелмеген Азияда” үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді “Корпустың оқытушылары Шоқанды болашақ зерттеуші, тіпті ғалым болуы да ықтимал, деп жүрген кезде Шоқан не бәрі он төрт- он бес жаста еді “,-дейді Г.Н.Потанин (1;10) арман етеді. 5Шоқан корпустан жан-жақты терең білім алып, өзінің замандастарынан өресі анағұрлым биік болып шығады. Шоқан Кадет корпусын 1853 жылы он сегіз жасында бітіріп, офицерлік атақ алып шығады. Шоқан Уәлихановтың қоғамдық және әдеби қызметі оқуды бітіріп шығысымен –ақ бірден басталады. Ш.Уәлиханов ғылымның түрлі саласында еңбек еткен. Алайда оның шығармалары негізінен екі салаға жіктеледі: 1. Қазақтың өткендегі әдет-ғұрып, салты, ауыз әдебиеті , тарихы, Қытайдың алты шаһары жайындағы ғылыми- географиялық мәні бар еңбектері. Соңғы еңбегі арқылы Шоқан орыстың Георафилық қоғамына жиырма жасында мүше болған. 2. Шоқанның демократиялық көзқарастарын көрсететін саяси- әлеуметтік мәні бар еңбектері. Шоқанның басты арманы Қырғыз бен Орта Азия халықтарының этнографиясын, мәдениетін зерттеп, туған еліне шығармашылық қызмет ету болғандықтан, бұл арманы да жүзеге аса бастады. Яғни бұл тарихи оқиғамен тікелей байланысты. Бұл сол кезде Қазақстанды Ұлы жүз қазақтарымен Ыстықкөл қырғыздарының Ресейге өз еркімен қосылуына байланысты болған тарихи жағдайдың бірегейлігіне байланысты еді. Іле сырты өлкесіндегі Тянь- Шань тауында, сол секілді Шу алқабында атқарылуға тиісті үлкен де күрделі жұмыс тұрды. Мұнда Қоқан хандығының ықпалы әлі күшті еді, бұны Жетісу феодалы Таучобектің сөздірінен аңғаруға болды. 1854- 1857 ж.ж. Шоқан Ұлы жүз қазақтарының және қырғыздан бұғы Сарыбағыш және солту руларының Ресейге бейбіт жолымен қосылуы туралы мәселені шешуге жігерлі 6өркендей беруіне кең өріс ашылады. түрде қатысады. Сонымен бірге ол қазақтар мен қырғыздардың географиясын, тарихын, әдет-ғұрпын, халық поэзиясын күш салып зерттей бастайды. 1856 жылы Шоқанның ғылыми зерттеу еңбектерінің дамып, Ол Хоментовский деген білімді офицердің басшылығымен ұйымдастырылған үлкен әскери – ғылыми экспедецияға қатысады. Экспедицияның мақсаты қырғыз халқымен танысу және Ыстықкөл алабын картаға түсіру еді. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегеді. Осы сапары шынында Уәлихановтың Қашғар экспедициясы алдындағы сын қадамы болып табылады. Бұл сапарында Шоқан қырғыз халқының өмірімен, тұрмысымен бұрынғыдан да жақсы танысып, оның тарихы мен этнографиясын, халықтық поэзиясын терең зерттейді. Қажымас қажырлы еңбегінің нәтижесінде ол қырғыз халқы туралы өте бай тарихи этнографиялық очерктер, статистикалық мәліметтер, тарихи хабарлар, үйсіндер мен Алатау қырғыздарының халық әдебиетінің ескерткіштері туралы жазған. Бұл сапарында жас Шоқанның әсіресе,қырғыз халқының “Манас” атты атақты поэмасына алғашқы рет көңіл бөліп, бірінші рет оны ғылыми жолмен жазып алуының және ішінара орыс тіліне аударуының ерекше үлкен маңызы болды. Бұл поэмаға ол тұңғыш рет әдеби және тарихи талдау жасап, оның аңыздық кейіпкері-Манас образына және басқа кейіпкерлерге талдау жасайды. Ш.Уәлихановтың 1856-1857 жылдардағы алғашқы саяхаттарының ғылыми нәтижелері оның “Ыстықкөлге бару сапары” , “Қытай империясының Батыс провинциясы және 7Құлжа қаласы”, “Қырғыздар жайындағы жазбалар ” деген тамаша очерктерінде жазылған. Ш.Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық істері ХІХ ғасырдың елуінше жылдарының аяқ шені мен алпысыншы жылдарының бас кезінде әсіресе өрлей түседі. 1858-1859 жылдары Шоқан өзін ержүрек саяхатшы даңқына бөлеген атақты Қашқар саяхатына барып қайтады. Еуропаға беймәлім болып келген бұл елдердің географиясы, тарихы мәдениеті және саяси жағдайымен терең танысып, Ш.Уәлиханов Шығыс Түркістанды ғылыми жолмен зерттеудің бастамасын жасады. Көптен бері орнығып, қалыптасқан тәртіп бойынша Қашқарияның қақпасы ол кезде Еуропа ғалымдары үшін жабық еді. Белгілі географ Адольф Шлагинтвейт Қашқарияға Шоқаннан бір жыл бұрын барады, бірақ Уәлихан төре деген Қожа оны өлім жазасына бұйырып басын алады. Ғалымның қайғылы қазаға ұшырағаны жөніндегі ең алғашқы анық хабарды Шоқан алып келеді. Оның аянышты тағдыры бүкіл ғалымдар қауымын күйзелтеді. Уәлихановтың Қашқар экспедициясының нәтижелері аса бағалы болды. “Тазкриян Поджагян”(қожалар тарихы), “Абумүсілім Маурузи ” және басқалары сияқты сирек кездесетін шығыс қолжазбаларын алып келеді. Сонымен қатар Шоқан тау жыныстарының коллекциясын, нефрит түрлерін, гербарий, нумизатика мен керамика ескерткіштерін, этнографиялық бұйымдар және басқа да толып жатқан нәрселер алып қайтады. Уәлиханов алып келген аса бай материалдардың ішінде оның Шығыс Түркістанның тұрмыс қалпымен адамдарының 8түс-сипатын бейнелейтін, қарындашпен салған суреттері үлкен орын алады. Уәлихановтың сапарының ең басты нәтижесі “Алтышаһардың немесе Қытайдың Ман –лу (Кіші бұхара ) провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы туралы” деген күрделі еңбегі болды. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен географиясы, әлеуметтік құрылысы жөнінде толық мағлұмат беретін алғашқы ғылыми еңбек еді. Жаңа материалдарды қамтуы жөнінде және мәселені терең талдауы жағынан Уәлихановтың еңбегі біздің отандық ғылымызға қосылған үлкен байлық болды және күні бүгінге дейін өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Бұл тамаша еңбегінде жас ғалымның жан-жақты терең білімі, асқан дарындылығы, халық тұрмысын жақсы білетін көреген ақылдылығы, образды көркем тілді, нәзік юморы айқын көрінеді. Шоқан Уәлиханов - өзінің білгірлігімен, данышпандығымен жас та болса талайды таңдандырып кезінде Еуропа мен Ресейдің зиялы қауымын аузына қаратқан ғалым, зерттеуші. Оның тарих, жағрафия, этнография саласында жазған еңбектері ұлы дала тарихын аша түсетін, бұл саладағы ғалымдарға қосқан баға жетпес үлес болып табылады. Олай дейтініміз, орыстың небір керемет ғалымдары: Г.Н.Потаннин, И.И. Веселовский, К.К.Бутковский т.б. қазақ даласы, қазақ халқы жайлы көптеген деректерді, ғылыми тұжырымдарды осы Шоқан еңбектерінен алып, Шоқан ашқан кәусәр бұлақтан сусындады дей аламыз. Ал, оның қазақ баласына көрсеткен үлгісі, сілтеген жолы алдан көрінген адастырмас шамшырақ іспетті. Осылайша ұлы Шоқан тарихта, әдебиетімізде өз есімін ғана емес, қазақ 9деген халықтың да атын алтын әріптермен жазып қалдырған. Ш.Уәлиханов -әдебиет зерттеушісі Шоқан Уәлиханов заманының ірі ғалымы, талант иесі, әрі жазушы еді. Қазақтың тарихын, этнографиясын және әдебиетін алғаш зерттеген Шоқан қазақ әдебиетінің теориясы мен тарихы туралы тұңғыш рет пікір айтып, көп еңбектер жазды. Оның қазақ әдебиеті мен мәдениеті орыс жұртшылығын алғаш танытушы болғаны мәлім. Бұл істе Шоқан жалғыз болған жоқ. Шоқан тұстас кейбір орыс ғалымдары қазақ әдебиеті мен мәдениеті туралы пәкірлер айтып, қазақтың ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерін баспаға шығарушы да болды. Олардың ішінде. Г.Потанин, В.Березин, В.Радлов т.