Сабақтың мақсаты:
1. Логарифм оның қасиеттері және логарифмдік теңдеу мен теңсіздіктерді шешуде тиімді тәсілдерді пайдалануға үйрету, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау;
2. Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алуға үйрету;
3. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, тиянақтылыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақ нәтижесі:
1. Логарифм оның қасиеттері және логарифмдік теңдеу мен теңсіздіктерді шешу бойынша алған білімдерін одан әрі тереңдетіп, толықтырады, алған білімдерін жүйелеп, қорытындылайды.
2.Осы тарау бойынша алған білімдерін есеп шығаруда тиімді әдістерді пайдалануға үйренеді. Оқұшы ұқыпты тындауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, тез шешім қабылдай білуге дағдыланады.
3.Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, тиянақтылыққа, зейінділікке тәрбиелеуге қолдау көрсетіледі.
Оқыту әдіс тәсілдері:
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйрету: Блум таксономиясы, «Fila» кестесі, «Қос жазба күнделігі» , «Білімдер калейдоскопы», сәйкестендіруші тест, «Ия» және «Жоқ», «Үш қадамды сұхбат» сратегиялары.
Көрнекілік:
АКТ, үлестірме материалдар, деңгейлік тапсырмалар, критеальды бағалау және кері байланыс парақшалары
Критерий | Жетістік | Дескриптор |
| 0 | Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады. |
1 | Мәтінді түсінбеген, тақырыпты аша алмады. | |
2 | Мәтінді түсінген, сұрақтарға жауап жазуда ауытқу бар. | |
3 | Формула тақырыпқа сай, көптеген фактілер жазғанда нақтылық жоқ. | |
4 | Анықтама мен формула тақырыпқа сай келеді, бірақ ойын баяндауда дәлсіздіктер кездеседі. | |
5 | Тақырыпты толық түсінген, тақырып ашылған, өзіндік ой- пікірін орынды қолданған. | |
Өзіндік жұмысты критериалды бағалау
Жинақтау-“ ИЯ және жоқ ” 3 ұпай.1.у=logax логарифмдік функциясы х-тің кез келген мәнінде анықталған. (.....)2.а>0, а≠1, х>0 болғанда, у= logax функциясы логарифмдік функция болады (.....)3.Логарифмдік функцияның анықталу облысы барлық нақты сандар жиыны болады (.....)4.Логарифмдік функцияның мәндерінің жиыны барлық нақты сандар жиыны болады (.....)5.у=log3x функциясы өспелі функция (.....) 6.у=log3x функциясының графигі Ох осімен қиылысады (.....)7.Теріс санның логарифмі болады (.....)
Жинақтау-“ ИЯ және жоқ ” 3 ұпай.1.у=logax логарифмдік функциясы х-тің кез келген мәнінде анықталған. (жоқ....)2.а>0, а≠1, х>0 болғанда, у= logax функциясы логарифмдік функция болады ( ия....)3.Логарифмдік функцияның анықталу облысы барлық нақты сандар жиыны болады (..жоқ...)4.Логарифмдік функцияның мәндерінің жиыны барлық нақты сандар жиыны болады (..ия...)5.у=log3x функциясы өспелі функция (..ия...) 6.у=log3x функциясының графигі Ох осімен қиылысады (..ия...)7.Теріс санның логарифмі болады (..жоқ...)
Джон Непер(1550-1617)
Шотландалық математик,
«өлім қаруын» ойлап тапқан, айна мен линзалар жүйесі негізінде жасалған сәулелік қару нысанаға дәл тигізуге бағытталған, логарифмді ойлап тапқан, оны 1614 ж жариялаған.
Непер кестесіндегі
көп есептеулерді аз уақытта есептеуге мүмкіндік беретін логарифмдік сызғышты жасап шығарған .
Непер таяқшалары
Непер 1617 жылы сандарды көбейтетін жаңа әдіс ойлап тапты. Непера таяқшасы деген атқа ие болған бұл құрал жұқа пластинкалар мен блоктардан құрылды.
Блоктың әр беті математикалық прогрессия құрайтын сандардан тұрады. Блоктар көмегімен квадрат және кубтық түбірлер табуға, үлкен сандарды көбейтуге, бөлуге болады.
Логарифмдік сызғыш
1614 жылы шотландалық математик Джон Непер логарифмдер таблицасын жасады.
Оның жұмыс принципі әр санға арнайы сан логарифм сәйкес келеді.
Логарифм бөлу мен көбейтуді жеңілдетеді.
Мысалы екі санды көбейтудің орнына оның логарифмдерін қосады, нәтиже логарифмдер таблицасында дайын бар.
Кейіннен логарифмдік сызғыш ойлап шығарылды, ол өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін қолданылды.
Кері байланыс
1. Мен үшін түсінікті болды ма?
2. Мен қалай жұмыс жасадым?
3. Менің көңіл-күйім қандай болды?
4. Сабақтың жаңашылдығы қандай болды?
5. Топтық жұмысты ұйымдастыруда қандай қатыстым?
6. Шығармашылық деңгейім қандай болды?
7. Ақпараттық құндылығы қандай болды?
8. Пайдасы қандай болды?
Бекіту: жаңа сабақ бойынша оқушыларға логарифмдік теңдеу мен теңсіздіктерді шешу тәсілдері жайында сұрақтар қоя отырып, сабақты қорытындылап бекітемін. Бүгінгі сабақда бағалаушылардың әр бір оқушыны тапсырма бойынша критерийлер негізінде бағалау нәтижелеріне қарай оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма: Параметрдік теңдеу мен теңсіздіктерді шешу тәсілдері туралы мәліметтер жинау.
268, 273-мысалдарды шешу.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.