б. еңбектері ерекше. Шоқан негізінен, публицист жазушы. Ол өзінің еңбегін мақала, очерк, хат ретінде жазып қалдырды. Қазақтың халықтық қасиеттері туралы Шоқан құнды пікірлер айтқан адам. “Орыс патшалығының қарамағындағы халықтардың ішінде тағылыққа жат халықтың біреуі қазақ дейді. Ол Қазақтың мәдениетімен орыс жұртшылығын таныстыра 10отырып, Шоқан қазаққа мәдениетсіз тағы халық деп қарауға болмайды, қазақта ертеден келе жатқан халықтық әдебиет бар екенін дәлелдеген ” Біздің халықтың бай және поэтикалық құны жоғары реалистік әдебиеті бар деп атап көрсеткен. Шоқанның әдебиет зерттеушілік еңбегі ерекше. Ол қазақ жерін түгел дерлік аралап, халықтың ауыз әдебиетін сүйсіне жырлаған, зерттеп пікір айтқан. Шоқанның көлемді бір пікір –қырғыздың “Манас жыры” туралы. Бұл жырдың Көкетай хан өліп, оған ас беру жайларын баяндайтын жерін жазып та алған. Бұдан кейін қазақ аңыздары мен ертегілерін жиып, оған айтқан пікірлері әсіресе, “Абылай мен оның батырлары” туралы аңыз, өлі мен тірі және олардың достығы туралы аңыз және Жанақ, Түбек, Шөже, Орынбай сияқты және жеке ақындар мен ақындық өлең туралы айтқандары өте құнды. Бұл әдеби пікірін, ол қазақтың мәдениетімен байланыстыра айтқан. Қазақтың ауыз әдебиетінің мазмұнынына тоқтағанда Шоқан ауыз әдебиетін халық тарихына байланыстыра, өмір шындығының бір көрінісі ретінде көрсетеді. Шоқанның әдебиет зерттеу еңбектері өзінің осындай ғылымдық жоғары маңызымен және бұқарашылдығымен құнды. Ол әдебиеттің қоғамдық мәнін, халықтық қасиетін, реалистік сипатын қастерлеуді талап етті. Оның ғылыми еңбектері әдебиет мәселесін кең қамтиды. “Ұлы жүз қазағының ескі сөздері” ертегісі, “Ыстықкөл саяхатының күнделік дәптері”, “Қытай мемлекетінің батыс өлкесі және Құлжа қаласы”, “Құлжа күнделіктері”, “Қырғыз халқы туралы жазбалар” т.б. мақала, очерк, хаттары 11Осындай әдебиетке байланысты мол шығармалар. еңбектерінде Шоқан өзінің талапты публицист жазушы екенін көрсете алады. Өмірден көргендері мен түйгендерін Шоқан өзіне тән шебер тілмен бейнелей суреттейді. Осыдан оның очеркі мен күнделіктері жай ғылыми еңбек қана болып қалмай, көркем шығарма, көркем публицистика дәрежесіне көтеріледі. “Өзінің бейнелі де шешен сөздерінің арқасында Шоқан еңбектері әңгіме, повестер сияқты оқушысын өзіне бірден тартып баурап алады”,- деп атап көрсетті профессор Х.Сүйіншәлиев (2;10). Шоқан еңбектерінде табиғат суреті, адам портреті, характері, үй-жайы сипатымен көркем баяндалып, оқушысын үлкен полотнаға салдырған сұлу суреттер галериясына ертіп әкелгендей болды. Мысалы, 1858 жылы Құлжаға қарай аттаныс сапарын баяндай келіп, жазушы Алтын Емел маңын, Алатау аңғарын, бұл жерлердің сұлу табиғатын сүйсіне суреттейді. Мысалы: “Айнала жайнап тұрған қызылды- жасылды қызғалдақтар, ұзын сабақты ақ мәйлілердің басына қонып алып, саршымшықтар шайқалып шырылдап отыр. 25 шақырым жер жүргеннен кейін кешкі салқын түсе керуен сарқыраған бір өзеннің жағасына тоқтап, зәулім биік бәйтеректің саясына немесе күміс жапырақты жиделердің көлеңкесіне аялдап отырды. Лаулап жанған оттың айналасына жұрт көңілденіп, ойын-сауық, думан құрды, ал бұқаралықтар қорқар тартып, Хафиз жырларын” айтты. Міне, бұл табиғат пен жол үстіндегі адамдар өмірінің көркем бейнеленген суреті... Шоқанның күнделіктері де өзінің көркемділігімен көз тартады. Оның күнделіктерін көркем шығарма деуге әбден 12болады. Өзі көзімен көріп отырған нәрсенің бірде-бірін жай сөзбен тізе салмайды, қолына қыл қаламын алып,жақсы бояулармен полотноға түсіріп отырған суретшідей бейнелеп жазады. Осыдан болса керек, Шоқан туралы келелі пікір айтып, маңызды зерттеулер жазған көрнекті профессор Ә.Марғұлан Шоқанды жазушы деп таныды. Мысалы үшін жазушының Құлжалық Тугалай деген қартты бейнелеген жерін еске сала кетсек: “Тугалдай сығыр қырсық көзін үлкен көзілдірігімен сәндеген, қаршыға тұмсық, арықтау келген қарт. Оның аузы сәл қисық, үстіңгі ерні үш бұрыштың төбе қиығындай да, ернінің екі шеті езуге тіреледі. Еріндерінің арасынан онымен тамаша табысқан көгілдір- буырылдау кофе түсті сынық тістері көрініп тұрды. Жасына қарамастан ол өте сөйлемпаз екен, шұнаңдап-ақ тұр. Үстіне жібек шапан киіп, қара белбеу буылған, белбеуіне темекі дорба мен желдеткіш ілген. Осы үзіндідегі адам портреті қандай көркем шығарманың болса да бейнелеулерінен кем түспейді. Сондықтан Х.Сүйіншәлиевтің сөзімен айтқанда, Шоқан күнделіктерінің тілі мен стиліне осы бір көркемдік тән қасиет деп айтуымызға болады. Шоқан шығармаларында осындай суреттер мол ұшырайды. Мысалы, Құлжадағы базаршылар көрінісі, әрбір ұлт өкілінің киімдері, сырт келбеті, істері, сөздері түгел бейнелі сөзбен баяндалады. Шоқан Құлжа қаласының көшелері мен ондағы қарапайым адамдары, тіпті үй шаруашылығы шебер баяндалады. Бейнелеп жазған көптеген эпизодтар оның күнделігінің көркемдігін күшейтіп, суреткер екенін танытады. 13Шоқанның ең жақсы публицистика саласындағы мақаласының бірі-“Жоңғар очерктері”. Мұнда Қазақстанның және онымен іргелес елдің әлеуметтік, экономикалық жағдайы, еңбекшілердің қарапайым тұрмысы исламның зардаптары өте өткір тілмен баяндалып отырады. “Жоңғар очеркінде” әсіресе Шоқан Орта Азия мен Қазақ халқының мәдениеттен артта қалып отырғандығын баса көрсетті. Енді бір мақаласында ол шығыс Түркістан елінің саяси өмірін кең баяндап берді. Бұл мақала императорлық орыс географиялық қоғамы жазбаларының 1861 жылы 3-ші кітапшасында “Қытай провинциясы Конлудағы немесе Шығыстың алты қаласының хал-ақуалы” деген атпен басылды. 1865 жылы Лондонда ағылшынша басылды. Мұнан кейін Шоқан қырғыздың әдет-ғұрып жөніндегі мақаласы “Северная пчела” журналына шықты. Азия дипертаменттігінің жұмысына қарамастан Шоқан үнемі публицистика саласымен айналысып отырды. “Өз халқының тарихын жазып, ертегілер жинағын жасау, халықтың әдет-ғұрпын, тұрмысын зерттеу жұмыстары ғана Шоқанды ықыластандырып қойған жоқ. Шынында да қазақтың публицисті немесе әдебиетшісі болуға тиісті еді, бірақ өмір талабы оны оқымысты ориенталист немесе орыс әдебиетшісі еткісі келді”,-деп жазды. Г.Н.Потанин (1;60 ). Географиялық қоғам құруда белсене түрде қатысып, талантты публицист екенін танытты. Сондықтан біз Шоқанды қазақтың нағыз публицист жазушысы деуімізге әбден болады. Профессор Х.Сүйіншәлиевтің пікіріне сүйене отыры, Шоқан қазақ әдебиеті тарихында белгілі орны бар, ол қазақ әдебиетіне 14демократтық, ағартушылық, әлеуметтік озық идея енгізуші, оның дамуы үшін көп еңбек ететін білімді әдебиетші, әрі публицист жазушы екендігін айтуға болады. Сонымен қатар ол әдебиет ғылымы публицистикасы қатар дамуы үшін ерекше еңбек еткен адам. Орыс тілінде жазылса да Шоқанның күнделігі мен очерктері қазақ публицистикасы тарихынан елеулі орын алуға тиіс, оның әдебиет тарихындағы орны да осындай еңбегімен маңызды болады. Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың көп қырлы мұрасының бір саласы-ауыз әдебиеті туралы еңбектері. Ол бір-біріне етене жақын қазақ пен қырғыз фольклоры жайында аса бағалы зерттеулер қалдырды. Сонымен қатар ғалымның шығармаларында Орта Азия, Қазақстан, Сібір халықтарының ауыз әдебиеті жөнінде де ойлар мен тұжырымдар кездеседі. Мәселен, ол саха (якут) аңыздары мен эпикалық жаратындылары турасында алғашқылардың бір қатарында пікір айтқан. Оның еңбектерінде ұйғыр, қалмақ, алтай, монғол, бурят, қарақалпақ, түрікмен, өзбек фольклорына қатысты қызықты талдаулар ұшырайды. Мұның бәрі бұл халықтардың тарихы мен мәдениетін тексерушілер аттап өте алмайтын маңызды куәліктер болып табылады. Шоқан Уәлихановтың фольклоршылық туындыларын сөз еткенде кейбір мәселелерді ескеріп отырған жөн. Ол қай халықтың болмасын ауыз әдебиетін бірыңғай зерттеген емес. Бұлай етуге ғалымның мүмкіндігі де болмаған. Шоқанның фольклор ескерткіштері туралы байқаулары –оның арнайы әскери немесе әкімшілік тапсырмаларын орындай жүріп, жол жөнекей тапқандары. Асқан зеректігінің және білімділігінің 15арқасында Шоқан сондай санаулы қысылтаяң сапарларының өзінде қыруар материал жинай білген. Ш.Уәлиханов еңбектерінің және бір ерекшелігі олардың “көпқабаттылығында ” деуге болады. Ол әрбір күнделігінде немесе очеркінде белгілі бір өлкенің, халықтың тарихын, этногрфиясын, археологиясын, ән-күйін, тілін, әдебиетін тұтастай жазып отырған. Сондықтан да оның таза географиялық дейтін зерттеулерінің өзінде тарих пен салт – санаға байланысты байламдар да табыла береді. Қиындығы, кездейсоқтығы мол ресми қызметтерде жүріп, бас-аяғы он шақты жылдың ішінде Шоқанның әмбебап еңбектер жазғаны қайран қарарлық. Бұл оның әуел бастан болашақ ғылыми нысанасын анықтап алған мақсаттылығына да, патшалық отарлаушылық езгісінде жатқан елдердің рухани мүмкіндігін таныстырғысы келген азаматтық аңсарына да байланысты болса керек. Тағы да бір атап өтерлік мәселе-Шоқанның ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, түсіндірудегі мұраты жайында. Ғалым фольклор деректерін табуды жеке өзіндік мақсат деп қарамаған. Ол аңыз әдебиеті мағлұматтарын жазбаша ескерткіштері аз сақталған халықтардың тарихи даму өзгешеліктерін, саяси- қоғамдық ахуалын танып –білудің құралы санаған. Мұндай ойларын Шоқан әлденеше қайталап, жазып қалдырған. Оның зерттеулерінде халықтар тіршілігінің сан тарауы білгір де мол қамтылып отыратыны осы себептен. Ғалым рухани және материалдық мәдениетті бір-бірінен бөліп алып қарамайды, солардың арасынан бірлік, белгілі бір заңдылық іздейді. Оның археология туралы толғамдарында ел өмірінің ерекшелігін “түптеп тартып” көрсетуге ниеті сезіледі. Молаға үйілген наным-сенімдерін, мәдениетін, 16обалар мен басына қойылатын құлпытастар жөнінде кең салыстырулар жасай келіп, ғалым аса маңызды қорытынды жасай біледі. Қазақ даласында көне ескерткіштердің басқа да бірнеше түрлері бар. Қазақ даласынан ғимарат, мұнара және басқаларының қалдықтары табылып жүр. Соған қарағанда, бұл даланың оңтүстік бөлімі бір кездерде отырықшы халықтың мекені болған деген ой туады” (3; 208-209). Осылайша ғалым сенімді ғылыми қоытындыларға келу үшін заттық мәдениет жәдігерлерін де жиі сипаттап отырады., кейде археологиялық, енді бірде этнографиялық деректерге сүйенеді, тағы бірде фольклор куәлігін таяныш етеді. Қазақ халқының этногенезін анықтауға “қырғыздар бір заманда Алатау аңғарына Сібірден, Енисей бойынан көшіп келген” дейтін жорамалдың шындығына жетуге ғалым аңыз деректерін әсіресе көп пайдаланады. Бұл жөніндегі аңыз ертегілердің мәнін ол былайша бағалайды. “...Аңыз- ертегілердің белгілі бір сындарлы жүйесі жоқ және көбінесе шындыққа жанаспайтын болғанымен, бәрін тұтас алғанда халықтың өткендегі өмірінің қысқаша тарихи суретін бейнелейді (4;304). Бұл айтылғандардан Шоқанның халық тарихын түсіндіруге азды-көпті септігін тигізетін аңызды мейлінше зейін қоя жинауының және зерттеуінің себебі аңғарылса керек. Мұндай ғылыми тәсілдің жемісті болғанын ғалымның күллі еңбектері толығымен дәлелдейді. Шежірелерді салыстыра археологияның, тілдің, музыканың куәліктеріне сүйене отырып, зерттеуші көп ақиқатты ашып береді. этнографияның, 17Өзінің барлық жұмыстарына методологиялық тірек етіп ұстанған осындай көзқарасын Ш.Уәлиханов енді бірде тереңдете келіп, шығыс жазбаларында шым-шытырық халық араласып кеткен тарихи фактілерден гөрі аңыздарының маңызын артық санайды. “...Көшпелі халықтардың, зады, жазба әдебиеті жоқ тайпалар тарихының негізгі көзі олардың аңыздары немесе солармен байланысты болған мәдениетті халықтардың шежірелерінен алынған мәлімет үзінділері болып келеді және солай болада бермек!” (4; 306). Осының ізінше Шоқан аңыздардың деректемелік сипатын “бір-бірімен байланысы жоқ әрі дүдәмалдау тарихы баяндарды анықтауға аңыздардың, қосымша мәлімет есебінде, ерекше үлкен мәні бар екені күмәнсіз ” екендігін нақтылай түседі. Қырғыздың ежелгі мекені Әндіжан мен Алатау аралығы екенін ғалым аңыз мағлұматтарынан да іздейді. Халық арасында қырғыздардың сонау Енисей бойынан көшіп келгені жайында ешқандай аңыз сақталмағанына қарап ол “қоныс ауыстыру ” теориясына мықтап күмән келтіреді, “Анағұрлым ертеректе пайда болған аңыздарды есінде сақтап отырған халық өзінің туған елінен қоныс аударғаны сияқты аса зор оқиғаны небәрі жүз жылдай ғана қысқа уақыттың ішінде мүлдем ұмытыпты деп ойлаудың өзі қиын” екендігін айтады (4;310). Осы пікірін Шоқан қырғыздар арасында ноғайлы заманы туралы аңыз әңгімелердің көп сақталуымен де дәлелдемек болады. Бұл арада ол қырғыз тарихы Сібірмен емес, қазақтармен, ноғайлармен ежелден бері көбірек байланысты деген тұжырымды ұсынады. “...Алатау 18қырғыздарының жер ауып келгендігін теріске шығаратын тағы бір тамаша факт-ол қырғыздармен тату көрші болып отырған туысқан халық ретінде айтылатын ноғайлылар жөніндегі аңыздар” деген пікірді айтады (4, 234). Бұл пікірлер айтылғаны біраз уақыт өтті. Осы аралықта қоғамдық ғылымдар, соның ішінде тарих ғылымы көптеген тың фактілермен толықты жаңа жорамалдар, қосалқы фактілер пайда болды, қырғыздардың ата қонысы, көш жолы жөнінде топшылаулар айтылып келеді. Біз Шоқан қисынын ғалымның соңғы сөзі деп келтіріп отырған жоқпыз, оның халық тарихының мәселелерін түсіндіруге ауыз әдебиеті материалдарын пайдалану принципін ғана дәлелдей түсуді ниет еттік. Ш.Уәлиханов қырғыздардың Енесей дәуірін де жоққа шығармайды, бұл ретте де ол көптеген халықтардың шежірелері мен аңыздарына сүйенеді. “Оңтүстік Сібір алғашқы дәуірдің өзінде-ақ қырғыздардың көшіп-қонып жүрген тұрақты мекені болған…Көшпелі халықтар мен тайпалардың тарихы сонау ерте заманнан бастап бізге біресе тасып, біресе кейін қайтқан дария сияқты болып көрінеді. Саяси төңкерістер мен соғыс атаулының баршасы да халықтарды қозғалтып, қоныс аудартып отырған “(4;238). Демек, Шоқанның пайымдауы бойынша қырғыздардың бір бөлігінің Алатауға келген шағы бертінде емес, аңыз дерегі мүлде ұмытылған бағы замандарда орын алған… Шоқан Уәлихановтың бір таң қалатыны ноғайлы аңыздарының тек Алатау қырғыздарына ғана емес, Сібірдің иен даласын жайлаған түркі тілдес халықтарға да танымал болып, ауыздан-ауызға айтылып келгендері. Сол аңыз бірлестігіне қарап ғалым ұлан-байтақ бұл атыраптағы 19халықтардың кейде генетикалық, кейде мәдени жағынан туыс екеніне көз жеткізеді. Қырғыз тарихына қатысты мағлұматтарға бойлаған сайын Шоқан “аңыз –халықтың өзгеше естелігі ” деген қорытындыға мықтап табан тірейді, әпсана әңгімелердің танытқыштық қасиетіне шәк келтірмейді. Қырғыз халқының рухани дамуының жалғыз ғана ескерткіші –ол проза немесе өлең түрінде ауызша айтылатын эпикалық аңыздары екендігін тұжырымдайды. Қазақ ғалымының қырғыздарға арналған негізгі зерттеуі “Қырғыздар туралы жазбалар” деп аталады. Бұл бірегей еңбектің сан-сала мәселені қамтығаны және материалдарының байлығы соншалық -әлі күнге дейін өзінің ғылыми мәнін жойған жоқ. Сондай-ақ, “Ыстықкөлге 1856 жылғы сапардың күнделігі”, “Оңтүстік сібір руларының тарихынан жазбалар” деген еңбектерде де қырғыздар хақында қызғылықты ойлар бар. Қырғыз фольклорының нұсқаларымен кең танысқан алғыр ойлы ғалым халық ауыз әдебиетін тұңғыш рет жүйелеуге барады. Оның жіктеуі бойынша қырғыз ауыз әдебиеті ергегі –аңыздар, эпикалық поэмалар, тұрмыс –салт өлеңдер болып үш топқа бөлінеді. Осылай жинақтауының өзі Шоқанның қырғыз халқы алдындағы өшпес еңбегі болып саналады. Ғалым осы жіктеуінің алғашқы екі тобына тереңдеп тоқталады. Қырғыздарда қысқа халықтық лирикалық өлеңдер тым аз деген ғалым тұжырымын шартты түрде ғана ұғынсақ абзал. Шоқан қырғыз жеріне тікелей қызмет бабымен барған кездерінде, әрине, халық өлеңдерін толық теріп, топтауға да, олардың табиғатын зерттеуге де еркін 20уақыт таба бермеген. Ғалымның қырғыздарда тұрмыс-салт өлеңдері аз деп есептеуі оларды ұлан-ғайыр эпостармен салыстыруынан ғана шыққан түйін секілді. Шоқан жазып алған қырғыз аңыздары мен эпикалық жырларына жекелеп тоқталардан бұрын ғалымның олардың жалпы түркі тілдес халықтар мұрасымен, соның ішінде қазақ, қарақалпақ, ноғай, көшпелі өзбек ауыз әдебиетімен ұқсастықтарына жіті назар аударғанын атап өту керек. Ол қырғыз арасында Асанқайғы туралы аңыздың барлығына көңіл бөледі, жырларда “Орманбет би өлгенде, он сан ноғай бүлгенде” секілді тіркестердің қайталанып келіп отыратынын кездейсоқ құбылыс деп қарамайды. Жалпы алғанда, Ш.Уәлихановтың қазақ, қырғыз, қарақалпақ арасындағы көптеген аңыздардың, жырлардың, өлеңдердің төркінін сол халықтардың басы бірігіп өмір кешкен дәуір шындығынан іздеуі –аса қызықты болжам, бұл арнаулы зерттеулерде анықтала түсетін проблема деп қарауымыз керек. Қырғыз ертегі, аңыздарының көбіне ортақ белгілері жинақтап айта алғанына қарағанда, Шоқан ондай ескерткіштерді өте көп жазып алғаны көрінеді. Солардың бірқатарында халықтың ата-тегі туралы, енді біреулерінде дүниенің жаралуы, тағы біреулерінде жер-судың аттарына байланысты аңыз-эпсаналар айтылып отыратынына көңіл бөледі. Ертегілер мен аңыздардағы ортақ бірсыпыра қасиеттерді Шоқан топтап, жүйелеп түсіндіреді. Оның көрсетуінше, ертегілердің қаһарманы әдетте бір ханның не байдың баласы болып сипатталып, “күн санап емес, сағат санап, өсіп, ержетеді”, оның өзі таңдап алған жүйрік аты болады, ол аттардың қысыл-таяң кездерде тіл бітіп сөйлеп, иесіне ақыл-кеңес айтатыны да болады. Кейде ертегі 21бірге топонимикалық, қаһармандары жер асты әлемін аралап, алыптармен алысады, дәулердің тұтқынындағы сұлуларды азат етеді, зұлым кештерді жеңіп, мұратқа жетіп отырады. Ертегілердің түрі проза болғанымен, айтқан кезде әрқашан да нақысты сөздер мен ұйқасты, күлдіргі мәтелдер көп берілетінін көрсетеді. Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде келтірілген қырғыз аңыз-эпсаналарын бірнеше топқа бөліп қарауға болады. Бірқатар аңыздардың мифологиялық сипаты басым жатады. Сонымен космогониялық, генеологиялық аңыздар да күрделі орын иеленеді. Шоқан еңбектерінде біз осы секілді отыздан артық аңызды кездестіреміз. Солардың бәрін болмағанымен, кейбіреулерін мазмұндап баяндасақ та, ғалымның көңіл аударған мәселелері қаншалық мол екеніне көз жеткізуге болады. Атап өтерлік тағы бір мәселе сол-ғалым мұндай аңыздауларды бір ғана мақсатта –халық тарихының жұмбақтарын шешу мүддесінен қарап талдағандығы. “Қырғыздар туралы жазбалар” деген көлемді еңбегінде Шоқан осы халықтың тегіне, өмір ерекшелігіне қатысты өзі естіген аңыздардың көбін келтірген. Солардың кейбіреулері елдің ерте замандағы наным-сенімдерінен мол хабар береді. Осылардың бірі-Бұғы руының түп-тегін түсіндіретін мифологиялық аңыз. Бұл атаудың өте көне дәуір әңгімесі екені көрініп тұр. Адамдар баяғы заманда табиғаттың тылсым күштеріне толық тәуелді кезде дүниедегі әрбір нәрсенің иесі, киесі болады деп ұғынған. Мұндай тотелистік түсінікті басынан кешірмеген ел жоқ десе де болғандай. Түркі халықтарының көбінде, мәселен, бәрі жебеуші күш тәрізденіп танылған. 22Шоқан қырғыздар қырық қыздан пайда болыпты деген аңызын да жазып алған, бұл әңгіменің де түрлі нұсқаларын өзінің еңбегінде көрсеткен. Қазақтың “Ақсақ Құлан-Жошы хан” аңызының қырғыздар арасында да мәлім екенін ғылым дүниесіне таныстырған да –Шоқан. Арғы түбі сонау ХІІІ ғасырға тартатын бұл аңыздың даңқы бұл күнде атақты музыка зерттеушісі А.В.Затаевичтің “Қазақ халқының мың әні” деген жинағына енген осы аттас күй аңызына ұлы жазушы Роман Роллан да қызыққаны белгілі. Осы аңыздың қазақ пен қырғызда бірдей сақталуының өзі-екі ел тарихтың ұзына бойында ауылдары аралас, қойлары қоралас, мәдени дәстүрі ұқсас болуының тамаша белгілерінің бірі. Қырғыз аңызын Шоқан былай баяндайды: “Бір кезде қырғыздар ханға Жошы кіші баласы өздеріне хан болуын тілеп, өтініш етіпті. Хан қырғыздардың өтінішін қабыл алып, өзінің ұлын ашамайға мінгізеді де, елшілермен бірге аттандырып жібереді. Бірақ Алатау ордасына бара жатқан жолында ханзада құлан үйіріне тап болады да, солады қуып жүріп қаза табады” (3; 220). Шоқан жинаған аңыздардың бірсыпырасы жер атауларына, топонимикаға байланысты болып отырады. “Манастың Бозтөбесі”, “Қарқара” секілді атаулардың шығу тегін де ғалым аңыздар ізімен әңгімелейді. Шоқан Уәлихановтың қырғыз аңыз-әпсаналарын жинап, талдау жасауы, сол арқылы туысқан халықтың тарихи тағдырының бұралаң жолдарын, шығу тегін, қоныс -өрісін, өзге елдермен мәдени байланыс дәрежесін, дүние-танымын, наным-сенімін, жаратылыс туралы ұғымын анықтамақ болып, қыруар жұмыс атқарғаны-ғылыми ерлік деп айтуға тұрарлық. “Сантас”, 23Осындай жұмыстары арқылы Шоқан ғылыми нысанына жетумен қатар іргелес жатқан бауыр-туыс елдің рухани әлемін сол кездегі зиялы жұртшылыққа таныстырып, халықтар достығын нығайтуға нақтылы қадам жасаған. “Манас” жыры Шоқан зерттеуінде Қазақ ғалымының қырғыз фольклорына эпосының бір арналғанеңбегінің ең маңызды- “Манас” алуы, оны орыс тіліне аударып, сол бөлегін жазып замандағы ғылым назарына ұсынуы. Ғалым бұл жырдың құрамын, мазмұнын, көркемдік ерекшеліктерін терең түсініп қана қоймай, күні бүгінге дейін бағасын жоймаған тамаша талдаулар да жасаған. Қырғызстанға ресми әскери, саяси тапсырмалармен барған шақтарында Шоқан өзге қыруар жұмыстарының үстіне фольклор мұрасын жинап, жариялап, зерттеуге де мүмкіндік таба алғаны таңқаларлық. Шоқанның “Манас” жайындағы айтқан пікірлері фольклортану тарихында тұңғыш қымбат тексеру болып табылады. Мақалалары мен зерттеулерінің арасында Шоқан Уәлиханов “Манас” тақырыбына жиырма шақты рет арнайы тоқталып, сөз еткені мәлім. Солардың басы құралып келгенде манастанудың алғашқы айрықша бағалы тарауы келіп шығады. Ғалым “Манас” мәселесінде өзінің “Қырғыздар туралы жазбалар” деген еңбегінде неғұрлым көбірек назар аударған. Сондай-ақ зерттеуші “Ыстықкөлге 1856 жылғы сапар күнделігінде”, “Оңтүстік Сібір рулары тарихынан жазбалар ” атты очерктерінде де бұл жырдың тарихына, таралу, сақталу жағдайына мән бере қарайды. Осылардың 24әрқайсысында “Манастың генезисі, эволюциясы, тарихи шындыққа қатысы жөнінде күрделі ойларын тізеді. Жырдың мазмұндық, тілдік келбетіне терең бойлаған ғалым оның “тым ертеде пайда болғанын ” алдымен атап өтеді. Бұдан кейінгі ол талдаудың “бұл поэманың негізгі тақырыбы-ноғайлы елінің мырзасы Манас батырдың ерлік істерін баян ету. Бұл дастанда қырғыздардың өзі де және қазақтар да ноғайлылармен тату болып, көрші отырған екі ел болғанымен, әр қайсысы өз алдына дербес халық ретінде көрсетіледі” деп жалғастырады. “Манас ” сынды ересен көлемді әрі көркем жырдың ұлы жемісін анықтап тексеруге, ондағы оқиғалар жүйесін, түрлі дәуірлердің “қабаттарын” аңғаруға көп уақыт керек. Эпостың бір бөлімінің өзін жыршылар бірнеше түнде айтып тауыса алмайтын болғаны да белгілі. Ендеше, Шоқанның Қырғызстанда болған санаулы күндерінде осыншама орасан мол материалдарды меңгеріп алуы қайран қаларлық көрініс демеске болмайды. Осыған қарағанда ғалым ”Манас” жырының мән-жайына тек бірер сапар кезінде ғана емес, басқа уақыттарда да қызыққан секілді. Ол жыршылар мен ғана емес, құйма құлақ қариялармен де, шежірешілермен де көп кеңескенге ұқсайды. Соның арқасында “Манастың” бітіміне қатысты аса маңызды проблемалардың көбін Шоқан өз зерттеулерінде қадап көрсете де алған. Дастанның бойында әрі ескі, әрі жаңа қабаттардың аралас келіп отыруын, жалпы алғанда, мұнда қырғыз халқының тарихи естелігі көрініс бергенін ғалым тамаша тұжырымдап береді. “Бұл өзі эпостың дастан болғанымен де, сірә кешірек шыққан болу керек... Кейінгі кездерде оған қосымша өзгерістер енгізілгені айқын көрінеді., бірақ сөйтсе де, бұл дала эпосын 25өздерінің ерекше сүйіп, ардақтауына қарағанда оның өзекті желісі немесе негізгі, әрине, қырғыз халқының сүйікті естеліктеріне құрылған ” (3; 235) Эпикалық дәстүрі жағынан қырғыз жырлары қазақ, ноғай дастандарымен өте тығыз байланысты, көп ретте бұл шығармаларда осы халықтардың бәріне ортақ қаһармандар араласып жүретініне Шоқан терең талдаулар жасайды., осы халықтардың көркемдік мұрасындағы ортақ желілер мен сарындарды сан рет ұғындырады. “Манас ” сынды эпоеяның қадір-қасиетін ашардан бұрын эпос, аңыз табиғаты туралы жан-жақты салыстырулар жүргізеді. Шоқанның “Манасқа” берген классикалық анықтамасы жырдың тұлғасын тереңдеп танудан туған нағыз ғылыми тұжырым болып есептеледі. Қырғыз эпосы жөнінде бір ғасырдан артық уақыт бойында түрлі елдердің зерттеушілері өз тұжырымдарын білдіріп келеді, жыр жайында қаншама орнықты ойлар айтылды. Бірақ “Манасқа” Шоқан жасаған сипаттамадан асырып ешкім айта алған жоқ. “Алатау қырғыздарының поэзиялық ең басты және жалғыз десе де болғандай данышпандық халық шығармасы Манас туралы дастан екені күмәнсіз. “Манас ”- бір кезеңге және бір адамның, төңірегіне топтастырылған барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрып жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы. “Манас” – бүтін бір халықтың шығармасы, соның көп жылдық творчествосының жемісі, дала Илиадасы десе да болғандай” ,- дейді Шоқан. Осыншама терең, кемел сипаттамасының бір сөзіне ғана түсінік бере кетуге тура келеді. Ол- “Манасттан” қырғыздың бірден бір жыры деген Манас батырдың, 26тұжырым. Кейінгі кезде қырғыз халқының “Манас” басқа да жырлары мәлім болды, олар да зерттеу тақырыбына айналды. Бірақ Шоқан Қырғызстанда болған шағын уақыт ішінде осындай жырларды. естімеуі әбден мүмкін. Ол кез былай тұрсын, қазірдің өзінде де арнаулы фольклоршы мамандар болмаса, елдің көбі “Манастан”- өзге жырларды өзге шығармаларды тасада қалдырып отырады. Жырдың генезисіне қатысты қазақ ғалымының болжамы өзгеше мәнді болып көрінеді. Ол “Манастың” оқиғалық сүйегі бұрын ел арасында ауызша қарасөз, әңгіме түрінде айтылып келіп, кейінгі замандарда ғана жырға айналған болуы мүмкін деп есептейді, жырдың құрылысына қосымшалар да осындай ретпен бірте –бірте енген болар деп түйіндейді. Мұның өзі эпостың эволюциясы, сақталу заңдылықтары туралы ең алғашқы ғылыми күрделі ойлар болып табылады. Шоқанның “Манас” жырының жеке тараулары, қаһармандары туралы мінездемелерінде де көңіл бөлерлік, ілтипатқа аларлық пікір мол. Әсіресе ол жырдың бас қаһарманы-Манастың іс-әрекеттері мен жорықтарының сипатына басымырақ тоқталады, оның кейбір істеріне сын көзімен де түптеп келгенде, ғалымның эпосқа берген жоғары бағасына қайшы келмейді. Зерттеуші жыр қаһарманы Манастың жас кезінен батырлық көрсете бастағанын, жыл санап емес, күн санап өскенін эпикалық туындыларға тән белгі деп қарайды., оның ерлікпен үйленуін, жауларымен көп соғыстарын, жасынан әке ырқына қиғаш келіп, өз дегенін істетіп үйренгенін атап өтеді. Ғалым “Манастың” бірнеше өзгешелігіне айрықша ден қояды. Ең алдымен, оны жырдың төгілген тілі, сөз, теңеу 27салт-санасының, айшықтары, түйдек-түйдек кестелері қызықтырады. Халық мұрасынан елдің нағыз рухын көргісі келетін Шоқанға бұл тамаша құбылыс болып есептелінеді. Екіншіден, ол эпостаға жер атауларының қырғыз шындығына қаншалық дәл келетініне мән береді. Түрлі халықтардың тарихи мекеніне дейін жырда анық көрсетілетіне зерттеуші таң қалады. Мәселен, ол қырғыздың, қазақтың, қалмақтың, ноғайлының көшіп-қонып жүрген жерлерінің есімдері жырда ақиқатқа сай берілгенін жоғары бағалайды. Мұны да Шоқанның негізгі ғылыми концепциясын –ауыз әдебиеті шығармаларынан өмір шындығын неғұрлым молырақ іздегісі, тапқысы келетін аңсарына байланысты түсінуіміз керек. Ақырында ғалым жырдың әдет-ғұрып, наным-сенімінің мейлінше жан-жақты суреттелгенін, оның жаратылыс, тағдыр, болып өткен оқиғалар туралы түсінігінің кең сипатталғанын атайды. Тарихи шындықты өз заңдылығына сәйкес көркемдеп жинақтайтын эпостың тағы да бір қырына Шоқан назар аударады. Ол қандай аламан-тасыр, алмағайып қақтығыс, соғыстарда да, шапқыншылық тұстарында да қазақ, қырғызтан және ноғайлының мақсаты бір тұтас, тату елдер болып бейнеленіп отыратыны. Көрші жатқан, төсекте басы, төскейде малы қосылған, құдандалы, тарихы да, тағдыры да ұқсас қазақ пен қырғыз халықтарының замандар бойындағы ынтымағы мен достығы, қиын кездерде бір-біріне қол ұшын беруге даяр тұрған жақындығы эпоста із қалдырғанын Шоқан Уәлиханов айрықша маңызды құбылыс деп атап өтуді лайық көрген. “Жоңғария очерктері” деген аса әйгілі еңбегінде Ш.Уәлиханов “Манас” туралы талдауларын жалғастыра түседі. Бұл тұста зерттеуші жалпы жыр жанрының 28көшпелі өзбектерде және ноғайларда қырғыздарда, ұқсастығына тоқталады. “Ноғай ” деген атау Орта Азияның түркі тілінде сөйлейтін халықтарының ортақ есімі болғанына анықтық енгізеді. Осылардың бірінде айтылып келген аңыз, ертегі екіншілеріне оңай ауысып отыру заңдылығына мысалдар келтіреді. Бұл еңбегінде Шоқан “Манас” жырының жалғасы болып табылатын “Семетей” туралы да сөз қозғайды., оны қырғыз Одиссеясы деп сипатттайды. Манас батырдың жырда берілген мінездемесін орысшаға сөзбе-сөз аударып таныстырады., оның Қараханқызы Қаныкейге үйлену тарихын баян етеді. Жыр қаһарманы Манастың кейбір әрекеттерін құптамайтынын білдіре отырса да, зерттеуші эпостың жалпы тұлғасына қарап, батырдың ісі халық үшін қажетті болғанын мойындайды, оның әлсіздердің қорғаны болғанын, жаулармен соғысып, Жоңғария жерінде ерлік іздерін қалдырғанын айтады. Қырғыздар Үрімші маңындағы Манас атты қаланы өз батырының есімінен шыққан деп сенетінін мәлімдейді. Бұдан кейін Шоқан “Манас” жырының ең әсем бөліктерінің бірі-“Көкетай ханның асы” тарауын қысқаша мазмұндайды, мұны эпостың ғажайып эпизодтарының бірі деп бағалайды. Көкетайдың асы кезінде қалмақтардың астамшылық көрсеткеніне шыдай алмай, қырғыз батырларының соғыс салғандықтары, ең мықты деген дұшпандары Жолай мен Қоңырбайдың осындай ұрыс кезінде өлтірілгені, ақырында жаулар қолынан Манастың да мерт болғаны жайында мағлұмат келтіреді. Өзі жазып алған жыр үзіндісін қағаз бетіне түскен алғашқы қырғыз сөздері болар дей келіп, Шоқан осы эпостың 29Мұндай сөздікті түсінуге қиын атаулары мен ұғымдарының сөздігін жасағанын да хабарлайды. ол шығыстанушылар ориенталистер, үшін жасадым деген. Арнайы тілдік зерттеу жасауды мақсат етпегенімен, ғалым осы арада қырғыз тіліне араб, парсы сөздерінің тым аз кіргенін, мұнда байырғы түркі және монғол сөздерінің қабаты қалың екенін дәл сипаттайды. Ұлан-ғайыр “Манас” жырынан Көкетай ханның асын суреттейтін бөлегін ғана Шоқанның жазып алуы кездейсоқ емес. Эпостың бұл тарауында қырғыз халқының тұрмыстық- салттық жағдайлары, қазаны атқару рәсімдері, байлық салтанаты, елдік дәстүрлері неғұрлым кеңірек көрініс береді. “Манас” жырының ұлы тұлғасын, эпостың ерекшелігін, оның идеялық, мазмұндық аумағын және бағдарын таныстыра аларлық екенін ШоқанУәлиханов дәл аңғарып, жазып алып, орысша аударып, тиісті талдау берген. Мұның өзі де қазақ ғалымының өнегелі еңбегі туыс елге деген шарапаты деп есептелу керек. Патшалық билеген тар заманда қырғыз халықтарының рухани мұрасын әлем жұртшылығына таныстыру арқылы Шоқан ғалымдық парызын адал атқарған. 30Шоқан мұраларының маңызы Шоқанның “Жоңғария очерктері”, “Қырғыздар туралы жазбалар”, “Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы”, “Ыстықкөл сапарының күнделіктері”, “Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы” атты еңбектерін орыс ғалымдары аса жоғары бағалаған. Оларда жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпы жан- жақты зерттеледі. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны орыс достары “Қазақ тақырыбына жазған орыс жазушысы деп атайды. 31Шоқанның демократтық, ағартушылық көзқарсын анықтауға бұл еңбектердің үлкен маңызы бар. Оларды Шоқан қоғам өмірінің дамуы мен келешегіне орыстың революцияшыл-демократтардың тұрғысынан қарайды. Ой- тұжырымдарын өз халқының тіршілігі мен мәдени дамуының жағдайларына лайық дамытады. Әдебиет мәселелері жөнінде Шоқан сол кездің өзінде-ақ көп тың пікірлер айтқан. Шоқан әр халықтың әдебиетіне, оның қоғамдық, әлеуметтік өмірмен тығыз байланыста қарайды. Әсіресе, оның қазақ поэзиясының халықтық сипаттары жайлы ойлары қызғылықты. Поэзияның халықтың рухани серігі болып келгендігін айта отырып, ол: “Бұл халықтың ережеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар не жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіліп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы музыканттар тастып кеткен “, -деп жазады (4;350). “Оңтүстік Сібір руларының тарихы туралы ескертпелер” атты еңбегінде ол халық аңыздары мен ертегілерінің негізінде өмірмен, шындықпен байланыстырады. Егер Гомердің поэзиялық аңыздарының, Геродоттың, ел аузынан жинаған ертегілерінен аздап болса да тарихи қасиет тапсақ, егер өмірде қаншама бұрмалап баяндағанмен, әрбір ертегінің негізінде шындық жатады десек, қазақтардың бір-біріне жалғасып жататын аңыздарында, өмір бейнесінде, қазіргі әдет-ғұрпында бұрынғы ата-бабаларының тарихи мәні бар оқиғалары жататынына күмәнданбауымыз керек екендігін айтады. 32Шоқан еңбектерінде әр дәуірдегі халық әдебиетінің бағалы нұсқаларын жасаған және ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жырлап жеткізген Орынбай, Шөже, Жанақ, Арыстанбай, Нұрымбай сияқты ақындардың есімдері келтіріледі. Шоқан олардың бірқатарынан халық әдебиетінің үлгілерін жазып алған. Солардың ақындық, жыршылық еңбектері негізінде ол қазақ өлеңдерінің халықтығы жайлы құнды пікірлер де айтады. Осы тектес материалдарға сүйене отырып, Шоқан көшпелі халықтың мәдениеті жоқ деп санайтын және оны менсінбейтін кейбір Еуропа ғалымдарының пікіріне дау айтады. Қазақ халқының ауыз әдебиеті лирикаларын жинай, зерттей жүріп Шоқан олардың славян халықтарының, әсіресе, орыстардың ауыз әдебиетімен байланысын анықтайды және оның себебін екі халықтың тарихи тағдырластығынан іздейді. Көп уақыттан бері қазақтың ертегілерін, мифтерін, эпикалық жырлары мен аңыздарын жинаумен шұғылданып жүріп, мен олардың Еуропа халықтардың әсіресе, славяндардың ос тектес шығармаларымен бір сарындастығына “қайран” қалдым “Жоңғария очерктерінде”. Бұл пікірді Шоқан орыс, қазақ ертегілерін, мақал-мәтелдерін салыстыра отырып дәлелдейді. Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбегі жөнінде оның замандастары, дос жолдастары, таныстары қалдырған пікірлер мен бағалар аса қызғылықты. Олар Шоқанның қайталанбас келбетін мінездейтін мейлінше әділ әрі терең лебіздер болып табылады. 33Қазақ халқының данышпан перзенті Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми қызметі, қалдырған еңбектерінің бағыты мен мәні, өскен ортасы, алған тәрбиесі, мінез ерекшелігі, дүниетанымы, тағдыр жолдары жөнінде ең көп жазбаша деректі мағлұмат жазып кеткен орыс зиялылары десек, солардың ішінен Григорий Николаевич Потанин естеліктері мен очерктерінен, хаттарынан табамыз. Мұны ерекше ілтипатпен атап өтумен бірге ғалымның өз творчествосын да арнайы сөз етудің орны бар. Г.Н.Потанин Шоқанның әдеби дарынын жоғары бағалайды. “Егер Шоқан қазақ арасында оқушы қауым тапса, ол өз халқының данасы, өз елінің әдеби көркеюіне бастаушы болар еді”(3; 326). Шоқанның тындырған істерін еске түсіре отырып, Г.Н.Потанин оның бәрі қазақ ғалымының шын тұлғасын аша алмайтын істер, Шоқанның нағыз ыңғайы қазақ публицисі немесе жазушы болу еді., бірақ тағдыр оны шығыстанушы оқымысты, қазақтар үшін жазатын орыс қаламгері болуға бейімдеді деп тұжырымдайды. (3;327). Г.Н.Потаниннің көрсетуінше, Шоқанға Байрон, Гейне, Лермонтов шығармалары күшті ықпал жасаған. Шыншыл, адал Г.Н.Потанин өзінің мектептес досының қабілетін, жастық аңсарын мейлінше толық баяндаған. Болашақ, шығыс зерттеушісі Шоқан зор мүмкіндіктері кадет курпусында жүргенде анық танылғанын ол талай рет қайталай жазған. “Шоқан өзінің орыс жолдастарынан озып, жедел жеттікті”(3; 310). “Шоқан екеумізді бір-ақ нәрсе –қазақ даласы мен Орта Азия қызықтыра берді”,- дейді Г.Н.Потанин (3; 312). Қазақ халқының тағдыры және Шоқан жөнінде тебіреністі қамқор пікір айтқан кісілердің бірі-Н.М.Ядринцев. 34Оның әрбір лебізінде нағыз кең ойлайтын, гуманистік идеялармен суарылған шындықтар көрініс береді. Ол Шоқанның аз өмірінде ұлан-ғайыр ғылыми іс атқарғанын терең түсінген әрі қазақ ғалымының көп ойларын жарыққа шығара алмай, өмірден мезгілсіз кеткеніне үлкен өкініш білдірген (3; 509). Шоқан еңбектерінің маңызын саралай келіп, Н.М.Ядринцев бірнеше салмақты қорытынды жасайды. “Уәлиханов өз халқын зерттеуді және онымен орыс жұртшылығын зерттеуді және онымен орыс жұртшылығын таныстыруды бірінші міндет етіп қойды. Еуропалық цивилизация оңай сіңгелі тұрған бұл тамаша халық туралы әдебиет тым кедей, біз оның материалдық және интеллектуальдық өмірі жайында ештеңе білмейміз”, -деп жазған (3; 510). Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің мәні мен жаңалығы орыс ғалымдарының мақалалары мен естеліктерінде әділ бағасын алған. Дегенмен сол пікірлердің бәрі дерлік Шоқанның сапарнама зерттеулері негізінде айтылғанын көреміз. Бұлай болуы табиғи. Өйткені қазақ ғалымының көзі тірісінде оның санаулы ғана еңбегі баспа көзін көріп үлгірген. Шоқанның сан алуан тақырыпты қамтитын зерттеулері ол кезде толық аяқталып бітпеген, “соңғы” редакциясынан өтпеген күйінде архив мүлкі болып жатқан еді. Ал жарияланған еңбектердің де бағасы жан- жақты айтылып жетпеген болатын. 1904 жылы Н.И.Веселовский Ш.Уәлиханов мұрасы тұңғыш рет жеке кітап ретінде шығарып, аса маңызды жұмыс тындырған. Бұл кітаптың шығуы бүкіл зиялы жұртшылыққа Ш.Уәлихановтың Россия ғылымының алдындағы өшпес еңбегін таныстыра алды. 35Н.М.Лядринцев өзінің естеліктерінде Шоқан зерттулерінің мәні жөнінде ағынан жарыла айта келіп, қазақ ғалымының көп жазбалары белгісіз болып қалғанына өкініш білдіреді. “Ол қазақ мифологиясы мен ауызекі поэзиясын және ұзақ өмір кешпеген қазақ хандығы заманы, Абылайдың жауынгерлік дәуірі, қазақтардың да елсіздікті жоғалтар алдындағы өзара ішкі жіктері туралы тарихи аңыз әңгімелердің көп жинағы еді”,-дейді (3; 509). И.Н.Веселевский-Ш.Уәлиханов мұрасына аса биік әрі әділ баға бергендердің бірі. “Қазақ хандарының ұрпағы, сонымен қатар орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай ағып түсті”. Орыс ориенталистері оны ғажайып құбылыс деп бір ауыздан мойындады және одан түркі халықтарының тағдыры туралы ұлы жаңалықтар күтті, бірақ Шоқанның мезгілсіз ажалы бұл үмітімізді үзді (3; 500). Бұдан кейін И.Н.Веселовский Шоқанның Қашқарға сапарын “ғылыми жағынан маңызды нәтиже берген” деп сипаттайды. Д және Р.Митчелл “Орта Азияға саяхат туралы естеліктердің ішінде Уәлихановтың Жоңғария мен Шығыс Түркістан жайында хабарламаларының орны ерекше үлкен”,- деген (3; 597). Бұл келтірілген үзінді пікірлер сол замандағы алдыңғы қатарлы ғылыми қауымның ортақ тұжырымы еді. Ұлы ғалымның өмірбаяны, атқарған қызметіне байланысты мол мағлұмат беретін документтер-оның таныс, дос, жолдастарына жазған хаттары және оған жолдаған хаттар. Нағыз объективті шындықтың, жүрек жарды сырлардың ұштығы мұндай хаттардан мол табылады. Бұлардың, біріншіден, Шоқан еңбегінің өз тұсында алдыңғы 36қатарлы орыс зиялылары тарапынан зор бағаланғанын байқасақ; екіншіден, ғалым өмірінің ішкі қалтарыстары, оның үміт, арман, өкініштері, күрестері айқын сезіледі. Сондықтан Шоқан тағдыры қанашалық күрделі, шытырман болғанын түсінуге мұндай куәліктер аса бағалы болып табылады. Шоқан өмірінің ақырғы кезеңіндегі оның көңіл күйін, ойларын, ізденістерін тануға септесетін хаттардан ғалымның өміріндегі өрлеу кезеңі де түрлі данышпандары тарапынан көрген зәбірлерін де, тіпті қасіретті деп атарлық халдерін де аңғарамыз. Шытырман заманда, езілген ұлттың тарихын, мәдениетін, фольклорын, әдебиетін, өнерін, халқының жақсы дәстүрлерін Россия жұртшылығына таныстыра алғаны, билеуші мемлекеттің есепсіз зорлылығы мен астамдығын көп ретте ашық әшкерелегені, халықтар достығы мен ынтымағы ең асыл мұрат екенін терең түсініп, осы жолда қалтқысыз қызмет атқарғаны Шоқан Уәлихановтың өшпес, ерен еңбегі болып саналады. Ш.Уәлиханов қазақ халқының көп ғасырғы өмірі мен дамуында сөз өнері үлкен роль атқарғанын, оның қоғамдық мән-маңызын, үздіксіз даму үстінде болғанын, молдығын, өзіндік ерекшелігін ашып, атап көрсетті, мазмұндық және көркемдік сапаларын саралады, ел аузынан халық шығармаларының үлгілерін жинап, хатқа түсіреді, салыстырмалар жүргізді, орысшаға аударды, түсініктер жазды. Оның қазақ әдебиеті халықтық үлкен мәдени мұра екені хақында айтқан ой-пікірлерінің ғылыми бағасы зор. энциклопедиялық білімді, мәселелерді Ш.Уәлиханов туралы еңбектерде оның терең өз заманындағы көптеген ғалым екені көтере білген кемелдіірі 37А.Нұрқатов, Р.Бердібаев, Қ.Жұмалиев, зерттелгенде мол әдеби мұра қалдырғаны да айтылады. Ш.Ш.Уәлиханов мұрасын мұқият жинап, терең зерттеп, халық қазынасына айналдыруға ерекше еңбек еткен ғалым Ә.Х.Марғұлан оның әдебиет пен тіл саласындағы ой- тұжырымдарына үнемі назар аударды. Ол: “Қазақтың аса көрнекті ғалымы және ағартушы Шоқан Уәлихановтан мол әдеби мұра қалды”,- деп жазды (5; ). Ғалымның әдебиет пен тіл саласындағы еңбектерін де арнайы зерттеуді бастаған Ә.К.Марғұлан, М.Қаратаев, Ә.Ахметов, Х.Сүйіншәлиев еңбектерінде Ш.Ш.Уәлиханов әдебиетші, публицист ретінде сипатталады (6,7,8,9,10,11,12). Ш.Ш.Уәлиханов –қазақ халқының әдебиетін, тілін терең зерттеп, кең талдау жасап, тарихи өмірмен байланыстығын, идеялық-көркемдік қасиеттерін ашқан, жанрларына анықтама берген тұңғыш филолог ғалым. Ш.Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиеті туралы еңбектері, негізінде, мыналарды қамтиды: қазақтың ауыз әдебиетінің халық өміріндегі маңызды, эпостық жырлардың тууы, тарихи халық поэзиясының жанрлық түрлері мен өзгешеліктері, аңыздар, олардағы этнографиялық көріністер, қазақ әдебиетінің жекелеген өкілдері Асанқайғы, Бұқар жырау, Тәттіқара жырау, Шал ақын, Жанақ, Шөже, Орынбай, Нұрымбай, ертедегі көптеген шығыс жазбаларындағы қазақтарға, олардың аңыз- әңгімелеріне байланысты деректер, әдеби алмасулардың сыр-сипаты, әдеби салыстырулар т.б. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жарыққа шығару, зерттеу ісінің ғылыми жолға тұңғыш қойылуы қазақ оқымыстысы Ш.Ш.Уәлихановтың есімінен байланысты. Ол ертегілер, айтыстар, мақалдар, Н.Смирнов, 38өлеңдері, аңыз-әңгімелері, эпостық қазақ аңыздары, жырлары мен тарихи жырлары саласынан мол материалдар жинап, алғаш зерттеді. Зерттеу нәтижелерін қазақ халқының өткендегі тарихын танып білуге пайдаланды. Ғалым еңбектерінде қазақ ауыз әдебиеті алғашқы рет қазақтың мәдени рухани есебінде зерттелді: Шоқан Уәлихановтың басқа еңбектеріндегі сияқты әдебиет туралы жазған мақалалары, ғылыми еңбектері, күнделіктері оның ерекше білімдарлығын, байыптылығын, аңғарымпаздығын, ұқыптылығын байқатады. Оның пікірлерін үнемі нақтылы деректерге, тиянақты мағлұматтарға негізделген де ғылыми жағынан терең, дәлелді әрі нанымды болып келеді. Қай халықтың болса да әдебиеті алдымен фольклордан, халық сөз өнерінен басталатыны белгілі. Бұл заңдылық қазақ халқына да тән екендігі, оның ауыз әдебиетінде де бай әрі өзіндік сыр-сипаттары да мол болғандығын Ш.Ш.Уәлиханов көптеген деректерге сүйене отырып дәлелдейді. Ш.Ш.Уәлиханов қазақ халық әдебиетін көп жинап, ол туралы ең алғаш орыс тілінде құнды ой-пікір қалдырды. Ең алдымен ол қазақ халық әдебиетіне құнды көркемдік мұра ретінде қарады. Халқымыздың рухани өмірін осынша тереңдікпен түсінуі, ойшылдық пен ақындық сияқты қадір-қасиеттеріне, ауыз әдебиетімен жазба әдебиеті қатар жасап келе жатқанына орыс оқырмандарының назарын аудара тебірене жазуы-ғанибет. Ғалым пікірінше, қазақ арасында суырып салма өнері ерекше дамыған, қазақ сөз өнері ойлылық, 39ұшқырлық, шешендік, тапқырлық, бейнелік жағынан түркі халықтарының ішіндегі ең ғажайып ерекшесі, таңдаулысы. Ауыз әдебиетінің бағзы заманынан бері ұрпақтан – ұрпаққа жеткен күрделі де мол бір саласы-эпостық жырлар, батырлар жыры туралы ғылыми пікірлер айтып, зерттеуді бастаған да Ш.Ш.Уәлиханов еді. Сонымен қатар Ш.Ш.Уәлиханов тарихи оқиғаларға байланысты туған эпостық жырларға назар аударған, зерттеген. Қазақтың эпостық жырларының негізінде белгілі бір дәуірдің тарихи уақиғаларына, тарихи шындыққа байланыстығына назар аударған. Эпостық жырларға белгілі бір дәуірдің тарихи шындығымен байланыстығы тұрғысынан қарап, бағалау фольклористикада орнықты да жемісті бағыт екенін мәлімдеген. Тарихи жырлардың шығу тегін терең зерттеп, Ш.Уәлиханов ноғайлы заманының туындылары ХІУ-ХУІ ғасырларға жататынын анықтады. “Ер Көкше” жырын зерттегенде шығарманың басты кейіпкері Ер Көкше батыр тарихта болған адам екенін, 1423 жылы шайқаста қаза болғаны туралы жазба дерек табады. Ол эпостық жырлардың көркемдік қасиеттеріне, құрылымдық ерекшеліктеріне де зейін қоя талдаған. Ш.Ш.Уәлиханов эпостық жырлады сөз еткенде, олардың тарихқа қатысы тұрғысынан терең талдауды, белгілі бір дәуірдің тарихи оқиғалармен байланыстығын жеке көркемдік қасиеттерін ашуды көздеді. Ғалым “Қозы Көрпеш –Баян Сұлу ” туралы да қызықты пікірлер, тұжырымдар айтты. “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу ” оны 40аса бір қызықтырған мұра. Ғалым оның аудармасы мен басылымдарына көңіл береді. Зерттеуші қазақ даласында “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жыры ел арасында, аузыша айтылатын аңыз-дастан ретінде кездеседі, -деп жазады. Бұл жазбалардан Ш.Уәлиханов “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу ” жырын өткеннің құнды мұрасы ретінде жоғары бағаланғаны, варианттарымен жақсы таныс болғаны, жырдың басқа тілдерге аударылуы, зерттелуі, басылу тарихына назар аударғаны аңғарылады. Бұл пікір- тұжырымдардың жазылу кездерін - өткен ғасырдың елуінші жылдарының орта шені екендігін ескерсек, олардың “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу ” іспетті күрделі құнды лиро-эпос туралы алғашқы ғылыми зерттеулердің бірі болғаны анықталады. Сонымен қатар Ш.Уәлихановтың осы поэма туралы деректер мен мәліметтері бұл мұраны зерттей түсу үшін бағыт-бағдар болды. Ғалым Ш.Ш.Уәлиханов зерттеулерінің үлкен бір саласы қазақ халқының қисапсыз мол аңыз әңгімелерімен, шежіресімен сабақтасады. Көптеген саяхат-сапарларында аралаған табиғатын, өзгешеліктерін, тұрғындарының әдет-ғұрып, салт-сана, ақыл- ой даму дәрежесін зерттей жүріп, мол аңыз әңгімелер жинағында, еңбектерінде өз пікір-тұжырымдарын толықтыра, дәлелдей түсетін материалдар ретінде шебер пайдаланған. Қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің, ертектердің мән-мазмұны, өзгешеліктері де зерттеушінің назарында болған. аймақтарының тарихын, 41Оның еңбектерінде тарихи, Ш.Уәлихановтың филолог, әдебиет пен тіл зерттеушісі ретінде бағалы тұжырымдары оның сөз мұрасына халық көркем шежіресі, тарих құпияларын ашуға бірден бір материал, дәлелдемелер деп қарауына байланысты. Ш.Уәлиханов тарих пен әдебиет, тіл өзара тығыз байланыста болатыны, халық даму бағытында олардың мән-мазмұны мен орны туралы бағалы дәлелді тұжырымдары оның зерттеушілік әдістерінің дұрыстығы мен өміршеңдігін байқатады. әдеби, этнографиялық, географиялық, генеалогиялық материалдар көбінесе өзара араласа да жүреді, оларды бір-бірімен байланыста зерттеудің үлгілері бар. Ш.Ш.Уәлихановтың “Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде” еңбегі қазақ филология тарихында ерекше орын алады, онда ұлттық поэзиясының тууы, дамуы, келешегі, ел тарихымен, өмірімен, әдет-ғұрыпымен тығыз байланыстығы, қазақ ақындары, жыршылары, өлең түрлері, буын өлшемдері тағы басқа әдебиет тарихы мен теориясының мәселелері қамтылған. Ғалымның бұл еңбегі қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы туралы тұңғыш зерттеулердің бірі. Қазақ халқының материалдық және рухани өмірін, қазыналарын осындай зерттеудің және ол зерттеулер орыс тілінде жазылуының тек ғылымдық қана емес, сонымен бірге танымдық, танытымдылық әрі саяси маңызы болды. Өйіткені орыс ресми қоғамы үшін алыс аймақ тұрғындары, олардың өмірі мен рухани қазынасы бәймәлім болғаны былай тұрсын, оларға менсінбей, өркөкіректікпен қарау, даму жолына түсуге негіздері болуы мүмкін-ау деген түсініктері де жоқ кездерде орысша, терең ғылыми 42дамуға кедергі дәлелдікпен жазылған еңбектердің атқарған қызметі, мән- маңызы аса зор болды. Қазақ сөз өнері туралы мұндай еңбектер мен зерттеулер ең алдымен туған халқының ғасырлар бойы даму тарихының мән-маңызын танудың, халық өзін-өзі танудың, рух серіктігін саралаудың бастамасы ғана болып қойған жоқ, сонымен бірге осы халықты басқа халықтарға таныту, солармен қатарласа, бірлесе, жарыса дамуына мол мүмкіндіктері мен негіздері барын ашу, дәлелдеу болды, болып отырған жағдайларды сынап, қазақ қоғамының дами түсуін тездету шараларын, мүдделерін, қажеттерін жайып салу, талап ету болды. Деректер, мағлұматтар іздеу, материалдар жинау, сұрыптау, байыбына жете зерттеу, салыстыра зерттеу нәтижесінде дәлелді, ғылыми ой-тұжырым түю азамат өз болмысын танып білуге ұмтылғаннан бері ғасырлар бойы қалыптасқан, дамыған, кемелденген тәжірибе, ғылым жетістіктері биігінде болған және соған сүйенген Ш.Ш.Уәлиханов қазақ елінде алғашқы рет өз халқының тарихы мен өз замана жай-жапсарын ақтара анықтауды көздеп, ғылыми –зерттеу жұмыстарымен жүйелі түрде байыптылықпен шұғылданды, соны да құнды, терең де мазмұнды пікір –ойлар айтты. Ш.Ш.Уәлихановтың әдебиет туралы еңбектері мен зерттеулерінде батыс, шығыс халықтарының әдебиеттерінен кең әдеби салыстырулар жиі ұшырасады. Бұл оның құлашының кеңдігін, асқан білімдарлығын да байқатады. Шығыс және біраз Батыс елі халықтарының тілін жақсы игерген, олардың әдебиеттерін де терең білген. Ш.Уәлиханов туған халқының әдебиетін басқа елдердің әдебиеттерімен қатар қоя, салыстыра отырып зерттеуге тырысты, 43ұқсастықтар, өзара алмасулар сыр-сипаты, салдар –себептері туралы пікірлер айтты. Халықтардың өзара әдеби алмасулары туралы пікірлерінен Шоқанның нағыз ғылыми принцп ұстанғанын көруге болады. Ол әр халықтың өзіндік әдеби мұрасының, ерекшелігін, қолтумалық қасиетін айыра білуді қажетті шарт деп білді. Шоқанның тіл мен әдебиет туралы зерттеулерінде әдеби мұраны қоғамның басқа да салаларының дамуымен, көрініс тәжірибелерімен салыстыра байланыста қарауға мегзеуі де аса аңызды бағыт болды. “Заңдылық ” деген сөзді қазақ қоғамында қолданған да Ш.Ш.Уәлиханов еді Сөз өнерінде, тілде тарихи уақиғалар сәулесіне көңіл бөлген ғалым, ондағы географиялық атауларға да назар аударып, жүйелі, флора, фауна терминдерінің мазмұнын анықтады, этнографиямен байланыста зерттеудің мән-маңызын айтты. Халықтың сөз өнері мұрасын зерттеуде этнографияның, сол сияқты этнографияны зерттеу үшін сөз өнері ескерткіштерінің мән-маңызы барын айтып, байланыста қараудың үлгісін көрсеткен де Ш.Уәлиханов. философиямен, 44Қорытынды Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің көпшілігі қазақ халқының тарихына, әдебиетіне арналған. Қазақ әдебиетіне арналған көптеген еңбектері де ғалымның зерттеушілік деңгейінің биіктігін, асқан білімдарлығын нағыз қалыптасқан, тоғысқан филолог болғанының айғағы. Ғалымның қазақ әдебиеті мен тілі туралы зерттеулері оның әлеуметтік, қоғамдық ой-пікір деңгейіне, демократиялық көзқарастарының орнықтылығына, өткен мұраға сын көзімен қарағандығына, озық идеялығына байланысты еді. Ш.Ш.Уәлихановтың бай, мол әдеби мұрасын қоғамдық ғылымдардың басқа да салаларына қосқан үлестеріне байланыстыра зерттеу де көп қажеттің бірі. Ш.Уәлихановтың еңбектері қазақ халқының қоғамдық ойында жаңа бағыттың өріс алуына ықпал етті. Оның 45еңбектері ең алдымен туған қазақ халқының ғасырлар бойы даму тарихын тану, халық өзін-өзі тану, рух сергектігін саралау, сонымен бірге осы халықты басқа халықтарға таныту, солар мен қатарласа дамуына мол негіздері барын ашу болып саналады. Ғалымның қазақ әдебиеті туралы еңбектері де осы биік гуманистік мақсаттарды пана етуімен ардақты. Шоқан мұралары шығыстың көгінде әрдайым жарқырап тұрар қордалы байлығымыз. Одан түркі халықтары тегіс сусындап, мәдениетін, ой-өрісін, кісілігін шыңдайды. Келер ұрпақ Шоқан еңбектерін жастанып оқитын болады. Өйткені уақыт сынына төтеп берген мұра, бой бермеген тұлға ең асыл мұра, ең дара тұлға. Ш.Ш.Уәлихановтың бай, мол ғылыми қазынасының мұрасының және бір қыры мен негізгісі батыс европа мәдениеті мен әдебиетін терең меңгеруінде, туған елі мұқтаждарына жарата білуінде, қазақ-европа мәдени, әдеби байланыстары тамаша дәстүр қалыптасуында, дамуында. Қорыта айтқанда, қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың ғылыми еңбегі мен өмірін зерттеу отандық мәдени, рухани тарихымыздағы ұлы да парасатты парыздың бірі болып табылады. Оның асыл ойы, мол мұрасы, патриоттық ерлігі, халыққа адал қызметі ешқашанда ұмытылмайды, қайта Шоқанның бейнесі жыл өткен сайын биіктеп, бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерімен сабақтаса өріліп, прогресс пен гуманизмді ту еткен халықтар махаббатына бөлене бермек. Ұлы тұлғадан әр заман адамдары, әр буын, әр ұрпақ тамаша қадір-қасиеттер алады, рухани өсе түседі. сияқты жемісті 46Ш.Ш.Уәлиханов мұралары қалтқысыз шыншылдықтың, халқына, Отанға адал қызмет етудің үлгісі, тағлымы. Ш.Ш.Уәлиханов қоғамдық ғылымдардың басқа салаларымен қатар филологияға да зор үлес қосты. Оның әдебиет пен тілге тұжырымдар айтуы, бұл саладағы қызметі мен еңбектері қазақ филологиясының қалыптасуы мен дамуы тарихына қосқан бағалы мұра болып саналады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Сүйіншәлиев Х. 19 ғасыр басындағы қазақ әдебиеті – Алматы; Жазушы 1994, 230 2. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалар жинағы – Алматы; Ғалым 1985, 600 473. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ Алматы; Жазушы 1989, 210 4. Марғұлан Ә. Шоқан Уәлиханов өмірі мен қызметі- Алматы; Ғалым 1980, 150 5. Қазақ әдебиетінің тарихы –Алматы; Ғалым 1961, 300 6. Жұмалиев Қ. Шоқан Уәлиханов // Қазақ әдебиеті, Алматы 1950 7. Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар ІІІ томдық, Алматы; Жазушы 1974, 630 8. Ахметов З. Шоқан Уәлиханов-әдебиетші ғалым, //Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары, 1965, №3 9. Нұрқатов А. Сын века, -Алма-Ата; Наука 1971, 205 10. 11. Бердібаев Р. Қазақ эпосы- Алматы Ғалым, 1981, 165 Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті- Алматы; Жазушы 1981, 166 12. Айтматов Ш. Дара тұлға // Білім және еңбек, 1985, №11 13. Сәтбаева Ш.Қ. Шоқан Уәлиханов-филолог- Алматы; Ғалым,1985. 222 б 14. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері- Алматы; Жазушы, 1979, 215 15. Уәлиханов Ш.Ш. “Мақалалар мен хаттары”- Алматы; Ғалым 1949,120 16. Баяндин И. Соқпақбаев Б. “Дала жұлдызы” Алматы; Жазушы 1960, 161 17. Марғұлан Шоқан және “Манас”- Алматы; Жазушы, 1971, 186 18. Қазақ Совет энциклопедиясы – Алматы; Ғалым, 1975 310 4819. Бердібаев Р. “Манас” туралы маңызды зерттеу // Жалын, 1972 №5 20. Сейдімбеков А. Тұңғиықтан сыр тартқан // Лениншіл жас, 1972. 21. Бейсембаев К. Из истории общественный мысли Казахстана второй половины ХІХ В: Алма-Ата; Наука, 1957, 170 22. Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар –Алматы, Жазушы, 1964, 110 23. Сулейменов Р.Б. Мойсеенко К.А. Чокан Валиханов – востоковед- Алма-Ата; Наука, 1985, 110 24. Исмаилов Е. Итоги изучения казахского языка и казахской литературы за двадцать пять лет и перспективы их дальнейшего развития - Алма-Ата; Наука, 1943, 130 25. Сегизбаев О. Мировозрение Чокана-Валиханова- Алма-Ата; Наука 1959, 120 26. Ақынжанов М. Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастарының қалыптасуы- Алматы; Жазушы, 1955, 150 4950